Дайындаған: оқытушы Спабекова Е. Ж


Студенттердің өз бетінше орындауға арналған тапсырмалары



бет14/15
Дата06.04.2023
өлшемі58,58 Kb.
#80069
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
интерактивті химия дәріс

Студенттердің өз бетінше орындауға арналған тапсырмалары.
Күнтізбек-тақырыптық жоспарға сәйкес сабақтың жоспарын жасау.


Дәріс № 15
Тақырыбы: Органикалық заттарды оқып, үйрену әдістемесі.


Тапсырманы орындауға нұсқау.
Оқушыларды органикалық қосылыстардың электрондық және кеңістіктік құрылысымен таныстыру үшін атом құрылысы және химиялық байланыс туралы тірек білім түсіндіріледі. Орбита, орбиталь, ковалентті байланыстың түзілу механизмі, байланыс энергиясы, байланыс ұзындығы және бағытталуы, байланыстың полюстілігі және полюстенуі туралы түсініктер нақтыланады, жаңа деректермен толықтырылады.
Қаныққан көмірсутектерін өткенде шар стерженді, масштабты, электрон толқындық модельдерді, кестелерді, оқулықта берілген суреттерді пайдаланып, метанның химиялық, электрондық және кеңстіктік құрылыс, электрон бұлттарының пішіні, кеңістікте орналасуы, sp3-гибридтену арқылы тетраэдрдің төбелеріне бағытталып, сутегі атомдарымен байланыс түзуі баяндалады. Түзілген сигма байланыстары бұрыштарының мөлшері, бірдейлігі, беріктігі, аз полюстенетіні айтылады. Метанның гомологтарын қарастырғанда модельдер жасалатын зертханалық жұмыс өткізіліп, ирек тізбек түзілетініне оқушылардың назары аударылады.
Қанықпаған көмірсутектерінен этиленнің және ацетиленнің химиялық, электрондық және кеңістік құрылысы толық қарастырылады. Жану өнімдерінің сандық көрсеткіштері немесе құрамына кіретін элементтерінің массалық үлесі бойынша этиленнің химиялық формуласы табылады, ондағы көміртегі атомының валенттілігі жөнінде жорамал жасалады. Жорамалды талқылау барысында көміртегі атомдарының арасында қос байланыс бары анықталып, құрылым және электрондық формулалары жазылады.
Аромат көмірсутегі – бензолдың химиялық және электрондық құрылысы туралы тарихи материалды келтіре отырып, мәселелік әдіспен талқыланады. Ең алдымен бензолдың тарихи қалыптасқан құрылым формуласы мен электрондық құрылысының арасындағы үйлеспеушілік ашылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет