Әзірлеу:медициналық термометрді,лотокты,салфеткаларды,сағатты,қара түсті қаламсапты,қызуды тіркейтін журналды,қызу парағын,ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты,таза термометрлерді сақтауға арналған ыдысты.
6.
Пациентке жүргізілетін шаралардың өзегін түсіндіру, келісімін алу.
7.
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
8.
Пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
9.
Термометрді қолға алыңыз.Оның бүтіндігін тексеріңіз.
10.
Сынап бағанасы 35С-тан төмен резервуарға (сынап сақталатын сауытқа) түскенше сілкіңіз және қараңыз.
11.
Қолтық асты ойысын қараңыз:егерде қызару,жергілікті қабыну процесі болса,онда дене қызуын өлшеу жүргізілмейді (термометрдің көрсеткіші дене қызуынан жоғары болады).
12.
Пациенттің қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен құрғақтатып сүртіңіз(ылғалды тері термометрдің көрсетішін өзгертіп жібереді).
13.
Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысынан салыңыз,ол денемен толық жанасуы керек(пациенттің иығын кеудесіне қысуын сұраңыз).
14.
Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойыңыз.
15.
10минуттан кейін термометрді алып,оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарлауы бойынша анықтаңыз.
16.
Пациентке алынған нәтижені хабарлаңыз.
17.
Термометрдің көрсетілімін дене қызуын тіркейтін журналға сандық,ал қызу парағына графикалық қисық сызба түрінде жазыңыз( қара түспен).
18.
Пайдаланған термометрді сілкіп,сынаптың резервуарға түскеніне көзіңізді жеткізіңіз.
19.
Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
20.
Ағынды судың астында зарарсыздандыратын заттың иісі кеткенше жуыңыз,салфеткамен құрғатып сүртіңіз,салфетка салынған лотокқа немесе шыны ыдысқа салып,құрғақ түрінде сақтаңыз.
Мақсаты:дем алу қозғалысының жиілігін анықтау әдісіне үйрету және алынған нәтижені бағалау.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің функционалды жағдайын бағалау.
Әзірлеу:секунді тілі бар сағатты,қызу парағын,көк стерженді қалапсапты.
Пациентке емшара барысын түсіндіріңіз.
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.
Пациентке ыңғайлы қалып беріңіз (жату). Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көруі қажет.
Бір қолмен пациенттің қолын алыңыз, кәржілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей, оның көңілін аударуға.
Екінші қолыңызбен пациенттің кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрии (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз.
Секундомерді қолдана отырып, бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеңіз.
Дем алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін және ритмін бағалаңыз.
.Дем алу қозғалысының жиілігін есептегенін науқасқа түсіндіріңіз.
Ескерту: - дем алу қозғалысының жиілігін пациентке байқалмайтындай есептеңіз;
- 1 минуттағы дем алу қозғалысының саны – дем алу қозғалысының жиілігі деп аталады (ДҚЖ);
- дені сау ересек адамның қалыптағы дем алу қозғалысының жиілігі қозғалыссыз күйде минутына 16-20 санды құрастырады;
- тыныс алу қозғалысының жиілігі жүрек соғу жиілігімен орташа 1:4 қатынысында;
- дене температурасы 10С жоғарлағанда, дем алу қозғалысы 4 санға жиеленеді;
- Брадипноэ – 1 минуттағы дем алу жиілігі 16 саннан кем, сирек.
- Тахипноэ – 1 минутта 20 көбірек жиілік жие дем алу жиеленеді.