Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



Pdf көрінісі
бет67/102
Дата30.12.2016
өлшемі29,2 Mb.
#821
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102

      Таким образом, если лексические задания увлекательны и интересны, то они хорошо   

запоминаются,    изучаемый  материал      усваивается    и  у  детей  появляется  чувство 

определенного  достижения,  развивающее  мотивацию  к  дальнейшему  обучению.  Этот 

циклический процесс способствует позитивному отношению  к изучению английского языка, 

что  является  одной  из  самых  ценных  вещей,  которые  преподаватели  могут  дать  детям  на 

начальном этапе. 

 

 

Используемая литература: 



1.Чеепова Н.Ю. Английский язык для дошкольников. Метод. пособ. по созданию языковой 

среды в детском саду. М .Аквариум ЛТД; Киев:ГИППВ,2002. 

2.  Тарасюк  Н.А.  Иностранный  язык  для  дошкольников:  Уроки  общения(  на  примере 

английского языка).М.,2000. 

3.  Прокопенко  Ю.А.  Роль  песен  и  ритмических  движений  при  обучении  дошкольников  

английскому языку. Дошкольная педагогика.2007.Май.  

4.Конышева.А.В. Английский для малышей. СПб.,2005.  

5. Коновалова Т.В. Веселые стихи для запоминания английских слов. СПБ: Изд. дом «Литера», 

2006. 

 

 



«МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА 

МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУ» 

 

 

Нурмаганбетова А.Р., Раева Н.К. 

КМҚК «Еркетай» балабақшасы 

 

 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  мектепке  психологиялық  жағынан  дайындау,  бұл 

қазіргі таңда психология - педагогика ғылымдарындағы өзекті мәселелердің бірі.Яғни, баланы 

жан - жақты психологиялық тұрғыдан дайындау болып табылады. Баланы балабақшада ғана 

дайындап  қоймай,  ата  -  аналарында  кіріктірген  жөн.  Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды 

мектепке дайындау ауқымды мәселе. Көптеген жұмысты талап етеді. Балабақшамен мектеп 

арасында өзара байланысты орнату. Көптеген ата - аналар баланың мектепке бару үшін тек 

әріптерді  танып,  санай  алса  болғаны  деп  тұжырымдайды.  Әрине  бұлда  маңызды  фактор. 

Баланың  мектепке  психологиялық  жағынан  дайындығына  назар  аудармайды.  Бұл  кезең 

балалар үшін өте ауыр. Яғни балабақшадан мектепке бару. Әрине, балабақшада да өзіндік әдіс 

-  тәсілдерін  қолданады,  сабақтар  өтіліп,  психолог  -  педагогта  балалармен  жұмыс  жүргізіп 

мектепке  дайындайды.  Мектепке  дейінгілердің  өз-өзіне  қызмет  ету  дағдыларын  меңгеруі  - 

өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы. 

Балаларды  мектептегі  оқуға  бейімдеп,  жетілдіруде  психологиялық-педагогикалық 

диагностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір қисынға келтіруге болады: 


496 

 

-  Мектепке  жетілдіру  мен  оқуға  бейімдеу  барысы  деңгейінің  өлшемдері,  оқу 



бағдарламасындағы оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен байланысты болып табылады; 

-  Балаларды  мектептегі  оқуға  және  жағдайларға  бейімдеуде,  педагогтар  мен 

психологтардың  психодиагностикалық  іс-әрекеттері,  бала  тұлғасын  дамытудың  құрамды 

бөлігі болуы тиіс

-  Мектепке  жетілдірудегі  педагогтар  мен  психологтардың  психодиагностикалық 

әрекеттерінің  ең  бірінші  міндеті,  балалардың  мектептегі  оқуға  бейімделуі,  сынып  ұжымы 

немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады. 

-  Балаларды  мектептегі  оқуға  және  жағдайларға  бейімдеуде,  педагогтар  мен 

психологтардың  психодиагностикалық  іс-әрекеттері,  бала  тұлғасын  дамытудың  құрамды 

бөлігі болуы тиіс; 

-  Мектепке  жетілдірудегі  педагогтар  мен  психологтардың  психодиагностикалық 

әрекеттерінің  ең  бірінші  міндеті,  балалардың  мектептегі  оқуға  бейімделуі,  сынып  ұжымы 

немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады. 

