«Абай жолының» алғашқы аудармасы – әйгілі орыс жазушысы Леонид Соболевтің
аудармасы .Орыс тіліне жасалған аудармаға автордың өзі тікелей қатысып, шығарма
аудармашыларының әрқайсысымен жеке-жеке барынша ыждаһатты және мұхият
жұмыс жүргізді.
Орыс тілінде аударылған «Абай жолы»
эпопеясы іле-шала барлық
туысқан республикалардың тілдеріне аударылды да,
соңынан
неміс, ағылшын, француз, венгер, моңғол, чех, вьетнам, грек,
бельгия, румын, болгар, поляк
тағы басқа көптеген көптеген дүние
жүзі халықтарының тілдерінде басылып шықты.
«Абай жолы» эпопеясынан «Татьянаның сахарадағы әні» атты тарауы 1946
жылы Мырзакалон Исмайили аудармасында
өзбек оқырмандарына
жеткен болса, 50—60-жылдары «Абай жолы» монументалды эпопеяның төрт
томы, өзбек қызы Зұмыраттың аудармасында өзбек оқырмандарын тапты.
Романның қазақ тілінен тікелей басқа тілдерге аударылғаны
саусақпен санарлық қана. Соның бірі – оның түркі тіліне
аударылуы. Түпнұсқадан тәржімалаған ұлты қазақ Түркия
ғалымы
Зейнеш Исмайл мен Ахмет Гүнгөр
.
Қазақшадан түрікшеге аударылған «Абай жолы» романының
сюжеттік желісі мен композициялық құрылымы түгелдей өз
бітімін сақтаған.