Дайындаған: оқытушы Спабекова Е. Ж



бет6/15
Дата06.04.2023
өлшемі58,58 Kb.
#80069
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
интерактивті химия дәріс

Бақылау сұрақтары:

  1. Химия курсының мазмұнын таңдауға және оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар.

  2. Орта мектептегі химия курсының мазмұнының сұрыптау негіздері.

  3. Химиядан алған орта білім мызмұнының келешегі туралы нұсқама құжаттар және болашақ мұғалімдерге қойылатын талаптар.

Студенттердің өз бетінше орындауға арналған тапсырмалары.
Оқу үрдісін ұйымдастыруға қажетті құжаттарды анықтау.


Дәріс №4
Тақырыбы: Химияны оқыту әдістері.


Тапсырманы орындауға нұсқау.
Оқыту әрекетінің бір бөлігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды. Олар жалпы әдістер тобы және жеке әдістер болып жіктеледі. Жалпы әдіс одан әрі оқушының таным әрекетінің сипаты бойынша түсіндірме – иллюстративті, іздестіру (эвристикалық) және зерттеу әдістеріне тармақталады. Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына, басқаша айтқанда оқыту құралдарына қарай сөз әдістерінің тобы, сөз – көрнекі сарамандық әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерге жіктеледі.
1. Түсіндірме – сурет бойынша түсіндіру – жалпы әдістің сөз әдістері тобына мына жеке әдістер жатады: а) баяндау (дәріс, әңгіме); ә) әңгімелесу; б) текспен өздігінен жұмыс.
Түсіндірме – сурет бойынша түсіндіру әдісі – мұғалімнің екі негізгі іс-әрекетін жаңа білімді баяндап түсіндіруін көрсетеді. Мұғалімнің оқу материалын баяндауының үш түрі белгілі: монологтық, диалогтық және көрсетілімді пайымдау тәсілі. Бұл әдіс негізінен үш топқа бөлінеді.
2. Сөз – көрнекі әдістер тобына жататын жеке әдістер: а) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып баяндау; ә) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып әңгімелесу; б) текст және көрнекі құралдармен һөздігінен жұмыс.
3. Сөз – көрнекі – сарамандық әдістер тобына:
а) оқушылардың үлестіріп берілген материалдармен жұмысы;
ә) химиялық тәжірибелер орындау;
б) құралдар құрастыру, модельдер жасау;
в) жазбаша және графикалық жұмыстар орындау жатады.
Іздестіру (эвристикалық) жалпы әдісінің мынандай әдістері бар.
Жаңа технология мынадай негізгі үш бағыттан тұрады:

  • жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескеру;

  • оның адамзат және өркениет мәдениетіне деген қызығушылықтарын ескеру;

  • оны тәрбие процесінің басты объектісі ретінде алып қарау.

Осындай жаңа технология бағыттарын қолдану, оқып үйрену, меңгеру және өмірге енгізу сабақты дамыту кезеңдері арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, жаңа технологияны меңгеру негізінде студенттің кәсіби және рухани – адамгершілік қабілеті, өз бетімен білім алудағы белсенділігі артады. Осыған сәйкес, қазіргі уақытта оқыту үрдісін ұйымдастыру және білімді бағалау мен бақылаудың жаңа түрлері қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет