Бақылау сұрақтары: Орта мектепте химияны оқытудың мақсаттары.
Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері.
Химияны оқыту барысында оқушылардың оқыл-ойын дамыту.
Студенттердің өз бетінше орындауға арналған тапсырмалары.
Тақырыпқа байланысты глоссарий жазу.
Дәріс № 3 Тақырыбы: Орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылысы.
Тапсырманы орындауға нұсқау. Химия курсының мазмұнын таңдауға және оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар. Химия курсының мазмұны химия ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық тадау арқылы мына негіздерге сай анықталады және оқытылады: ғылымилығы, жүйелілігі, түсініктілігі, саналалағы мен белсенділігі, көрнекілігі, теорияның сарамандылыққа байланыстылығы.
Ғылымилығы. Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен көзқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сәйкес келіп, заттар мен құбылыстар туралы ақиқатты бұрмаламай жеткізуі тиіс. Ол үшін жетекші теориялардың орны дұрыс анықталып, жеткілікті деректі материалдың негізінде енгізілуі керек.
Жүйелілігі. Оқу материалы ғылым логикасына сәйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастырылады. Жаңа материал өтілгенді ескеріп беріледі де, өзі соңындағыларға негіз болады. Жүйелік негізі, әсіресе, химияның негізгі ұғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі. Ол үшін деректі материалдарды заттар және химиялық реакциялар туралы ұғымдар жүйесіне біріктіреді.
Түсініктілігі. Бұл ғылыми негізге кереғар, жүйелікке тура қатысты болады. Оқу материалдарының түсініктіболуы көлеміне және ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді. Оңыйлатудың дәрежесін тым төмендетіп жіберсе, бұрмалаушылыққа әкеліп соғады.
Саналылық және белсенділік негізі – оқыту арысында мұғалім мен оқушы еңбегінің ара салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пәнге қызығуын және білім алудағы белсенділігін арттыру. Ол үшін біімнің қажеттігі мен пайдасына оқушылардың көздерін жеткізіп, өздігінен жұмыс істей білуге үйрету керек.
Көрнекілік принципі – дидактикалық ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздердің бірі, химияны оқытуда маңызы орын алады. Оқушылар білімді заттар мен химиялық әрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс.
Теорияның сарамандыққа байланыстылығы. Бұл – оқушылардың ғылым негіздерінен алған білімін өмірімен, қоғымдық құрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады, политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды.