Используемая литература:
1. Программа воспитания и обучения детей младшего дошкольного возраста (от 3 до 5 лет).
– Москва, 2009. – 147 с.
2. Сорокина А. И. Дидактические игры в детском саду: Пособие для воспитателя дет. сада.—
М.: Просвещение, 1982.—96 с.
3. Выготский Л.С. Педагогическая психология. / Выготский Л.С., ред В.В. Давыдов. -
М.:Педагогика, 1991. - 480 с.
4. Волошкина М.И.Дидактическая игра в подготовке ребенка к обучению в школе. Учеб. для
студентов пед. вузов. - 2-е изд., исправ и доп - М . «Начальная школа», - 2002. -160 с.
МУЗЫКА ЖЕТЕКШІСІНІҢ ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ТОП ПЕДАГОГТЕРІМЕН
ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Бахыт Жадыра
Қарағанды қаласы №6 «Алданыш» б/б КМҚК
Біздің алдымызға әртүрлі тілі кеміс балалар келіп жатады. Дамуында ауытқуы бар
балалар қарапайым сұраққа да жауап қайтара алмайды. Балада белгілі бір енжар сөз қоры
болса да, моторлы алалиясы бар бала қиналады, әңгімелесу кезінде қиындықпен кездеседі.
Сөздің, буынның құрамы және ересектердің айтқанынан кейін қайталау дағдысы әлі де
қалыптаса қоймаған.
Сөздердің қалыптаспау салдарынан тілдік қарым-қатынас кезінде үзілістер жиі болады.
Тәрбиеленушінің психомоторлы дамуы өзінің жасына сай келмейді немесе ауытқушылық та
болуы мүмкін: балалар икемсіз, айналасын бағдарлай алмайды, қимылдары да үйлеспей
жатады. Әсіресе ойын ойнағанда, би қимылдарын үйреткен кезде аяқ және қол қимылдарын
үйлестіре алмай жатады. Тіпті кейде ең оңай деген қимылдардың өзін дағдыландыра алмайды,
мысалы: алақанын ұру, секіру, отыру. Олардың есте сақтау және көңіл қоюы, жалпы және ұсақ
моторикалары , кеңістікті бағдарлауы нашар дамыған. Әртүрлі тіл ауытқушылығы бар балалар
біздің мекемеде бір жылдан үш жылға дейін тіркеуде болады. Осы уақытта біздің мамандар
бір-бірімен тығыз жұмыс жасап, әрбір баланың ауытқушылығын түзеуге тырысады және оның
әрі қарай дұрыс дамуына жағдай жасайды.
Оқу жылының басында балабақшада екі апта ішінде барлық мамандар жиналып баларды
тексерістен өткізеді. Әрбір топ балаларының ерекшелігін ескере отырып, музыка жетекшісі өз
жұмысын жоспарлайды. Мысалы, егер топта көңіл аударуы бұзылған белгісі бар және
гиперактивті балалар немесе жүйке жүйесінде ауытқушылығы бар балалар көп болса, олармен
жұмыс істегенде ерекше репертуар алынады және баланың жүйке жүйесін қалыпқа келтіретін
ерекше әдістемелік тәсілдер қолданылады. Музыка жетекшісі, мұғалім-логопедтер және
тәрбиешілер әр баланың денсаулық кітабын қарап шығады да осы балабақша дәрігері берген
нұсаулығын нақтылайды. Жұмыс барысында балалармен түзету жұмыстарының жоғары
нәтижеге жету мақсатында логоритмиканы кеңінен қолдануға болады. Логоритмика –
балалармен аз уақытта бірнеше салаларды бірден қамтып жұмыс істеудің өте қолайлы түрі.
Өйткені, тақырыпқа қатысты өлең шумақтарын айта отырып оны қимылмен ұштастыру және
музыка әуеніне келтіре орындау балалар бойында жан-жақты әрекет етуге деген
142
қызығушылықтарын арттырады. Бұл әрекеттер сондай-ақ, балалардың барлық қажетті
психикалық процесстерін дамытуда зор үлесін тигізеді.
Логоритмика – түзету, білім беру және сауықтыру тапсырмаларын шешуге бағытталған
ән мен қозғалыс, ән мен сөз, ән, сөз бен қозғалыстың сәйкес келу негізіндегі жаттығулар,
тапсырмалар, ойындар. Музыка оқу іс-әрекетінде логоритмикалық әдістемелік құралдары
міндетті түрде қолданылады. Себебі, ол ойын терапиясы, психогимнастика және тұтастай
алғанда музыка тәрбиесі әдістемелерімен тығыз байланысты.
Әрбір маман тексеруге алынған баланың жетістігін есепке алып отырады, топтың да
жалпы даму деңгейін бақылап отырады. Мамандар бағдарлама бойынша қандай жастан осы
топта жұмыс істейтіндерін бірлесіп бір шешімге келіп алады. Топта өтілетін сабақтарда
балалардың сөздік қоры көбейтіліп, грамматикалық құрылымдарын жетілдіріп отырады.
Музыка оқу іс-әрекетінде осы тақырып ұсынылады, яғни музыкалық материалдар
тақырыпқа сай таңдалып алынады: өлең, тақпақ, жұмбақ, хор және әртүрлі ойындар. Тіл
дамыту және қоршаған ортамен танысуда тіл техникасы дамытылады, яғни мәнеріне келтіріп
айту. Мысалы, музыка оқу іс-әрекетінде музыкалық ойындар ойналады. «Шалқан» ойынын
топта, серуенде, дене шынықтыру сабағында ойнауға болады.
Біз балаларға фольклорды айтқанда халықтық кәсіп пен халықтық ойыншықтарды
айтамыз. Логопед және тәрбиешімен тығыз байланыста жұмыс істемей түзетушілік
жұмыстарда жақсы нәтижелерге жету мүмкін емес. Мұндай жұмысты жүргізудің бір түрі –
өзара қатынас дәптерін толтыру. Ол – «Тәрбиешілермен мамандардың өзара қатынас дәптері».
Онда белгілі бір кезеңде балаларды музыка жағынан дамытуда тәрбиешілерге арналған
тапсырмалар жазылады. Мысалы, музыка оқу іс-әрекетінде үйретілген қимылдарды бекіту,
ойында айтылатын сөздер және өлең сөздерін жаттау. Тәрбиешілерге көмек ретінде үйретіліп
жатқан өлең сөзі мен әнінің аудио таспасы беріледі.
Маңызды жұмыс – ырғаққа жұмыс істеу. Тілдік ауытқушылығы бар балалар және
кекештенетін балалармен ырғақпен көп жұмыс жасауға тура келеді. Ырғақ – музыкалық
қимылға құрылған жаттығулар. Балалар алдымен музыкамен танысады, оның ырғағына,
жылдамдылығына, саздылығына өз қимылдарын келтіруге үйренеді. Ырғақ сезімін дамыту
әртүрлі қимыл-әрекетін меңгеруге жағдай жасайды. Баланың жүрісі, жүгірісі, секіруіне қарап
оның дене дамуы, қозғалысты коррдинаттай алу, көңіл- күйінің тұрақтылығы туралы айтуға
болады.
Егер балада негізгі қозғалыстары әлсіз болса, билер мен ойындарды үйрету қиынға
түседі: олардың барлығы жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын қамтиды. Көбінесе
логопедиялық топтарға жүрісі, қозғалыс коррдинациясы бұзылған табанымен жүретін, аяқ
ұшымен жүре алмайтын, секіре алмайтын балалар келеді. Ырғақ сабағы баланың физикалық
кемшілігін дамытуға және денсаулығын сақтауға бағытталған. Музыка оқу іс-әрекетінде
тәрбиешілер балалармен бірге би қимылдарын қайталайды, хор айтады және сыңары болып
билейді.
Балабақшаның барлық мамандарының бірлескен жұмысы туралы айтқанда, мерекелік
ертеңгіліктер мен әртүрлі ойын-сауықтарға дайындықтары туралы да айтпай кетуге болмайды.
Осы айтылған мерекелік іс-шараларға өз жас ерекшеліктеріне байланысты әндер, билер,
ойындар таңдалынады. Топ балаларының даму деңгейіне қарай мерекеге қанша баланы
шақыруға болатынын анықтайды (бір немесе екі топ).
Мерекелік ертеңгіліктер мен ойын-сауықтарға дайындыққа ата-аналар да
қатыстырылады. Ата-аналармен әртүрлі ойындар ойнап, тапсырмалар беріледі. Сөз соңында
мынаны айтуға болады, жарық, жылу және дымқыл сияқты басты жағдайлар болғанда ғана гүл
әдемі болып өседі. Бала да барлық педагогтер жұмыла жұмыс істегенде құлпыра дамиды.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Искусство, музыкознание, музыкальная психолгия и музыкальная педагогика: Хрестоматия
/ Сост. Э.Б. Абдуллин, Б.М. Целковников. –Вып. 1 – с. 2. – М., 1991
143
2. «Музыка әлемінде» журналы (2000ж №1)
3. «Музыка әлемінде» журналы (2002ж №2)
4. «Логопедия негіздері» Өмірбекова Қ.Қ.
БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕГЕ БЕЙІМДЕУ ПРОЦЕСІНДЕ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ЖОЛЫ
Бегетаева А. А
«Бәйтерек» б/б КМКҚ
Бала денсаулығына қамқорлық
жасау - тәрбиешінің маңызды еңбегі
екенін қайталаудан танбаймын.
Қуанышты, сергек балалардың
рухани өмірі де, дүниетанымы да, ақыл-ой дамуыда,
Білімінің бекем болуы, өз күшіне сенімділігі де жоғары болады.
В.А.Сухомлинский
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2008 жылдың 6 ақпанындағы халыққа
Жолдауында «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің
алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл
сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған
тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрбір балалардың білім алуға, еңбекке және
қоршаған ортаға бейімі, қарым - қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз
керек» - деп айтылған [1].
Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тәрбиенің тәжіриебиесі мол
болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, әлеуметтік жағдай
баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты меңзейді. Ұлттық
денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі міндеттердің
бірі болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек психологиялық жеке-
дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру қажет.
Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгі
ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша
жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды.
Осыған орай жұмыстың обьектісі – мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығын қорғау
болып саналады.
Жұмыстың мақсаты - мектепке дейінгі ұйымда баланың денсаулығын сақтаудың,
салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен бала денсаулығын шыңдаудың мүмкіндіктерін
қарастыру болып табылады.
Міндеттер:
- мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
- денсаулық сақтау технологиясына сипаттама бере отырып, мектепке дейінгі ұйымда
денсаулық
сақтау
технологиясын
пайдалану
әдістемесін
ұсыну;
- білім берудің жаңа технологияларын қолдану (денсаулық сақтау, ақпараттық) ғылыми -
әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, оларды іске асыру механизмдерін жетілдіру;
- балалардың денсаулығын сақтау мақсатында инновациялық бағыттағы материалдық-
техникалық база қалыптастыру.
144
Тәрбие мен білімнің алғашқы дені – мектепке дейінгі тәрбие бесігінде беріледі. Бала
бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ала отырып , олардың өнегелі болып
тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі.
Балабақшаның тәрбие мен оқытудағы негізгі мақсаттары : Денсаулық сақтау мен
нығайту және деңгейін көтеруде өз ағзаларындағы қорларын қолдану , баланың дамуына
жеке үйлесімділікті қамтамасыз ету , ата – аналардың салауатты өмір салтына араластыру.
«Денсаулық» саласы бойынша әр топ жас ерекшеліктеріне қарай денсаулық бұрышы
арналып жабдықталған. Жыл бойы балаларға сауықтыру мен шынықтыру шаралары
жүргізіліп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың көбі суық тиген аурулармен жиі
ауырады, бұл бала ағзасына теріс ықпалын тигізіп , кейде созылмалы сырқатқа айналуы да
мүмкін. Осындай ауруды болдырмаудың , одан сақтанудың негізгі жолы табиғи сауықтыру
факторлары. Ауа, су,күннің көзі бұл факторлар баланың ағзасын шынықтырады.жаз
айларында балаларға өте қызықты өтеді. Жазда құмда жалаң аяқ жүру, суық сумен су
құю,нүктелі төсемшелермен жүру. Қыс мезгілінде таза ауада серуендеу, шанамен сырғанау,
шаңғы тебу адам ағзасының жұқпалы аурулар мен суыққа төзімділігі мен қарсылығы
арттыратындылығы анықталған. Қысқы ойын түрлерінен спорттық жарыстар,мерекелік
шаралар ұйымдастыру баланың бойына қуанышты көғіл – күй сыйлайды.Алдымен балалар
ойнайтын ойын аланың өздеріне жақсы таныс жануарлардың , еттегі кейіпкерлерінің
мүсіндерін жасап мерекеге сай безендіріп , жолдарды қардан тазартуға белсене қатысып,и сол
күннен бастап жақсы көңіл-күйде жүреді. Сондықтан да дене шынықтырудан қызықты қысқы
жарыстар көбірек ұйымдастыру , жоспарлау баланың ойынға деген қызығушылығы
арттырары сөзсіз. Жалпы балалардың денелерін шынықтыру , спортқа деген қызығушылығын
арттыру , алдарына мақсат қоя отырып, тез қимыл әрекеттерін істей алуға , зерек ойлануға
үйрету. Балалардың қимыл- қозғалыстарын жетілдіру , салауатты өмір салтына тәрбиелеу,
балалардың дене белсенділігін дамыту , денелерінің түзу және сымбатты қалыптасуына көңіл
бөлу.
Бала денсаулығына кері әсер ететін басты қозғаушы күшті құрайтын ол:
мектепке дейінгі жаста қозғалыс іс-әрекетінің жетіспеушілігі;
қоршаған ортаның қарапайым физио-гигиеналық талаптардың сақталмауы;
бала өмірі мен денсаулығын сақтау жайындағы сұрақтар бойынша ата-аналар
мен педагогтардың біліктілігінің жетіспеушілігі;
мектепке дейінгі білім беру орталығының оқу процесіне мектептік оқу
формасын енгізуі;
баланың жеке тұлға болып қалыптасуында іс-әрекеттің басты түрі - ойын
процесінің ығыстырылып, бала көңіліне көңіл бөлмеу мәселелері жатады.
Осының нәтижесінен психофизикалық даму мәселесі туындайды: танымдық
процестің сапасы төмендейді. Есте сақтау, назар салу, сөйлеу тілінің дамуы, өз іс-әрекетіне
жауап бере алмау қиындықтарының салдарынан баланың мектепке даярлануына кедергілер
туындайды.
Сондықтан дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын оңтайландыру аса өзектілікке ие
болып отыр. Бұл мәселені шешу жолында денсаулықты сақтау технологиясының жаңаша
түрін ойлап табу мен іске асырудың моделін қарастырдық, ол мектепке дейінгі білім
мекемесінде «Денсаулық сақтау технологиясы» атты тәрбиеленуші отбасы орталығына
негізделді.
Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға
қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуда мектепке дейінгі мекемеде
денсаулықсақтау технологияларының түрлері көп.
Балабақшада оқу-тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жүргізу, баланың
денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық
қызметкерлердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Осындай мәселені шешу
барысында біздің анықтағанымыз, баланың денсаулығын нығайтуда және аурудың алдын-
алуда тек қана баланың қимыл белсенділіктерін көтеру өте аз, сонымен қатар шынықтыру
145
шараларын жүйелі өткізу керек. Ол үшін педагог дәстүрлі жұмыстарға дәстүрден тыс жұмыс
түрлерінің жүйесін тудыруы жөн.
Мысалы, жалаң аяқ жүру табан мен буындарды бекіту әдісі болып табылғандықтан
барлық жаттығуларды жалаң аяқ ұйымдастырған өте ұтымды болады.
Ертеңгілік жаттығуда әртүрлі формаларды қолдану:
Тыныс алу жаттығулары
Жалпақтабандылықтың алдын-алу жаттығулары
Сымбатты түзету жаттығулары
Созылу(стретчинг) жаттығалары
Йога жаттығулары
Көзге арналған жаттығулар
Таңертеңгі жаттығудан кейін тыныс алу немесе тұзды жолмен жүру өте тиімді. Сонымен
қатар дене тәрбие сабақтарында дәстүрден тыс құрал-жабдықтарды қолданған жөн.
Баланың дені сау, салмақты, дене дамуы мықты, тәбеті жақсы, ұйқысы толыққанды
болып өсуі үшін күн тәртібін қатаң сақтау қажет. Бұл балаға балалық шақтан бастап ағзасын
кез-келген ауруға қарсы тұруына маңызды.
Себебі ағзада барлық өмірлік әрекеттер белгілі бір тәртіппен жүріп отырады. Жүрек
ырғақты жұмыс жасайды, жиырылуы-босауы, тыныс алу, дем алумен -дем шығару
кезектеседі, асқазандағы аста белгілі уақытта қортылып отырады.[2]
Жалпы табиғатта барлық жағдайлар белгілі реттілікпен жүреді: жыл мезгілдерінің, күн
мен түн ауысуы...
Міне, сондықтан мектепке дейінгі мекемелерде күн тәртібі сақталуға қатаң көңіл
бөлінген. Шынықтыру-сауықтырудыңда тәртібі болған жағдайда ғана баланың ағзасына
тиімді болады.
. Денсаулық сақтау құзіреттілігі:
- өзінің физикалық денсаулығын ойлауға және тіршілік іс - әрекетінің
қауіпсіздік ережесін сақтауға;
- қозғалыс дағдыларын меңгеруге;
- түрлі оқиғаларға қатысты өзінің эмоциялық күйін білдіруге;
- денсаулық сақтау негіздерімен жеке бас гигиенасының дағдыларын меңгеруге
мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың денсаулығын нығайту әрі дамыту әр бір
тәрбиешінің басты міндеті. Күнделікті таңғы жаттығулар жасап, күннің екінші жартысында
шынықтыру шараларын жасату керек.
Қазіргі таңда «Бәйтерек» балабақшасынада балалардың денсаулығын нығайту үшін
спорт залында әр түрлі атребуттар бар. Атап айтсақ: баспалдақтар, кубиктер, әр түрлі
көлемдегі доптар, секірмелі доптар, орындықтар т.б.
«Бәйтерек» балабақшасында денсаулық кепілі дене шынықтыру жаттығуларының
жүйелі сабақтарымен ғана дамиды. Мектепке дейінгі жаста адамның денсаулығының өмір
бойы қалыптасуы орындалады. Бұл жаста дене тәрбиесінің ұйымдастырылуы баланың алдағы
уақыттағы дамуына әсерін тигізеді. Осы жас аралығында баланың өзіндік қасиеттері, сабаққа
қызығушылығы және баланың қабілеттері ашыла бастайды. Кіші мектепке дейінгі жас
топтарында әртүрлі сауықтыру іс-шаралары ұйымдастырылуы арқылы біз өзіміздің дене
шынықтыру - сауықтыру және профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде дамытып келеміз.
Баланың денсаулығын нығайтуда біздің балабақшада: дене шынықтыру залы, дене
шынықтыруға
қажетті
жабдықтар
бар.
Топтарда
өзіндік
массажға
әртүрлі
денсаулық жолдары, спорттық жабдықтар, ойынға арналған көрнекіліктер, жаттығу
картотекасы және ойын массажының картотекасы бар. Денсаулықты нығайтуда жүйелі
технологиялар баламен жұмыста дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларымен болады.
Ауруларды алдын-алу жұмыстарында біз ұйқыдан соң сауықтыру жаттығуларын, тыныс алу
жаттығуларын өткіземіз. Жас ерекшелігіне байланысты жаттығу түрлерінің кешені
146
ойластырылды және олар күрделі түрде топтастырылды. Шынықтыру жаттығуларын өткізбес
бұрын, олардың жас ерекшеліктері мен дене дамуы ескеріледі.
Сауықтыру іс-шараларында бір қалыпта сөйлеу ырғағы, мәнерлеп, дауыс ырғағын қойып
оқу және дауыс аппаратын қабылдауды дамытуда жұмыс істелінеді. Сондықтан денсаулықты
нығайту технологиясы жауапкершілікпен, жаттығулар мен денсаулық жолдарының
жаттығулары (өлең шумақтарын, үзінділері, бала әндеріне) қаралды. Бұл ойын әдістер арқылы
әр түрлі дыбыстарды қолданып жоғары дауыспен және төмен дауыспен баланың зейінін
дамытуда қолданамыз. Баланың дыбыстық сөйлеу жағынын қалыптасуы, дауыс ырғағын
дұрыс қоя білуіне, яғни лексика, грамматиканы игеруде үлкен маңызды рөл атқарады.
Дене шынықтыруды нығайту үрдісінде балалардың ойлау қабілеттерін рухани
эстетикалық талғамдарын, өз денсаулығын, алға қойған мақсаттарын, ұйымдастырушылық
және ақкөңілдік қасиеттері қалыптасады. Балалардың барлығы тәрбие үрдісінде
денсаулықтарын нығайтуға және жеке жан-жақты дамуына үлесін қосады. Бүгінгі таңда
«Бәйтерек» балабақшасының алға қойған мақсаты көзі ашық, көкірегі ояу, дені сау ұрпақ
тәрбиелеу. Алайда жас буынның адамгершілік қасиеті мен дене тәрбиесі қатар ұштасып жатса,
бұл ұлт болашағы үшін баға жетпес байлық екені сөзсіз.
Денсаулық баға жетпес асыл дүние, адам баласы денсаулықтың қадірін білгенде ғана
өмірдің мәнін біледі. Сондықтан жалдың басында коп балалар балабақшаға алсіз, баяу,
ауруларды тез қабылдап қалып жататын балалар жиы кездеседі. Осы балалармен барлық
жағынан бүкіл тәрбиеші, педагог, медбиеке осы тұрғыда жұмыс жасап, өз нәтижелерін
шешімін көріп жаттық.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә «Қазақстан-2050. Өркендеу, барлық қазақстандықтардың қауіпсіздігі және
әл-ауқатын жақсарту» жолдауы.
2. Аршавский И.А. Принципы дримнанты в системе обучения. 1991.-№9
3. «Бала тәрбиесі» 2012ж. №7-№8
4. . А.Кошкимбаева «Балабақша:тәрбиелеу және оқыту» журнал №1 2013ж
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Бейсенова Камила Зулхарнайевна, Даткина Дидар Кабиденовна
«Қарлығаш»б/б КМҚК тәрбиешілері
Қарағанды қаласы
12 жылдық білім беруге көшу үрдісі мектепке дейінгі тәрбие және білім беруді
ұйымдастыруға жоғары талап қоюда. Ол өз кезегінде неғұрлым тиімді педагогика-
психологиялық әдістер арқылы бұл мәселені шешуге итермелейді. Мектепке дейінгі оқыту,
жаңа сапалық деңгейге шығу инновациялық технологияларды әзірлемей мүмкін емес.
Педагогикалық инновация, бұл – дамуы, тәрбие мен оқытуды жақсартуға бағытталған,
сонымен қоса мақсаттар мен мазмұнды, формалар мен әдістерді жетілдіруге негізделген
өзгерістер. Олар ғылыми ізденіс ретіндегі педагогтың келешектегі өздік дамуын талап ететін
санасын қалыптастырады. Педагогикалық әрекетті жаңа технологиялырды қолдану негізінде
ұйымдастырғанда барлық күш педагогикалық шешімдердің ең тиімдісіне бағытталады (1, 2 -
қосымшалар).
Педагогикалық технология ұғымына төмендегілер кіреді:
-Концептуалдық негіз.
147
-Оқытудың мазмұндық бөлігі (оқыту материалының мазмұны мен білім берудің
міндеттері).
-Технологиялық бөлігі (оқу үрдісінің ұйымдастырылуы, оқу әрекетінің формалары мен
әдістері, педагог жұмысының формалары мен әдістері, диагностика.
Қазіргі кездегі мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қолданылатын технологияларды
келесідей бөліп көрсетуге болады:
-Дамыта оқыту технологиялары;
-Мәселелелік оқыту технологиялары;
-Ойын технологиялары;
-Альтернативтік технологиялар.
Дамыта оқыту технологиясында балаға қоршаған ортамен қарым-қатынаста болатын
жеке-дара субъект ретіндегі рөл беріледі. Бұл қарым-қатынасқа әрекет етудің барлық
кезеңдері енеді: мақсат қою, жоспарлау және ұйымдастыру, мақсаттарды іске асыру, әрекет
нәтижелерін анализдеу. Дамыта оқыту тұлғаның қасиеттері жиынтығының тұтастығын
дамытуға бағытталған. Бұл технология тәрбиешіге өзбетінділікті дамытуға, психикалық жаңа
құрылымдардың ішкі үрдістерін қозғалысқа келтіруге мүмкіндік береді.
Генрих Саулович Альшуллер – өнертапқыш, жазушы-фантаст,ТРИЗ технологиясының
авторы. Берілген технологияның бағыттары: шығармашылық әрекетке үйрету,
шығармашылық қиялдың әдіс-айлаларымен таныстыру, өнертапқыштық есептерді шығаруға
үйрету. Концептуалды жағдайлары: білім – шығармашылық көкейкөзділіктің негізі, құралы;
шығармашылық қасиеттер баршаға тән; кез-келген әрекетке үйренуге болатындай,
шығармашылыққа да баршаға үйренуге болады.
Мәселелік оқыту мотивацияның ерекше түрі – мәселе қоюды қалыптастырумен
негізделген. Сондықтан дидактикалық материалдың мазмұнын дұрыс құрастыруды талап
етеді. Ол өз кезегінде мәселелік ситуациялардың тізбегі ретінде берілуі керек.
Қазіргі кезед мәселелік ситуациялардың екі түрін ажыратады: психологиялық және
педагогикалық. Біріншісі балалар әрекетіне тиесілі, екіншісі - оқу үрдісін ұйымдастыру болып
табылады (4-қосымша).
Ойын технологиялары. Мақсатты бағыттары: дидактикалық: өренің (кругозор) кеңеюі,
танымдық қызмет, практикалық қызметте қажетті керекті білім және дағдының қалыптасуы.
Тәрбиелеушілік: өзбетінділікке, еркіндікке тәрбиелеу, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа,
коммуникативтілікке тәрбиелеу. Дамытушылық: көңіл бөлуді, есте сақтауды, сөз қорын,
ойлауды, салыстыру дағдыларын, сәйкестендіруді, аналогияны таьуды, қиялды,
шығармашылық зейіндерді, оқу қызметтің мотивациясын дамыту. Қоғамдандыратын: қоғам
құндылықтары мен нормаларына үйрету, қоршаған орта жағдайларына бейімдеу, қарым-
қатынасқа үйрету. Концептуалдық жағдайлары: ойын – қиялдағы тұлғаның еркіндігі, бала
ойындарының мазмұны ойындардан дамиды, мектепке дейінгі жастың негізгі әрекеті– ойын
(3-қосымша).
Денсаулықты сақтау технологиясы – бұл бала мен педагог, бала мен ата-ана, бала мен
дәрігер қарым-қатынасының үрдісі кезінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу-шынықтырудың,
коррекциялық, профилактикалық әрекеттердің тұтас жүйесі. Денсаулықты сақтау
технологиясының мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балаға денсаулығын сақтауды
қамтамасыз ету, салауатты өмір салты бойынша керекті білімділік, біліктіліктерді
қалыптастыру, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға үйрету.
Инновациялық технологиялардың бірі – «Тәй-тәй» технологиясы. Ол дұрыс тамақтану
денсаулығының нығаюына, танымдық, қоғамдық және эмоционалдық құзыреттіліктердің
қалыптасуына бағытталған. Ол баланың бірегей мүмкіндіктерін ашып, жанұяның балабақша
қызметіне араласуына мүмкіндік береді, мәдени құндылықтарды көрсетуге және дамытуға
бағытталады. Мемлекетті демократияландыру бағытында берілген технология тиімді
технологиялардың бірі болып табылады.
Белсенділік орталықтарындағы тәрбиешінің рөлі. Материалдар мен құралдар арнайы
ұйымдастырылған жерлерде қойылады. Олар балалардың оқу мен ойнауға қызығушылығын
148
оятады. Группада келесі орталықтар орналастырылады: сюжетті-рөлдік, құрылыс, әдебиет,
өнер, манипуляциялық (әрекет ету), құм мен су, ғылым. Орталықтарда балалар қолдана алатын
көптеген материалдар орналасады. Баланың танымдылық әрекетін оятатындай материалдар
тәрбиешімен өте ұқыпты таңдалуы керек. Бірнеше бала қолдана алатындай материал болуы
шарт және де олар үнемі ауыстырылып отырырылуы қажет. Орталық жұмысын
ұйымдастыруда тәрбиеші негізгі рөл атқарады.Сюжетті-рөлдік орталықтағы тәрбиешінің
әрекеті. Бұл орталықта тәрбиеші негізгі рөл ойнайды. Ол балалардың қиялын оятады.
Орталыққа келесідей орталықтар енгізілуі мүмкін: үй жануарларын бағу, моделдеу. Ойын
кезінде тәрбиеші балаларды бағыттауы керек, бірақ ойынға өзі араласпауы шарт.Құрылыс
орталығы. Бұл орталық балардың назарын өзіне қарататындай ұйымдастырылғаны жөн.
Материал көлемі бала жасына байланысты. Оны қосу, азайту, ауыстыру керек. Тәрбиеші
балалар әрекетін бақылап, оларды мақтауы керек, мәселелерін шешуге итермелейтін сұрақтар
қойып, керекті материалдарды қосуы керек. Ойыншық құрылыстарға жазбалар дайындап,
келесі күнге дейін құрастырғандарын бұзбай сақтауға рұқсат беруі қажет.Көркем әдебиет
орталығы. Тәрбиеші балалардың қызығушылықтарын, ұнайтын әрекеттерін, сүйікті
ертегілерін айқындап, көрнекі ұйымдастырылған, жастарына сай келетін әдебиеттерді
дайындау керек. Тәрбиеші әдебиетьке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуі қажет. Балалар
әңгімелерін тыңдап, лайықты кітаптарды таңдауға көмектеседі. Сонымен қоса бала дамуы
жөніндегі жазбалар жасайды.
Өнер орталығы. Тәрбиеші бұл орталықта түрлі материалдарды қолдану арқылы сурет
салудың алуан әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық машықтарын,
түсті, формаларды сезінулерін дамытады. Түрлі материалдарды араластыруға мүмкіндік
береді.
Ғылым орталығы. Балалар зерттеу жұмыстарын жүргізетін орталығы. Тәрбиеші түрлі
материалдармен қамтамасыз етеді. Мысалға, буклеттер, энциклопедиялар және т. б. Олармен
тәжірибелер жүргізуге рұқсат етеді.
Әр орталықта тәрбиеші балаларға өздік жұмыс жасауға мүмкіндік беріп, әрекетіне
араласпайды, тек бағыт беріп, бақылау күнделіктерінде жазба жасайды, бала дамуының
деңгейін айқыпдап, оның алға қарай жылжуын қадағалайды.
Қорытынды. Педагогикалық технологияларды зерттей келе келесідей тұжырым жасауға
болады. Оқу үрдісі өзінің барлық мазмұнымен, ұйымдастырылуымен, педагогтың қызметтік
мінездемесімен тек қана баланы біліммен қаруландыруға ғана бағытталмай, сонымен қоса
олардың жан-жақты дамуына бағытталған. Көп жылдар бойы мектепке дейінгі білім беру
жүйесі балалардың танымдық дамуын қамтамасыз етті. Алайда мектепке дейінгі тәрбие беру
мен оқыту негізінен бала тұлғасы қасиеттерінің дамуына бағытталған. Бүгінгі таңда негізгі
басымдық – бала мен тәрбиешінің тұлғалы-бағытталған әрекеті болып табылады. Баланың
жеке-даралығын
түсіну,
қабылдау,
қызығушылықтарын
ескеру,
шығармашылық
мүмкіндіктерін дамыту, эмоционалдық игіліктерін сақтау – міне, осылардың барлығы қазіргі
кездегі тәрбиешінің басты міндеттері.Осылайша, жаңа технологиялларды қодану - тәрбиеші
қазіргі заманға сай өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денісаулығын сақтай алатын,
білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, өз ойын
сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды тұлғаны өсіруге жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |