Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет57/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Исламдағы бала тәрбиесі
Аллаһ тағаладан келген әмір ме?» – деп сұрайды. Сон-
да  Пайғамбарымыз:  «Жоқ,  бұл  Аллаһтың  әмірі  емес. 
Немерем  үстіме  мініп  алды.  Өзі  түскенге  дейін  оны 
асықтырғым  келмеді»
128
,  –  дейді.  Басқа  риуаяттарда 
хазірет  Пайғамбар 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  намазда  сәжде 
жасағанда  немерелерінің  арқасына  мініп  алатыны, 
сәждеден  тұрар  кезде  жайлап  жерге  түсіретіні,  құлап 
кетпесін  деп  қолымен  ұстап,  руқұғ  жасаған  кезінде 
аяқтарын  ашып  тұратыны,  намаз  біткен  соң  оларды 
бауырына  басып,  сүйетіні  жайлы  айтылады.  Кейде 
сахабалар  бұндай  сәттерде  намазға  кедергі  жасамау 
үшін  балаларды  көтеріп  алмақшы  болған  кездерінде 
Пайғамбарымыз  оларға  тиіспеуді  ыммен  білдіретін. 
Намаздан кейін  «Балаларды алып анасына апарайық» 
дегендерге  де  «Тиіспеңдер»  −  дейтін.  Біраздан  кейін 
Өзі немерелеріне «Аналарыңа бара қойыңдар» – деген-
де,  олар  өз  еріктерімен  тұрып,  үйлеріне  қарай  жүгіре 
жөнелетін. 
Жұма  күні  бірде  Пайғамбарымыз  хұтба  оқып 
жатқан болатын. Немерелері Хасан мен Хұсейін сүріне-
қабына мешітке кірді. Пайғамбарымыз сөйлеп жатқан 
жерінен тоқтап, мінберден түсіп, екеуін көтеріп алады 
да, мінберге қайта шығады. Екеуін алдына отырғызып: 
«Аллаһ тағала: «Балаларың мен дүние-мүліктерің сен-
дер үшін сынақ»
129
 деп қалай дұрыс айтқан. Олардың 
құлап-сүрініп  келе  жатқанын  көрген  кезде  шы-
дай  алмадым,  айтып  жатқан  сөзімді  бөліп,  барып 
оларды  құшағыма  алдым»  –  дейді
130
.  Басқа  риуаятта 
128
 Мүстәдрак, 3/165-166; Мәталибул-Алия 4/72 (3997 Х.).
129
 «Тәғабун» сүресі, 15-аят.
130
 Нәсәи, Жұма, 30


135
Тәрбие тармақтары
Пайғамбарымыз  мінберде  отырған  кезінде  немересі 
Хасанды алдына алып, халыққа бір қарап, немересіне 
бір  қарап:  «Бұл  ұлым  –  сәйид  (мырза),  бәлкім,  Аллаһ 
тағала  соның  себепкерлігімен  екі  мұсылман  топты 
ауызбіршілікке  келтіріп,  араларындағы  қақтығысты 
тоқтатар» – дегені баяндалады
131

Пайғамбарымыз өзінің балалары мен немерелерін 
ғана емес, сахабалардың да балаларын жақсы көрген. 
Хазірет Усамә (р.а.) өзінің балалық шағындағы бақытты 
сәтін былай баяндайды: «Аллаһ расулы бір тізесіне мені, 
екінші  тізесіне  немересі  Хасанды  отырғызды,  сосын 
бізді  құшағына  қысып:  «Аллаһым,  рақымдылығыңды 
оларға  төге  гөр,  себебі  мен  оларға  мейірімдімін»  – 
деді»
132
.
Юсуф ибн Абдилләһ ибн Сәлам (р.а.) былай дейді: 
«Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 менің атымды Юсуф 
деп ауыстырды. Алдына алып, басымнан сипады». 
Амр  ибн  Һурәйра  (р.а.)  бала  кезінде  хазірет 
Пайғамбардың  қасына  келген  кезде  басынан  сипап, 
өскенде  дәулетті  болуы  үшін  дұға  еткенін,  Абдуллаһ 
ибн  Утбә  (р.а.)  болса,  бес-алтыға  толған  кезінде 
Пайғамбарымыз  оны  құшағына  отырғызып,  басынан 
сипап,  ұрпағының  берекетті  болуына  дұға  жасағанын 
айтады. Пайғамбарымыз әке-шешелерінің қасына еріп 
келген  балалардың  бәрін  басынан  сипап,  жақсылық 
тілейтін. Жабир ибн Сәмура (р.а.) балалық шағында ба-
сынан өткен бір оқиғаны былай баяндайды: «Бесін на-
мазын Пайғамбарымызбен бірге оқыдым. Намаздан соң 
үйіне қарай кетті. Мен де дереу артынан жүрдім. Алды-
131
 Бухари, Фәдаилул-асхаб, 22.
132
 Бухари, Әдеп, 22.


136


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет