№
|
«Зимницкий байқауына зәрді жинау» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: диагностикалық: бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу; тәуліктік, күндізгі және түнгі диурездерді анықтау.
|
|
2
|
Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.
|
|
3
|
Дайындаңыз: сыйымдылығы 500 мл кең мойынды 8 таза, құрғақ шыны банкілерді жолдаманы жазып әрбір банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палатасынын №, зерттеу мақсаты, порциянын №, жинау уақыты, айы-күні, мейіргердің қолы).
|
|
4
|
Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы пациентке нұсқау жүргізіңіз:
зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады;
|
|
5
|
Бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды пациент шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмауын;
|
|
6
|
Зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады.
|
|
7
|
Таңертең сағат 6-да пациент қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек.
|
|
8
|
Жеке нөмірленген банкілерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз.
№1 порция – сағат 6-дан 9-ға дейін
№2 порция – сағат 9-дан 12-ге дейін
№3 порция – сағат 12-ден 15-ке дейін
№4 порция – сағат 15-тен 18-ге дейін
№5 порция – сағат 18-ден 21-ге дейін
№6 порция – сағат 21-ден 24-ке дейін
№7 порция – сағат 0-ден 3-ке дейін
№8 порция – сағат 3-тен 6-ға дейін
|
|
9
|
24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейіргер пациентті оятып отыруы керек.
|
|
10
|
Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын зертханаға апарыңыз.
|
|