Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



Pdf көрінісі
бет65/102
Дата30.12.2016
өлшемі29,2 Mb.
#821
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   102

Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 

 «Отбасы және балабақша. №1.2014жыл 



2.

 

Отбасы және балабақша №4 2014 жыл 



3.

 

Бала мен балабақша. №8 2010жыл. 



4.

 

Мектепке дейінгі тәрбие. №5 2011 жыл. 



 

 

БАЛАБАҚША  МЕН АТА-АНАНЫҢ  БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ 



МАҢЫЗЫ 

 

481 

 

Насыпханқызы А.А 



№ 134«Гауһар» балабақшасы 

 

 



 Бала -басты  байлығымыз .Ал ең асылымыз –оның тәрбиесі  болашақта ел тізгінің ұстар  

азаматтар –бүгінгі  болашақ ұрпақтар Елбасымыз  Н .Ә. Назарбаевтың  « Ұлт болашағы  білімді 

ұрпақ қолында» деп айтқан  сөзі бизге жарқын болашаққа апарар  жолды меңзеп тұрғандай 

.Шын мәнәнде  бүгінгі жас –ертеңгі   елдің  мызғымас  тірегі ,  келешек келбеті. Сол себеті  

олардын  білімді ,  бәсекеге  қабілетті , жан -жақты  әлеуметтенуі  ел дамуындағы  аса  маңызды 

фактор  болып  табылатыны анық. Бала  тәрбиесі –игілікті іс. 

Берері де , сұрауы да , жемісі  де  мол тәрбие  саласының  ең өзектісі . 

Халықта « Ағаш түзу өсу үшін  оған көшет  кезінде  көмектесуге болады, ал  үлкен ағаш  

болғанда    оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер    айтылмаған  .Сондықтан    баланың    бойына  

жастайынан  ізгілік , мейрімділік , яғни  адамгершілік  құнды  қасиеттерді  сіңіріп , өз –өзіне  

сенімділікке  тәрбиелеуде  отбасы  мен  тәрбиешілердің  шешуі  роль  атқаратыны белгілі. 

 Бүгінгі  ұл –ертеңгі  әке,  ол әкеге қарап   өседі. Бүгінгі қыз –ертеңгі  ана,  ол шешеге  

қарап    өсіп  ,  бой    түзейді.  Балаға  білім  ,  тәрбие    беруде    басты    тұлға  ұстаз    болса  ,  оны 

жалғастырушы  ,    демеуші  –ата  –ана    және  қоғам  .  Балабақша    өмірі,    бала  тұлғасын  

әлеуметтендіру  проблемасы  әріптестік  педагогиканы  талап етеді.Және балабақша  мен ата-

ана , қоғам  бірлескен  кезде  ынтымақ  бар жерде  тәрбие де бар .Ынтымақ  бар жерде  береке 

,  бірлік те бар . 

 Баланың    бойында    адамгершілік    қасиеттердің    негізгі    отбасында    қалыптасады. 

Отбасындағы  адамдармен  қарым –қатынаста  бала  мәдениетті  үйренеді , жеке  адамға тән 

ар-ұят , ақыл –ой адагершілік  қасиеттерде  қалыптасады.Осыған орай  кез келген  бүлдіршін  

үшін    бала    бақша    тәрбиесі    ата-анадан    тәлім  –тәрбиені    одан  әрі    жаклғастырып  ,  

жандандырары  сөзсіз. Дер кезінде  алынған  мекетепке  дейінгі  білімнің  әр бүлдіршін  үшін  

маңызы зор. 

  Ел  басымыз  Н.Ә.  Назарбаев    өзінің  «  Қазақстан  болашағымыз  –қоғамның    идеялық  

бірлігінде» атты  еңбегінде « Ұлттық мәдениетке ,  ана тілге  еркіндік беру , оны  тәлім –тәрбие  

құрылымына  айналдыру  ,    тәрбие  мәселесінде    ұлттық    ізгілік  пен    өркениетті    әлемдік  

имандылық  үрдісінің  ортақ  мүддесін жаппай  сезіну  және оны  кіріктіре  пайдалану  арқылы 

іске асыру керек»-деп  атап өткен . 

Мұндай  тәрбие    жұмысын    әдетте    мектепке  дейінгі    тәрбиеден  ,  яғни    балабақшадан 

бастаған дұрыс. Әдетте  адамның  жеке басының  қасиеттері  бес жасқа  дейін қалыптасады 

екен  .  Сондықтан    баланы  жан-жақты    қалыптасуы    үшін  мектеп  жасына    дейінгі  

бүлдіршіндердің  бойына  жақсы,  жағымды  қасиеттерді  сіңіре  білу керек. Бала әр нәрсеге  

құмар  ,  қызыққыш,    ол  өзінің    болып  жатқан  өзгерісті  ,  тамаша    құбылыстарды    сезінуге  

тырысады.Оның  жан жақты  дамып  жек  тұлға болып  тәрбиеленуіне , тілінің  дамуына  ең 

алдымен  ата-анасы  міндетті. Бала үшін дүниеде  ең жетілген , білімді де  мәртебелі  адам –

оның  ата-анасы . Жас  баланың дамуында  ата-ананың орыны ерекеше , сондықтан  ата-ана  өз 

отбасында  қолайсыз  жағдайларды  баланың  көзінше тудырмауға  тырысу қажет . Ата аналар 

балаға    отбасылық    өмірдің    алуан  түрлі  ,  қыры    мен  сырын    дүние  тіршілігіндегі    еңбегі  

адамның  бейнелері  ,  жақсы    мінез-құлқы  ,  дұрыс  қарым  –қатынасы  –балаға  үлгі.  Баланың  

алдында  барынша сабырлы  әр ұстамды  болуга тырысу керек ,  ата-ана  өзі үлгілі  бола отырып 

, баласын  сабырлыққа  тәрбиелейді .Әр ата-ана үлгіні ата-анасынан алады . Бала әкеден ақыл,  

анадан мейір алады.Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымның  педагогикалық  ұжымы  ата-

аналармен бірлесіп,  баланы өсіріп  тәрбиелеудегі  басты мақсаты  дені сау , рухы  таза , ана  

тілін толық меңгерген  ұрпақ өсіру  қазіпгі  кездегі  ең негізгі  мәселе. Бала тәрбиесінде  отбасы  

басты орын алады .Тәрбиенің сан алуан  келелі  мәселесін шешетін , қарапайым  дағдыларды  

бала санасына  орнықтыратын  алғашқы білім баспалдығы –балабақша. 

Балабақшада    халық  педагогикасын    бала  бойына    сіңіре  отырып    имандылыққа  , 

адамгершілікке  тәрбиелейміз .Бүгінгі күнде  жас ұрпқтың  сана сезіміне  өз елінің  жерінің 



482 

 

тарихы  мен    мәдениеті  туралы    алғашқы  ұгымдарды    кішкентай  кезінен  балабақшадан 



қалыптастырамыз.Баланың    өмірге    қадам  басардағы  алғашқы    қимыл-іс  әрекеті    ойын  . 

Сондықтан  оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев « Ойын  ойнап 

, ән салмай  өсер бала бола ма?» -деп айтқандай  баланың  өмірінде  ерекше орын алады.  

Ойын мектеп жасына дейінгі  баланың  жеке басының  дамуына  ықпал  ететін  тәрбие 

құралы.  Ойын  баланың    барлық  кабілетінің    дамуына  ,  айналасындағы    дүние  жайлы  

түсініктерінің  кеңеюіне , тілінің дамуына құрбыларымен  жақындауына көмектеседі.Өйткені 

бала  нәрісте    шағынан    бастап    адалдылыққа  ,  батылдыққа    ,  мейрімділікке  ,  еңбек  етуге  

тәрбиелеудің құралы ойын.Осыған орай  бүгінгі  күндері тәрбиешілер  алдында балаға білім  

алдында  білім  дағдыларын  игеріп  қоймай  ,  қабылдауын  ,  ойлауын  ,  қиялын  сезімін  ,  ерік 

жігерін  жан жақты  етіп дамыту міндеттері  түрі.Мысалы: тәрбиенің   ең маңызды міндеті 

саналатын ақыл-ой тәрбиесінің  өзі  бала  ойының:   еңбегін және балалардың  оқуын үнемі 

бағыттап отыруды көздейді. 

Бала өзін –өзі  көрсете білсе , ендеше  ойын , оқу  еңбекте  адамгершілікке  тәрбиеленеді  

деген сөз.Өйткені мұнда  олардың  өзара  ересек  адамдармен  қарым қатынасы қалыптасады.  

Іс  әрекеттің    әрбір    түрінде    осылайша    өзара  ұштасып    жататын  педагогикалық  

мүмкіндіктерді    ескере  отырып  ,  мектепке    дейінгі    ұйымдарда    балалардың    тіршілік  

әрекеттерін ,  тәрбиелік  мақсатқа  сай ұйымдастыра  аламыз. Ойын , еңбек , оқу  арқылы  біз 

балаларға   белгілі бір  тұрғыдан  ықпал жасай аламыз. Бірақ біз әрекеттер  ойын еңбек , оқыту  

өзара  ұштасқан  жағдайда  ғана  баланың  жеке  басын  дамыту  нәтежесіне жете аламыз. 

Балабақшаның  негізгі  міндеті  –баланың    жеке  басының  бастапқы    қалыптасуын 

қамтамасыз ету . Бұл  жас баланың  ақыл-ойының  дамуы мен  даярлығы  үшін қолайлы кезең. 

Осы кезеңде  бала оқу мен  тәрбиені  қалыптастыруға , өз қызметін  білуге , тілдік  қатынгастың  

қарапайым  тәжірбиесінде  өзін өзі  таныта білуге , мінез  мінез -құлық  

мәдениетіне    ,  жеке    гигиеналық    және    салауатты    өмір  салтының    негіздеріне  

бағдарланады. 

Еліміздің    ертеңгі  болашағы    жас  ұрпақты    азаматтық    пен    имандылыққа    баулу  – 

тәрбиешінің  басты  міндеттерінің  бірі . 

Сонымен қатар  ата-аналар мен  мектепке дейінгі  ұйымдар  ұлттық тәрбиеге  де мән 

береді  .  Бұл  саладағы    икүш-жігер    алдымен    бүлдіршіндерді    отандыққа    тәрбиелеуге  

бағытталады. «Отан»  деген ұғым балаға  дүние есігін  ашқан үйі , ата-анасы, ағайын туыстары 

, туған жері, кең-байтақ  гүлжазира  даласы, тау –тасы  өзен –көлі , сылдырап  аққан мөлдір   

бұлағы  бейнесінде   қабылданып , ең қасиетті де  құдіретті  алтын    бесігі ретінде үйретуге  

тиіспіз. 

Жас ұрпқты  кішкентайынан  салт-дәстүрлер  рухында  баулу , құлағына  сіңіру  әдет- 

дағдысына  айналдыру-   парызды іс. 

 Бала  әке-шешеге  берілген  аманат.  Бала  тәрбиесі  қай  кезден  басталатындығы  жәйлі 

көптеген пікір - таластар бар. Кейбіреулер тәрбие тал бесіктен басталады десе, келесісі бала ес 

біліп, етек жеңін жиып, ержеткен соң тәрбие ала бастайды дейді. Ал, ғалымдар болса: «бала 

ана құрсағында пайда болған кезден-ақ оның тәрбиесі басталады»- деп айтады. 

Шындығында 

«бала 

ақыл 


тоқтатып, 

есеймей 


тұрып-ақ 

көргенін 

істей 

бастайды....үлкендер не қылса, соны қылады. Жақсы істесе жақсы, жаман істесе жаман істейді. 



Бұлай болғанда, бала тәрбиелеудің негізі ата-анасында». 

Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы ұрпақтарын «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі де 

өнерлі, иманды да инабатты, ар-ожданы жоғары, намыс қой етіп тәрбиелеп келді. Ол кезде 

салт-дәстүр, наным – сенім, әдет-ғұрып, жора-жосын, үлгі-өнеге арқылы ешкімнен кем - қор 

болдырмай тәлім- тәрбие берген. 

Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты 

өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогикалық   іркіліс, кешеуілдеу 

адамдардың  даму  дағдарысына  алып  келеді,  ғылыми  -  техникалық  прогрестің  табандауына 

соқтырады.  Сондықтан  да  педагогика  қалаған  дерек  көздерінен  жаңа  білімдерді  теріп, 

жинақтап отыруы қажет. 



483 

 

 Осы  уақытқа дейін тәрбиелік қызмет  мұншама қиын, күрделі  және жауапкерлі болып 



көрген  емес.  Бұрын  дүние  басқаша  кейіпте  болды.  Онда  бүгінгі  балалар  тәрбиесіндегі 

қиындықтардың  кейбір  түрлері  тіпті  болмаған.  Отбасында,  мектепке  дейінгі  балалар 

мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі мен бақыты, 

бүкіл қоғамның берекесі соған тәуелді. Бұл ретте бала бақшаларының атқаратын ролі жоғары. 

Мектепке дейінгі балалық шақ - жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы ерекше кезең. 

Бұл кезеңде бала айналасындағы ересек адамдарға тәуелді. Мысалы, ата-анасына, балабақша 

тәрбиешісіне, т.б. Осы жаста дұрыс көрсетілмеген күтім, берілмеген тәрбие келешекте үлкен 

проблемаларға соқтырады. 

«Білім туралы заң» мен мектепке дейінгі білім беру мекемесінің типтік ережесіне сәйкес, 

баланың  толыққанды  дамуын  қамтамасыз  ету  үшін  балабақша  алдында  тұрған  негізгі 

міндеттің  бірі-отбасымен  қарым-  қатынасқа  түсу.  Бала  қалыпты  даму  үшін  балабақша  мен 

отбасында теңдей жағдай жасалуы керек. Отбасының тәрбиелік қызметі-баласына мейірімді 

ана  және  әке  болуда  ғана  емес,  отбасы  «қоғаммен  байланысы  бойынша  өсіп  келе  жатқан 

ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді»  

«Бала  тәрбиелеушi  ата-аналар  өздерiнiң  қабiлеттерi  мен  қаржылық  мүмкiндiктерiнiң 

шегiнде, оның дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани жағынан дамуына қажеттi өмiр 

сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшiн негiзгi жауапкершiлiкте болады» 

Ата - ана бірінші педагог болып табылады. Осыған сәйкес мектепке дейінгі мекеменің 

отбасымен жұмыс жасаудағы ұстанымы өзгеруі керек. Балабақшалар балаға тәрбие беріп қана 

қоймай,  ата-аналарға  тәрбие  жөнінде  кеңестер  де  беріп  отыруы  қажет.  Ал  ата-аналар 

«балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге» міндетті.  

Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде бұрыннан қалыптасқан екі бағыт бары белгілі: 

отбасылық және қоғамдық. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесін тіпті жоғары дәрежелі балабақша 

мен мектеп алмастыра алмайды деген пікірлер жиі айтылып жүр. Қосылуға болады. Дегенмен, 

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде 

«балаларды  тәрбиелеу,  оқыту,  дамыту  және  сауықтыру  тұтастығы  принциптерін  ескере 

отырып,  мектепке  дейінгі  және  бастауыш  білім  берудің  сабақтастығы  мен  үздіксіздігін 

қамтамасыз ету 

Біздің №134  «Гауһар » балабақшасында 350 –дей бүлдіршіндер тәрбиеленуде. 2012-2013 

оқу жылында: «Ойын арқылы балалардың ой-өрісін және тілін дамыту» және «Отбасы-тәрбие 

бастауы» деген екі бағдарламамен жұмыс жасап жатырмыз. Осы барысында «Жаңа оқу жылы 

мектепке  дейінгі  гимназия  табалдырығында»,  «Тәртіптің  ең  тамаша  мектебі-  отбасы» 

тақырыптарында  педагогикалық  кеңестер  өтті.  Біріншісі  дөңгелек  үстел,  екіншісі  дәріс-

тренинг  пішінінде  өткізілген  бұл  шараларда  жалпы  ақпараттық  сауалнамалар  жүргізіліп, 

тәрбиешілердің іс-тәжірибесінен слайдтар көрсетілді. 

Бақшамызда баланы еңбексүйгіштікке баулуда ата-аналармен бірлестікте біраз шаруалар 

атқарылды. Баланы өзіне өзі қызмет етуге үйрету, үй шаруашылығында еңбекке баулу сияқты 

шаралар  екі  жақты  ынтымақтастықта  жүргізіледі.  Педагогика  саласында  ойын  арқылы 

балаларды еңбекке дағдыландыруды алғаш рет мәселе етіп көтерген Н.К. Крупская. Сондай-

ақ ол өзінің педагогикалық шығармаларында ата-ананың да білім деңгейін көтеру керектігі, 

оларды балабақша өміріне араластыру қажеттілігі жайлы да атап көрсеткен. Себебі  баланы 

қалай тәрбиелеу керектігін білмейтін ата-аналар кездеседі ғой. 

Атқарылатын  істер  жүйелі  жүру  үшін  алдымен  ата-аналар  арасында  сауалнама 

жүргізіліп,  мекемеміздің  даму  деңгейі,  отбасымен  жұмыс  мазмұны  анықталады.  Әрі  қарай 

білімдік  қызмет  көрсетуде  ата-аналардың  қажеттілігін  зерттеу,  ата-ананың  педагогикалық 

және  құқықтық  мәдениетін  көтеру  мақсатында  іс-шаралары  жалғасуда  .  Жарты  жыл  сайын 

отбасы  мен  балабақша  ынтымақтастығын  айшықтайтын  шаралар  көрсетілімімен 

таныстыратын бейнероликтер дайындалады. 

Ата-аналармен тығыз байланыста болу үшін алдағы күндерде біріккен іс- шараларды жиі 

өткізу, ата-аналарды МДГ өміріне белсенді араластыру мақсатында баланың жеке тұлғасын 

бірігіп зерттеу және қалыптастыру, баспасөз құралын шығару қолға алынып жатыр. 


484 

 

 Қорыта айтқанда, бүгінгі күн талабына жастарды саналы,  әдепті  етіп тәрбиелеу үшін 



ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйеніп, ұлттық дәстүрімізді, әдет ғұрпымызды, дінімізді, ата-

бабамыздан  қалған  асыл  мұраларды  балалардың  санасына  сіңіре  білу  ата-ананың  басты 

міндеті. Сондықтан бала тәрбиесінде ата-ананың ролі ерекше. Бала тәрбиесіне әрбір ата-ана 

жауапкершілікпен қарап, барлық қазақи қасиетті болмысын бойына дарыта білсе нұр үстіне 

нұр болар еді. Және  бала балабақшаға  бүлдіршіндер қуана келіп, үйіне қуанып қайтуы керек. 

Балабақшада жайлы, көңілді, қызықты болатынын, достары көп екенін, ал үйде оны отбасы 

жақсы көретінін, үлкендердің оны асыға тосып отыратынын сәби сезсе балабақша мен отбасы 

ара  қатынасының      дұрыс    жолда    екендігі  анық.Сондықтан  да  мына  жайттарды  есімізге 

ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға 

кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда 

көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер 

ата - ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, 

тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1.« Абайдыңпсихологиялық-педагогикалық   көзқарасы  және  қазіргі мектебі».   Қ.  Тәлімұлы. 

2. « Тәрбие   құралы» журналы №3   2008,  2011ж. 

3.  «  Қазақ  халқының   салт-дәстүрі» Алматы –1994ж 

4. « Отбасы  және  балабақша»  журналы  -2008ж. 

5.  Жаңашылдық  жүйесіндегі    педагогикалық    іс  –әрекет  тұжырымдама      ,  тәсілдеме 

технолгиялар- 2014 ж 

 

 



 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 

 

 

Ниязалина А.Н.   Мусаханова А.У. 

«Алтын сақа» балабақшасы КМҚК 

 

 

«Туған  жердің  каратасын  мақтан  ете  білмеген  азамат  бөгде  жердің  алтын  тасын  да 

мақтап жаратпақ емес» 

Қаныш Сатбаев 

Туған  өлкенің  табиғаты-өте  қуатты  бұлақ,осы  бұлақтан  бала  білім  мен  әсерді 

сусындайды. Қоршаған өлі және тірі табиғаттың обьектілеріне деген қызығушылық өте ерте 

оянады. Балалар өте байқағыш  келеді: орман соқпағындағы енбекқор құмырсқаны, қалың шөп 

арасындағы  кішкентай  өрмекшіні  де  байқап  қалады.  Балалардың  назарын  табиғаттың  әр 

маусымы  сайын  болатын  өзгерістерді,бояулардың  ашықтығы,дыбыстардың,иістердің 

әртүлілігі  өзіне  аударады.  Олар  өздеріне  жаңа  әлем  ашады:  көзге  түскен  затты  қолмен 

ұстауға,көзбен  көруге,иісін  сезіп,мүмкін  болса  дәмін  татуға  тырысады.  Сондықтан  да  біз 

ересектер,балаларды  табиғатты    сүюге,  құрметтеуге,қорғауға  және  оның  байлықтарын 

кобейтуге  үйретуді  міндеттіміз.  Экология-бұл  тірі  ағзалардың  бір-бірімен  және  қоршаған 

ортамен  қарым-қатынасы  туралы  ғылым  болғандықтан,балалардың  табиғатта  болатын 

ғылыми байланыс түсініктерін қалыптастыру қажет. 

К.Д.Ушинский "Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту,оның өзіндік логикалық 

ойлауын,сөздік  қорын,  санасының  жетілуіне  әсері  мол  екенін  атап  көрсеткен.Логикалық 

ойдың,  пікірдің  дамуы  баланың  келешекте  рухының  жоғары  болуына,батыл  пікір,нақты 

шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. 



485 

 

Табиғатпен таныстыру барысында    "Табиғат  бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал 



бесігі, өсіп өнер мекені"  екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі 

балалардың  тірі  және  өлі  табиғатқа  деген  сүйіспеншілік  қарым-  қатынасын  тәрбиелеу 

мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау  -  экологиялық тәрбие мен білім 

беру жұмыстары арқылы жүргізіледі. 

Табиғат  құбылыстарының  кейбір  заңдылықтары,  бұл  құбылыстардың  мерзімді 

қайталануымен таныстырылады,осының негізінде табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыда 

ұғынуы,білуге  құлшынысы,байқап-көре  білуі,логикалық  ойлауы,табиғатқа  эстетикалық 

тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді. 

Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізу, оқытудың негізгі формалары бақылау қызықтау, 

серуен.  Тәрбиешінің  табиғи  нысандары    мен  табиғат  құбылыстарын  бақылауды 

ұйымдастыруы,  балаларды  табиғатпен  таныстырдың  негізгі  мәселесі  болып  есептеледі. 

Қызықтау кезінде балаларды таза ауада, көз тартар әдемі гүлдер мен ағаштар арасында болуы 

көтеріңкі  көңіл-күймен  қатар,  табиғат  сұлулығын  сезіне  білуіне  әсеретеді.  Ал  серуен 

кезінде,    тәрбиеші  балаларды  табиғатпен  таныстырып,  өсімдіктерге  су  құю,  қураған 

жапырақтарды  бірге  жинау,  ағаш  түптерін  тазалау  т.б  сияқты  қарапайым    еңбектүрлеріне 

қатыстырады.  Мұндай  еңбек  түрлерін  орындау,  балалардың  еңбекке  деген  жауапкершілік 

сезімдерін  дамытып,  ынтасынарттырады.  Экология  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыруда 

тәрбиенің негізгі  салалары  болып  табылатын  адамгершілік,  эстетикалық  еңбек,  имандылық 

тәрбиелері-мен  сабақтастыра  жүргізу  басшылыққа  алынады.  Бағдарлама  мазмұнында 

көрсетілгендей  өлі  және  тірі  табиғатпен  одан  әрі  таныстырып,  табиғат  құбылыстары 

жайындағы  бастапқы  жалпылама  ұғымдардынақты  түрде  меңгерту  ұсынылады.  Жыл 

мезгілінің  ерекшелігіне  орай  күзгі  табиғат  құбылысы  (жаңбырдың  жаууы,  адамдардың 

пайдалы  іс  әрекеті,  ауладағы  жапырақтарды  жинау,жылы  жаққа  ұшатын  құстарды  бақылау 

т.б). Қыстап қалған құстарға қамқорлық, табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен құстарды күту, 

балыққа  жем  беру.  Ерте  көктемде  ұшып  келетін  құстарға  үлкендер  көмегімен  дайындаған 

ұяларға жем шашу, ауладағы гүл, көкөніс өсімдіктерін өсіруге жәрдем беру. Бүршік жарған 

ағаш бұтақтарын (бұтақ, бүршік, өсімдік т.б) мағынасына сай түсіндіру.      Наурыз мерекесінің 

қарсаңында  жасшыбықтар  отырғызып,  оны  күтуді  күнделікті  әдет-дағдыға  айналдыру. 

Көктемнің  әдемі  келбетін  жырлайтын  өлең  жолдарын  әңге  қосу,  сөз  жұмбақтар  шешу, 

дидактикалық, қимылды ойын түрлерін пайдалану, өз ойларынан табиғат көрінісінің суретін 

салып,  әңгімелеп  айтып  беру.  Жаз  кезінде  тәрбиешілердің  ұйымдастыруымен  өзен-көл 

жағасына, баққа, гүлалаңына барған кезде айналаның тазалығына мән беру. Бұл әр баланың 

жауапкершілік дағдысын, ұжымдық бірлігін арттыруда, балалардың ойлау тұтастығын, яғни 

табиғатты  қорғау  көз  қарасын  дамыту  үшін,  жыл  мезгіліне  сай  жүйелі  мақсат-міндетті 

айқындалған  экологиялық  тәрбие  жұмысы  оқу  жылының  өн  бойында  жүргізіліп  отыра-ды. 

Экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында азаматтың барын, ғылыми, білім, 

көзқарас  пен  сенім  жүйесін  орнықтыру  болып  табылады.  Бұл  қоршаған  ортаменқарым-

қатынаста  тәртіптілік,  ұқыптылық  ережелерін  орындау,  табиғатты  аялап,  оған  қамқорлық 

таныту қабілетін дамытаданегізделеді. Балаларды мектепке дайындауда экологиялық тәрбие 

жұмысы мынадай міндеттердің негізінде  

Балаларды өсімдіктер мен жануардыкүтіп баптауға баулу, олардың бойында қабілет пен 

икемділікті орнықтыру.Табиғаттың сан-алуансырларымен байлықтары жөнінде эстетикалық 

және  ұлт  жандылық  сезімдерін  дамыту.  Табиғатта  барлық  нәрсенің  бір-бірімен  өзара 

байланыста болатынын түсіндіру және осы байланысты күнделікті өмірде ескеру қажеттігін 

үйретіп отыру.Балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, осының негізінде 

тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді меңгерту. 

Балабақша өміріндегі экологиялық тәрбиені отбасында қалыптасқан дәстүрлі тағылымдарды 

басшылыққа ала жүргізу. Міне, осы міндеттердің барысында балалардың экологиялық таным-

түсінігін тереңдетіп, олардың табиғатқа деген жаңа мәдени қарым-қатынасын бекіту. Мұндай 

жұмыс  түрі  балалардың  физиологиялық  даму,  психологиялық  жас  ерекшеліктерін  ескеріп, 

әдіс-тәсілдерді  шебер  пайдаланып,  шығармашылықпен  жұмыс  істейтін  тәрбиеші 


486 

 

басшылығымен жүргізіледі. Оқу жоспарында экологиялық тәрбие жұмысын аптасына бір рет, 



айналамен таныстыруды бір рет өткізілу көзделген. Экологиялық тәрбиенің психологиялықа 

спектілеріне  орай  бала  табиғатқа  жанашырлық,  қамқорлық  және  еңбекқорлық,  белсенділік, 

ұқыптылық сияқты дағдыны меңгереді. Экологиялық тәрбие тақырыбына сай іріктеліп, бала 

жасына лайық талпынуы тиіс, мұндай шығармаларды тәрбиешінің қарапайым тілмен жеткізе 

білуі  баланың  табиғатқа  деген  жауапкершілік  қарым-қатынасын  арттырып,  әрекет  түрлерін 

меңгеруге мүмкіндік береді. Тәрбие жұмысы кезінде ұлттық ерекшелікті сақтай білу, ертегіні 

кейіпкерлендіру,  қызықты  сәттер,  проблемалық  жағдайлар,  ойын  түрлерін,  ырым-

тыйым    сөздерді  пайдалану,  баланың  обал-сауаптуралы  түсінігін  кеңейтіп,      өз  бетінше 

дербесшешім қабылдай білуіне баулиды. «Жер, су, ауа», «Жапырағына қарай анықта»,  «Кім 

жылдам?»,  табиғат  құбылыстарына  байланысты  сөз  жұмбақтарды  шешу  т.б  йын  түрлері 

арқылы бала қоршаған туралы түсінік алады, дүние сырларын түсініп, аңғарабастайды. 

Мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты: Балалардың 

тірі  табиғат  туралы  ұғымдарын  кеңейте  отырып,  тірі  организмдердің  қоршаған  ортамен 

байланысын, өмір сүру заңдылықтарын білу.  

Балабақшадағы экологиялық тәрбие міндеттері: 

-Экологиялық білімді тереңдету, кеңейту. 

-Өсімдіктер мен жан-жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. 

-Табиғаттағы өзгерістерді байқау, салыстыру, талдау. 

-Табиғаттағы тіршілік иелерінің байланыстарын білу. 

-Туған өлке табиғатын сүю. 

Балабақшада  мемлекеттік  стандартқа  сай  жоспарлай  отырып  экологиялық  тәрбие 

берудің сан –салалы жолдары, түрлері, әдіс-тәсілдері жетерлік. 

Атап айтсақ: 

1.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті  

2.Экскурсия сабақтар, экологиялық сабақтар.  

3.Мерекелік шаралар. 

4.Бос уақыттарда кітаптар оқу. 

5.Көрме, бұрыштар ұйымдастыру. 

6.Балабақша ауласын көгалдандыру, балалар еңбегі. 

7.Бақылау жасау, тәжірибелер жасау. 

8.Экологиялық ойындар ойнау. 

Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  негізгі  әрекеті  -ойын.Экологиялық  ойынның  өзіндік 

ерекшеліктер  мен  тәрбиелік  мәні  бар.  Экологиялық  ойынның  мақсаты:балаларды 

тапқырлыққа, шапшаңдыққа, өлі және тірі табиғаттың ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. 

Бұл  экологиялық  ойындарды  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде,  серуен  кезінде,тәрбиелік 

шараларда қолданамыз. Экологиялық тәрбие берудің жас ұрпақ үшін маңыздылығы, табиғат 

сұлулығына  қатысты  эстетикалық  қатынас,  экологиялық  аспектіде  адамгершілік  қатынас 

қалыптасады. Осы тұрғыда белгілі ғалым- эколог И. Д. Зверев «Педагогикалық практиканың 

негізгі  жағдайында  барлық  оқу  пәндерін  экологияландыруға  байланысты  мұқият  ойланып 

істелген жұмыстар қажет» дейді. Сондай - ақ, ол пәндерді экологияландыру басты мәселе деп 

қарайды. Осы пікір тұрғысынан алғанда білім салалары бойынша ұйымдастырылған оқу іс-

әрекеттерінің  өзара  байланыстылығы  арқылы,  экологиялық  білім  және  тәрбие  берумен  

экологиялық  мәдениетті  тұлғаны  қалыптастыруда  жаңа  технологияларды    ендіру 

жауапкершілігін сезіну әрбір тәрбиешінің  міндеті болуы тиіс.  

Жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  олардың  жеке  тұлғасының  қалыптасуында  өскен  ортасы, 

табиғаттың  әсемдігі,  көгалдандырылуы  –  негізгі  әлеуметтік  факторлардың  бірі.  Ол  жұмыс 

әрбір  Қазақстан  азаматының  күнделікті  дем  алатын  ауасы  мен  тамағы  сияқты  қажеттілікке 

айналуы керек.  Дана халқымыз  «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей күтілген әсем 

аулада өмір сүрген ұрпақ өскенде де, сондай ортада өмір сүруді мақсат етеді. Демек, әсемдікке 

бала жастайынан үйренсе, оны ары қарай іске асыру көп қиындық тудырмайды. Балалардың   

жеке   тұлға   болып   қалыптасуына   тәрбиенің табиғаттың   қатысында, табиғат   арқылы   


487 

 

берілуіне    байланысты екендігін   бүгінде    ғылыми   педагогикалық   зерттеулер   дәлелдеп   



отыр. Табиғатпен    қарым  – қатынас,   балалардың   ойлау,   есте     сақтау, бақылағыштық   

қасиеттеріне,  сана   сезімдерінің   жылдам   өсіп   жетілуне, түйсігіне   тағы   басқа   оңды  әсер 

ету    мүмкіндігі      шексіз.  Себебі,  адам      табиғи      тірі      ағзалардың      бірі.  Адам      өзінің   

болмысымен игерген   білім жүйесі   нәтежиесінде   өзін   кейінгі   өмір  кезеңдерінде көрсете   

алады.  Білім  мен  тәрбие  беру    жұмыстарының  нәтижесінде  мектепке  дейінгі  жаста    негізі 

қаланған әсемдікті сезіну, талғамын жетілдіру жұмысы бастауыш сыныптарында,  орта білім 

алу,  яғни,  базалық  білім  алу  барысында  одан  ары  жалғасын  таппақ.  Бұл  кезде  бала  өзін 

қоршаған  ортадағы  өсімдіктердің  қыр-сырын  терең  білуге  талпынады.  Сөйтіп,  бала 

өсімдіктерді аулада, бөлмеде өсіру, оларды күтіп баптау әдіс - тәсілдерін іздеп, өзін қоршаған 

ортаға    қызығушылық  таныта  бастайды.  Баланың  мұндай  қызығушылығы  экологиялық 

мәдениетті қалыптастырады. 

 «Табиғат-бүкіл  тіршілік  атаулының  алтын  ұясы,  талбесігі,  өсіп-өнермекені»,  яғни 

табиғатты қорғау-экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастыру мен табылады.Қазіргі уақытта 

экологиялық  тәрбие  арқылы  бірқалыпты  даму  концепсиясының  мақсатыңа  жетуге  болады. 

Табиғат жеке  тұлғаның  қалыптасуына,оның ойының дамуына,эстетикалық,еңбек және дене 

шынықтыру тәрбиесіне күшті әсер етеді. Әр адамның  баласы қалай болып өсетіні өзіне ғана 

байланысты.  Біз  баланы  табиғатты  пайдаланып  қана  қоймай,оған  қамқор  болуға,оны  күтіп 

аялауға  үйретуіміз  керек.  Табиғатқа  деген  дұрыс  қарым-қатынасты  қалыптастыру  балалық 

шақтан  басталады.Жас  кезінен  табиғатқа  зиян  келтірмей,оны  сүйюге,оған  қамқор 

болуға,саналы пайдалануға,дамытушылық шараларға үйрену керек. 

Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге,ең ұлы қамқоршысы да екенін 

ешқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат озбырлықты көтермейді. Оны мәпелеп  баптап, 

мейіріммен  аялау  арқылы  ғана  қажетті  үлесіңді  үзбей  ала  аласың.  Табиғат  қазынасын 

қастерлеген  адам  ғана  ұлы  мұратқа  жетеді.  Өз  адамгершілігінің  салмағын  өлшегің  келсе, 

табиғаттың  сыр  сипатын  түсіне  білуге  әрекет  жасап  көр.  Туған  жеріміздің  баға  жетпес 

қазынасын ысырап етпей, еселеп арттыра беру жолында талмай, жалықпай еңбек ету  барлық 

үлкен-  кішінің абыройлы борышы, мүлтіксіз атқаратын міндеті. Табиғат-адам үшін жайлы 

мекен, барлық игіліктің бастауы. Адамзаттың басты міндеті   табиғи қуат көздерін орнымен 

пайдалану,  табиғат  әсемдігін  сақтау,  қоршаған  ортамен  үйлесімді  өмір  сүру,мейірімділік 

нұрын шашу екенін ұмытпайық. 

Ендеше,  туған  табиғатты,  туған  ел  мен  жерді  құрметтеуге  бүлдіршін  жастан  бастап 

баулыған абзал. Сонда ғана біздің еліміздің болашақ ұрпақтарының кез-келгені экологиялық 

сауатты, адамгершілікті, мейірбан, табиғатпен жан-дүниесі үйлескен, дүниетанымы кең болып 

тәрбиеленеді. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет