Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу


Ескерту: Құлақты тазалаған кезде мақтаны қатты затқа орауға болмайды,есту жолы жарақаттануы мүмкін. Дағды: «Халі ауыр пациенттің ауыз қуысын күту»



бет17/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   121
Ескерту: Құлақты тазалаған кезде мақтаны қатты затқа орауға болмайды,есту жолы жарақаттануы мүмкін.
Дағды: «Халі ауыр пациенттің ауыз қуысын күту».



«Халі ауыр пациенттің ауыз қуысын күту» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1.

Мақсаты:пациенттің жеке бас тазалығын сақтау,ауыздың уылуы дамуының және ауыз қуысының басқа да қабыну ауруларының алдын алу.




2.

Қолдану көрсетілімдері:төсекте жатқан халі ауыр,әлсіреген,қызуы көтерілген пациенттерге.




3.

Әзірлеу:залалсыздандырылған: 2 науаны, 2 пинцетті,тіл ұстағышты,ауыз кергішті,дәке сүрткілерін,тампондарды, 2 шпательді,алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін,мензуркаларды,вазелинді,ішінде антисептикалық ерітіндісі бар флакондарды,сүлгіні,ішінде суы бар стаканды,қолданылған заттарды салатын науаны,қолғаптарды,ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты,қауіпті жоюға арналған контейнерді.




4.

Пациентке жүргізілетін шаралардың өзегін түсіндіру, келісімін алу.




5.

Ауыз қуысын,қызыл иекті,тілді мұқият қарап тексеріңіз.




6.

Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құйыңыз.




7.

Пациентке Фаулер қалпын беріңіз.




8.

Пациенттің басын қырына қарай бұрыңыз,мойнын және кеудесін клеенкамен жабыңыз,астыңғы иегінің астына науаны қойыңыз.




9.

ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз,қолғапты киіңіз.




10.

Пациенттен тістерін сығылыстыруын өтініңіз(егер тіс протездері болса,оны алып тастаңыз).




11.

Пациенттің ұртын шпательмен керіп,антисептикалық ерітіндіде суланған дәке тампонын пинцетпен алып,оларды ауыстыра отырып,әрбір тісті қызыл иегінен бастап,азу тістерлен күрек тістерге қарай сол жақтың сыртқы бетін тазартыңыз.




12.

Оң жағында осы реттілікпен тазартыңыз.




13.

Ауыз қуысын,қызыл иекті,тістерді жоғарғыдай ізбе-ізділікпен алдымен сол жақтың ішкі бетінен бастап,сосын оң жақтың ішкі бетіне де дәке тампондарын ауыстыра отырып, тазарту жүргізіңіз.




14.

Тілді залалсыздандырылған дәке сүрткісімен орап,сол қолмен немесе тіл ұстағышпен абайлап оны ауыздан тартыңыз.Шпательге ораған дәке сүрткісімен тілдегі бозамықты 2-3 рет сүрткіні ауыстыра отырып,тілдің түбірінен ұшына дейінгі бағытта жан-жағын сүртіңіз.




15.



Дәке сүрткісімен антисептикалық ерітіндіге сулап халі ауыр пациенттің тілін тіл түбірінен ұшына дейінгі бағытта тазартыңыз.




16.

Пинцетті,шпательді,тіл ұстағышты қолданған материалдарға арналған науаға салыңыз.




17.

Пациенттің ауызын шаюға көмектесіңіз немесе ауыз қуысына алмұрт тәрізді баллоншамен немесе Жане шприці көмегімен шайдырыңыз.




18.

Ауыз бұрышын шпательмен керіп,кезекпен сол жағын,сосын оң жағын ұрт аймағын ерітіндімен орташа қысымдағы ағыс екпінімен жуыңыз,




19.

Ауыз айналасындағы теріні құрғақ сүрткімен сүртіңіз,залалсыздандырылған сүрткіге салфеткаға шпательмен вазелин жағып,еріндерін майлаңыз.




20.

Құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа, дәке тампондарды,сүрткілерді қауіпті жоюға арналған контейнерге салыңыз.




21.

Қолғапты шешіп,қолыңызды жуып,кептіріңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет