Дайындаған: оқытушы Спабекова Е. Ж


Тақырыбы: Д.И.Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйесін және атом құылысын оқып – үйрену әдістемесі. Тапсырманы орындауға нұсқау



бет12/15
Дата06.04.2023
өлшемі58,58 Kb.
#80069
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
интерактивті химия дәріс

Тақырыбы: Д.И.Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйесін және атом құылысын оқып – үйрену әдістемесі.


Тапсырманы орындауға нұсқау.
Периодтық заң, атом құрылысы оқу материалын игеру барысында оқушылар өте көп салыстырулар жасап, қисынды ойлау барысын ұштай түседі.
Периодтық заң және периодтық жүйе тақырыбының орта мектеп курсындағы орны үздіксіз өзгеріске ұшырады. Ең алғашқы үлгісі бағдарламаларда ол химия курсының соңына орналастырылды. Одан кейінгі кешендік бағдарламаға кірмей қалды. Химиялық тұрақты бағдарламалардағы оның орны жөнінде екі түрлі пікір үстем болды.
Біріншісі бойынша периодтық заңдылықты түсіну үшін оқушылардың деректі материалдардан біршама әзірлігі болуы тиіс. Осы көзқарасқа сәйкес периодтық заң 9 – сыныпта галогендер, оттекке ұқсас элементтер және сілтілік металдар өтілгеннен кейін оқылды.
Екінші пікірді қолдаушылар периодтық заң мен жүйені ертерек өтіп, химиялық элементтерді солардың негізінде оқып, үйрену тиімді деп есептеді. Осы пікірге сәйкес бұл тақырып 8 – сыныпта оқылуы тиіс.


Бақылау сұрақтары:

  1. Периодтық заң және атом құрылысы – мектеп химия курсының негізі.

  2. Тақырыпты оқып, үйренудің әдістемелік тәсілдері.

  3. Периодтық заңды оқытуды қорытындылау. Атом құрылысын оқыту.



Дәріс № 12
Тақырыбы: Зат құрылымы, валенттілік және тотығу дәрежесі туралы ұғымдардың қалыптасуы.


Тапсырманы орындауға нұсқау.
Валенттілік ұғымы химия ғылымының дамуында маңызды роль атқарады, ал атом – молекулалық ілім салтанат құруының маңызды буыны болды, эквивалент және еселік қатынас заңдарын түсінуге жәрдемін тигізеді. Химиялық тектестіктің мәнін ашуға мүмкіндік берді. Химиялық құрылыс теориясы жасалуының алғы шарттарының бірі болды. Периодтық идеясының қалыптасуына септігін тигізді.
Химия ғылымы тарихында валенттілік ұғымы дамуының төрт кезеңі атап өтіледі: 1) ұғымның шығу және қалыптасу кезеңі (1850); 2) құрылымдық теория кезеңі (1861-1895); 3) координациялық теория және үлес валенттілік кезеңі; 4) электрондық теория кезеңі. Бұл кезеңдер химияны оқыту барысында белгілі дәрежеде қайталанады.
Валенттілік ұғымы оқушыларға химиялық тілді саналы меңгеруге, химиялық реакциялардың нәтижесінде шығатын күрделі заттардың құрамын болжай білуге көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет