Дайындаған: оқытушы Спабекова Е. Ж


Химияны оқытудың интерактивті әдісі



бет2/15
Дата06.04.2023
өлшемі58,58 Kb.
#80069
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
интерактивті химия дәріс

Дәріс № 1

Химияны оқытудың интерактивті әдісі


Қазіргі күні Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне ену процесі заманауи жағдайда, Болон декларациясының талаптарына сәйкес жүргізілуде және жоғары білікті мамандарды даярлау мен тәрбиелеуде тың жаңа әдістер мен тиімді жұмыс тәсілдерін пайдалануды талап ететіндігі сөзсіз. Әлеуметтік тұрғыдан белсенді, келешекте базалық құзіреттілігін өзінше шыңдай алатын, кәсіби мамандығын жетік білетін жеке тұлға қалыптастыру үшін заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиялар жетістіктерін пайдаланатын оқу әдістерін қолдану қажеттігі айқын.
Жаратылыстану ғылымдарын оқыту барысында дәрістер, практикалық және зертханалық сабақтарды жүргізу үшін инновациялық белсенді әдіс – интерактивті оқыту әдісін қолдану мынандай мүмкіндіктер береді:

  • терең және тиянақты білім беруге;

  • практикалық және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға;

  • аналитикалық және сараптамалық шеберлік пен дағдыларды қалыптастыруға;

  • креативтілікті дамытуға, яғни мәселе немесе сұрақты шешу үшін шығармашылық көзқараспен жаңа қырынан қарай алуға;

  • білгенін жеткізе білу шеберлігін шыңдауға.

Интерактивті оқыту әдісі деп сабақ барысында топ студенттерін оқу процесіне түгел жұмылдырып, ойлануға, тануға және түсінуге мүмкіндік бере алатын оқу үрдісі өткізілуінің арнайы түрін айтамыз. Сабақ үстінде оқу материалын шәкірттердің біріге, пікір алмаса отырып танып, түсініп меңгеруі барысында әр қайсысы сабақ тақырыбын игеруге өз үлесін қосады, идеялары, біліктілік әдіс-тәсілдері және білгендерімен алмасу жүреді. Аталмыш процесс тілектестік және өзара қолдау атмосферасында жүретіндіктен шәкірттердің коммуникативтік дағдыларын жетілдіретіндігі сөзсіз, атап айтқанда өзгенің пікірін тыңдап ескеруге, әр түрлі көзқарастарды бағалап, електен өткізе білуге, пікір алмасуға қатысып, өз ойын тиянақты түрде жеткізе алуға және бірге отырып ортақ шешім қабылдауға үйрететіндігі анық. Интерактивті жұмыс формаларының тәрбиелеу процесіне қосары да қомақты. Олар шәкірттер арасында эмоционалдық байланысты қалыптастырып, командамен жұмыс істеуге үйретеді, жүйкеге түсер жүктемені азайтып, қорғаныш сезімін арттырады, өзара түсіністікті молайтып, материалды табысты түрде игере алатын сезім тудырады.
«Интерактивті» деген сөз өзара қарым-қатынаста болу қабілетін немесе пікір алмасу (диалог) режимінде болуды білдіреді. Сонымен интерактивті оқыту дегеніміз бәрінен бұрын диалог режимінде, яғни шәкірттермен пікір алмаса отырып оқыту. Әрине, диалог режимі дәстүрлі оқыту әдісін қолдану кезінде де пайдаланылуы мүмкін, бірақ бұндай жағдайда пікір алмасу, яғни диалог «оқытушы – студент» немесе «оқытушы – студенттер тобы (аудитория)» арасында болады. Интерактивті оқыту кезінде диалог, яғни пікір алмасу әр түрлі болуы ықтимал, мысалы, «студент – студент» (жұптағы жұмыс), «студент – студенттер тобы» (топтағы жұмыс), «студент – аудитория» немесе «студенттер тобы – аудитория» (топтардың презентациялық жұмысы), «студент – компьютер» және т.б. түрлері болады [1].
Дәстүрлік оқытумен салыстырғанда интерактивті оқытуда оқытушы мен студент арасындағы байланыс өзгереді, яғни оқытушы белсенділігі студенттер белсенділігіне орын береді, оқытушының міндеті студенттерді ынталандырып диалогқа жағдай жасау болып табылады [2].
Жоғары оқу жүйесінде қазіргі күні қолданылатын кредиттік технология оқытушыдан «ашықтықты» талап етеді, мысалы, дәрістер жайлы сөз болар болса оның материалдары қол жетімді және көрнекі болғаны абзал. Бұл мақсатты іске асыру үшін MS Power Point бағдарламасын пайдалана отырып орындалған дәріс-презентацияларды қолданған дұрыс. Заманауи дәрістер ақпараттық технологиялар құралдары және амалдарын қолданусыз өз мағанасын жоғалтады, бірақ дәрісті техникалық құралдармен молынан жабдықтап асыра пайдалану нәтижелі бола бермейтіндігін де естен шығармаған абзал. Дәрісті сабақ материалдары бойынша дайындалған ақпараттық текстерден тұратын слайдтарды тек презентациялау үрдісіне айналдыруға болмайды. Дәріс материалын презентациялау оқытушы үшін «шпаргалка» ролін атқарса студент үшін көңілін қарастырып отырған сұраққа тұйықтайтын көрнекі құрал болуы керек. Дәрісті презентациялау арқылы өткізу үшін материалдарды беру тәртібі мен құрылымын мұқият ойластырған жөн, себебі презентация материалдарын кредиттік жүйе бойынша оқытудың талаптарына сәйкес тарату материалдары ретінде қолдануға болады [3].
Интерактивті оқыту кезінде танымдық процесін ұйымдастырудың арнайы формасы, атап айтқанда оқытудың ұтымды және ыңғайлы (комфорттық) жағдайы (презентациялау) қолданылып, студенттер оқу процесіне белсенді түрде жұмылдырылып, оқыту өнімділігі артады. Сондықтан дәрісті дайындау кезінде презентацияға көптеген әдебиет көздерін тарту керек, мысалы негізгі оқулыққа қосымша ретінде ғылыми мақалаларды, монографияларды және т.б. дерек көздерін тарту сабақ үстінде материалдарды ұйымдасқан пікір алмастыру мен пікір-таластар түрінде талқылауға мүмкіндік береді. Дәріс немесе сабақ тақырыбының негізгі бөлімдері бойынша студенттерге өзіндік жұмыс ретінде тапсырмалар берген дұрыс.
Зертханалық сабақ студенттердің құқықтық құзіретін, яғни қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып жүргізілуі керек. Себебі химиядан зертханалық жұмыс барысында химиялық тәжірибелерді жүргізу үшін әр түрлі қауіпті химиялық заттар қолданылуы мүмкін, әсіресе кейбір органикалық қосылыстар қопарылыс беруі ықтимал, ал кейбірінің өрт қауіптілігі жоғары болса, кейбірі өте улы немесе уытты болады. Сондықтан, осындай органикалық қосылыстар қолданылатын көрнекілік сапалы реакцияларды арнайы компьютерлік оқыту бағдарламаларын пайдаланып көрсеткен дұрыс. Мысалы, пиридин және туындыларының қасиеттерін өткен кезде. Тәжірибелік сабақ пен ОСӨЖ барысында негізгі оқу материалдарын игеру мен пысықтау жұмыстарына көңіл бөлген абзал. Аталмыш сабақтарды кіші топтармен және жұппен өткізген ыңғайлы, жұмыс формалары әр алуан болуы, мысалы, тақырыпқа байланысты ақпарат іздеуге, интеллектуалдық ойындарға, ситуациялық есептер шығаруға, рефераттар жазып, презентациялар дайындауға және басқа да жұмыстарға бағышталуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет