Дағды: «Әлсіреген немесе ессіз күйде құсқан пациентке көмек көрсету».
№
|
«Әлсіреген немесе ессіз күйде құсқан пациентке көмек көрсету» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу.
|
|
|
Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллонді, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфетканы, стаканды, қақпағы бар таза құрғақ қақпағы бар банканы.
|
|
|
Дәрігерді шақырыңыз.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
|
|
|
Дәрігер келгенге дейін пациентті қырына жатқызыңыз, егерде бұл мүмкін болмаса, онда оның қалпын өзгертіңіз (құсық тыныс жолдарына түспеу үшін) басын қырына қарай бұрыңыз.
|
|
|
Жастықты алыңыз.
|
|
|
Алмалы-салмалы тіс протездерін алып тастаңыз (егерде олар болса).
|
|
|
Пациенттің мойнын және кеудесін сүлгімен жауып, ауыз бұрышына құсыққа арналған бүйрек тәрізді лотокті қойыңыз.
|
|
|
Ауыз және мұрын қуысынан құсықты электросорғышпен немесе алмұрт тәрізді баллоншамен сорыңыз.
|
|
|
Әрбір құсқаннан кейін, пациенттің ауызын қайнатылған сумен шайып, салфеткамен сүртіңіз.
|
|
|
Құсықты қарап, зертханаға зерттеуге жіберіңіз, зерттеу мақсатын көрсетіңіз.
|
|
|
Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
|
|
|
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
|
|
Дағды: «Залалсыздандырылған қолғапты кию» техникасын көрсету.
№
|
«Залалсыздандырылған қолғапты кию» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: Пациенттің және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Пациентермен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді.
Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың пациенттерге таралуын төмендетеді.
Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды пациенттерге жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді.
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, пациенттің және медициналық қызметкерлердің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулер және манипуляциялар кезінде, клинико-диагностикалық, бактериологиялық зертханаларда пациенттерден алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, пациентті күту кезінде.
|
|
3
|
Дайындаңыз: залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
|
|
4
|
Қолыңызды ҚР ДСМ бұйрығы бойынша өңдеңіз, резеңке қолғапты киіңіз.
|
|
5
|
Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз.
|
|
6
|
Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз.
|
|
7
|
Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.
|
|
8
|
Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.
|
|
9
|
Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.
|
|
10
|
Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек.
|
|
11
|
Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз.
|
|
12
|
Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.
|
|
13
|
Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.
|
|
14
|
Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |