113
Қазіргі кезеңде ислам діні ғылым салаларына көңіл бөле ме?
Қазіргі уақытта ислам әлеміндегі ғылымның дамуы жаңаша сипат
алуда. Оған әртүрлі ұйымдар, қоғамдар, оқу орындары т.б. өз үлестерін
қосып келеді. Солардың бірі – 1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман
мемлекеттерінің бастамасымен құрылған Ислам Кон фе рен ция сы Ұйы -
мы. Осы ұйым жанынан ашылып, дербес жұмыс істейтін төмендегідей
органдар мен құрылымдар бар: Ислам даму банкі, Ислам жаңалықтары
агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер
жөнінде ислам комиссиясы,
Иерусалим қоры, Ислам астаналары ұйымы, Ислам ғылыми-техникалық
даму қоры және тағы басқалар.
Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне 1995 жылы
қабылданды. Қазақстан сонымен бірге Халықаралық ислам фиқһ акаде-
миясына (International Islamic Fiqh Academy (IFA) да мүше. Аталмыш
Академия Сауд Арабиясында 1983 жылы құрылды. IFA дәстүрлі ислам
ғылымына сүйене отырып, өнер, мәдениет,
медицина және экономика са-
лаларын дамытуды ұстанады. Нақтырақ айтқанда академияның негізгі
мақсаты – мұсылман елдеріндегі ғылым, заң, мәдениет, ислам каноны,
медицина, экономика, индустрия, технология, ауылшаруа шылығы, био-
логия және химия салаларындағы түйткілді
мәселелерді зерттеп, оған
қатысты бірегей шешімге келу.
2009 жылы Сауд Арабиясында ашылған Ғылым және технология
университеті де ғылымның дамуына атсалысуда. Мәселен, университет-
те 11 бағыт бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізіледі: қолданбалы мате-
матика және информатика есептеу ғылымы, биоғылым, химия және био-
логия инженерлігі, химия ғылымы, компьютер ғылымы, Жер ғылымы
және инжиниринг, электр инженерлігі, қоршаған орта ғылымы және ин-
женерлік, теңіз ғылымы, материя ғылымы және инженерлік,
механика
инженерлігі.
2017 жылы Қазақстанның астанасында ғылым және технология бо -
йынша Ислам ынтымақтастық ұйымының бірінші саммиті өтті. Саммит -
те ғылым мен технологияларды дамыту жолындағы ынтымақтас тықты
нығайту өзекті мәселелердің бірі болды. Себебі ғылыми-техникалық жә-
не инновациялық даму саласындағы жетістіктер – мемлекеттердің бола-
шағы.
1. Ислам адамзат өркениетінің дамуына қандай үлес қосты?
2. Қандай исламдық мәдениет ошақтарын білесіңдер?
Достарыңызбен бөлісу: