Бақылау сұрақтары: Білім мен білікті тексерудің оқу-тәрбиелік маңызы.
Оқушылардың білімі мен білігін тексеру әдістері мен түрлері.
Оқушылардың білімі мен білігін жазбаша тексеру.
Дәріс № 7 Тақырыбы: Химиядан оқыту жұмысын ұйымдастыру.
Тапсырманы орындауға нұсқау. Мектептегі оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына сабақ, факультативтік сабақтар, топ серуендер, сыныптан тыс жұмыстар, өндірістік оқу сарамандығы және т.б. жатады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі – сабақ. Химияны оқытудың білім мен тәрбие беру, оқушыларды дамыту міндеттері, ең алдымен, сабақта шешіледі, содан соң басқа формаларында жетілдіріледі және тереңдетіледі.
Сабақ ұғымының негізгі белгілері: оқушылардың тұрақты құрамымен, оқу жоспарына сәйкес жасалған сабақ кестесімен өткізіледі; уақыты кесілімді-45 минут; оқу бағдарламасына сәйкес дидактикалық міндеттерді шешеді. Өткізу әдістері алуан түрлі.
Бір сыныпта оқитын оқушылардың жасы, физиологиялық және психикалық жетілуі шамалас, оқу жоспарында белгіленген мерзімде химияның бағдарланған курсын толық меңгеру мүмкіндіктері бар. Химия курсы жеке сабақтарға жүктеліп оқытылады, олардың жалпы саны-303, VIII сыныпта-105 сабақ, ІХ сыныпта-85 сабақ, Х сыныпта-68, ХІ сыныпта – 68 сағат өткізіледі. Бұлар біртұтас сабақтар жүйесін құрайды, бұл жүйеде әр сабақтың орны, өзіндік атқаратын қызметі бар.
Химияны оқыту әдістемесінің оқулықтары мен оқу құралдарына химия сабақтары типтерге, түрлерге және нұсқаларға жіктеледі. Жіктеудің негізі ретінде оқыту барысының дидактикалық міндеттері, оқыту әдістері, материалдық мазмұны, оқушының таным әрекетінің тәсілдері алынады.
Химиядан сабақ беру әдістемесінде дидактикалық міндеті бойынша химия сабақтарын 5 типке бөледі:
жаңа білім мен білікті игеру (жаңа материалды оқып үйрену);
теориялық білім мен білікті жетілдіру және қолдану;