Оқуға  бейімделу  әрекетін  талдау  психологиялық  диагностиканың  қолданылу  бөлігін 

анықтайды.  Балаларға  психодиагностикалық  зерттеулер  жүргізгенде,  мынандай  моральді-

этикалық сипаттамасы бар талаптар қойылады, олардың ең негізгілері: 

1. Психодиагностикалық зерттеулердің нәтижелері балаларға зиянын келтірмеуі керек. 

2. Балаларға диагностикалық зерттеулер, тек  балалардың өздерінің және олардың ата-

анасының рұқсатымен жүргізілуі тиіс. Балалар мектепке баратын кезге дейінгі уақытта ата-

аналар балаларынсыз рұқсат беруіне болады. 

3.  Ата-ана  құқығынан  айырылған  ата-аналар  өз  балаларының  психологиялық 

зерттеулерінің  нәтижелерінің  қорытындысын  психолог  маманнан  білуге  болады,  сонымен 

бірге  психолог,  ата-аналарға  өз  балаларының  психологиясына  тиісті  білгісі  келген 

сұрақтарына дұрыс және нақты жауапты беруі тиіс. 

4.  Психодиагностикалық  зерттеудің  нәтижесінде  анықталған  басқа  факторлардан 

баланың тағдырын, яғни мектептегі оқуға бейімделуі мен тәрбие мүмкіндігін, ата-аналар мен 

психолог-педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс. 

5.  Мектепке  дейінгі  мекемелер  мен  мектепте  қызмет  атқаратын  психологтар 

психодиагностикалық жұмыстарды тәрбиешілер мен мұғалімдермен бірге тығыз байланыста 

болып атқаруы қажет. 

Психодиагностикалық  әдістердің  көпшілігі  мектепке  баратын  балалардың  түсінігіне 

байланысты  психологиясы  мен  физикалық  жағынан  сау  балалардың,  зерттелініп  отырған 

қасиеттер  дамуының  орта  деңгейін  сипаттайды  және  осындай  зерттеулердің  нәтижелерінен 

ауытқуы  бар  балалардың  да  қасиеттерінің  даму  деңгейі  де  анықталады.  Егер  оның  жеке 

көрсеткіштері нормадан жоғары болса, онда осы бала өзінің дамуы жағынан құрдастарынан 

жоғары  болады,  ал  керісінше,  егер  оның  жеке  мәліметтері  нормадан  төмен  болса  онда 

құрдастарынан  қалып  қояды.  Психодиагностикада  балалардың  мектептегі  оқуға 

қабілеттілігіне  байланысты  жүргізілетін  эксперименттердің  қиыншылығының  ең  бір  негізгі 

себебі,  баланың  белгілі  қабілеттерін  психологтар  тапсырма  беру  кезінде,  осы  тапсырманы 

орындауы  оның  қабілеттілігіне  ғана  байланысты  болмайды,  сонымен  бірге,  мотивацияға, 

мектептегі оқуға бейімделіп, қалыптасуына және дағдыларына байланысты.Мектепке баратын 

балаларды зерттеу үстінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына барлық әдістерді қолдануға болады. 

Бірақ,  кейбіреулері  өте  күрделі  және  арнайы  бір  құралдарды  қажет  ететіндері  де  кездеседі. 

Сондықтан  практикада  салыстырмалы  жеңіл  тесттерді  сұрақнамаларды,  бақылауды, 

құжаттарды талдауды және психодиагностикалық эксперименттерді қолданады.  

Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру; диагноз қою; 

дамыту  жолдарын  белгілеу  –  қысқа  мерзімдік  диагностикалық  шара  болып  табылады.  Осы 

даярлық  диагностика  мазмұнын  үнемі  жаңа  ізденістермен  жетілдіріп  отыру  –  теорияның 

жемісі.  Сондықтан  да  мектепке  психологиялық  даярлықты  анықтау  мазмұнын  теориялық 

ғылым, тәжірибелік іс-әрекет ретінде қарастырады.  

- мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу. 


497 

 

-  мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  танымдық  процестерінің  денгейлерінің 



диагностикасы. 

-  баланы  мектепке  дайындаудың  тиімді  әдіс-тәсілдерін  қолданудың  психологиялық 

мүнкіндіктерін айқындау. 

Зерттеу  әдістері-танымдық  процестерді  зерттеуге  арналған  стандартты  әдістер 

комплексі: 

- түрлі әңгіме әдістерін қолдану. 

- шағын тестік тапсырмалар 

 Мектепке  дейінгі  балалық  шақта  (үштен  жеті  жасқа  дейін)  организімнің  қарқынды 

жетілуі  жалғаса  түседі.  Жалпы  өсумен  қатар  ткандар  мен  мүшелердің  анатомиялық 

қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық еттердің 

сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 

1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен 

оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылуы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда 

болу  жылдамдығы  артып,  әсіресе  екінші  сигнал  жүйесі  қарқынды  дамиды.  Дене  дамуы 

баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің 

жаңа формалары игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.  

П.П.Блонский 

өзінің 


педалогиялық-бағдарлану 

концепциясында 

баланың 

үлгермеушілігі,  мектептегі  сәтсіздіктерін  оның  жүріс-тұрыстарынан  емес,  әуелі  семья 

жағдайына, әлуметтік экономикалық мәселелерінен қарау керек деп тұжырымдаған.  

Егер сөйлеу, ойлау, қабылдау процестерінің дамуы қалыпты жағдайда жүрмесе баланың 

ой-өрісінің дамуы да кейін қалады. Бала бұл жаста өзін еркін ұстап, өз бетімен әрекет жасап 

үйрене алмайды, олардың дамуында жол көрсететін, өмірге бейімделуіне жағдай жасайтын 

адам  болу  керек.  Қандай  адамзат  баласы  болмасын  баланың  әлеуметтік  жағдайына 

бейімдейтін,  үйрететін  ата-анасы  болып  табылады.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 

танымдық  процестерінің  дамыту  үшін  өткізілген  эксперементалдық  жұмыс.Балалардын 

ойлауын  сезімін,еркін зерттеу  керек  болса,  бұл  үшін  психолог қандай  болмасын  бір  әрекет 

ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі 

балалардың  психологиялық  ерекшеліктері  жазылып,  кейін  оған  мұқият  талдау 

жасалынады.Осы зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі 

сөз  бен  көрнекіліктің  ара  қатынасы  үнемі  өзгеретіндігі,  балалардың  жасы  өсіп,  білім  қоры 

молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, ондағы образдардың 

біртіндеп  толық  және  мағыналы  бола  түсетіндігі  де  байқалған.Мектепте  оқытуға  баланың 

психологиялық дайрлығы - мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың 

қорытындыларының бірі. Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды 

игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр.  

Ендігі  жерде  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  бүкіл  өмірін  ұйымдастыру,  оның 

денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке 

даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру 

аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып 

табылады. А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму 

үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, 

көлеміне  қарап  ажырата  бастап,  олардың  құрылысын,  пайдалану  тәсілдерін  білгісі  келеді. 

Күнделікті  өмір  барысында  бала  шындық  дүниенің  құбылыстары  мен  заттарын  анықтай 

білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір 

нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, 

әр  нәрсеге  үңіле  қарайды,  көп  нәрселер  оларды  ойлантады.Балалар  әдетте  өзіне  түсініксіз 

оқиғалардың,  құбылыстардың  сырын  білуге  құмартады.  Күн  сайын  олардың  алдында  жаңа 

сұрақтар  туады.  Сол  сұрақтың  жауабын  олар  ересектерден  күтеді,  өйткені,  олардың 

түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой 

еңбегімен  шұғылданудағы  ниетін,  ықыласын  сипаттайды.  Сондықтан  ересек  адамдар  бала 

сұрағын  жауапсыз  қалдырмауға  тырысқан  жөн.  Себебі  сұрағына  жауап  ала  алмаған  бала 


498 

 

келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл  баланы дүниені тануына кері  әсер  етуі 



әбден  мүмкін.В.С.  Мухина  бойынша  мектеп  жасына  дейiнгi  және  бастауыш  мектеп 

жасындағы  балаларда  мiнез-құлық  мотивациясы:  мiнез-құлықтың  саналы  регуляциясы 

күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер 

сферасы  кеңейедi,  қарым-қатынасқа  деген  қажеттiлiк,  жетiстiкке  жету,  басқарушылыққа 

қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, 

өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады . Мектеп жасына дейінгі баланың 

есі  негізінен  ықтиярсыз  сипатта  болады.  Бұл  бала  көбіне  өзінің  алдына  бір  нәрсені  есінде 

қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру 

баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі 

іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, 

не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды. Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте 

сақтаудың  сапасы,  баланың  осыларға  қаншалықты  әсерлі  іс-әрекет  істеуіне  іс-әрекет 

процесінде  оларды  егжей-тегжейлі  қабылдау,  ойластыру,  топтастыру  қандай  дәрежеде 

өтетіндігіне  байланысты.  Мысалы,  суреттерді  жай  ғана  қарап  шыққанда  оларды  баланың 

есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, 

ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды 

есінде  жақсы  сақтайды.  Ықтиярсыз  есте  сақтау  баланың  орындайтын  қабылдау  және  іс-

әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады .Мектепке дейінгі жастағылардың 

ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске  түсіруі  – ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала 

бірдеңені  есте  сақтау  немесе  еске  түсіру  жөнінде  алдына  әлі  мақсат  қояды,  ал  бұл  үшін 

арнаулы тәсілдерді  қолдануды білмейді. Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер тобының 

біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей ұстады. Суретке көз жүгіртіп 

өткеннен  кейін  бала  оны  шетке  ығыстырып  қойып,  үлкен  адамнан  басқа  суретті  көрсетуді 

сұрады.  Кейбір  балалар  бейнеленген  заттар  жөнінде  әңгімелеп  беруге  тырысты,  суретке 

байланысты өткен тәжірибенің жағдайларын еске түсірді («Көзілдірікті көзге киеді. Мынау- 

көбелек,  құрт  деп  аталады».  «Қарбыз.  Мен,  анам  және  әкем-  үшеуіміз  үлкен  қарбыз  сатып 

алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші», тағы осындайлар). Әйтсе де есте сақтауға бағытталған 

балалардың ешбір іс-әрекеттері байқалмады .В.С. Мухинаның пікірінше есте сақтау мен еске 

түсірудің  ықтиярлы  формалары  мектепке  дейінгі  естияр  шақта  қалыптаса  бастайды  және 

мектепке  дейінгі  ересектерде  жетіледі.  Ықтиярлы  есте  сақтау  мен  еске  түсіруді  меңгерудің 

неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады, бала өзіне алған рольді жақсы орындап 

шығу есте сақтау шарты болған кезде жасалады. Мысалы, сатып алушының ролін алған бала 

дүкеннен  белгілі  заттарды  сатып  алу  жөніндегі  тапсырманы  орындаушы  ретіндегі  баланың 

есте сақтайтын сөздерінің саны үлкен адамның тікелей талабы бойынша есінде сақтауға тиісті 

сөздерден көп болып шығады. Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады. 

Олардың біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып бала есте сақтау мен еске 

түсіру міндетінің өзін бөле бастайды. Мұнда еске түсіру міндеті бұрын бөлінеді, өйткені бала 

алдымен дәл еске түсіруді, елестетуді қажет ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені 

қабылдап,  жасағанын  көрсететін  іс-әрекетті  білуі  керек.  Есте  сақтау  міндеті  еске  түсіру 

тәжірибесінің  нәтижесінде  пайда  болады.В.С.  Мухинаның  айтуынша,  есте  сақтау  мен  еске 

түсірудің жолдарын бала өз ойынан шығара алмайды. Ондай жолдарды белгілі түрде баланың 

есіне үлкендер салады. Мысалы, үлкен адам балаға тапсырма бергенде оған осы арада дәл оны 

қайталап  беруді  талап  етеді.  Үлкен  адам  баладан  бір  нәрсе  сұрағанда,  оның  еске  түсіруіне 

бағыт береді: «Сосын не болады?», «Жылқыға ұқсас сен тағы қандай жануарларды көрдің?» 

Тағы  сол  сияқты.  Бала  біртіндеп  қайталай  білуге,  түсіне  білуге,  материалды  есте  сақтау 

мақсатында байланыстыра білуге, еске түсіргенде байланыстарды пайдалана білуге үйренеді. 

Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру есінің 

ерекше түрі байқалады. өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне 

жуықтайды:  бұрын  қабылданған  бір  нәрсені  есіне  түсірген  бала  соны  көз  алдына  қайтадан 

көріп тұрғандай болады. Эйдетикалық ес – жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста 

осындай  есі  бар  бала,  кейінірек,  мектепке  оқыту  кезеңінде,  әдетте  өзінің  бұл  қабілеттілігін 


499 

 

жоғалтады.Мектепке  дейінгі  жас  –  естің  қарқынды  даму  жасы.  Ес  –  бала  үшін  маңызды 



оқиғалар  мен  мәліметтерді  жаданда  қалдырады  және  сақтайды.Сондай-ақ  мектепке  дейінгі 

балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау  –  тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру 

бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – 

сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарының  байланыс  қатынастарының  адам  миында 

жалпылай  және  жанама  түрде  сөз  арқылы  бейнеленуі.  Ақыл-ой  жағынан  бала  қаншалықты 

пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі 

болады.  Бала  заттың  бейнесін  ғана  емес,  оның  қимыл-қозғалыстары  туралы  да  ойлайды. 

Бейнелі  ойлау  –  6  жасар  бала  ойлауының  негізгі  түрі.  Әрине,  ол  жекелеген  жағдайларға 

логикалық  ойлауды  да  орындай  алады,  бірақ  та  бұл  жаста  көрнекілікке  сүйенген  оқыту 

басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті 

естері  жаңа  ғана  қалыптасады.  Сондықтан  жақсы  қабылдап  алған  заттардың  түсін  есінде 

жақсы  сақтайды.  Көру  және  есту  елестері  көрген  нәрселердің  мазмұнымен  байланысты 

болады.Мектепке  түсу  балалардың  логикалық  есін  дамытуда  үлкен  роль  атқарады. 

Оқушылардың  есін  тәрбиелеуде  де  мұғалім  олардың  жас  және  дара  ерекшеліктерін  ескере 

отырып, жұмыс жүргізеді. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқу тәсілін өз бетімен таңдап 

ала  алмайтындықтан  мұғалім  үйге  тапсырма  бергенде,  материалды  қалай  оқу  керектігін 

балаларға  ұдайы  ескертуі  керек.    Бұл  жөнінде  оқулықтардың  бәрінде  мәтінді  қалай  оқу, 

тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе 

қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескерген жөн. Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, 

А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, 

И.Я.  Лернер  т.б.  зерттеушілердің  еңбектерінде  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жеке 

басының  қалыптасуына  әсер  ететін  әртүрлі  іс-әрекеттердің  ішіндегі  ең  маңыздысы 

шығармашылық  белсенділіктің  сапалығына  назар  аударады.  Алайда  мектепке  бару 

қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл 

өзгешеліктер  мынадан  көрінеді:  балалар  бір-бірінен  ақыл-ой,  адамгершілік  және  жекелей 

дамуымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм 

беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.  

Астана – 2010. 

2. Выготский Л.С. Собр. соч. Т.4. Детская психология. Москва,  

Педагогика, 2007. 

3. Рубинштейн С.Я. Экспериментальные методики патопсихологии 

и опыт применения их в клинике. Москва, 2012. 

 

 



 

ДЕНІ САУ БАЛА-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ 

 

 



Нұржанова Б.Ж 

№16 «Алтынай» б/б КМҚК  Қарағанды қаласы 

 

 

Тазалық – денсаулық негізі,  



Денсаулық – байлық негізі.  

 


500 

 

Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулығымыз – байлықтан да қымбат. Біз үшін 



денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын 

қалыптастырудың маңызы зор.  

Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға 

қол жетері, халқына қызмет етері даусыз.  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 

жолдауында  айтылғандай,“Салауатты  өмір  салтын”  ұстау  қазіргі  таңда  өзекті  мәселелердің 

біріболып отыр.  

Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау 

азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға 

аян.  

Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, денсаулығы мықты, ақыл парасатты, өрісі биік азамат 



етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – 

туған ұясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі.  

 

Қазақтың « Баланың бас ұстазы ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» 



деген  қанатты  сөздері  бар,  отбасында  әдемі  таным,  түсінік  қалай  қалыптасса,  өскенде  сол 

қасиет  бойынан  табылады.  «Болса  тәртіп  бала  өседі  сомдалып,  қатал  ұста  бос  жүрмесін 

сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы шектен 

шығармай салауатты өмір салтына тәрбиелеуде, байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған 

жөн. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде отбасы негізгі рөлді атқарады.  

Мектепке  дейінгі  білімде  баға  жетпес  гигиеналық  тәрбиенің  тәжіриебиесі  мол 

болғанымен,  қазіргі  заманға  сай  баланың  денсаулығының  нашарлап,  әлеуметтік  жағдай 

баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты меңзейді. Ұлттық 

денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі міндеттердің 

бірі болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек психологиялық жеке-

дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру қажет. 

Қазақстандағы  салауатты  өмір  салтын  дамытудың  бастамасы  мектепке  дейінгі 

ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша 

жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды. 

Жас  ұрпақ  тәрбиесі  –  адамзаттың  мәңгілік  тақырыбы.  Ұлттың  бүгіні  де,  болашағы  да 

тәрбиелі  ұрпаққа  байланысты.  Баланың  шын  мәнісіндегі  адам  болып  қалыптасуы  қыруар 

уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы 

Абай  атамыз:  Адам  ата-анадан  туғанда  есті  болмайды:  естіп,  көріп,  ұстап,  татып  ескерсе 

дүниедегі  жақсы-жаманды  танидыдағы  сондайдан  білгені,  көргені  көп  болған  адам  білімді 

болады , десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның 

үстінде шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай 

тәрбиелесең,  ол  солай  тәрбиеленеді,  деген  екен.    Адамның  дамуы  дене,  психикалық  және 

әлеуметтік  жетілу,  пісу  процесі  болып  табылады  да,  туа  біткен  және  өсекеле  бойға  сіңген 

қасиеттердің,  сандық  және  сапалық  өзгерістерінің  бәрін  қамтиды.  Дене  дамуы  бойдың, 

салмақтың  өзгеруімен,  бұлшық  еттер  күшінің  артуымен,  сезім  мүшелерінің  жетілуімен, 

қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. 

XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- 

өрісі  жоғары,  жан-  жақты  дамыған  ұрпақ  қалыптастыру  мемлекетіміздің  алға  қойған  аса 

маңызды  міндеті  болып  тұр.Тәрбие  мен  білімнің  алғашқы  дәні  –  мектепке  дейінгі  тәрбие 

ошағында  беріледі.  Отбасында  ата-ананың  ықыласы  мен  мейірімінен  нәр  алған  бала 

балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді.  

Баланың  бойындағы  жақсы  қасиеттер  мен  мүмкіндіктерді  ашып  ,  олардың  өнегелі  де 

тәрбиелі  болып  тәрбиеленуіне  балабақшаның  маңызы  зор.  Баланың  бақытты  болуы  үшін, 

денінің  сау  болуы  салауатты  өмір  салтын  ұстануына  көңіл  бөлу  керек,  сол  үшін  үлкен 

қамқорлық жасауымыз керек.  

Дені сау баланың ақыл- ойы айқын, өз- өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана 

қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының 


501 

 

дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл сәби  жастан басталуы мүмкін бе? 



Деген сұраққа иә белгілі бір жағдай туғызып жасауға болады. 

 Бала өмірін арнайы ұйымдастырылған  салауатты өмір салтын қалыптастыру. Бұл үшін 

сабақта,  ойын  барысында,  күнделікті  өмірде    балаға  жеткізе  білу  керек.  Адам  бала  кезінен 

бастап өз ісіне жауаптылық, қалыптасу деген ұғымға  жауапкершілікпен қарайды. Егер бала 

бұл процесте енжарлы болса оның қалыптасуы мен денсаулығы да өзгереді. 

Сондықтан кіші жастан бастап денсаулықты сақтау және оның жүйелігіне қызығушылық 

туғызу  қажет.  Бірақ  бала  денсалығын  нығайту    үшін  ұмтылмайды.  Ол  үшін  жеке  тұлғаға 

тиісті 


 

белгілі 


бір 

жасына 


сәйкес 

өзін 


өзі 

дамыту 


және 

өзін 


өзі 

сақтау  техналогия  қалыптастыру қажет. 

 Ол  күнделікті  біздің    таңғы  гимнастика,  сергіту  сәттері,  қимылды  ойындар,  серуен. 

Денсаулықты сақтау оқыту прцесі бала дамуына белсенді  қозғалысқа, қуатты ынталандыру, 

ақыл – ой және эмоционалдық белсенді  болып табылады. Нақтырақ  тоқталсақ денсаулыққа 

ынталандыру,  дені  сау  өмір  әрекетіне  қамтамасыз  ету  дағдылары    мен  іскерлігін 

қалыптастыруға баланы дене тәрбиеге деген қызығушылықтар пайда болады. 

Сауықтыру  шаралары  балалардың  денсаулығын  сақтап,  нығайтады.  Дене  мүсінінің 

сұлулығын қалыптастырып, қимыл- қозғалыс қабілетінің белсенділігін арттырады . 

Баланың  денсаулығын  сақтау  және  нығайту,  дене  жаттығуларын  жасауға 

қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуда мектепке дейінгі мекемеде 

денсаулықсақтау технологияларының түрлері: 

Балабақшада  оқу-тәрбие  жұмыстарын  заман  талабына  сай  жүргізу,  баланың 

денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық 

қызметкерлердің  бірлескен  нәтижелі  еңбектеріне  байланысты.  Осындай  мәселені  шешу 

барысында  біздің  анықтағанымыз,  баланың    денсаулығын  нығайтуда  және  аурудың  алдын-

алуда  тек  қана  баланың  қимыл  белсенділіктерін  көтеру  өте  аз,  сонымен  қатар  шынықтыру 

шараларын жүйелі өткізу керек. Ол үшін педагог дәстүрлі жұмыстарға дәстүрден тыс жұмыс 

түрлерінің жүйесін тудыруы жөн. 

Мысалы,  жалаң  аяқ  жүру  табан  мен  буындарды  бекіту  әдісі  болып  табылғандықтан 

барлық жаттығуларды жалаң аяқ ұйымдастырған өте ұтымды болады. 

Салауатты  өмір салтын ұстану  әрқайсысымыздың   дене тәрбиесімен  айналысуымызды, 

дұрыс  тамақтануымызды,  зиянды  әрекеттерден  аулақ  болып,  тазалық  пен  санитария 

шараларын сақтауымызды қажет етеді.  

Мектепке  дейінгі  жас  –  адам  денсаулығының  қалыптасу  кезеңі.  Бұл  жаста  дене 

тәрбиесінің ұйымдастырылуы баланың алдағы уақыттағы дамуына әсерін тигізеді. Яғни, осы 

кезде баланың өзіндік қасиеттері, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қызығушылығы және 

қабілеттері ашыла бастайды.  

Сондықтан,  бала  күннен  қалыптасқан  жеке  бастың  тазалығын  сақтау  әдеті  болашақта 

әрбір адамның өз денсаулығына зор қамқорлықпен қарауға үйретеді. Сол себепті де, "Тазалық 

– денсаулық кепілі” деп бекер айтпаған. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет