Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет59/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Әкемді құшақтар едім
Анасының қолынан ұстап келе жатқан кішкентай қыз кенет-
тен тоқтай қалды. Жаңбыр тамшыларымен суланған көзілдірігін 
шешіп,  әкесінің  велосипедінің  артына  мінгесіп  алған  өзіне  тете-
лес  кішкентай  қызға  телміре  қарап  тұрды.  Велосипедтің  артын-
да  отырған  әлгі  қыз  құлап  қалмайын  деп  әкесінің  белінен  қатты 
құшақтап  алыпты.  Таңғы  ызғар  суықтан  қызарған  бетін  әкесінің 
арқасына төсеп келеді. Әкесі қайта-қайта басын бұрып қызына бір 
нәрселерді айтып бара жатыр. Қыз болса ішек-сілесі қата күледі. 
Велосипедтің соңынан телміре қарап тұрған қызына анасы:
−  Үйдегі ойыншықтарың жетпейтіндей велосипедке телміріп 
тұрғаның не? – деп дүрсе қоя берді. – Жарайды, қаласаң, әкеңе ай-
тармыз, саған да алып берсін. 
Қыз бәсең дауыспен:
−  Велосипедке  емес,  қызға  қарап  тұрмын.  Әкесі  артында 
отырған қызымен әңгімелесіп бара жатыр...
Анасы қызының сөзін елеген де жоқ. Қымбат теріден тігілген 
бас киімін түзетіп жатып:
−  Достарың осындай жаңбырлы күнде мектепке жаяу келеді. 
Әкең  болса,  жұмысқа  асықса  да,  саған  уақытын  бөліп,  көлігімен 
мектепке дейін әкеліп тастайды. 
Қыз әлі велосипедтен көзін ала алмады. Шешесі одан сайын 
ашуланып:
−  Қаласаң  әкең  де  сені  мектепке  велосипедпен  апарып 
жүрсін. Сонда тіпті жарасып кетер еді! – деді мысқылдап. 
Бүлдіршін  қыз  жанарынан  аққан  көз  жасын  анасына 
көрсетпеуге тырысып: 
−  Онда жақсы болар еді, – деді күбірлеп, – Мен де әкемді 
құшақтап отыратын едім.


141
Тәрбие тармақтары
Гүл өскіні топырақты, суды, күн сәулесін, ауаны қаншалықты 
қажет етсе, бала да сүйіспеншілікті, мейірімді соншалықты қажет 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет