Д. Т. Кен же таев Ә.Ә. Сай лы баев Ө. О. Тұяқ баев зайырлылық ЖӘне дінтану негіздері негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет50/194
Дата18.10.2023
өлшемі3,82 Mb.
#118474
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   194
Білу
Түсіну


56
Орхон-Енисей жазбаларының тарихи, әдеби және география-
лық жағынан қандай маңызы бар? Кестені толтырыңдар.
Орхон-Енисей 
жазба ла ры 
Тарихи
маңызы 
Әдеби 
маңызы 
Географиялық 
маңызы
Неліктен тәңірлік сенімде от пен суда кие бар деп санаған?
«Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілімен сұраққа жауап беріңдер.
Қайда?
Бұл терминді қайда және қандай мағынада кездестір-
дің дер?
Қалай? 
Өз тәжірибелеріңнен осы атаудың қалай қолда ныл ға-
ны на мысал келтіре аласыңдар ма?
Қандай?
Осы сабақта бұл сөз қандай мағынада қолданылды 
деп ойлайсыңдар?
Сонымен, ғибадатханалар неліктен салынбаған?
1. Қазіргі кезде біздің өмірімізде тәңірлік сенім жүйесіне тән 
қандай салт-дәстүрлер кездеседі? Осы көріністі көпқұдайшыл-
дыққа жат қызу ға бола ма?
Ойларыңды «ПОПС формуласы» тәсілімен талқылаңдар.
Менің ойымша, ... .
... себебі мен оны былай түсінемін: ... .
Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын: ... .
Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім: ... .
2. Діни таным мен діни тәжірибе ара-жігін ажырата отырып, 
тақырыпты түйіндеңдер.
QR-code арқылы өлеңді тыңдап және қазақ әде-
биеті, қазақ тілі пәндерінен алған білімдеріңе сүйеніп, 
Күлтегін жазуының маңыздылығына баға беріңдер.
Қолдану
Талдау
Жинақтау
Бағалау


57
§9. «Кітап түсірілген» ежелгі діни 
қауым дар тарихы. Мұса пайғамбар 
және Таурат, Забур
Иудейлік дін қашан пайда болды?
Иу дей лік тің шы ғу та ри хы. 
Иудаизм немесе иу дей лік ді н нің атауы 
ежел гі ев рей тай па ла ры ның ата сы, Жа қыптың ұлы Иуда ның (Йеһу да) 
аты нан шық қан. Ең кө не дін дер дің бі рі са на ла тын иу дей лік – ев рей хал-
қы ның ұлт тық ді ні. Иудаизмнің негізі монотеизмде жатыр. Бұл дін ту-
ралы еврейлердің қасиетті кітаптары Таурат пен Забурда баяндалады.
Алғашқы еврей б.з.б. ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Ибраһим болып есеп-
теледі. Елді аштық жайлағандықтан, оның ұрпақтары Мысырға қоныс 
аударуға мәжбүр болып, ол жақта 200 жылдай өмір сүрді. Осылайша 
олар Мысыр билеушілерінің құлдығына түсті. Ақырында құдайдың әмі-
рімен Мұса (Моисей) пайғамбар өз халқын Мысырдан алып шығу арқылы 
құлдықтан азат етті.
Мысырдан шыққан еврейлер Жаратушының уәде еткен елі – 
Израильге бет алды. Олардың жолы шөлдегі Синай тауының үстінен 
өтетін еді. Осы Синай тауында б.з.б. 1313 ж. Мұса арқылы еврей халқы 
Құдайдан иудейлердің басты кітабы – Тауратты алды. Таурат олардың 
өмір лерінің барлық саласындағы нұсқаушысы болды.
Еврейлер Израильде өз мемлекетін құрды. Алғашқы патшалар Да-
вид пен Соломон Иерусалимде Жалғыз Құдайдың Храмын тұрғызды. 
Б.з.б. 586 ж. Иудей патшалығы құлдырап, вавилондық патша Наву-
ходоносор храмды қиратып, халықтың басым бөлігін тұтқынға алды. 
70 жылдан соң парсы патшасы Кир Вавилонды басып алып, еврейлерге 
Израильге қайтып, храмды жөндеуге рұқсат етті.
Б.з.б. І ғасырда иудей патшасы Ирод Екінші храмды күрделі жөндеу-
ден өткізіп, безендірді. Бұл сол кезеңдегі ең әдемі ғимарат болатын. За-
бурда: «Кімде-кім Иродтың храмын көрмесе, сұлулықтың не екенін біл-
мес еді», – деп жазылған. Б.з. 70-жылдары Рим басқыншылары храмды 
қиратып, өртеп жіберді. Храм орналасқан айбынды тау жалаңаш қалған 
еді. Осынау зәулім құрылыстан тек бір ғана қабырға қалды. Ол храмнан 
қалған жалғыз белгі болғандықтан, иудейліктер үшін өте қасиетті болып 
саналады. Қасиетті Храмын жоқтауға келген еврейлерді көрген арабтар 
қабырғаға «Көз жасы Қабырғасы» атауын берді.
«Көз жасы (Жылау) Қабырғасы» туралы тұңғыш рет ХІ ғасырда Ахи-
мац бен Палтилей айтқан. Ал еврейлердің өздері оны «Батыс қабырға» 


58
деп атайды. Себебі ол Храмның батыс жағының қабырғасы болатын. Иу-
дейлердің қасиетті жазбасында осы жер құдайдың киесіне ие делінген. 
Құдайға мінажат ету үшін еврейлер қазір де сан ғасыр бұрынғыдай «Көз 
жасы (Жылау) Қабырғасына» ағылып келіп жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   194




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет