155
Тәрбие тармақтары
сылықтардың адам бойына әдеттену арқылы сіңетінін
білу – тәрбие тұрғысынан өте маңызды. Балаларымызға
әдептілікті үйретсек, бала жаны жақсылыққа құштар
боп өсері анық. Ал әдепті баланың әрдайым арлы бола-
тынын естен шығармаған жөн.
Балалардың қоғаммен араласуы да олардың мінез-
құлқының қалыптасуына, жақсы мен жаманды ажырата
білуіне өз ықпалын тигізеді. Себебі, бала өсиет-насихат
арқылы өмірді толық тани алмауы мүмкін. Бала өмірге
өзі етене араласа отырып, оның қыр-сырын түсінеді.
Сондықтан Пайғамбарымыз балаларды қоғамнан ала-
статпай, қайта керісінше еңбек ету болсын, діни және
діни емес қоғамдық шаралар болсын, міндетті түрде
оларды қатыстыруға көп көңіл бөлген. Сондықтан бес
уақыт намаз бен жұма намазында, айт намаздарында
жамағатта балаларға да орын бөлген. Кейбір балалар-
ды жорықтарда үлкендерге қызмет ету мақсатымен
өздерімен бірге ертіп ала шыққан. Қаладағы той-
жиындарға да балалардың қатысып, тамашалауына,
қонақтармен дастарқанда бірге отырып, үлкендердің
әңгімесін тыңдауына рұқсат берген. Мысалы, сахаба
Абдуллаһ ибн Аббас өзінің балалық шағынан сыр шерт-
кенде, ораза, құрбан айттарында мусаллада (далада на-
маз оқуға таңдалған жазық жер) Пайғамбарымызбен
бірге намаз оқығандарын айтады.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мейрам күндері
балалардың жүздерінің бал-бұл жанып, қуанып
жүргенін қалайтын. Сондықтан бір хадисінде былай
деген:
«...Кімде-кім мейрам күні баласын әдемілеп,
сәнді таза киіндірсе, Аллаһ тағала да қиямет күні оны
сәндейді». Осылайша ата-аналарға, үлкендерге мейрам
156
Исламдағы бала тәрбиесі
күні балалардың үсті-бастарына қарап, әдемі киіндіріп
қоюды насихаттаған. Баланың мейрамды жан-тәнімен
сезінуін, сол күні өмірінің ең қуанышты сәттерінің
біріне айналуын қалаған. Пәк көңілді бала үшін де
өмірдің бір қызығы сол емес пе?! Адамның жан-
дүниесін жақсы түсінген Аллаһ елшісі баланың пси-
хологиясын ескере отырып, осындай ерекше күндерді
де тәрбие тұрғысынан тиімді пайдаланудың жолдарын
ата-аналарға көрсеткен. Ал ешкімі жоқ жетім бала-
ларды мейрам күні өзі киіндіріп, жұбайларына олар-
ды жуындырып, шаштарын тарап беруді әмір еткен.
Осылайша мейрам күндері жетім балалар бір бұрышта,
қоғамнан шеттеп қалмай, сол күні олардың ата-анасы
Пайғамбарымыздың жанұясы болып, олардың да
қуанышқа ортақтасуларына өз үлесін қосатын. Мұндай
күні жетім балалар өздерінің жетімдігін ұмытып, тіпті
Пайғамбарымыздың арнайы ықыласына бөленгені үшін
басқа балалардан қатты қуанатын. Пайғамбарымыз
тойға баратын кезде немерелерін, кейде қасында
қызмет етіп жүрген Әнәсті ерте кететін. Үйге қонақ
келгенде де кей жағдайда баланың дастарқан басын-
да үлкендермен бірге отыруына рұқсат берген. Сахаба
Амр ибн Әби Сәләмә осыған қатысты естелігін бы-
лайша тілге тиек етеді: «Бала кезімде Расулаллаһтың
бөлмесінде отырған едім. Тамақ жеген кезде қолымды
табақтың әр жеріне бір жүгіртетінмін. Сонда Расулаллаһ
маған:
«Балам, тамақты «бисмиллаһпен» баста және
Достарыңызбен бөлісу: