Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет58/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   101
Исламдағы бала тәрбиесі
нан  екі  бала  шықты.  Пайғамбарымыз  тоқтап,  оларды 
бетінен сипады. Сосын менің де бетімнен сипады»
133
.
Шайқастан оралғанда алдынан жүгіріп шыққан ба-
лаларды  Пайғамбарымыз  көлігіне  мінгестіріп  алатын. 
Сахаба  Абдуллаһ  (р.а.)  Пайғамбарымыздың  бірінші 
жүгіріп  келген  баланы  алдына,  одан  кейін  келген  ба-
ланы  артына  отырғызатынын  айтады.  Тіпті  үш  бала-
ны бірдей мінгестіріп алған кезі де болған екен. Аллаһ 
елшісі балаларға деген сүйіспеншілігін оларды қуанту 
арқылы білдіретін. 
Аллаһ  елшісі 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  балаларға  деген 
сүйіспеншілігін сәлемдесу арқылы да көрсететін. Жол-
да балаларды көрсе, «Әй, балалар, әс-сәламу аләйкум!» 
деп сәлемдесетін. Саиб ибн Язид Пайғамбарымыз жай-
лы  балалық  шағындағы  естелігін  былай  баяндайды: 
«Біз бір топ бала болып ойнап жүрген едік. Жанымыз-
дан Пайғамбарымыз өтіп бара жатыр екен. Мен бала-
лардан бөлініп, қасына барып, сәлем бердім. Сәлемімді 
алып,  «Кімнің  баласысың?»  деп  сұрады.  Мен:  «Саиб 
ибн Язид ибн ухтин-Нәмр ибн Қасыт» деп аты-жөнімді 
айттым». Сонда Расулуллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Аллаһ 
сені мүбәрак етсін!», – деді»
134

Пайғамбарымыз еш уақытта баланы кішісінбейтін. 
Үлкен  кісідей  амандасып,  аты-жөнін  сұрап,  оларға 
мән  беретінін  сездіріп,  марқайтып  қоятын.  Бұның  өзі 
бала тәрбиесі тұрғысынан маңызды қадамдардың бірі. 
Үлкендердің  өзіне  көңіл  бөлгенін  сезген  бала  іштей 
қуанып,  өзін  үлкен  кісідей  сезініп  қалады.  Осылай-
ша балалар байсалдылыққа, әдептілікке үйренеді. Әрі 
133
 Нәуәуи, Шәрхул-Муслим, 15-т., 85-б.
134
 Табәрани, Мужәмус-Сағир, 1-т., 249-б.


137
Тәрбие тармақтары
үлкен  кісілермен  қарым-қатынасы  артып,  араларында 
сыйластық пайда болады. Қарапайым сәлемдесудің өзі 
баланың бойында үлкенге деген құрмет қасиетін оята-
ды.
Адамзаттың  ардақтысы 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  бала-
лармен амандасып қана қоймайтын, хал-жағдайларын 
да сұрап тұратын. Осылайша олардың көңілін көтеретін. 
Хазірет  Әнәс  былай  дейді:  «Пайғамбарымыз  біздің 
қасымызға  келіп  ініме:  «Уа,  Әба  Умаир,  кішкентай 
құсыңның  жағдайы  қалай?»  деп  сұрап  тұратын.  Бір 
күні  інімнің  мұңайып  тұрғанын  көріп:  «Не  болды, 
неге  мұңайып  тұрсың?»  деп  сұрады.  Інім  құсының 
өліп  қалғанын  айтып  еді,  Пайғамбарымыз  оны  дереу 
жұбатты»
135

Сондай-ақ  балалардың  ауырып  қалғанын  естісе, 
үйіне  барып  жағдайын  біліп  қайтатын.  Бір  күні 
Пайғамбарымызға  қызмет  етіп  жүрген  бір  еврей  бала 
ауырып  қалғанда,  Пайғамбарымыз  қасына  Әнәсті 
(р.а.)  ертіп,  әлгі  баланың  үйіне  барады.  Бала  төсекте 
жатыр  екен.  Аллаһтың  елшісі  оның  жанына  отырып: 
«Мұсылмандықты қабылдай ғой», – дейді. Сонда бала 
әкесіне қарайды. Әкесі: «Әбул-Қасымға (Мұхаммедке) 
бағынғаның  жөн»,  –  дейді.  Бала  мұсылмандықты 
қабылдайды
136

Балаға деген сүйіспеншіліктің бір көрінісі – балаға 
сыйлық  беру.  Пайғамбарымыз  бұл  жайлы  хадисінде 
былай  дейді:  «Балаларыңа  сыйлық  беріңдер,  жақсы 
тәрбие ұсыныңдар»
137
. Хазірет Айшаға айтқан өсиетінде 
135
 Әбу Дәууд, Әдеп, 77.
136
 Әбу Дәууд, Жәнаиз, 6.
137
 Ибн Мажә, Әдеп, 3.


138
Исламдағы бала тәрбиесі
осыны табыстап былай дейді: «Көршілердің балалары 
қасыңа келген кезде, қолына бір нәрсе ұстат. Себебі, 
бұл  достықты  (сүйіспеншілікті)  арттырады»
138
.  Өзі 
қасына  келген  балаларға  міндетті  түрде  сый  беретін. 
Бір уыс құрма болса да беріп, баланы қасынан құр қол 
жібермеуге тырысатын. Осы сүннетті өздеріне әдетке 
айналдырған сахабалар болсын, кейінгі ғасырларда өмір 
сүрген әулие кісілер болсын көбінесе қалталарына тәтті 
салып жүретін. Алдынан шығып амандасқан баланың 
алақанына  қалтасындағы  тәттісін  ұстата  қоятын.  Ақ 
сақалды  аталарымыз  бен  асыл  әжелеріміздің  осы 
сүннетті  ұстанғандықтары  болса  керек,  қазақ  дала-
сында да қариялардың қасына барған қара домалақтар 
тәттіге қарық болып қалушы еді.
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  алғаш  піскен 
жемісті  бірінші  балаларға  тарту  ететін.  Сахаба-
лар  жыл  сайын  бау-бақшасының  алғашқы  жемісін 
Пайғамбарымызға  әкеліп  беретін.  Бұл  әдет  олардың 
Аллаһ  елшісіне  деген  ыстық  ықыластары  мен 
сүйіспеншіліктерінің  көрсеткіші  еді.  Пайғамбарымыз 
әкелінген  жемісті  алдымен  үш  мәрте  оң  көзіне,  со-
сын  үш  мәрте  сол  көзіне  басып,  дұғасын  жасап, 
жамағаттың  ішінде  ең  кішкентайына  ұсынатын. 
Осы  әдеті  арқылы  балаға  деген  сүйіспеншілігін  ғана 
көрсетіп  қоймай,  мұсылмандарға  да  үлгі-өнеге  бо-
лып,  балаларға  сүйіспеншілікпен  қарау  қажеттігін 
ұқтыратын. Үмбетіне балаға сүйіспеншілікпен қарауды 
өсиет  еткен  хадистерінің  бірінде  былай  деген  еді: 
«Балаларына  мейірім  көрсеткенге  Аллаһ  та  мейірім 
138
 Дәйлами, 2/390. Мәталибул-Алия,3/5 (2715. Х.)


139
Тәрбие тармақтары
танытады»
139
,  «Балаларын  арқалап,  омырауын 
емізген, оларға мейірімін көрсеткен әйелдер, сонымен 
қоса күйеулеріне қиыншылық тудырмаса және намаз-
дарын  оқыса  жаннаттық  болады»
140
.  Міне  осындай 
сүйінші  хабарлары  арқылы  үмбетін  баланы  мейірім 
мен сүйіспеншілікке бөлеуге шақыратын.
Адамзаттың ең мейірімдісі Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм)
 балаларды қуантуды, көңілін табуды Аллаһ 
тағаланың  разылығына  жетелейтін  істердің  бірі  деп 
қарайтын.  Жүрген  жерінде  балалардың  жағдайын  ой-
лап  жүретін.  Ал  қызы  Фатиманы  (р.а.)  маңдайынан, 
басынан  иіскеп  сүйетін.  Балаға  деген  сүйіспеншілік 
мәселесінде алғашқы мұсылмандар Пайғамбарымызды 
өзіне үлгі тұтатын еді. Олар ұл балаларымен қатар қыз 
балаларын  да  жақсы  көріп,  ата-аналық  мейіріммен 
өсіруге  тырысатын.  Мысалы,  хазірет  Әбу  Бәкір  қызы 
Айшаны көрген сайын маңдайынан сүйіп амандасатын. 
Осылайша сүйіспеншілік көріп өскен ұрпақ та әрдайым 
айналасына сүйіспеншіліктің жайма-шуақ сәулесін ша-
шады. 
Бірақ  сүйіспеншілік  мәселесінде  де  шектен 
шықпау  қажет.  Баланы  барлық  нәрседен  артық 
қойып, тіпті Аллаһ тағалаға деген сүйіспеншілігімізге 
көлеңке түсірерлік дәрежеде құлай сүю де өз кезегінде 
астамшылдық.  Әуелі  бізді  адам  етіп  жаратқан, 
бойымызға  мейірім  шуағын  сыйлаған  Жаратқан  Иені 
жақсы  көріп,  шүкіршілігімізді  білдіреміз.  Ал  өмірдің 
139
 Әдабул-Мүфрәд,  45-46  (89.  Х.);  Табәрани,  әл-Мұжамус-сағир 
2/30.
140
 Табәрани, әл-Мұжамулс-сағир. 2/47.


140
Исламдағы бала тәрбиесі
сәні  болған  балаларға  «Жаратқанның  аманаты»  деп 
қарай білген жөн. 
Әңгіме!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет