Қолданылған әдебиеттер:
1.«Бала мен балабақша» журналы
2.«Отбасы және балабақша»журналы
3.«Бала тәрбиесі» журналы
4.«Мектеп жасына дейінгі педагогика» кітабы
5.«Мектеп алды даярлық» журналы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУ
100
Аширбаева Р.А., Абдыкаримова Э.А.
«Алтын сақа» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы
Баланың сөздік қорын дамытуда тапсырмаларды түсіндіріп пайдаланудың
маңызы зор. Көптеген ата-аналар, егер бала оқи және санай білсе, мектепке дайын деп
ойлайды.Сыдырта оқи алу, санай білу оқуда оң нәтиже берері сөзсіз, бірақ болашақ бірінші
сынып оқушысында оқу іс-әрекеттерінің алғы шарттары және табысты оқуға қажетті; баланың
мектепте оқуының табыстылығы оның психологиялық жетіліуіне байланысты барлық
құрамдастар қалыптасуы қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы
және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.
Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек,
ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың
балалығына бағытталуы шарт.
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби
шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның
шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға
және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ,
отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға
берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте
маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім
берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби
шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының
бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар
өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін
дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:
1. Зердесін дамыту
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту
5. Танымдық үрдісін дамыту
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту 7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі
жетілдіруге ынтасын дамыту.А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму
үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар
заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану
тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен
заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады.
Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте
байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн
сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден
күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше
сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды.
Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі
сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы
дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.
В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы
балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi,
101
мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы
кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк
сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай
алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады. Атақты психолог Л.С. Выготский
баланың қиялы біртіндеп өмір тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады деген
қорытындыға келеді.
Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы
қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету,
көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру
керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады:
Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға
мүмкіндік береді.
Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да заттық
байланыстың рөлі бар.
Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы
формасы – ой – пікірден оның іске асуына байланысты.
Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды
қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан ажыратылмайтындай. Ойын үстінде
қалыптасқан қиял мектепке дейінгі бала іс-әрекеттерінің түрлеріне де ауысады. Бала сурет
салғанда, ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады.
Сондай-ақ мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастықтар бар.
Егер сәбилік шақта өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын
бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде
мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделілене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке
сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай, көргені мен естігенін жадында
сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере
білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы
орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей
тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні
лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.
Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне
жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие
болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын
болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында
адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға
үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді
көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі
шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға
қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен
егжей-тегжейлерін бөліп алады.
Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі
орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші,аз, көп)
анықтай алады.
Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала
көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат
ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне
қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз
нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын
және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда
ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі
себеп болып табылады.
102
К.Д. Ушинский «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды
қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл
жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз
зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны
жаттықтырып отыру керек», - деп көрсетеді. Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға
мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің маңызы да зор.
В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске түсіру қабілеттілігінің
пәрменді дамуымен сипатталады. Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені
еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген
әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге тән. Мектеп жасына
дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір
нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен
еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге
асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған
не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.
Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға
қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау,
ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай
ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы
суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін
жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау
баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып
табылады. Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың
біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып бала есте сақтау мен еске түсіру
міндетінің өзін бөле бастайды. Мұнда еске түсіру міндеті бұрын бөлінеді, өйткені бала
алдымен дәл еске түсіруді, елестетуді қажет ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені
қабылдап, жасағанын көрсететін іс-әрекетті білуі керек. Есте сақтау міндеті еске түсіру
тәжірибесінің нәтижесінде пайда болады.
Мысалы, үлкен адам балаға тапсырма бергенде оған осы арада дәл оны қайталап беруді
талап етеді. Үлкен адам баладан бір нәрсе сұрағанда, оның еске түсіруіне бағыт береді: «Сосын
не болады?», «Жылқыға ұқсас сен тағы қандай жануарларды көрдің?» Тағы сол сияқты. Бала
біртіндеп қайталай білуге, түсіне білуге, материалды есте сақтау мақсатында байланыстыра
білуге, еске түсіргенде байланыстарды пайдалана білуге үйренеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру
есінің ерекше түрі байқалады. өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің
бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына
қайтадан көріп тұрғандай болады. Эйдетикалық ес – жас шағының құбылысы. Мектепке
дейінгі жаста осындай есі бар бала, кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте өзінің бұл
қабілеттілігін жоғалтады.
Мектепке дейінгі жас – естің қарқынды даму жасы. Ес – бала үшін маңызды оқиғалар
мен мәліметтерді жаданда қалдырады және сақтайды.
Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы
және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі
– танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс
қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой
жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның
сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-
қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине,
ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста
көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері
еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған
103
заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің
мазмұнымен байланысты болады.
Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль атқарады.
Оқушылардың есін тәрбиелеуде де мұғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін ескере
отырып, жұмыс жүргізеді. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқу тәсілін өз бетімен таңдап
ала алмайтындықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде, материалды қалай оқу керектігін
балаларға ұдайы ескертуі керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу,
тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе
қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескерген жөн.
Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің
арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен пайдалануды талап ететін күрделі де сан
алуан міндеттерді баланың шешуіне тура келеді. Ойында, сурет салуда, құрастыруда,
жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай
ғана пайдаланып қана қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін
өзгертеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін қызықтырған мәселелерді түсіну үшін
өзіндік эксперименттер жасауға кіріседі, құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға салып,
қорытындылар жасайды. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында кейбір механикалық
физикалық және басқа байланыстар мен қатынастарды түсінуді, осы байланыстар мен
қатынастар туралы білімді жаңа жағдайларда қолдана білуді талап етеді. Осы жастағы
балалардың жылдың соңына дейін абстрактылы логикалық ойлауы жақсы дами түседі. Бірақ
тәжірибе түрінде, бала затты көрмей тұрса, берген сұраққа толық жауап бере алмайды. Бала
ойлаудың барлық операцияларын жақсы қабылдауға тиіс. Таным әрекетінің бірі - қабылдау.
Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан
басталады. Тілді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды,
сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға
тиіс. Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен
және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе,
алғашқы үш жылы психологияда «қауіпті» кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін
аударуда. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде
жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен
ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамуымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға
психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi
болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Выготский Л.С. Проблема возраста./ Собрание сочинений. – М.,1984.
2. Грэйс Крайг. Психология развития. - СПб., 2000.
3.Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. - М., 1996.
4.Обухова Л.Ф. Детская психология: Теория, факты, проблемы. – М., 1995.
АТА – АНА ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАБУ - БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ
Аширбекова Ф.С.
«Бәйтерек» балабақшасы КМҚК
Қазақстан Республикасының Конституциясында «балаларына қамқорлық жасау және
оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті анық
104
көрсетілген. «Қазақстан жолы-2050» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта
қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң мектепке дейінгі
білім беру тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті
жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі
бекемделе түсті [1,2].
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен
тәрбиелеу стандартында мектеп жасына дейінгі балаларды білім беруді оқу жоспарының
«Коммуникация», «Таным», «Әлеуметтік орта», «Денсаулық», «Шығармашылық» білім беру
салаларына кіріктірілген [3].
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына және «Мектепке дейінгі білім беру
мекемелері қызметінің типтік ережелеріне» сәйкес балалар бақшасының алдында тұрған
негізгі міндеттердің бірі - «тәрбиеленушілер ата – аналарымен өзара бірлесіп жұмыс жүргізу»
болып табылады. Отбасы – баланың тұлғалық қасиеттерінің негізі қаланатын алғашқы
әлеуметтік бірлік. Ол отбасында қарым – қатынастың бастапқы тәжірибесін алады. Бұл жерде
балада қоршаған ортасына, жақын адамдарға деген сенімділік сезімі ұялап, осы негізде
әуесқойлық, білуге құмарлық, танымдық белсенділік және көптеген басқа да тұлғалық
қасиеттері пайда болады. Отбасы балдырған үшін бәрінен бұрын біршама түсінікті өзінің
эмоциялық, сырлас қарым – қатынастарымен байланысты. Мұнда ол түбегейлі әлеуметтік өмір
сүруге, басқа адамдармен ортақ қарым – қатынас жасауға, қайғы мен қуанышты бөлісуге,
аяушылық білдіруге, жақындармен бірлік – ынтымақтастықты сезіне білуге үйренеді.
Ғалымдар баланың толыққанды әлеуметтік – тұлғалық дамуының негізі – оның өзін
жақсы сезінуі, яғни өзіне, өз мүмкіндігіне, соның ішінде, ол жақсы, ол сүйікті екендігіне
сенімділігі болып табылатынын анықтап берді.
Аталмыш мәселені шешудің алғашқы маңызды қадамы – баланың мектепке дейінгі білім
беру мекемесіне келу сәтінен бастап, олардың ата – аналарымен жұмыс жүргізу болып
табылады.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің отбасымен бірлескен дене шынықтыру,
сауықтыру жұмыстарының кестесі мына түрде ұсынылады:
* салауатты өмір салты саласындағы білімі мен икемділігін айқындау, балалардың
қозғалыс белсенділігі мен тамақтануын ұйымдастыру, отбасының күн тәртібі уақытын
орындауы мақсатымен ата – аналардан сауалнама алу;
* дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстарын жүргізуге арналған шарттарды таңдау
мақсатымен үйде балаларды қадағалау және отбасында, мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінде әр баланың денсаулығын жақсартудың жолдары мен тәсілдерін есепке ала
отырып анықтау;
* балалар емханасы мамандарымен бірлесе отырып, балалардың денсаулық жағдайын,
өткен кездегі сырқатының талдамасын зерттеу;
*
баланың
денсаулық
жағдайын
және
оның
психомоторлық
даму
диагностикасы нәтижелерімен ата – аналарды таныстыру;
* мектепкедейінгі білім беру мекемелерінде және отбасында балалардың денсаулығын
нығайту, сырқаттануды азайту үшін дәрігерлік - әлеуметтік жағдайлар жасау;
* ата – аналар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жалпы гигиеналық
талаптарды, шынығу, ауа және температуралық режимді орындау қажеттілігі жөнінде
мақсатты жұмыстар жүргізу;
* ата – аналарға сауықтырудың нақты әдіс – тәсілдерін оқыту.
Ата – аналардың психологиялық – педагогтік мәдениетін арттыру жөніндегі мектепке
дейінгі білім беру мекемелері жұмыстарының екі негізгі бағытына тоқталайық.
Бірінші бағыт, ол ата – аналарды оқытумен, оларға осы немесе басқа мәселелер бойынша
қажетті ақпарат берумен байланысты. Оларды шешу үшін жұмыстың әртүрлі формалары;
дәріс оқу, жеке және топтық кеңес беру, ақпарат – парақ, жаднама – парақ, ата – аналар
кітапханасы, бейнетека, аудиотека және т.б. пайдаланылуы мүмкін.
105
Ата – аналармен жұмыстың екінші бағыты, ол тиімді қарым – қатынасты ұйымдастыруға
келіп саяды, яғни, бұл дегеніміз – ой – пікірмен, идеяларымен, сезімдерімен алмасулар болып
табылады.
Педагогтік ұжымның негізгі міндеті – ортақ іс негізінде мезгілдік – іскерлік, тұлғалық –
бағдарлық қарым – қатынастар (сурет, ермектеме, спектакльдегі рөл, кітап, ойын, мерекеге,
серуенге дайындық, ортақ жобаны әзірлеу және т.б.) үшін жағдай туғызу болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу – тәрбие жұмысы ең алдымен, ата-
аналармен жұмысты сауатты және дүрыс ұйымдастырудан басталады. Балалар
мекемесіндегі тәрбие жоспарында басты көңіл ата-анамен жүргізілетін түрі мен тәрбиелік
маңызына бөлінуі тиіс. Балалар – біздің болашағмыз, үмітіміз.
Атап
айтар
болсақ, біздің «Бәйтерек» балабақшамызда дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге түрлі
семинарлар, ашық есік күндері, психологиялық тренингтер, топсеруендер, ойын сауық
кештері және басқа да шаралар ұйымдастырып отырамыз.
Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез - құлқыңызды, өмірге
көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба ? » деген сауал туады. Ұлы педагог А.
С. Макаренко : « Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата – ана жоқ. Бірақ қалай,
қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік
жасап тәрбиелейтін ата – ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен
келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген. Отбасы - барлығының
басы, жан - жақты даумуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата - ана мен
баланың қарым - қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы
үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата - аналар бала
бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс . Бала бақыты - білімде. « Білім бір құрал. Білімі көп
адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды », - дейді А. Байтұрсынов.
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата -
аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде
отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата -
аналармен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана
отырып, ата - ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата - ананың
балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
Мысалы бізде мындай тренинг өткіздік. Енді ата - аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні
жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты
табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі
ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді. Ал
енді ата - аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз
керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар,
сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп,
топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ
ұрылып отырады). Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық
сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар
берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті,
ұқыптылықты қалайтындар. Енді ата - аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды,
«діңгек тобы»- діңгекті,»жапырақ тобы»- жапырақты саламыз. (Музыкалық сүйемел, қалам -
қағаздар)
Тәрбиешілерге деген талап - тілектеріңізді «тамыр тобы»- тамырға, «діңгек тобы» - діңгекке,
«жапырақ тобы» - жапыраққа жазыңыздар.
Осы ағаштың тамыры – ата - ана, діңгегі - тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз. Егер
тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді.
Енді мына себеттен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін
іліп, балаларыңыздың қызығын көрейік.(музыкалық сүйемелдеу, тілек жазу)
Ойын: «Қай жұп күшті?» Қазір әркім өзіне серік таңдайды, шарды алып, көңілді
музыкаға билеп, шарды жарады. Шардың ішінен жақсы тілектер алып шығып, қалған
106
ойыншыларға дауыстап оқып беру. Әр жұп кезектесіп белгіленген уақыттан белгіленген жерге
дейін шарды бір - бірін құшақтап шарды жарады.
Ойын: «Кім екенін тап». Әрбір адам өзінің аты - жөнін көрсетпей, өз - өзіне
психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамсыз қасиеттерін жазуы керек. Бұл мінездеме
жазылған беттерді жетекші жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып, дауыстап оқиды.
Топ мүшелері мінездеменің иесін табу керек. «Тілек гүлі» (қорытындылау) Мақсаты: тренинг
туралы пікірлерін ортаға салу.
Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. Жас ұрпақты қоғамымыздың
саналы азаматы етіп тәрбиелеу- тәрбиеші және отбасының негізгі міндеті. «Адамға ең бірінші
білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның
өміріне қауып әкеледі» деп философ Әбу Насыр әл Фараби айтқандай, балаларға жан- жақты
тәрбие беруді жетілдіріп отыру –басты парызымыз. Өйткені бала ата-ананың ғана емес, ұлыс
пен үлттың ертеңі, келер тарихқа аманат. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасатты,
өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы- туған үясы, өз отының басындағы ата-ана
тәрбиесі.
Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата - ананыңда, тәрбиеші - ұстаздың да
атқаратын ролі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса сол ізбен алға қарай өседі. Тәрбие
кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар. Ата – ана баласына өз отбасын қадір
тұтудан бастап, туған - туыс, Отан, Қазақстан деген ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп
қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру. Ата - ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ.
Сондықтан ата - ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. баланың тәрбие алуына
қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір ата – ана педагогикалық әдіс - тәсілдерге
сүйенгені дұрыс.
Қазақтың «Баланың бас ұстазы ата- ана», «Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі»
деген қанатты сөздер бар, отбасында әдемі таным, түсінік қалай қалыптасса, өскенде сол
қасиет бойынан табылады. «Болса тәртіп бала өседі сомдалып, қатал ұста бос жүресін
сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастасымен- ақ баланы шектен
тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Адамзаттың бәрі
де анадан туып, соның бауырында өсіп ер жетеді. Сүтпен кірген сүйекпен кетеді дейді
халқымыз. Ендеше, жаны таза, денсаулығы мықты, ақылды, сұлу бала тәрбиелеуді басты
назарда ұстайық. Бұтағымен ағаш сымбатты, ұрпағымен адам қымбатты деген аталы сөзден
алыстамайық. Олай болса, қазақ ұлтын аспандататын ұрпақ тәрбиелеу- баршамыздың
еншімізде.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы: Юрист.2007.
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». – Астана, 17
қаңтар 2014.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту стандарты. – Астана, 2010.
4. «Бала тәрбиесі» журналы. №9 2007. Балаңызбен қарым қатынасыңыз дұрыс па? К. Бакеева.
Достарыңызбен бөлісу: |