Асқынулар: асказаннан қан кету, талып қалу, коллапс және т.б.
|
|
|
Дайындаңыз: залалсыздандырылған бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүнгісін, таза бүйрек тәрізді лотокті, асказан сөлі үлестерін бөлек-бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдысты (белгіленген банка немесе пробиркалар), 20 мл шприцті, қысқышты, сүлгіні, қолғапты, клеенкалы алжапқышты, салфеткаларды, парентеральды сынаптық ас – 0,1% гистамин ерітіндісі немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі, лабораторияға жолдама жазыңыз, оған науқастың аты жөні, бөлімшесі, палатасы, зертеу күні, үлестердің нөмері көрсетіледі.
|
|
|
Зерттеуді таңғы уақытта аш қарынға жүргізіңіз.
|
|
|
Пациентке психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
|
|
|
Пациентті жоғары арқасы бар орындыққа ынғайлы және дұрыс отырғызыңыз, оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз.
|
|
|
Басын сәл алдына карай еңкейтіңіз.
|
|
|
Пациенттің кеудесін, ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз, ал мойынына және кеуде үстіне сүлгіні жабыңыз.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
|
|
|
Ағып жатқан сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокты беріңіз.
|
|
|
Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз.
|
|
|
Сүнгінің жұтатын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық – бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз – екінші белгі).
|
|
|
Залалсыздандырылған сүнгіні пакеттен (пинцетпен) алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.
|
|
|
Залалсыздандырылған сүнгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз, ал сол қолмен бос ұшынан ұстаңыз.
|
|
|
Пациенттің ауызын ашуын сұраңыз, суландырылған сүнгінің саңылаулы ұшын тілдің түбіріне салып сосын терең жұтқыншаққа қарай енгізіңіз.
|
|
|
Пациенттің мұрын арқылы терең дем алуын жұтыну қозғалысын жасап, сүнгіні өңешке және асқазанға қарай қажетті белгіге дейін енгізіңіз (егерде пациент жөтелсе онда тез арада сүнгіні шығарып алыңыз!).
|
|
|
Пациентке ескертіңіз, сүнгіні тісімен қысуға болмайды және сілекейін жұтпай сүлгіге түкіріп тастауы керек.
|
|
|
Сүнгінің бос ұшына шприцті қосыңыз.
|
|
|
Ашқарындағы асқазан сөлін алыңыз (№ 1 үлес – «ашқарындағы» сөлдену).
Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып асқазан сөлін алыңыз (№ 2, № 3, № 4, № 5 үлестік – «өзекті» сөлдену).
|
|
|
Асқазан сөлін бөлетін парентеральды тітіргендіргішті енгізіңіз: 0,1% 0,01 мг гистамин ерітіндісін тері астына немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі 1 кг дене салмағы есебіне 6 мкг.
|
|
|
10 минуттан кейін 10 мл асқазан сөлін алыңыз (№ 6 үлес).
|
|
|
Тағы да 15 минуттан кейін барлық асқазан сөлін алыңыз (№ 7 үлес).
|
|
|
Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып, асқазан сөлін алыңыз (№ 8, № 9, № 10, № 11 – үлестері «ынталандыру» сөлдену).
|
|
|
Салфетканың көмегімен асқазаннан сүнгіні шығарып алыңыз, науқастың аузын шайқаңыз, ауыз айналасы терісін салфеткамен сүртіңіз.
|
|
|
Қолданылған сүнгіні, қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
|
|
|
Барлық 11 үлестердегі асқазан сөлін жолдамамен бірге және қоздырғышын көрсетіп зертханаға жіберіңіз
|
|