Дайындаған: оқытушы Спабекова Е. Ж



бет10/15
Дата06.04.2023
өлшемі58,58 Kb.
#80069
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
интерактивті химия дәріс

Дәріс № 9
Тақырыбы: Химияның алғашқы ұғымдарын қалыптастыру.


Тапсырманы орындауға нұсқау.
Оқушылар «заттардың өзгерістері», «құбылыс», «физикалық және химиялық құбылыс», «айналу» терминдерімен белгіленетін жалпы ұғымдардың ара қатынасын анықтаусыз енгізілетін ұғым - өзгеріс арқылы құбылыс туралы түсінік беріледі. Заттардың кез – келген өзгерістері құбылыс деп аталады, ол екі түрлі: физикалық құбылыстар және химиялық құбылыстар.
Химияның алғашқы сабақтарында физикалық және химиялық құбылыстардың эмпирикалық ұғымдары қаыптасады. Ол үшін бірнеше көрнекі көрсетілетін және зертханалық тәжірибелер жасалады. Әсіресе, бір затпен жасалатын әр түрлі тәжірибелер көрнекі нәтиже береді. Мысалы, шақпақ қантты кәрден келіге салып түйгенде ұнтақталып пішінін жояды, суда еріткенде сұйық күйге айналып, түсі жойылады, бірақ дәмі сақталады. Бұл екеуі – физикалық құбылыстар. Қыздырғанда қант көмірленеді және су буы бөлінеді. Көмір мен су – жаңа заттар, бұл өзгеріс химиялық құбылыстарға жатады.
Бұл тақырыпта химиялық реакциялардың басталуы және жүру жағдайлары, сыртқы белгілері, механизмі, заттардың реакция кезіндегі масса қатынастары, химияық теңдеу, реакцияның типтері туралы алғашқы ұғымдар жүйесі қалыптасады.
Тақырыптың соңында химиялық реакциялардың типтері өтіледі. Жіктеудің негізіне бастапқы және реакциядан шыққан заттардың саны мен құрамы алынады. Химиялық құбылыстар кезінде оқушылар реакцияға кіріскен бастапқы заттардың және реакциядан шыққан өнімдердің қасиеттерін тікелей бақылайды. Бастапқы заттар жаңа заттарға қалай айналады? Мұны түсіну үшін заттың бірден байқалмайтын ішкі құрылысына үңіледі. Заттың осы кезге дейін қалыптасқан эмпирикалық ұғымдары теориялық ұғымдар дәрежесіне дейін көтеріледі. Заттың құрылысын түсіндіретін ең қарапайым көзқарас – атом-молекулалық іліммен таныстырылады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Химияның алғашқы ұғымдарымен таныстарудың міндеттері мен маңызы.

  2. Химия пәнінің алғашқы сабағы.

  3. Заттардың өзгерістері мен құрылыс туралы алғашқы ұғымның қалыптасуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет