Д. Т. Кен же таев Ә.Ә. Сай лы баев Ө. О. Тұяқ баев зайырлылық ЖӘне дінтану негіздері негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет51/194
Дата18.10.2023
өлшемі3,82 Mb.
#118474
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   194
Байланысты:
Зайырлылык жане динтану 9 каз УЧЕБНИК

Дін та ну әліп пе сі нен
Си на го га 
(13-сурет)
– иудейлердің туғаннан бастап, дүниеден өткенге 
дейінгі барлық мәселелерін шешетін орны. Синагогада шиыршықталған 
Таурат – Мысырдан шыққаннан кейін Құдайдан Мұса пайғамбар арқылы 
түскен еврейлердің тарихы мен сенімін баяндайтын мәтіндер сақталып, оқы
-
лады. Оңаша кез келген жерде мінажат етуге болады, алайда қауымдасып 
дұға ету әдетте, синагогада атқарылады. Себебі қауымдасып оқу күштірек 
әрі тиімдірек деп есептеледі.
13-сурет. Синагога. Астана 
Иудейліктің басты кітабы не?
Таурат оқу. 
Еврейлер үшін ең маңызды нәрсе – Тауратты оқып, 
ондағы өсиеттерді орындау. Тауратты барлық еврейлер: байы да, кедейі 
де, шендісі де, қарапайым халық та үнемі оқуға міндетті. Ең аз дегенде 
күніне екі рет: таңертең және кешке оқылады. Өз баласына Тауратты 
оқыту – әр әкенің міндеті. Егер өте маңызды себептермен өзі оқыта 
Дін та ну әліп пе сі нен


59
алмаса, онда баласына оқу үшін жағдай жасауға міндетті, осылайша ғана 
өсиет орындалған болып есептеледі. Тауратты оқу, негізінен, еркектерге 
жүктеледі, дегенмен әйелдер де өмірге қажетті бөлімдерін оқып, соларға 
сүйеніп отыруға тиіс.
Иудейлердің сенімі қандай?
Иу дей лік те гі адам және жан ту ра лы тү сі нік тер.
Иудейлер құдай 
адамды өзіне ұқсатып жаратқан, сондықтан құдай мен адам арасында 
делдал болмауы керек деп сенеді.
Құдай алдында барлық адам тең. Иудейлік пұтқа табынуға тыйым 
салады, әрбір иудей адамгершілік қасиетке ие болып, өз туыстары мен 
қоршаған ортаға қамқорлық жасауға тиіс. Адамның жақсылық не 
жамандық жасауды таңдау еркі бар, алайда өз ісіне құдайдың алдында 
жауап береді. Егер адам өз кінәсі үшін шынымен өкінсе, келешекте 
ондайды қайталамауға уәде берсе, онда ол кешіріледі. Қайырымды ісі 
үшін бұл дүниеде ғана емес, о дүниеде де жақсылыққа кенеледі. Құдайға 
есеппен құлшылық жасауға болмайды.
Иудейлер өлімнен кейін өмірдің барына, тозақ пен жұмақтың барына 
сенеді және жан мәңгілік, ол өмірге бірнеше рет келеді деп санайды. Құл-
шылық жасау – иудейлікте міндетті іс. Иудейлер күніне үш рет мінажат 
жасап, Тауратты оқиды 
(14, 15­суреттер)
. Иудейлер Әлемді жаратушы 
Жалғыз құдайдың барына сенеді. Иудейлер – құдайдың таңдаулы халқы, 
Моисей арқылы түскен жазбада осылай делінген. Бұл таңдаулылық 
халықтың алдындағы жауапкершілікті күшейтеді. Сондай-ақ иудейлер 
әлемді құтқарушы Мессияның (мәсіхтің) келетініне сенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   194




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет