ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ «Технология және дизайн» факультеті
«Химия және биология» кафедрасы
ДӘРІС КОНСПЕКТЕРІ (ТЕЗИСТЕР) Білім беру бағдарламасының коды, атауы: 6В01504 – Химия мұғалімдерін даярлау
Пәннің коды, атауы: IKh 2302 – Интерактивті химия
Оқу түрі: күндізгі, қысқартылған Курс: 2
Cеместр: 4
Дәріс сабақтарының сағат саны: 15
Шымкент, 2022
Дайындаған: оқытушы Спабекова Е.Ж.
Кафедраының мәжілісінде талқыланған.
Хаттама № __ ___ _______202_жыл
Кафедра меңгерушісі _________ Муминова Ш.С.
Орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылысы.
10
4.
Химияны оқыту әдістері.
11
5.
Химия тілін түсінуді жетілдіру жолдары.
12
6.
Оқушылардың білімін және білігін тексеру.
13
7.
Химиядан оқыту жұмысын ұйымдастыру.
13
8.
Химияның сыныптан тыс жұмыстары.
14
9.
Химияның алғашқы ұғымдарын қалыптастыру.
15
10.
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары ұғымдарын қалыптастыру.
16
11.
Д.И.Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйесін және атом құылысын оқып – үйрену әдістемесі.
17
12.
Зат құрылымы, валенттілік және тотығу дәрежесі туралы ұғымдардың қалыптасуы.
17
13.
Органикалық химия курсының оқу-тәрбиелік құрылымы.
18
14.
Органикалық химия курсының оқу-тәрбиелік маңызды міндеттері
18
15.
Органикалық заттарды оқып, үйрену әдістемесі.
19
Пайдаланылған әдебиетер
20
Кіріспе Қазіргі уақытта интернет-коммуникациялардың кең дамуына байланысты қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқытуды ұйымдастыру мәселелері ерекше өзектілікке ие болып отыр. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолданбайтын және электронды оқытудың негіздерін білмейтін, қарым-қатынас барысында ұтқырлықтың болмауына байланысты оның іс-әрекетіне студенттер қызығушылық танытпайтын, өзара әрекеттесу үшін виртуалды білім беру ортасын, басқа білім беру кеңістігін құру мүмкіндіктерінен меңгермеген оқытушы кәсіби қоғамдастықта бәсекеге қабілетсіз болады.
Интерактивті химия пәні бойынша ұсынылған оқу құралы оқу курсы болып табылады және теориялық мәселелерді, сондай-ақ қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру практикасы бойынша ақпаратты қамтиды. Оқу құралының барлық тарауларында шығармашылық ойлау және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруды қамтыған тапсырмалар бар.
Бұл курс қашықтықтан оқыту технологияларына арналған. Оқыту- оқушы мен мұғалімнің, студент пен оқытушының өзара әрекеттесуінен тұрады. Оқыту технологиясы - бұл педагогикалық қарым-қатынас немесе өзара әрекеттесу технологиясы. Осыған байланысты қашықтықтан оқыту, оқытудың кез-келген басқа түрімен тең дәрежеде педагогикалық идеялар мен инновациялардың пәні болып табылады.
Қолданылатын басқа технологияларға қарағанда қашықтықтан оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Ең алдымен, бұл оқу үрдісіндегі мұғалімнің (оқытушының) рөліне байланысты. Егер бұрынғы дәстүрлі білім беру жүйесінде оқытушы білімнің тасымалдаушысы ретінде танылса, қазіргі ақпараттандыру жағдайында бұл рөл әр түрлі ақпарат көздерден өз бетінше білім алатын студентке тиесілі. Осы жағдайларда оқытушы үйлестіруші ретінде, яғни студентке білімді меңгеру және оларды тәжірибеде қолдана алуы бойынша қызмет етеді. Оқытушының өз қызметін жүзеге асыру үшін әртүрлі әдістер мен технологияларды дұрыс таңдауы болып табылады. Мұнда басты рөлді белсенді және дамытушылық сипаттағы оқыту әдістеріне бөлу қажет.