Д. Т. Кен же таев Ә.Ә. Сай лы баев Ө. О. Тұяқ баев зайырлылық ЖӘне дінтану негіздері негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған оқулық


-сурет. Иудейлердің Таурат кітабын оқуы 60



Pdf көрінісі
бет52/194
Дата18.10.2023
өлшемі3,82 Mb.
#118474
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   194
Байланысты:
Зайырлылык жане динтану 9 каз УЧЕБНИК

14-суретИудейлердің Таурат кітабын оқуы


60
15-сурет. Таурат
Иудейліктегі өсиеттер мен діни 
мерекелердің қандай маңызы бар?
Өсиеттер – иудейліктің негізі
. Иудей философы Рабби Моше бен 
Маймон (1135–1204) былай қарастырған:
«Құдай – барлық нәрсенің жаратушысы. Ол – өткен және қазіргі кез-
дегі, болашақтағы барлық құбылыстардың жалғыз негізі;
Құдай жалғыз, дүниеде басқа жаратушы жоқ. Құдайдың бейнесі
денесі жоқ;
Құдай – барлық нәрсенің басы мен аяғы;
Құдайға ғана дұға жасап, оған жалбарыну керек;
Пайғамбарлардың айтқаны – шындық. Мұса пайғамбар екені – 
шындық, ол – пайғамбарлардың ұлысы. Таурат бүтіндей Құдайдан Мұса 
арқылы «түсірілген»;
Таурат өзгермейді, басқасы болмайды;
Құдай адамдардың барлық әрекеттері мен ойларын біледі;
Оның өсиеттерін орындағандар сыйға бөленеді, ал орындамағандар 
жазаланады;
Құтқарушы Мессия (мәсіх) дер кезінде жетеді;
Құдайдан әмір болғанда өлгендер тіріледі».
Иудейлердің өмірінің негізі 10 өсиет болып табылады. Бұл өсиеттерді 
Мұса пайғамбарға Синай тауында құдайдың өзі берген:
«Мен сені Мысыр өлкесіндегі тұтқыннан босатқан Жаратушы құда-
йыңмын;
Сенде басқа құдай жоқ;


61
Мен сенің Жаратушың болғандықтан, қолдан пұт жасап, жердің 
үстіндегіге де, жердің астындағыға да, судың ішіндегіге де табынба.
Жаратушының есімін кез келген жерде атама, өйткені бостан бос 
Жаратушыны аузына алғандар жазасыз қалмайды...
Сенбі күнінің қасиетті екені әрдайым есіңде болсын. Аптада алты күнін-
де жұмыс істеп, сенбі күнді Жаратушыңа арна, өйткені Жаратушы алты күн 
бойы осы әлемді жаратты, ал сенбі күні демалып, оны қасиетті күн жасады. 
Жаратушы берген өмірің ұзақ әрі жақсы болу үшін әке-шешеңді 
құрметте.
Адам өлтірме.
Зинақорлық жасама.
Ұрлық қылма.
Ешкімге жалған куә болма.
Ешкімнің үйіне, затына, мүлкіне, малына, жарына, құлына, күңіне 
қызықпа».
Бұдан ертеректе әлемді топан судан құтқарған Ной (Нұх) пайғам-
барға бұдан былай адамдардың игілігі үшін 7 өсиет («Нұх пайғамбардың 
ұлдарының жеті өсиеті») жіберілген.
Құдайдың жалғыз екендігіне се-
ну – пұтқа табынушылыққа ты йым 
салу.
Жануарларды жәбірлеуге ты йым 
салу – тірі жануарлардан кесіп 
алынған етті жеуге тыйым салу.
Өмірге құрмет – 
адам өлтіруге 
тыйым салу.
Құдайға құлшылық 
жасау – Құдайға тіл 
тигізуге тыйым салу.
Әділ соттық жүйені 
құру.
Отбасыға құр-
мет – зинақор-
лыққа тыйым 
салу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   194




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет