Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



Pdf көрінісі
бет60/102
Дата30.12.2016
өлшемі29,2 Mb.
#821
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   102

Используемая литература: 

1

 

Государственная  программа  развития  образования  Республике  Казахстан  на  2011-2020// 



Казахстанская правда. – 2010.14.12 

2

 



Выготский Л.С. Вопросы детской психологии. – М., 1997. 

3

 



Рубинштейн С.Л. Развитие связной речи//Хрестоматия по теории и методике развития речи 

детей  дошкольного  возраста/  Сост.М.М.Алексеева,  В.И.Яшина.-М.:Издательский  центр 

«Академия», 1999. 

4

 



Кольцова М. М. Ребенок учится говорить. М.: «Просвещение», 1973. 

5

 



Концепция образования РК  до 2015//Учитель Казахстана. – 2004. 15.01 (1-2) 

 

 



 

АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ  ТҮРЛЕРІ 

 

 

Медетова Н. Т., Шаймаганбетова З.М. 

№ 36 ЖББОМ шағын орталығы 


443 

 

 



 

Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. 

Бұл  мәселенің  шешімін  табуда  үздіксіз  білім  беру  жүйесі  айтарлықтай  дәрежеде  қайта 

қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар – 

Қазақстан  білім  беру  жүйесінің  бүкіләлемдік  білім  беру  кеңестігіне  толық  енудің  алғашқы 

даму  стратегиясын  жасау  болып  табылады.  Айтылған  талаптардың  жүзеге  асырылуы 

бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда 

баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген 

бала  тәрбиелеуден  бастағанның  маңызы  зор.  Балабақша  —  бүлдіршіндерді  болашақта  ата 

дәстүрін  сақтайтын  инабатты  да,  ибалы  үлкен-кішіні  сыйлай  білуге  үйрететін  тәрбие 

орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің 

қасиетті борышы. 

Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата – анасы. Ал, ең 

әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Жас баланың дамуында ата-ананың орыны ерекше, 

сондықтан  ата-ана  өз  отбасында  қолайсыз  жағдайларды  баланың  көзінше  тудырмауға 

тырысуы қажет. Отбасындағы ұрыс-керіс баланың жүйкесін тоздырады. Кейбір ата-аналар өз 

перзентін  шектен  тыс  еркелетіп,  баланың  бетінен  қақпай,  көңіліне  қарап  тәрбиелейді.  Ал 

мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп 

болады.  Ата-аналар  балаға  отбасылық  өмірдің  алуан  түрлі,  қыры  мен  сырын  дүние 

жұмбақтарын  танытып,  тағылым  талғамға,  әдептілікке  баулуға  тиіс.  Себебі,  ата-ананың 

күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-

қатынасы – балаға үлгі. Баланың алдында барынша сабырлы әрі ұстамды болуға тырысу керек, 

ата-ана өзі  үлгі  бола отырып, баласын сабырлылыққа тәрбиелейді. Әрбір ата-ана өз баласы 

үшін-басты тұлға. Сондықтанда да кез-келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады. Бала 

әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, 

дөрекілікпен жеке басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола 

білсе, тәрбие де табысқа жетеді, өйткені, жақсы сөз жан семіртеді.Сонымен қатар мектепке 

дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі 

басты мақсат қоғамдық өмірге  «түзу кірпіш қалау» екенін ескере отырып, ал осы мақсатты 

жүзеге  асыру  үшін,  алдындағы  қандай  болмасын  қиындықтарын  жеңу,  соған  сәби  кезінен 

төмендегі  мынадай  көзқарастарды  негізгі  ұстаныным  ретінде  қабылдау.  Көзқарастар 

мыналар:Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жай көзбен қарамау керек, өйткені 

ол  да  өсіп  келе  жатқан  тұлға.Баланы  әр  уақытта  шындыққа  үйрету.  Еш  уақытта  алдамай, 

шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу.Баланың өз 

ісін  уақытымен  күнде  қадағалау,  бақылау.Баланың  әр  бір  ісін  қадағалап,  оған  деген 

көзқарастан  нәтиже  шығаруға  көмектесу.Қандай  жағдай  болса  да,  ұрпағын  жауын  мен  жел 

өтінен, жаман әдеттен қорғап, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана  уызбен бірге 

ұлттық дәстүр қайнарына қондырып өсіру әке мен ананың ұлы борышы. Дені сау, рухы таза, 

ана  тілін  толық  меңгерген  ұрпақ  өсіру  қазіргі  кездегі  ең  негізгі  мәселе.  Бала  тәрбиесінде 

отбасы басты орын алады. Баланың ана тілін толық меңгеруі. ұлттық-сана сезімін тәрбиелеу, 

денсаулығын  түзету,  бала  тәрбиелеудің  әдіс-тәсілдерін  білу  жөніндегі  дағдыларын 

қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелерге берілген. Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін 

шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – 

балабақша.  Балабақшада  халық  педагогикасын  бала  бойына  сіңіре  отырып  имандылыққа, 

адамгершілікке  тәрбиелейміз.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  жалпыға  міндетті 

мемлекеттік  стандартының  бес  саласының  әр  бөлімдеріндерінің  ұйымдастырылған  оқу  іс-

әрекеттерінде  салт-дәстүрдің  барлық  түрлерін  баланың  бойына  сіңірудеміз.  Мысалы:  тұсау 

кесу, бесікке салу, тілашар т.б. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілер өз тәжірибелерінде халық 

ауыз  әдебиетінің  ішінен  жиі  мақал-мәтелдер,  жұмбақтар,  жаңылтпаштар,  санамақтар, 

ертегілерді  оқу  іс-әрекеттерінде  пайдаланады.  Бүгінгі  күнде  жас  ұрпақтың  сана  сезіміне  өз 



444 

 

елінің,  жерінің  тарихы  мен  мәдениеті  туралы  алғашқы  ұғымдарды  кішкентай  кезінен 



қалыптастырамыз. 

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын. Сондықтан оның мәні 

ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола 

ма?» — деп айтқандай баланың өмірінде ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі 

баланың  жеке  басының  дамуына  ықпал  ететін  тәрбие  құралы.  Ойын  баланың  барлық 

қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, 

құрбыларымен жақындасуына көмектеседі. Өйткені бала нәресте шағынан бастап адалдыққа, 

батылдыққа,  мейірімділікке,  еңбек  етуге  тәрбиелеудің  құралы  ойын.  Осыған  орай  бүгінгі 

күндері  тәрбиешілер  алдында  балаға  білім.,  білім  дағдыларын  игеріп  қана  қоймай, 

қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімін, ерік-жігерін жан-жақты етіп дамыту міндеттері тұр. 

Болашақ қоғамымыздың тағдыры да бала тәрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамды дамытушы 

да, ілгері апарушы да осы жас жеткіншектер. Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына 

дарытатын  алғашқы  білім  баспалдағы  –  балабақша,  жол  сілтеп,  жетелеп,  үйретуші  — 

тәрбиеші.  Балабақшадағы  тәрбие  –  қазақи  ұлттық  сана,  ұлттық  психология  қалыптасқан 

парасатты,  адамгершілік  қадір  –  қасиеті  мол,  физикалық  және  моральдық  жоғары  белсенді 

жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады. Тәрбиелеу мен білім берудің 

әрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады. Тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері 

баланың  осы  іс-әрекет  түрлерін  қалыптастыру  және  оны  белгілі  бір  мақсатқа  бағыттап 

отыруды  көздейді.  Ойнау,  еңбек  ету,  және  білім  алу  барысында  ақыл-ой,  адамгшершілік, 

физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде 

білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық 

өмірдің  әдет  дағыларын  игеруге  бейімделеді.Іс-әрекеттің  тап  осы  түрлерін  ғана  дамыту 

арқылы  тәрбиелеу  білім  беру  міндеттерін  шешуге,  бала  дамуын  дұрыс  жолмен  бағыттап 

отыруға мүмкіндік туады. Жақсы ойнап, еңбек ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы ересек 

адамдар мен балалар қоғамында өмір сүруге қажетті қасиеттерді толық игерген тәрбиелі бала 

деп  аталуы  мүмкін.  Жоғарыда  аталып  өткен  іс-әрекеттің  әрқайсысы  бала  дамуына  өзіндік, 

өзіне  тән  үлесін  қосады.  Мысалы,  тәрбиенің  ең  маңызды  міндеті  саналатын  ақыл-ой 

тәрбиесінің өзі бала ойының: еңбегін және балалардың оқуын үнемі бағыттап отыру арқылы 

жүзеге асатыны бізге балаларды тәрбиелеу тәжірибесінен таныс. Адамгершілікке тәрбиелеу 

міндеттері  жөнінде де осыны айтуға болады. Бала өзін-өзі көрсете білсе, ендеше ойын, оқу 

еңбекте  адамгершілікке  тәрбиеленеді  деген  сөз.  Өйткені,  мұнда  олардың  өзара  ересек 

адамдармен  қарым-қатынасы  қалыптасады.  Іс-әрекеттің  әрбір  түрінде  осылайша  өзара 

ұштасып жататын педагогикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда 

балалардың тіршілік әрекеттерін, тәрбиелік мақсатқа сай ұйымдастыра аламыз. Ойын, еңбек, 

оқу  арқылы  біз  балаларға  белгілі  бір  тұрғыдан  ықпал  жасай  аламыз.  Бірақ  біз  іс-әрекеттер 

ойын,  еңбек,  оқыту  өзара  ұштасқан  жағдайда  ғана  баланың  жеке  басын  дамытуда  толық 

нәтижеге  жете  аламыз.  Балабақшаның  негізгі  міндеті  –  баланың  жеке  басының  бастапқы 

қалыптасуын  қамтамасыз  ету.  Бұл  жас  баланың  ақыл-ойының  дамуы  мен  даярлығы  үшін 

қолайлы кезең. Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік 

қатынастың қарапайым тәжірибесінде өзін-өзі таныта білуге, мінез-құлық мәдениетіне, жеке 

гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады. 

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматық пен имандылыққа баулу – тәрбиенің 

басты  міндеттерінің  бірі.  Сонымен  қатар  ата-аналар  мен  мектепке  дейінгі  ұйымдар  ұлттық 

тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш – жігер алдымен бүлдіршіндерді отандыққа 

тәрбиелеуге бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі, ата-анасы, ағайын 

туыстары, туған жері, кең – байтақ гүлжазира даласы, тау – тасы, өзен – көлі, сылдырап аққан 

мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге 

тиіспіз. 

Жас  ұрпақты  кішкентайынан  салт-дәстүрлер  рухында  баулу,  құлағына  сіңіру  әдет-

дағдысына айналдыру – парызды іс. Қазақ сөз өнерін қатты құрметтеген халық: «Жақсы сөз – 

жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртер. Сонымен қатар балаға «сіз», «рақмет», «кешіріңіз», 


445 

 

«өтінемін» деген сияқты сыпайылықты білдіретін сөздерді үлкендерге айтып жүруге үйрету, 



оған дағдыландыру ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті. 

Халқымыздың дәстүрінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген, жас баланы сәби 

кезінен үлкендермен қол алысып амандасуғы тәрбиелейді. «Көкеңе қолыңды беріп амандас», 

«Ағаңның  қолын  ал»,  «Атаңа  екі  қолыңды  бер»  деп  үйретеді.  Ондай  кезде  үлкендер  яғни 

аталар,  әжелер  «Ой  азамат  болыпты  ғой!»,  «Таудай  бол!»  деп  баланың  қолын  алып,  сәлем 

беруге  ынталандыратын  сөздер  айтып  ынтасын  тудырады.  Баланы  жастайынан  осындай 

инабаттылыққа баулу, ол есейгенде сыпайы, әрі жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болады. 

Болашақ  ұрпақ  тәрбиесін  іске  асырып  отырған  кезкелген  мекеме  үшін  отбасымен 

жұмысты  тиісті  дәрежеде  ұйымдастырудың  маңызы  өте  зор.  Себебі,  отбасы  баланың  түпкі 

тамыры,  болмысын  қалатын  мекен.  Отбасымен  жұмыс  мүмкін  педагогтардың  жүргізетін 

жұмыстарының ең қызықты бір бағыты шығар. Бір жағынан, бұл жұмыс аса бір шеберлікті, 

құпиялықты,  мәдениетті,  білімді,  тәжірибені  қажет  ететін  жұмыстардың  бірі.  Өйткені, 

отбасымен  жұмыс  жүргізген  кезде  түрлі  адамдармен,  түрлі  түсініктермен,  түрлі  мінез-

құлықтармен,  түрлі  қиыншылықтармен  қарама-қарсы  кездесесің.  Осының  барлығынан 

педагогтық абыройыңа кір келтірмей шығу үлкен өнерді қажет етеді. Сол себептен білім беру 

мекемесінде  отбасымен  жүргізілетін  жұмыстарды  әдістемелік  жағынан  орынды 

ұйымдастырудың  маңызы  өте  зор.  Отбасымен  жүргізілетін  жұмысты  әдістемелік  дұрыс 

ұйымдастыру  дегеніміз  не?  Бұл  -  мекеме  ішінде  отбасымен  жүргізілетін  жұмыстарды 

педагогикалық қағидаларға сәйкес, баланы жан-жақты дамытуға қорғауға бағдарланған түрде 

ұйымдастыру.  Отбасымен  жүргізілетін  жұмыстарды  әдістемелік  негізделген,  бала  құқығын 

сақтауға және жағынан белгілі бір ретпен, жүйелі түрде ұйымдастыру жүргізілген жұмыстың 

нәтижесіне әсер етеді.  

Балабақшамен таныстыру жұмысы – жылына 1 рет оқу жылының басында жүргізіледі. 

Бұл  жұмыстың  негізгі  мақсаты  ата-аналарды  балалардың  білім  алу  және  тәрбиелену 

ортасымен таныстыру болып табылады. Яғни, отбасын балалар өмір сүріп отырған ортаның 

материалдық-техникалық  базасымен  және  осы  ортаның  оқу-әдістемелік  қамтамасыздану 

дәрежесімен, педагогикалық ұжыммен, мамандармен таныстыру және осы арқылы олардың 

оң көзқарастарын қалыптастыру, достық қарым-қатынас құру. 

Ата-аналарға арналған ашық сабақтар – отбасына баланың белсенділігін, даму деңгейін 

ғана  көрсетіп  қоймайды,  сонымен  қатар  топ  ішінде  сабақтардың  ұйымдастырылу 

ерекшеліктерімен  де  таныстырады.  Сондай-ақ  балабақшада  балалар  тек  ойын  әрекетімен 

айналысады деген жансақ ойлардан сақтайды. 

Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер – оқу жылында 1 рет болуы мүмкін. Бұл 

кеңесті  әсіресе  оқу  жылының  басында  өткізген  ыңғайлы.  Көбіне  бұл  бала  тәрбиесінде 

кездесетін өзекті мәселелерге арналады. 

Педагогикалық әңгімелер – отбасына баланы таңертең әкелгенде және кешке әкеткенде 

тәрбиешінің  ата-анамен  әңгімелесуінен  бастау  алады,  тәрбиеші  оларға  бала  тәрбиесіне 

қатысты бағдар көрсетеді, өз ойын айтып, ата-ана ойын тыңдайды. Бұл әңгімені жалпылай да 

өткізуге болады. 

Тақырыптық кеңестер – белгілі бір тақырыпқа байланысты болуы мүмкін. Бұл кеңестерді 

тәрбиеші,  дәрігер,  шектеулі  мамандар  бере  алады.  Тақырыптар  жиі  кездесетін  сұрақтар 

төңірегінде таңдалады. 

Жиналыстар  –  оқу  жылында  бірнеше  рет  ұйымдастырылады.  Баланың  жетістіктері 

жайында ата-аналарға ақпараттар беріліп, топтың түрлі мәселелері шешіледі. 

Дөңгелек  үстелдер  –  еркін  түрде  ұйымдастырылып,  еркін  ашық  әңгімелесуге 

бағытталған.  Бұл  ата-аналардың  ашылып  әңгімелесулеріне  мүмкіндік  береді.  Тақырыптар 

тәрбиешінің қалауымен немесе ата-аналардың сұранысымен таңдалуы мүмкін. 

Конференция  –  түрлі  жағдаяттарды  моделдеу  арқылы  ата-аналарға  балабақшаның 

тыныс-тіршілігін таныстыруға мүмкіндік туады. 

Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету – бұл 

ата-аналарға  бала  дамуындағы  ерекшеліктер  туралы  кәсіби  кеңестер  беру.  Арнайы 


446 

 

педагогикалық  немесе  медециналық  мамандықтары  жоқ  ата-аналар  кей  кездері 



қиыншылықтармен, түсініспеушіліктермен кездесіп қалуы әбден мүмкін. Осыған байланысты 

мұндай кеңестердің маңызы өте зор. 

Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындаудың мақсаты  – оларды 

ата-аналармен  және  отбасы  мүшелерімен  мәдени  қарым-қатынас  жасауға  үйрету.  Аталған 

бағыт бойынша мекемеде төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі: 

Топ ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру бойынша әдістемелік 

көмек көрсету және осы жұмыстарды қадағалау

Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың барлығын салауатты рәсімдеуді қамтамасыз ету; 

Отбасы  мүшелірімен  қарым-қатынас  жасау  мәдениеті  бойынша  психолог  тарапынан 

кеңестер беру және осы жұмыстың орындалуын қадағалау; 

Педагогтардың ата-аналар мен мекеме арасында жасалатын келісім-шарттың мазмұнын 

нақты білулерін қамтамасыз ету

Ата-аналармен болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алу жұмыстары; 

Бала құқығын қорғау конвенциясының мазмұнын меңгерулерін қамтамасыз ету; 

Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың мониторингін жүргізу. 

Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын игерудің мақсаты – отбасымен 

қарым-қатынасты  жақсартуға  мүмкіндік  беретін  тиімді  әдіс-тәсілдерді  ендіру,  тәжірибеде 

қолдану. 

Білім кеңістігінде пайда болған отбасымен қарым-қатынастың жаңа формаларын игеру, 

озық тәжірибелерді ендіру; 

Ата-аналардың  белсенділіктерін  арттыруға  мүмкіндік  беретін  дәстүрден  тыс  қарым-

қатынас  түрлерін  тәжірибеде  қолдану  (сайыстар,  рингтер,  дөңгелек  үстелдер,  диспуттар, 

пікірталастар т.с.с.); 

Отбасымен  жүргізілетін  жұмыстар  бойынша  өзінің  жаңа  авторлық  жобасын  ұсынған 

педагогтарға қолдау көрсету. 

Жоғарыда  аталған  жұмыстардың  барлығы  бүгінгі  күні  біздің  мекемемізде  кеңінен 

қолдануда. Әрине, бүгінгі таңда бұл жұмыстар өз нәтижелерін беруде. Дегенмен, отбасымен 

жүргізілетін жұмыстар үздіксіз өзгерістерді қажет  етеді.  Себебі, бүгінгі  күннің ата-аналары 

жаңа заманның, озық технологиялардың адамдары. Осыдан бірнеше жыл бұрыңғы ата-аналар 

үшін балаларының уақытылы тамақтанылуы, қаралуы ғана маңызды болса, бүгінгі ата-аналар 

үшін  аталған  шарттармен  қатар  баланың  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбиемен  қамтамасыз 

етілуі  де  аса  маңызды.  Сондықтан  ата-аналар  қауымын  мекеме  жұмысымен  таныстырудың 

бірден бір жолы оларды мекеме жұмысына, яғни бала тәрбиесіне белсендіре араластыру болып 

табылады. Ал ол үшін ата-аналарды мекемеде жасалып жатқан жұмыстарға қызықтыра білу 

керек. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1.  Мектепке  дейінгі  кіші  жастағы  (жастан  бастап  жасқа  дейінгі)  балаларды  тәрбиелеу  мен 

оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы 

2. Сейтханова А., Масалимова Э. Балабақша мен отбасы ынтымақтығының бала тәрбиесіндегі 

маңызы // Бала мен балабаша. Ребенок в детском саду 2014-№11-С. 6-7 

3. Турабаева Д. Ата-ана бала арасындаы арым атынас. Бала мен балабаша. Ребенок в детском 

саду// 2014-№11-С. 7-8 

4. Балабақшадағы ата атаналарға арналған консультациялық пунктің жұмысын ұйымдастыру 

жолдары //Бала мен балабаша. Ребенок в детском саду 2014-№5-С. 3-4 

 

 



 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ  

ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ 

447 

 

Мейрманова Д.Б ,Оразалина   А.Р 



№42 « Тілек» балабақшасы 

 

 



Қазақстан  Республикасының  2050  жылға  дейінгі  стратегиялық  даму  бағдарламасында 

білім беруді инновацияландыруға сай қоғамымыздағы болып жатқан  өзгерістер мен еліміздің 

білім  беру  саласының  әлемдік  білім  кеңістігіне  өтуі  білім  беру  саласында,  соның  ішінде 

мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытуға  уақыт  талабына  сай  өзгерістер  енгізуді  талап  етіп 

отыр.  

Қазақстан  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке халықаралық тәжірибе негізінде 



мектепке  дейінгі  білім  беруге  инновациялық  және    креативті    білім  беру  әдістерін  енгізуді 

тапсырған болатын. 

Қазіргі кезеңдегі білім ғылым  саласында инновациялық педагогикалық технологиялар 

қаншалықты    маңызды  болса,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуде  де 

педагогикалық  технологиялар  ұғымы  кеңінен  қолданылатын  ұғымдардың  біріне  айналды.  

Бүгінде  мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас 

бөлігіне айналып отыр. Мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты 

– баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып табылады..  

Жаңа заман баласы - ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, 

дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Ол үшін 

мектепке    дейінгі  білім  беру  мекемелерінде  балалардың  жеке  басының  қалыптасуы  мен 

дамуында  педагогтар  педагогикалық  технологияларды  сауатты  да  орынды  қолдана  білуі 

керек.  Яғни,  педагогикалық  технологияны  қолдану  негізінде  келешек  ұрпақтың  еркін 

дамуына,  жан-жақты  білім  алуына,  белсенді,  шығармашыл  болуына  жағдай  жасау  -  қазіргі  

таңда  әрбір педагогтың міндеті. 

Қоғамның  қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі  білім беру жүйесінде 

оқыту,  тәрбие  беру  үрдісін  технологияландыру  -  басты  мәселелердің  бірі.  Осыған  орай 

мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары 

лайықталып енгізілуде. Мұндайда педагогикалық технологияға анықтама берген ғалымдарды 

атап  өтсек  те  болады.  Олар:  В.П.Беспалько,  В.М.Монахов,  В.М.Кларин,  П.И.Третьчков, 

И.П.Сенновский,  Г.А.Монахова    т.б.  ғалымдар    өз    еңбектерінде  осы  мәселені  қарастырып 

өткен. 


Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  дамыту  мәселесі  ұлттық  даму  стратегиясымен  де 

тығыз байланысты, мемлекеттік саясаттың ажырамас бір  бөлігі болып табылады. Бала – біздің 

болашағымыз  болғандықтан,  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту  баланың  ғана  емес, 

еліміздің  де  жарқын  болашағының  кепілі.  Қазақстандағы  мектепке  дейінгі  мекемелерде 

балаларды тәрбиелеу мен оқытудың теориялық мәселелерін қарастырған  отандық  ғалымдар 

да  аз  емес.  Олар:  Н.Құлжанова,  В.Н.Андросова,  Л.А.Давиденко,  Е.Б.Дайрабаева, 

Г.И.Исмагулова, 

А.Қаржаубаева, 

Т.Ж.Қалдыбаева, 

А.К.Меңжанова, 

Қ.Қойбағаров, 

К.Сейсенбаев,  Ж.Рысбекова,  Қ.Т.Шериазданова  және  М.Оспанбаева,    Ғ.З.Таубаева  және 

т.б.ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуге болады.  

Қазақстандық  ғалымдар  Л.А.Линчевская,  Ш.Таубаева,  Р.Р.Масырова,  В.Я.Никитин, 

С.Улитко,  А.Амирова,  Л.Е.Румянцева,  Т.П.Кучер,  А.Искакованың  еңбектері  де 

республикамыздағы  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесіне  инновацияның  белсенді  түрде 

ендіріліп отырғанын айқын көрсетеді.  

Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды тиімді қолдану арқылы келешек 

ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай 

жасау бүгінгі таңдағы әрбір педагогтың басты міндеті болып табылады.Білім беру жүйесінде  

ұдайы  қолданылып  жүрген  педагогикалық  технологиялар:ынтымақтастық  педагогикасы, 

білім  беруді  ізгілендіру,  ойын  арқылы  оқыту,  проблемалық  оқыту,  модульдік  оқыту,  тірек 

сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын 


448 

 

тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту,  



деңгейлеп оқыту т.б. 

Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты-мектепке дейінгі 

білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Кез келген 

оқыту  технологиясы  тәрбиешіден  терең  теориялық,  психологиялық,  педагогикалық 

әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны 

ұғына білуді талап етеді. 

Сондықтан  қазіргі  таңдағы  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінде    жиі 

қолданылатын  педагогикалық  технологиялардың  бірнеше  түрлеріне  тоқтала  кетейік.  Атап 

айтқанда,ойын  арқылы  оқыту  технологиясының  мақсаты  дидактикалық,  тәрбиелік, 

дамытушылық,  әлеуметтендірушілік  мақсатқа  жету.  Ойын  технологиясының  ерекшелігі 

ойындық  іс-әрекеттің  психологиялық  механизмі  жеке  бастың  өзіндік  талап-талғамдарына 

сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді 

көздейді.Ойын  -  балалар  үшін  оқу  да,  еңбек  те.  Ойын  айналадағы  дүниені  танудың 

тәсілі.Сонымен  қатар,  ойын  балаларға  өмірде  кездескен  қиыншылықтарды  жеңу  жолын 

үйретіп  қана  қоймайды,  олардың  ұйымдастырушылық  қабілеттерін  де  қалыптастырады. 

Проблемалық  оқыту  технологиясы-баланы  өз  бетімен  ізденуге  үйрету,  танымдық  және 

шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  болып  табылады.  Яғни,  балалардың  белсенділігін 

арттыру, оқу материалына  баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім 

мүшелері    арқылы  ғана  қабылдап  қоймайды,  білімге  деген  қажеттілігін  қанағаттандыру 

мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. 

Өздігінен  даму  технологиясы  -бұл  баланы  жан-жақты  дамыту,  дербестікке  тәрбиелеу, 

бала  санасында  нәрселер  әлемі  мен    ойлау  әрекетінің  бірігуі.  Мұнда  оқыту  бала  дамуына 

сәйкес    табиғи  болуы  керек,  сонда  ғана  бала  өзін  дамыта  алады.  М.Монтессори 

педагогикасының түсіндіруінше баланың туғаннан азамат болғанға дейінгі барлық өмірі- оның 

еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады. Бұл технологияның ерекшелігі оқытудың 

бірыңғай  бағдарламасы  болмайды,  әркім    табиғат  берген  даму  жолымен  жүреді.  

Ынтымақтастық  педагогикасы-педагогтың  талап  ету  педагогикасынан  қарым-қатынас  

педагогикасына    көшуі.  Балаға  ізгілік  тұрғысынан  қарау,  оқыту  мен  тәрбиенің  ажырамас 

бірлігі: тәрбиеші-бала, бала-тәрбиеші, бала-бала, яғни бала да тәрбиеші де субъектілер болып 

табылады. Сонымен қатар, баланың жеке басына ізгілік қарым-қатынас, бала мен тәрбиеші 

арасындағы  өзара  түсінушілік,  ынтымақтастық  қарым-қатынас  жасау.  Бұл  технологияның 

негізгі мақсаты-баланы азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және 

дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату. 

Дамыта оқыту технологиясы-баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойындағы еркіндік, 

мақсаткерлік,  ар-намыс,  мақтаныш  сезім,  дербестік,  адамгершілік,  еңбексүйгіштік, 

белсенділік т.б. қасиеттерді дамыту. 

Сонымен  қатар,  мектепке  дейінгі  мекемелерде  инновациялық  білім  беру  құралдарын 

қолданудың  да  маңызы  зор.  Инновациялық  білім  беру  құралдарына:  аудио,  видеоқұралдар, 

компьютер,  интерактивті  тақта,  мультимедиялық  құрал,  электрондық  оқулықтар  мен  оқу 

әдістемелік  кешендер  және  тағы  басқалары  жатады.  Осындай  құралдардың  бірі-

мультимедиялық  оқулықтарды  балабақшаларда  кеңінен  пайдаланудың  маңызы  зор. 

Мультимедиялық оқулықтар тәрбиешінің уақытты тиімді және ұтымды пайдалуына мүмкіндік 

береді.  Бала  бақша  баласының  мультимедиялық  оқулықтар,  біріншіден,  балалардың 

қызығушылығын  арттырады,  екіншіден,  зейін  қойып  көруімен  қатар  түсінбеген  жерлерін 

қайта  көруге  мүмкіндік  алады.Мультимедиялық  оқулықтар  балабақшадағы  балаларға 

арналған  таптырмас  құрал  болып  табылады.  Өйткені,  балалардың  зейіні  әр  түрлі  әдемі 

түстерге,  ойыншықтарға,  әдемі  суреттерге,  әсемдікке  әуес  болады.  Мультимедиялық 

электронды  оқулықтар  бала  үшін  де,  тәрбиеші  үшін  де  күнде  дамытылып  отыратын  анық 

түрдегі  әдістемелік  жүйе  болып  табылады.  Аталған  педагогикалық  технологиялар  мен 

инновациялық  құралдарды  балабақшадағы    балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескерген,  әр 

сатыға  балалардың  қабылдау  мүмкіндіктерін  ескерген  жағдайда  ғана  пайдалануға  болады. 


449 

 

Мектепке  дейінгі  балалардың  есте  сақтау  қабілеті  әлсіз,  қабылдау  процестері  тұрақсыз 



келеді.Сондықтан  олар  затты  қолмен  ұстап,  көзімен  көргенді  ұнатады.  Осыған  сәйкес, 

мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын да кеңінен 

қолданған жөн.  

Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға 

қойылатын  талаптар  студенттерді  оқытудың  жаңа  түрлерімен  қаруландыра  отырып,  қазіргі 

уақыттағы  кәсіптік  дағдыларын  игеруге  бағытталған  оқытудың  жаңа  жолдарын  енгізуді 

көздейді.  

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет