№
|
«Пациентті және медициналық құрал-саймндарды плевра қуысын тесуге(торакоцентезге,плевроцентезге)дайындау» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: диагностикалық: плевра сұйықтығының құрамын зерттеу; емдік: плевра қуысынан сұйықтықты алу; плевра қуысына дәрі-дәрмектерді енгізу.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: жарақаттану гемоторакста (кеуде қуысына қанның құйылуы); спонтанды, қақпақты пневмоторокста (плевра қуысына ауаның жиналуы), тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиемасы (өкпе қуысында іріңнің қалуы), туберкулез, өкпе қатерлі ісігі (рак) және т.б.).
|
|
|
Қарсы көрсетілімдері: өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі.
|
|
|
Әзірлеу: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, дәке салфеткаларын, жаялықты, тері ішіне және тері астына инъекция жасауға арналған инені, плевра қуысын тесуге арналған (ұзындығы 10 см ине диаметрі 1-1,5мл) инелерді, 5, 10, 20, 50 мл шприцтерді, 0,5 новокаин ерітіндісін, 5 йод ерітіндісін, 70 спиртті, қысқышты, клеолды, лейкопластырьді, кеуде торының 2 рентгенограммасын, плевра сұйықтығына арналған ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, зертханаға жолдаманы, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтықты, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
|
|
|
Пациентке алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.
|
|
|
Беліне дейін шешінген науқасты орындықтың арқа сүйенішіне бетімен қаратып отырғызыңыз, оны бір қолымен орындықтың арқа сүйенішіне таянуын, ал екінші қолын басына орнатуын (патологиялық үдеріс бар жағына) сұраңыз.
|
|
|
Пациенттің денесін сәл бір қырына бұруын сұраңыз, дәрігер тесуді жүргізетін қарама-қарсы жағына.
|
|
|
Плевра қуысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейіргер көмекші қызметін атқарады.
|
|
|
ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
|
|
|
Болжамды тесетін жерді 5 йод ерітіндісімен, сосын 70 спирт ерітіндісімен және қайтадан йодпен өңдеңіз.
|
|
|
Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялық анестезия (тесілетін жердің аурғанын сезбеу) жүргізу үшін, шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.
|
|
|
VІІ-VІІІ қабырға аралығына астыңғы жатқан қабырғаның жоғарғы қырына тесуді жасайды, өйткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке будалары жүреді және қабырға аралық тамырлар зақымданады
|
|
|
Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізеді және ішіндегі сұйықтықты шприцке сорып алады.
|
|
|
Шығатын сұйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз.
|
|
|
Зертханалық зерттеуге: залалсыздандырылған банкіге (пробиркаға) шприцтін ішіндегі сұйықтықты құйыңыз.
|
|
|
Шприцке сорып алынған антибиотикті плевра қуысына енгізу үшін дәрігерге беріңіз
|
|
|
Инені алған соң тесілген жерді 5 спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.
|
|
|
Тесілген жерге залалсыздандырылған салфетканы салып, лейкопластырьмен немесе клеолмен желімдеңіз.
|
|
|
Кеуде торына қатты керілген ақ жаймамен тануды жүргізіңіз, плевра қуысынан шыққан сұйықтықты баялау үшін және талықсудың дамуын ескерту.
|
|
|
Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, кептіріңіз.
|
|
|
Пайдаланған бір рет қолданылатын шприцті, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткаларды контейнерге, пункциялық инені зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.
|
|
|
Пациенттің көңіл-күйін, таңғыштың жағдайын қадағалап, тамыр соғуын есептеңіз, қан қысымын өлшеңіз.
|
|
|
Пациентті ішімен каталкаға жатқызып, палатаға апарыңыз.
|
|
|
Өткізілген манипуляциядан кейін науқас 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасты ескертіп қойыңыз.
|
|
|
Алынған биологиялық материалды зерттеуге зертханаға жолдамасымен жіберіңіз.
|
|