Д. Т. Кен же таев Ә.Ә. Сай лы баев Ө. О. Тұяқ баев зайырлылық ЖӘне дінтану негіздері негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған оқулық


Зайырлылық – Қазақстан қоғамының рухани



Pdf көрінісі
бет14/194
Дата18.10.2023
өлшемі3,82 Mb.
#118474
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   194
Зайырлылық – Қазақстан қоғамының рухани 
даму кепілі дегенді қалай түсінесіңдер?
Қазақстанның қазіргі саясаты елімізде ұлт, этникалық топтар мен 
мәдениет арасындағы өзара сыйластық құру, өзара татулықты орнату, ру-
хани, адамгершілік құндылықтарға негізделген қоғамдық жүйе құруға 
бағытталған. 
Зай ыр лы лық ұ станы мы ұлт тық, мәдени құн ды лық тар ды дамытуға 
ба ғыт та ла ды.
Зайырлылық ұстанымы қоғамда білім берудің тұтастығын қамта-
масыз етеді. Жоғарыда айтып өткендей, мемлекет пен діннің арақа-
тынасы реттелген кез келген мемлекеттерде білім беру – мемлекеттің 
құзырындағы іс. Білім берудің кез келген түрі: діни, саяси, кәсіптік, тех-
никалық және т.б. мемлекеттің бақылауында болады. 
Зайырлылық ұстанымы мемлекетіміз бен егемендігіміздің ішкі 
және сыртқы тепе-теңдіктерін орнықтыратын бірден-бір құнды тетік 
болып отыр. Әр мемлекеттің өзінің тарихи тәжірибесі мен мәдени бол-
мысына байланысты қоғам талаптарын қанағаттандыратын құқықтық 
нормалары бар. Бұл – табиғи құбылыс. Бірақ бұл нормалар уақыт пен 
кеңістікке қатысты, ішкі құқық негіздері болады, ал халық 
аралық 
құқық стандарттарымен: сыртқы құқық негіздерімен үйлесімділікте бо-
лып, өзара тепе-теңдікті сақтап отырады. Мәселен, Қазақстан – жабық 
қоғам емес. Сол сияқты әрбір мемлекет үшін зайырлылық туралы жеке 
түсіндірмелері болады. Қорыта айтқанда зайырлылық ұстанымы – бү-
гінгі қоғамыздың және мемлекетіміздің тұрақты дамуындағы ең басты 
ұстаным.
1. Зайырлы этика деген не?
2. Зайырлы елде діни білім беруге бола ма?
1. Неліктен Қазақстан зайырлылық ұстанымын таңдады?
Білу
Түсіну


18
2. Не себепті Қазақстан азаматтары діни сеніміне қарамастан заң 
алдында бірдей жауап береді?
3. Неліктен мемлекеттің діндерге бейтарап қарауы зайырлылық 
ұстанымдарының негізін құрайды?
4. Неліктен еліміздегі бі лім бе ру мен тәр бие жүйесі дін мен ді ни 
бір лес тік тер ден бө лін ген?
Мәтінді түсініп оқи отырып, негізгі ой түйіндерін анықтаңдар.
1. Зайырлы этика мен өздеріңнің мектептеріңдегі ережелердің 
айырмашылығы бар ма? Пікірлеріңді дәлелдеңдер.
2. Тақырыптағы көтерілген мәселені анықтап, ұлттық мүдде 
тұрғысынан талдаңдар.
1. Бүгінгі тақырыптан білгендеріңді «Түртіп алу» кестесіне тол-
тырыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   194




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет