№
|
« КӨЗ МАЙЫН ҚАТТАСТЫРЫП САЛУ » тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: емдік
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
|
|
3
|
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көз майын (дәрігердің тағайындауы бойынша), шыны көз қалақшаларын, дәке тампондары, мақта шариктерін, қолғапты, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
|
|
4
|
Емделушіге емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
|
|
5
|
Дәрігердің тағайындауына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, тюбиктің бүтіндігін анықтаңыз).
|
|
6
|
Шыны таяқшаның бүтіндігін тексеріңіз.
|
|
7
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.
|
|
8
|
Емделушіге ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, басын артына қарай шалқайтып, емделушінің көз қарасы жоғарыға қарай бағытталған болу керек.
|
|
9
|
Оң қолға шыны қалақшаны алып, оның жалпақ шетіне майды жағып алыңыз. Ол бүтін қалақшаны жабу керек
|
|
10
|
Шыны таяқшаны самай бетінен көздің тесігіне қарай жақындатыңыз (оң көзді сол қолмен, сол көзді оң қолмен).
|
|
11
|
Қалақшаны көзге көлденең орналастырыңыз, жалпақ шетімен кеңсірікке.
|
|
12
|
Сол қолға дәке тампонын алып, төменгі қабақты төмен тартыңыз және оған қалақшадағы майды көз алмасына қаттастырып салыңыз, ал бос беті қабаққа қарай бағытталуы керек.
|
|
13
|
Төменгі қабақты жіберіңіз, емделушітан сәл қабақтарын сығылыстыруын сұраңыз.
|
|
14
|
Сығылыстарылған қабақтан самай бағыты бойынша қалақшаны алыңыз. Сәл қабақтарды уқалаңыз, май көздің шырышты қабығына бір қалыпты таратылуға тиіс.
|
|
15
|
Екінші көзіне де майды осы реттілікпен салыңыз.
|
|
16
|
Көз майын тікелей тюбиктен де салуға болады.
|
|
17
|
Сол қолыңызға дәке тампонын алып, төменгі қабақты тартыңыз.
|
|
18
|
Тюбикті көздің ішкі бұрышына ұстап, онан майды төменгі көздің сілемейлі қабығының іркістеріне сығып шығарыңыз, майдың цилиндрі ұзын бойына барлық қабаққа орналастырылады.
|
|
19
|
Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.
|
|
20
|
Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, дәке тампондарын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
|
|
21
|
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
|