Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу



бет5/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121
Ескерту: бұлауды қабылдау уақыты – 25 минуттан артық емес;
- бұлауды қабылдаған кезде, пациентті бақылаусыз қалдыруға болмайды, міндетті түрде оның сыртқы түрін және пульсін қадағалау қажет;
- пациенттің көңіл күиі нашарлаған жағдайда бұлау қабылдауды тоқтату керек, дәрігерді шақырып пациентке алғашқы көмек көрсету қажет;
- желдеткішті жабыңыз, шомылғы алдындағы еденге резеңке төсенішті (ағаштан жасалған тіреуді) салыңыз. Шомылғыны щеткамен мұқият және тазалайтын заттармен жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз;
- толаған шомылғыды – су кіндікке жетеді.


Дағды : Пациентті фаулер қалпына жатқызу (жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай) Пациентті жатқызу бір мейіргермен орындала



«Пациентті фаулер қалпына жатқызу»тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.

Жауабы

1

Мақсаты: төсектегі пациентке жайлы қалыпты жасау.


2

Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатері, жеке бас тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі, төсекте дәрет сындыру, төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, науқасты тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйелері аурулары.




3

Әзірлеу: жастықтарды, көрпеден жасалған валикті, табанға арналған тіректі, функциональды немесе жәй кереуетті.




4

Пациентке жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.




5

Пациентке психологиялық жайлы жағдайды қамтамасыз етіңіз (палатаға бөтен адамдарды кіргізбеңіз).




6

Пациенттің жағдайын және айналадағы жағдайды бағалаңыз. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз (егерде ол болса).




7

ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз. Қолғапты киіңіз.




8

Мейіргер тұрған қыр жағындағы поручендерді түсіріңіз(егерде ол болса).




9

Кереуетті көлденең жағдайға келтіріп, пациентті кереуеттің бас жағына қарай жылжытыңыз.




10

Пациент кереуеттің ортасында арқасымен жатқанына көзіңізді жеткізіңіз, жастықты алыңыз.




11

Пациенттің бас жағын 45-600 бұрышпен көтеріңіз (900 – жоғарғы Фаулер қалпы, 300 – төменгі Фаулер қалпы), немесе 3 жастықты салыңыз: кереуеттегі тік отырған адам Фаулер қалпында болады (жоғарлату қалпы өкпедегі ауа алмасуды жақсартады және науқастың қарым қатынасына ыңғайлы жағдай жасайды).




12

Білек пен қол ұшы астына жастықты салыңыз (егерде науқас ерікті қолын қозғалта алмаса).




13

Білек пен қолдың білезік буын тұсы көтеріңкі және алақандары төмен қаратып орналасқан болуы қажет (төмен қаратып бағытталған қол ауыр қолдын әсерінен болатын иық буынының шығуын алдын алу ескерту, қол мен қол ұшының көк тамырындағы тоқталысты азайту үшін және бүгілетін бұлшық еттердің контрактурасын алдын-ала ескерту).




14

Кереует үстіндегі үстелге жансызданған қолы үшін тірекпен қамтамасыз етіңіз, науқастың қолын тұлғасынан ысырып қойып, шынтақ астына жастықты қойыңыз.




15

Қол ұшын аздап қана жазылдырып, қолдың астына жартылай кесілген резеңке допты салыңыз.




16

Пациенттің белінің астына жастықты салыңыз (бел омыртқаларының бүгілісін азайту үшін және бел омыртқасын ұстауға).




17

Пациенттің санының астына кішкентай көпшікті немесе валикті салыңыз (дене салмағы әсерінен болатын тізе буыны астындағы күре тамырдын қысылуын және тізе буының қатты жазылуын алдын ала ескерту).




18

Пациенттің сирағының төменгі бөлігіне бірнеше қабаттап салынған көрпені (валикті) немесе кішкене жастықты салыңыз (өкшені матраспен ұзақ қыспауын алдын ала ескерту).




19

Өкше астына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге матрацтың ұзақ қысуын алдын ала ескерту).




20

Аяқ басын ұстау үшін 900 бұрышпен тіректі қойыңыз (егерде қажет болса).




21

Аяқ басының сыртқы бүгілісін ұстау үшін тірек қойылады, олардың «салбырауын» алдын ала ескерту.




22

Егерде науқаста гемиплегия (дененің бір жақ жартысының салдануы) бар болса, онда оның табанын жұмсақ көпшікпен тіреу қажет.




23

Қатты тірек бұндай науқастардың бұлшық ет күш қуатын көбейтеді.




24

Пациентті ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз.




25

Қырындағы порученді көтеріңіз.




26

Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет