Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу


Дағды: «Ер адамның жыныс мүшесін жуу»



бет16/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   121
Дағды: «Ер адамның жыныс мүшесін жуу».



«Ер адамның жыныс мүшесін жуу» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.

Жауабы


Мақсаты: жыныс мүшелері аймағын тазалығын сақтау, пациенттің жеке бас тазалығын сақтау, зәр шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларын алдын алу.





Қолдану көрсетілімдері: пациенттің халі ауыр жағдайында.





Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, корнцангті, сүрткілерді, қолғаптарды, клеенканы, жаялықты, сабынды, судноны, ішінде суы бар құмыраны (судың t-37380С) немесе Эсмарх крушкасын.





Пациентпен тілектестік, құпия сақтайтын сенімділік қарым-қатынасты құрыңыз; оны кермемен оңашалаңыз.





ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз,қолғапты киіңіз.





Қалі ауыр пациенттің сегіз көзі астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеп, судноны қойыңыз.





Пациенттен аяқтарын тізесінен бүгуін сұрап, аяқтарын аздап екі жаққа ажыратыңыз.





Пациенттің оң жағынан тұрыңыз.





Сүрткіні жылы суда ылғалдатып, оны сығыңыз.





Бір қолыңызбен жыныс мүшесін ұстап, оның күпегін жыныс мүшесінің басынан жылжытыңыз





Жыныс мүшесінің басын зәр шығару каналынан бастап, қасаға аймағына қарай бағытта айналмалы қозғалыспен жуыңыз, сүрткілерді ауыстыра отырып, құрғатыңыз.





Жыныс мүшесінің күпегін табиғи қалпына қайтарыңыз.





Жыныс мүшесінің қалған бөліктерін, ұманың терісін, аналь тесігін мүқият тазалаңыз, шайқаңыз және кептіріңіз.





Судноны, клеенканы, жаялықты, қолғаптарды кейін зарарсыздандыру үшін жинаңыз.





Сүрткілерді және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.





Төсек-орнын жазықтап, пациентті жабыңыз





Қолыңызды жуып, кептіріңіз.





Кермені жинаңыз.




Дағды: «Көзді күту».





«Көзді күту» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1.

Мақсаты:пациенттің жеке бас тазалығын сақтау,ауруларының алдын-алу, қалі ауыр пациент көзіне таңертенгі тазалықты жүргізу,дәрілік ерітіндіні тамызу.




2.

Қолдану көрсетілімдері:.пациенттің қалі ауыр жағдайдағы көзінде шығындылардың (бөліністердің) болуы.




3.

Әзірлеу:залалсыздандырылған:дәке тампондарын,лотокті,пинцетті(іскекті), ундинканы,көз стакандарын,1:2000 фурациллин ерітіндісін,вазелин майын,мензуркаларды,физиологиялық ерітіндіні, тамызғыштарды, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.




4.

Пациентке жүргізілетін шаралардың өзегін түсіндіру, келісімін алу.




5.

Көздерін қарап,олардың жағдайын бағалаңыз,




6.

Пациентке Фаулер қалпын беріңіз.




7.

ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз,қолғапты киіңіз.




8.

Бір мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын,екіншісіне фурацилин ерітіндісін құйыңыз.




9.

Дәке тампонын пинцеттің көмегімен вазелин майына ылғалдатып,оны мензурканың қабырғасына,аздап қана сығып қысыңыз.




10.

Оң қолға тампонды ұстап,көздің бір қабағын сыртқы бұрышынан,ішкі бұрышына қарай бағытпен сүртіңіз ( іріңді қабыршақтың қабатын жұмсаруын қамтамасыз етеді).




11.

Дәке тампонын фурацилин ерітіндісіне ылғалдатып,осы бағытпен сүртуді қайталаңыз.




12.

Іріңді қабыршақтар толық кеткенше сүртуді 4-5 рет әр-түрлі тампондармен қайталаңыз.




13.

Көз бұрыштарында іріңді бөлінулер болған кезде:




14.

Сол қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен қабақтарын екі жаққа айырып ашып, көздің дәнекер қабығы қуысын физиологиялық ерітіндімен жуып шығыңыз, ал оң қолмен көздің дәнекер қабығының қабына тамызғыштың немесе ундинканың көмегімен шайып шығыңыз, сосын құрғақ тампонмен қабақты осы бағытта сүртіңіз.




15.

Екінші көзді де осындай әдіспен тазалаңыз.




16.

Қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.




Ескерту:Көзді тазалаған кезде бірдей бір тампонмен екі көзді сүртуге болмайды.Бір көзден екінші көзге инфекция жұғуы мүмкін.
Дағды: «Мұрын қуысын күту».





«Мұрын қуысын күту» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1.

Мақсаты:пациенттің жеке бас тазалығын сақтау,мұрынмен дем алудың бұзылуының ала ескерту,дәрілік ерітіндіні тамызу.




2.

Қолдану көрсетілімдері:пациенттің ауыр жағдайы,мұрын қуысындағы қатып қалған қабыршықтардың және шырышты бөліністердің болуы.




3.

Әзірлеу:залалсыздандырылған:мақтатурундаларын,мензурканы, пинцетті, вазелин немесе өсімдік майын,науаны,қолғаптарды,ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты,қауіпті жоюға арналған контейнерді.




4.

Пациентке жүргізілетін шаралардың өзегін түсіндіру, келісімін алу.




5.

ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз,қолғапты киіңіз.




6.

Пациенттің басын сәл аздап артқа қарай шалқайтып,Фаулер қалпын беріңіз.




7.

Сол қолдың 4-саусағын пациенттің маңдайына қойып,ал бас бармақпен мұрынның ұшын көтеріп,мұрын қуысындағы сілемейлі бөлінулердің,кеуіп қалған қабыршықтардың барлығын қараңыз.




8.

Сілемейлі бөлінулердің алып тастау үшін мақта турундаларын жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолдарына енгізіңіз.




9.

Мұрын жолдарындағы құрғақ қабыршықтарды жұмсарту үщін,мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.




10.

Турунданы пинцетпен алып,вазелин майымен ылғалда,мензурканың шетіне аздап қысып,сығыңыз.




11.

Оң қолыңызға турунданы алып,жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолына енгізіңіз және оны 2-3 минутқа сол жерде қалдырыңыз (қатып қалған қабыршықтар болған кезде).




12.

Мұрын жолдарынан турунданы айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз,бұл мұрын жолындағы қатып қалған қабыршықтардың шығуын қамтамасыз етеді.




13.

Екінші мұрын жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.




14

Қолғапты шешіңіз.




15.



Қолданылған турундаларды,қолғапты қауіпті жоюға арналған контейнерге салыңыз.




16.

Пинцетті,мензурканы зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.




17.

Қолыңызды жуып,кептіріңіз.




Дағды: «Құлақты күту».





«Құлақты күту» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі

Жауабы

1.

Мақсаты:пациенттің жеке бас тазалығын сақтау,құлақ ауруларының алдын-алу,құлақ құлығының жиналып қалу себебінен есту қабілетінің төмендеуін ескерту,дәрілік ерітіндіні тамызу.




2.

Қолдану көрсетілімдері:пациенттің ауыр жағдайы,есту жолында құлықтың жиналып қалуы.




3.

Қарсы көрсетілімдері:құлақ қалқанындағы және сыртқы есту жолындағы қабыну процестері.




4.

Әзірлеу:залалсыздандырылған:науаны,тамызғышты,пинцетті,мензурканы,мақта турундаларын,сүрткілерді қолғаптарды,3%-дық сутегі асқын тотығы ерітіндісін,сабынды суды,ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты,қауіпті жоюға арналған контейнерді.




5.

Пациентке жүргізілетін шаралардың өзегін түсіндіру, келісімін алу.




6.

ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.




7.

Ішінде сабынды суы бар ыдысты дайындаңыз.




8.

Пациенттің басын тазаланатын құлаққа қарама-қарсы жағына қисайтыңыз,науаны астына қойыңыз.




9.

Сүрткіні жылы сабындыы ерітіндіде ылғалдап алып,құлақ қалқанын сүртіңіз,сосын оны құрғақ сүрткімен құрғатыңыз (кірді кетіру үшін).




10.

Алдын-алу су моншасында (t-36-37C) жылытылған 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін залалсыздандырылған мензуркаға құйыңыз.




11.

Оң қолыңызға мақта турундасын алып,3% сутегі асқын тотығының ерітіндісіне сулаңыз,ал сыртқы есту жолын түзету мақсатымен сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартыңызы;құлаққа 2-3 тамшы тамызыңыз.




12.

Құрғақ турунданы жеңіл айналмалы қимылдармен сыртқы есту жолына 1 см тереңдіктен асырмай енгізіп,оны 2-3 минутқа қалдырыңыз.




13.

Турунданы сыртқы есту жолынан айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз,бұл есту жолындағы бөліністер мен құлақтың шығуын қамтамасыз етеді.




14.

Екінші есту жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.




15.

Қолғаптарды шешіңіз.




16.



Қолданылған қолғапты,турундаларды,сүрткілерді қауіпті жоюға арналған контейнерге салыңыз.




17.

Пинцетті,мензурканы ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.




18.

Қолыңызды жуып,кептіріңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет