Используемая литература:
1. Кударинова А.С., Ашимханова Г.С.,Светличная С.Л.Современное образование – Қ.: 2014
с.248
2. Бадамбаева Г.А., Исмагулова Б.Х.,Рахимбекова Р.Ж. Русский язык 3 кл «Атамұра» 2003 с.
52
3. Юрина И.В. Заманауи ғылым – Қ.: 2014 стр 201-203
ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТІЛ ДАМЫТУ
ЖҰМЫСТАРЫ
120
Байдуллаева А.Ж.
«Үштөбе орта мектебі» КММ, Бұқар Жырау ауданы, Қарағанды обл
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында мектеп жасындағы балаларды
отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда не мектепте, дайындық тобында бағдарламаға сай
дайындықтан өткізу міндеттілігі көзделгені атап көрсетілген [1].
Төменгі сынып оқушыларын сөйлеуге үйретудегі басты мақсат – сөздік қорды молайту.
Олардың күнделікті өмірде қолданатын сөздерінің құрамына жаңа сөздердің мағынасын
түсіндіре отырып, сөздердің мағынасын түсіндіре отырып, олардың сөздік қорын молайту
көзделеді. Қоршаған ортаны танып - білудегі заттар мен құбылыстар, адамдар өмірі мен
тіршілігі, табиғат құбылыстарының ерекшелігі мен өзгерістеріндегі жаңа сөздерді меңгертіп
отыру басты міндет болып табылады. Сөздік қорды дамытуда ескерілетін мәселелер:
Балалардың белсенді сөздік қорындағы сөздердің мағынасын қаншалықты түсінетінін
айқындау.
Мағынасы жақын, бірақ айтылуы басқа ( синоним), мағынасы қарама –қарсы (антоним)
сөздерді үйрету.
Сөздік қорды жаңа сөздермен толықтырып отыру.
Етістіктер мен сын есімдерді дұрыс,орынды қолдана білуді меңгерту.
Зат есімнің жекеше, көпше түрін, тәуелдік, жіктік жалғауларымен тіркесіп келетінін
практикалық жолмен түсіндіру.
Мағыналары ұқсас сөздерді айтқызып жаттықтыру кезінде балалар материалды тез
меңгереді. Мысалы: батыр, ержүрек (синоним). Балалардың сөздердің мағынасын түсініп
айтуына назар аударып, оларға жетекші сұрақтар қою керек.
Мұғалім жетекші сұрақтар қоя отырып, берілген сөздерге қарсы мағыналы сөздерді
өздері табуына көмектеседі .
Мысалы: ақ- қара, биік – аласа, жақсы – жаман (антоним), биік ағаш - аласа ағаш, жақсы
сөз - жаман сөз.
Мұғалім тіл дамыту сабағында балаларға өздігінен сөздік қорды дамытуды сөздік
диалектикалық – жаттығулар арқылы жүзеге асырады. Мектеп жасындағы балалардың сөздік
қорын байытуда жас ерекшелігіне және бағдарламалық материалдарға сәйкес өтілетін жаңа
тақырып бойынша әр сабақта меңгерілетін жаңа сөздің мағынасы түсіндіріліп отырады. Сөздік
жұмыс міндетті түрде жүргізіліп отырады.
Тіл дамыту сабағының келесі міндеті балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Мұғалім байланыстырып сөйлеуге үйретуді жетілдіру мақсатында жеке сөздердің тура және
ауыспалы мағынасына, сөздің көп мағыналылығына назар аударта отырып түсіндіреді[2].
Мысалы: «жүз» сөзінің екі мағынасы барын түсіндіру керек. Бірінші мағынасы суда жүзу
деген мағынаны білдірсе, екінші мағынасы санын білдіреді. Ұқсас және біртекті заттарды
топтап атайтын жалпы есімдерді (кітап, жіп, мата) және заттардың жеке атауы мен
адамдардың есімдерін білдіретін жалқы есімдер (Арман, Сайран,Айман, Алтын, Құрамыс
және т.б.) туралы алғашқы мағлұматты бүлдіршін балабақшада алады. Байланыстырып
сөйлеуге үйретуде антоним, синонимдер, теңеу, салыстыру мағынасын беретін бейнелі көркем
сөздер де меңгертіледі.
Сын есімдердің тұсына қарсы мағыналы сын есімдерді жазыңдар деп тапсырма
берілген. Оқушылар берілген сын есімдердің тұсына қарама қарсы сын есімдерді толықтырып
жазып шығады.
Алыс - жақын жоғары - төмен
Көрікті - көріксіз көңілді- жабыңқы
Алыс - жақын таза - кір
Күшті - әлсіз соғыс - бейбітшілік
Сонымен қатар, тіл дамыту сабағында байланыстырып сөйлеуге үйретуде көркем
шығармалардың мәнін түсініп айтуы, қарым – қатынас жасай білуі, өз ойын жүйелі жеткізуіне
121
баса назар аудару мұғалімнің міндеті[3]. Байланыстырып сөйлеуге үйретуде сөздік
тапсырмалар орындату, белігілі тақырып бойынша және өз қиялынан әңгіме, ертегі
ойластырып, сурет бойынша әңгіме құрастыру баланың ойын шыңдап, сөздік қорын
байытатыны сөзсіз. Мысалға «Сұрақтар бойынша түлкіні сипаттап бер» деген тапсырма
беруге болады. Сұрақтар төмендегідей:
Қоян қандай аң?
Оның түсі қандай?
Қоянның құйрығы қандай болады?
Қоян қандай жерді мекендейді?
Ол немен қоректенеді? Осы сұрақтарға жауап ала отырып, балалардың ойлау
қабілеттерін және сөздік қорларын дамытуға болады.
Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде ойын – жаттығулар мен дидактикалық материалдар,
ойындардың маңызы зор. Тіл дамыту сабағының негізгі бағыттары кез – келген сәтте бір –
бірімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Олай болса, баланың тілін дамытуда алдымен
сөйлеу процессін дұрыс жолға қою қажеттігі туындайды. Жаттығулар жасау барысында
оқушылар сөйлемдегі сөздер бір - бірімен тығыз байланыста болатындығын аңғарады.
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қойып анықтап, олардың байланысын сызбамен
көрсетеді
Сонда ғана тіл дамыту әдістемесін жүзеге асыруға болады. Тіл дамыту сабағына
қойылатын талаптар:
1.
Қоршаған ортада көргендерін әңгімелеп, өмірмен байланыстыру.
2.
Оқылған ертегі, әңгімелерді түсінігі бойынша өз сөзімен айта білу.
3.
Белсенді сөздік қорына енген сөздерді қажетіне қарай іс- әрекетте пайдалана білу.
4.
Жаңадан меңгерген сөздерді сөздерді сөздік қорларына енгізу.
5.
Тіл дамытуда ыммен сөйлесу, ымдап сөйлегенді түсіну.
6.
Антоним, синоним сөздерін бір - бірінен ажыратып, қажетіне қарай күнделікті
тұрмыста пайдалану.
Сабақ үрдісінде төменгі сынып оқушыларының тілін дамытып, өз ойларын еркін
жеткізуге дағдыландыру мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Ол үшін балалрды
сөйлетуге жағдай жасау керектігін ескеру қажет. Мысалы, суретпен жұмыс жасау өз
нәтижесін береді, себебі балалар сурет сала отырып , ойланады яғни ойлау қабілеттері дамиды
және сол суреттерге қарап отырып, сөйлемдер құрастыра отырып, өз ойларын
жеткізеді.Оқушылардың тілін дамытуда жасалатын жұмыстың бір түрі ол өлең шығару болып
табылады. Сынып оқушылары өз ойларынан өлең шығаруға тырысады, шығара алмай
отырған оқушыларға көмектесіп жіберуге болады. Құрастырған өлеңдерін балалардың
алдында дауыстап оқып береді. Тағы бір тіл дамыту жұмыстарының бірі ол ойдан ертегі
құрастыру. Балалар ойдан ертегі құрастырғанды жақсы көреді.
Сонымен қатар ертегі құрастыру, ойдан өлеңдер шығару сияқты жұмыстар баланың тілін
ғана дамытып қоймайды, сонымен қатар олардың ойын да дамытады.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы – Алматы: 2007,42 бет.
2.
Әмірова Ә.С., Анартаева К.А. Тіл дамытуға әдістемелік құрал «Арман» баспасы 2009 .6-8
бет
3.
Уәйісова Г.И.,Әміров Р.С., Жұмабаева Ә.Е. Қазақ тілі. 2 сынып -Алматы: «Атамұра» 2002,
80 б.
ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚШЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТІГІ
122
Байзакова.А.М.
КМҚК №134 «Гауһар» бөбекжайының тәрбиешісі, Қарағанды қаласы
Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын
бір шарт - жас күнде көрген өнеге.
Жүсіпбек Аймауытов
Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл- қыздардың дені сау,
рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі- ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат
алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің
күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата - ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра
алмайды, отбасы - өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ
жалғастыруда теңдесі жоқ орын.Адам баласы – өмір бойы педагогикалық, психологиялық
көмекке зәру болмақ, әсіресе оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында ауадай қажеттілік
деп айтсақ та болады. Баланы тәрбиелеу алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі
қарай жалғасын табады. Сондықтанда баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы
мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста, яғни ынтымақтаста болуы маңызды.
Ата-аналармен бірлесе отырып,баланың тұлғасын дамытудағы мақсатым.
1.Ата-аналармен бірлесе отырып,баланың тұлғасын дамытуға бірыңғай білім беру
кеңістігін қалыптастыру.
2.Отбасымен бірігіп балардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай
жасау
3. Баланың тұлғалық әрекетінің дамуы үшін отбасымен бірге эмоционалды жағдай
туғызу, психологиялық жағынан кедергісіз жетілуін қамтамасыз ету.
4.Отбасының тәрбиесін, әдептерін, дәстүрлерді сақтауын ескере отырып, балаларды
әлеуметтік ортаға қарым-қатынас мәдениетімен таныстыруға ықпал жасау.
Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының
ең бастысы - өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады.
Адамзат қоғамы даму тарихында қалыптасқан тәрбие мен оқыту, теориясы және
практикасын дамыту саласындағы маңызы мен тәрбиелік мүмкіндіктері жайлы
Я.А.Коменский, К.Д. Ушинский, В.Г.Белинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, Н.Н.Хан,
В.А.Сухомлинский,Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев,А.П.Сейтешов
М.Ә.Құдайқұлов, А.А.Бейсенбаева, Қ.К.Жампейісова, Г.Т.Хайруллин, В.В.Трифоновтар
маңызды педагогикалық ой пікірлер қалдырды.
Сондай-ақ халықтың қалыптасқан тәрбие тәжірибесін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану
туралы Г.Н.Волков, Я.И.Ханбиков, М.Сейфуллаева, А.Ш.Гашимов, Т.Г.Тимошина,
С.Қ.Қалиев, М.Х.Балтабаев, Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, С.А.Ұзақбаева, К.К.Қожахметова,
Ж.Ж.Наурызбай, Қ.Қ.Шалғынбаевалар өз еңбектерінде тұжырымдады.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру
– қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік
құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім
берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын
орталық» делінген.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша
ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір
бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып,
балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.
123
«Жаста білген,басқа сіңген тәлімің,өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас», - деп классик
жазушы айтқандай балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын, ұлттық сезім
нышандары, сөз өнері оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын
кеңейтеді.Оны туған жерге, елге, халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу –
аса жауапты міндеттердің бірі.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске
асырушылар – балабақша мен отбасы.
Осы екі арнада жүргізілген тәлім тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана
мақсатымыз нәтижелі болмақ.
Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі – айналаны тану, сезіну,қабылдау,
түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі,
табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге,
құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы –
мектепке дайындау.Педагог ғалымдардың тұжырымдарына сүйенсек тұлғаның қалыптасу
нәтижелілігі ең алдымен отбасындағы өнегеге байланысты екенін білеміз.Отбасылық
тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің
жаңа қарым – қатынасын талап етеді.Бұл қарым-қатынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық»
және «өзара қарым-қатынас» деген түсініктермен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында:
ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процеске
тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету
қажеттілігін ұсынады.
Мектеп жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара қарым-қатынас барлық нысандары
мен түрлерінің негізгі мақсаты балалар, ата-аналар, педагогтар арасында сенімділік қатынасты
орнату, оларды бір командаға біріктіру, өздерінің проблемаларымен бөлісу және бірлесіп
шешу қажеттілігіне тәрбиелеу.Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата-аналардың
өзара сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс бағытында іске асыруға болады:
- педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру;- іс-әрекеттің түрлі формалары
(ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу, әртүрлі үйірмелер, клубтар) және қосымша
қызмет көрсету;- балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау;-
қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
- әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету;
І.Педагогикалық - психологиялық сауаттылыққа жетілдіру.Ата-аналарды педагогикалық
үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерінің түсінуіне, бала тәрбиесін
ойдағыдай іске асыруына ықпал етеміз. Ата-ана баланың мүмкіндігін ескеру, сонымен қатар
кідіріс те болдырмау керектігін түсінеді. Ата-аналардың педагогикалық мүмкіндіктерін
анықтайтын жағдайлардың кешені өз деңгейінде болу қажет. Олар отбасының тұрмыстық
жағдайы, құрылысы және отбасы мүшелерінің саны, психологиялық жағдайы, мәдени білім
деңгейі, ата-ана өнегесі.Ата-аналарға педагогикалық сауаттылықтарын жетілдіру
мақсатында«Білгім келеді» сабағын өткіздім.
«Бала тілі - бал» тақырыбында арнайы топ газетін шығарып балалардың қызықты сәттері
мен өз қиялдарынан шыққан тәтті сөздерін жазып іліп қойдық.«Жылжымалы папка» ата-
анамен байланыс дәптеріне ата-аналар өз пікірлерін жазып, кеңестермен танысты.«Балам өсіп
келеді...» тақырыбында ата-аналарға эссе байқауын өткізіп пікірсайыста талқыладықІІ. Іс-
әрекеттің түрлі формалары
Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатыстырудың маңызды нәтижесі
ата-аналар өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай
араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз
баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін
басқаша ұстауын еріксіз салыстырады. Бәрін мен дұрыс істеймін бе, неге менде тәрбиелеудің
өзге нәтижесі қалыптасқан, неге үйрену керек деген рефлекстік қызмет «іске қосылады».
124
Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді.
Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселерді, отбасы тәрбиесіне байланысты
тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс –тілектерімен
санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап
кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық
әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.Ата-аналардың балабақшадағы
балалардың өмірін мейілінше қызықты етіп өткізуіне үлес қосу үшін біздің балабақшада
«Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс жасайды. Балаларды қол өнердің кейбір түрлеріне, кесте
тігуге үйретсе, кейбір ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу,
атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға атсалысады.Мерекелер, балаларды қорғау күні
қарсаңында «Сүйікті ойыншықтарым», «Ғажайып балалар әлемі» атты акциялар өткізіп ата-
аналарымыз өз қалаулары бойынша демеушілік жасап балаларға сыйлықтар тарту етті.
ІІІ. Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дұрыс бағытта дамыту үшін
олардың жас ерекшеліктері мен нақты дара ерекшеліктерін ескере отырып қалыптастыру
қажет.
Балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы болмысты нақты әрекетімен
таныстыра отырып, оны көркемдеп баяндап баланың сөздік қорын молайтып,тілін
байытамыз.Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінен тыс уақыттарда шұғылдана алады. Барлық білім
салалары бойынша іске асыруға болады.
Балалардың логикалық ойлау қабілеті, интелектуалдық дарындылығы, есте сақтау
қабілеттері түрлі логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың шығармашылық қабілеті
дамып, ақыл-ой белсенділігі арта түседі. Шығармаларды, ертегілерді, әңгімелерді еске түсіріп
сөйлеу шығармашылығын дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастыруға болады. Ата-
аналармен жүргізілген жиналыстарда балалардың жұмыстарынан көрме жасап қоямыз. Ата-
аналармен біріге отырып қуыршақ театрлары мен ертегілерді бірігіп сахналаймыз. «Тыңда
балам, ертегі» айдарымен ұсынылатын әжелердің ертегілерін тыңдаймыз.
Ата-аналармен, балалардың шығармашылықтарын шыңдай түсу мақсатында
«Жарасымды отбасы» сайысын өткіздім. Онда отбасылар өз өнерлерін көрсету, қол өнер
шеберліктерін, тест тапсырмаларын орындау сияқты сайыс кезеңдерінен өтіп өз бағаларын
алды.
IV. Қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.Ата-аналармен
мейілінше кең тараған жұмыстардың бірі ол ашық есік күні. Мектеп жасына дейінгі
мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу - оқыту жұмыстарының
ерекшеліктерімен таныстыруға, олармен қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді.
Ата-аналармен топтарға саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету (ұжымдық
жұмыстар, серуендеуге жинау т.с.с.) немесе әдіске ата-аналармен әңгімелеседі, олардың алған
әсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап береді. Әңгімелерді жеке дара, ұжымдық
түрінде өткіземіз. Бұл екі жағдай да, нақты міндет: нені анықтау қажеттігі, немен көмектесуге
болатыны белгіленеді, ата-аналардың пікірлерін де тыңдаймыз.
Ата-аналар конференциясы. Конференцияның негізгі мақсаты – отбасылық тәрбиелеудің
тәжірибесімен бөлісу. Ата-аналар алдын-ала мәлімдеме дайындайды, немесе оларды бірлесіп
те дайындаймыз.Конференцияның өзекті тақырыбы мысалы, «Бала денсаулығына
қамқорлық» атты конференцияға аудандық аурухананың балалар дәрігері О.Жұмашевтың
қатысуымен балабақша ішілік конференция өткіздік. Бұған барлық ата-аналар, тәрбиешілер,
балабақша қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ мұндай конференцияларға балалар әдебиетінің
жазушыларын, заңгерді қатысуымен өткізіп, ата-аналармен пікірлер бөлісіп, өз қызметтерінің
бала тәрбиесіне тигізер пайдасы туралы тәжірибелерімен бөлісе алады.
Конференцияны мектеп жасына дейінгі мекеме балаларының, қызметкерлерінің, отбасы
мүшелерінің бірлескен концертімен аяқтауға болады.V. Әлеуметтік дамытушы орта
қалыптастыруға көмек көрсету.Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даралығын дамытуға
отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің дәстүрлі емес өзара іс-әрекеті бірлігінің
125
педагогикалық принципі негізінде жүзеге асыруда байқауға болады.Тәрбиешілердің,
қоғамдық ұйымдардың және отбасының ұрпақты тәрбиелеуде бірлесіп қоян-қолтық жұмыс
істеуін талап етеді.Егер де тәрбиелеу күштері қалыптаспаса және бір-біріне қарама-қайшы
келсе, онда бала психикалық жүктемелерге тап болады.
Дамытушы ортаға
• Демалыс аймағы;
• Интеллектуальдық - танымдық аймақ;
• Өз бетінше бейнелеу әрекетін жасау аймағы;
• Ойын аймағы.
1.Балалардың
педагогикалық-психологиялық
даму
картасы
Балалардың
негізгі
құзыреттіліктерінің
қалыптасуындағы
жетістіктерін
бағалау
индикаторлары
Тәрбие мен білім берудегі дамытушы ортаның деңгейін анықтаушы индикатор жасаймын
2.Отбасындағы баланың дамуын зерттеу (отбасына барусауалнама,тест,интерпритация -
суреттері, т.б) жазып қоямын
3.Тренинг жұмыстарын ұйымдастыру
«Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі»
4.Топтық,жеке кеңес беру
Кеңестер. Әдетте кеңестер жүйесі құрастырылады, олар жеке дара немесе ата-аналар
топтарымен жүргізіледі. Топтық кеңестерге бірдей проблемалы немесе тәрбиелеуде бірдей
табыстары бар әр түрлі топтың ата-аналарын шақырамыз.Ата-аналардың белгілі білімдерді,
әдістерді меңгеруі, проблемалық мәселелерді шешуге көмек көрсету кеңестердің басты
мақсаты болып табылады.Кейбір жас ата-аналарға семинар - практикумдардың маңызы зор.
Бұл нышан оқытудың әдістері мнн тәсілдері туралы айтуға, кітапты қалай оқу керектігін
көрсетуге, иллюстрациялы суреттерді көруге, оқығаны туралы әңгімелеуге, жазуға қолын
жаттықтыруға мүмкіндік береді.Топтық жиналыстарды талқылауға 2-3 мәселені ұсынады бір
сұрақты тәрбиеші дайындайды, басқа мәселелер бойынша ата-аналар немесе мамандардың
біреуі дайындайды. «Балалардың кітапқа деген қызығушылығын қалай ояту керек?»,
«Теледидар балаларды тәрбиелеуде дос па әлде жау ма?» өткізуге болады. Ата-анамен
балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда
оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.
Кейбір ата - ана балаларын асырауды, киіндіруді күтуді «тәрбие» деп түсінеді. Бұл
керек нәрсе дегенмен тәрбиенің бір жағы ғана. Ата – ана тіпті тәрбиеші де «Тәрбие» ешқандай
рольді атқармайды, бала жаратылысынан ата –анасына ұран бұтағына тартып туады деп
есептейді. Бала жаратылысына мінез – құлқына осылай қарап, баланың ұнамсыз
қылықтарының үдей түсуіне себепкер болып, жатамыз.
Осындай жағдайларды біз педагогикалық іс-тәжірибемізде (тәрбиешілер мен ата-
аналар әр бір баланың іс-әрекеті үйде қандай, бақшада қандай) салыстырып талдау жасап
отырамыз.
Бала жанының дұрыс қалыптасуы дұрыс жүргізілген тәрбие жұмыстарына
байланысты.Ата – ана отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы ізеттілігі, еңбексүйгіштігі -
отбасындағы адамгершілік тәрбиесінің негізі. Баланың іс -типатты, әдепті кішіпейілді, көпшіл
болуы ең әуелі ата- анасының үлгісіне өнегесіне байланысты.
Баланы жан – жақты тәрбиелеуде отбасы мен балабақшаның, тәрбиеші мен ата –
ананың байланысын нығайту арқылы біз қоғам талабына сай ұрпақ қалыптастыра аламыз.
Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты
сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |