Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу



бет32/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Ескерту:

  • катетерді енгізу алдында иімділігінің сақталғанын және оның жарығының болмауын қадағалау қажет;

  • қауіпсіздік техникасын сақтау (оттегі шырышты қабықты күйдіреді);

  • ойылудың және мұрын қуысының шырышты қабығының құрғауын алдын алу ескерту мақсатында әрбір 30-60 минут сайын катетердің қалпын ауыстырады.



Дағды: «Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегіні беру».



«Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегіні беру». тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.

Жауабы


Мақсаты: ұлпалардағы оттегін жоғарлату.





Қолдану көрсетілімдері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпе-ісігі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.





Дайындаңыз: оттегі жастықшасын, мундштукті, 4 қабаттан жиналған дәке салфеткасын, 70% спирт ерітіндісін, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, суды, оттегі бар баллонды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.





Пациентке емшара барысын түсіндіріңіз.





Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз.
Ол үшін:оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз, жастықшаның түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз, оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз. Әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллонның
редукторынан резеңке түтікті бөліңіз.





Антисептикпен өндеңіз. Қолыңызды тазартыңыз.





Оттегі жастықшаның резеңке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз.





Ылғалды дәке салфеткасымен мундштукті ораңыз.





Мундштукті пациенттің ауызына жақындатып ұстап, жастықшадағы
вентильді ашыңыз (ауызға тығыз қоюға болмайды).





Оны пациенттің ауызынан 1-1,5 см қашықтықта ұстаңыз.





Дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мұрыннан
жүргізілетінің пациентке түсіндіріңіз.





Оттегін беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5 л).





Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі
толығымен бөлінбегенше басыңыз.





Пациенттен жастықшаны алып, мундштукті бөліңіз.





Пайдаланған салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.





Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ерітіндісімен немесе 3%
сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз.





Қолыңызды жуып, кептіріңіз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет