59
алмаса, онда баласына оқу үшін
жағдай жасауға міндетті, осылайша ғана
өсиет орындалған болып есептеледі. Тауратты оқу, негізінен, еркектерге
жүктеледі, дегенмен әйелдер де өмірге қажетті бөлімдерін оқып, соларға
сүйеніп отыруға тиіс.
Иудейлердің сенімі қандай?
Иу дей лік те гі адам және жан ту ра лы тү сі нік тер.
Иудейлер құдай
адамды өзіне ұқсатып жаратқан, сондықтан
құдай мен адам арасында
делдал болмауы керек деп сенеді.
Құдай алдында барлық адам тең. Иудейлік пұтқа табынуға тыйым
салады, әрбір иудей адамгершілік қасиетке ие болып, өз туыстары мен
қоршаған ортаға қамқорлық жасауға тиіс.
Адамның жақсылық не
жамандық жасауды таңдау еркі бар, алайда өз ісіне құдайдың алдында
жауап береді. Егер адам өз кінәсі үшін шынымен өкінсе,
келешекте
ондайды қайталамауға уәде берсе, онда ол кешіріледі. Қайырымды ісі
үшін бұл дүниеде ғана емес, о дүниеде де жақсылыққа кенеледі. Құдайға
есеппен құлшылық жасауға болмайды.
Иудейлер өлімнен кейін өмірдің барына, тозақ
пен жұмақтың барына
сенеді және жан мәңгілік, ол өмірге бірнеше рет келеді деп санайды. Құл-
шылық жасау – иудейлікте міндетті іс. Иудейлер күніне үш рет мінажат
жасап, Тауратты оқиды
(14, 15суреттер)
. Иудейлер Әлемді жаратушы
Жалғыз құдайдың барына сенеді. Иудейлер – құдайдың таңдаулы халқы,
Моисей арқылы түскен жазбада осылай делінген. Бұл таңдаулылық
халықтың алдындағы жауапкершілікті күшейтеді.
Сондай-ақ иудейлер
әлемді құтқарушы Мессияның (мәсіхтің) келетініне сенеді.
Достарыңызбен бөлісу: