142
топқа бөлініп, «Үш түрлі әңгіме» тәсілі арқылы Тұғырнаманың
ішіндегі мына тараушалардың мазмұнын талқылаңдар:
1) Әңгіме дебат. Ислам, Отан және әскери қызмет туралы бапта
не қарастырылған?
2) Келісімшілік әңгіме. Исламның ғылым, білім және тәрбиеге
қатысты ұстанымы.
3) Зерттеушілік әңгіме. Негізгі ойды ғаламдық тақы рып тар мен
байланыстыра отырып талдау. Ислам, дінаралық қа
рым-
қатынас және толеранттылық т.б.
Не себепті Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы ма-
ңыз ды рөл атқарады? «Топтық тергеу» тәсілі бойынша топтарға
бө лі ніп, талдау жұмысын жасаңдар.
1) «Баяндап берушілер» тобы – Тұғырнаманың мазмұнын баян-
дайды.
2) «Зерттеушілер» тобы – Тұғырнамадағы негізгі ойды зерттей ді.
3) «Сұрақ құрастырушылар» тобы – Тұғырнаманың маз мұ нын
ашатын сұрақтар дайындайды.
4) «Жазушылар» тобы – «Ата-баба дәстүрі» тақырыбына ша ғын
эссе жазады.
5) «Дәнекершілер» тобы – Тұғырнамада айтылған кісі мінезін
бү гін гі күнмен байланыстырады.
Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасының мазмұны
бойынша негізгі ұғымдарды жинақтап, кластерге толтырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: