Используемая литература:
1. Гуткина Н.И. Психологическая готовность к школе. – 3-е изд. – М.: Академический
Проект, 2000. – 184 с. – (Руководство практического психолога).
2. Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. – М.:
Педагогика,1991. - 152 с.
3. Петроченко Г.Г. «Развитие детей 6 - 7 летнего возраста и подготовка их к школе», М. 1978
- 291 с
4. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. - М., МГУ, 1999. - 148 с.
5. Венгер Л.А. Венгер Л.А. «Готов ли ваш ребенок к школе?» М. 1994 – 189 с.
6. Венгер Л.А. «Психологические вопросы подготовки детей к обучению в школе,
«Дошкольное воспитание» 1970 – 289 с.
7. Выготский Л. С. Детская психология: Собрание сочинений в 6 томах. Т. 4. — М.:
Педагогика, 1984. — С. 243—387.
БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУ
Тасмагамбетова К.Е.
Қарағанды қаласы әкімдігі Қарағанды қаласы білім бөлімінің
«Айгөлек» №61 балабақшасы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
611
Қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, көп көңіл бөлген. Оның аса жауапты
қоғамдық мәселе екендігін мойындай отырып, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары бала
тәрбиесінің мақсаты мен міндетін оны іске асыру жолдарын өз мүддесіне сай, өзінше шешуге
тырысқан.
«Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, бала тәрбиесі оның дүниеге келген
алғашқы күннен басталады. Адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін
өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын
еш нәрсе толтыра алмайды. Яғни елдің ер- азаматын тәрбиелеу, ең алдымен, отбасына
жүктеліп отыр.
Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Ата – ана
баласына әр-түрлі себептер арқылы әсер етеді. Біріншіден, бекіту: балалардың қылығын
мадақтау және жазалау. Ата-ана бала санасына нақты нормалар жүйесін енгізеді, бұл жүйе
уақыт өсе келе баланың ішкі қажеттілігіне айналады. Екіншіден, сәйкестендіру: ата-анаға
ұқсауға,еліктеуге ұмтылу. Үшіншіден, түсіну: баланың өмірлік мәселелеріне ретпен,ішкі
әлемін біліп, орынды араласу арқылы ата-аналар оның өзіндік санасын және коммуникативті
сапаларын қалыптастырады.
Біздің ойымызша баланың болашағын ойлаған ата-ана 1-сыныпқа баруға мектеп
таңдауы қажет. Оған қандай құжаттар керектігін білу керек.
Мектепке бару – бала өміріндегі үлкен оқиғалардың бірі, бала дамуының жаңа кезеңінің
басталуы. Мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті - ойын.Бала ойын арқылы
әр түрлі қарым-қатынасқа түсіп, қарапайым білім мен дағдыларды қалыптастырады. Баланы
жеке тұлға етіп тәрбиелеуде ойын негізгі құрал болады. Мектепке баратын бала белгілі бір
деңгейдегі күш және жинақылықты талап ететін жүйелік оқу - еңбек саласына
ауысады.Соңдықтанда балалның ортамен қарым-қатынасы кеңірек және әр түрлі бола
бастайды.
Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың жетістігін
қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып
табылады. Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін ойдағыдай шешу, оқытудың тиімділігін
арттыру үшін балалардың мектепте оқуының дайындық деңгейін нақты ескере отырып, дұрыс
бағытта жұмыс жасай білу керек.
Балалардың мектепке даярлығы төмендегі параметрлер бойынша анықталады.
Олар:
1. Жоспарлау - бұл мақсатқа сәйкес өз іс - әрекетін ұйымдастыра білу іскерлігі:
- баланың әрекеті мақсатпен сәйкес келмеуі - төменгі деңгей;
- баланың әрекеті мақсаттың мазмұнына жартылай сәйкес келуі — орта деңгей;
мақсаттың мазмұнына баланың әрекеті толығымен сәйкес келуі - жоғары деңгей.
2. Бақылау- қойылған мақсатпен өз әрекетінің нәтижесін салыстыру іскерлігі:
- бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа мүлдем сәйкес келмеуі - төменгі деңгей
(баланың өзі бұл сәйкессіздікті көрмейді);
- бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа жартылай сәйкес келуі - орта деңгей
(жартылай сәйкессіздікті бала өз бетінше көре алмайды);
бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа толық сәйкес келуі, бала өз бетінше алған
нәтижесі мен қойылған мақсатты салыстыра алуы - жоғары деңгей.
3. Оқу мотивациясы - бұл заттардың және қоршаған әлем заңдылықтарының жасырын
қасиеттерін табуға, қолдану ұмтылу:
бала тек қана заттардың сезім мүшелеріне мүмкін болатын қасиеттеріне ғана бағытталса,
онда ол - төменгі деңгей;
бала қоршаған әлемнің кейбір жалпыланған қасиеттеріне бағытталуға және
жалпылауларды табуға қолдануға тырысады;
612
қоршаған әлемнің заңдылық қасиеттерін қабылдаудағы кұпияны табуға тырысудың
айқын көрінуі және осы білімді өз іс - әрекетінде қолдануға деген құштарлық - жоғары деңгей.
Мұндай маңызды өзгерістерге уақытында дайындалу қажет. Бұл дайындықта
балабақшаның рөлі ерекше. Бірақ, мектепке дейінгі балалардың көпшілігі балабақшаға
бармай, мектеп табалдырығын аттайды. Оларды алдымен мектепке отбасы яғни ата – анасы
дайындайды. Баланың мектепке баруы оның өз-өзіне қызмет көрсетуге ұмтылуы, тұрмыстық
және қоғамдық пайдалы еңбекке нақты күн тәртібі мен ретін сақтауға үйренуі, баланың
жүйкелік сезімі мен әдетіне айналады.
Ата-аналар баларына әр жақты білім беруге, бақылауға, алғашқы кітаптарға
қызығушылық оятуға, кино, радио, теледидарды көріп, тыңдауға, олардың дүниетанымын
кеңейтуге, ондағы мектеп оқуына дайындауға ұмтылады. Қарапайым тәртіп пен ережеге
үйренбеген, жеткілікті дүниетанымы қалыптаспаған балаға мектепте қиын болады. Ондай
бала үйде де, мектепте де бір орында отырмайды. Бала күтпеген іс-әрекеттер істейді, назары
ұмытшақ болады. Мектеп өміріне үйреніп, ұйымшыл және бірқалыпты болу үшін көп уақыт
қажет етеді. Ата-аналар балаға алдағы мектепке баруға ойша дайындалып, болашақ
міндеттерін орындауға ойша дайындалады. Бала алғашқы мектеп күндерін үлкен толғаныспен
күтеді.
Балаға алдын ала оқулықтар, оқуға қажетті заттар,мектепке формасын алып қойған
дұрыс. Бұл ертеңгі сабаққа арнайы дайындалудың қажеттігін ұғындырады. Жаңа оқу жылына
орай отбасында салтанатты және көтеріңкі көңіл күй болады. Бірінші рет мектепке бару – бала
қуанышы, ата-ана мерейі.
Тәуелсіз Қазақстанның Білім заңына орай жаңа ұлттық білім үлгісі бойынша мектепке
дейінгі баланың жеке басын тәрбиелеуде педагогикалық дамудың бұрыннан қалыптасқан
әлеуметтік бағыттарын түбегейлі өзгеруге тура келеді. Бұл жастағы балалардың бойында
адамға тән қасиеттердің жақсы, өнегелі үлгілерін ойдағыдай қалыптастыру арқылы мектепке
дайындау мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті. Баланың тұңғыш рет мектеп
табалдырығын аттап, білім алуға ден қоюы – оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі.
Соңдықтан да баланың мінезі және жеке ерекшеліктері қалыптаса бастайды. Балаларды
мектепке дайындаудың нәтижесі мектептегі оқу кезеңінде айқын байқалады. Көбінесе
балабақшада емес, үйден тәрбиеленіп келген балардың дайындығының кем екендігі айқын
аңғарылатын себебі де осында болса керек. Балалардың мектепке
дайындығының сапасына келетін болсақ, мектепке дейінгі жаста адам өміріне қажетті
психикалық және дене тәрбиесінің сапалары қалыптасады. Осы шақта қоршаған ортаны
қабылдау, өзіне деген қарым-қатынастары, атап айтқанда, 3 -6 жас аралығында эмоциялық,
танымдық, ерік сезімдері нығаяды.
Баланы мектепке дейінгі оқытудың негізгі бөлімдеріне: балалардың дене бітімінің
дамуын, психикалық даму деңгейін және құрдастарымен, қоршаған ортамен қарым-қатынасы
жатады. Психолгтар мен педагогтар осы кезеңдегі дайындықты жалпы және арнаулы деп екіге
бөледі, осығанған байланысты балабақшада арнаулы және жалпы дайындықтар жүргізіледі.
Жалпы дайындық – ол психологиялық, адамгершілік және дене дайындығы.Баланың
адамгершілік жағынан қалыптасуы оның туған кезінен-ақ басталады, ал рухани-адамгершілігі
қоршаған орта мен адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұнына байланысты жетіледі.
Адамгершілік дайындық және ерік дайындығы бір-бірімен тығыз байланысты. Менің
ойымша баланың басқа баладан ерекшеленетін өз мінезі бар, соған байланысты бала істеген
ісін, қылығын басқарып үйренуге тиісті. Бала мектепке барғанда тез тіл табысып кетеді.
Психологиялық дайындық – ол таным процестерінің дамуымен байланысты. Балалар өз
еркімен жұмыс істеуге әлі толық дайын емес, зейіні тұрақсыз, тез шаршайды. Балалар
мектепке барғанда мұғалім барлық жағдайды ескеріп, дайындық кезеңіндегі әдіс-тәсілді
жалғастыра отырып, осындай танымдық процесін қолға алу керек.
Дене дайындығы –шыдамдылық, мықты денсаулық қасиеттер балаларда болу үшін
дербестік,жинақылық, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерін даму үшін ата-аналардың
көмегімен жұмыс істеу керек.
613
Әлеуметтік дайындық –қиыншылдықтан өтуге,ұстамдылыққа, оқуға, (дербес
тапсырманы орындау) бастаған жұмысты аяқтауға, үйрету; Жаңа ортаға үйрету.
а) құрдастарымен ұрыспай, ренжіспей тіл табысу.
ә)үлкендермен тіл табысу.
Біз баланы мектепке дайындауда балабақша мен мектептегі әдіс-тәсілдерін қолдану
арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ ойын-әдістерін пайдалану,оларға қойылатын
міндеттілік, реттілік, өз кезегімен бір-бірден жауап беру сияқты талаптар бірдей болуы тиіс.
Біздер шамадан тыс тақырып бермей, жүйелі түрде оқыту, аздаған мөлшерде он күн сайын
дүркін - дүркін қайталап отырып жаттау – ой мен психикаға артық салмақ түсіретін және
толығымен ұмытылып қалатын ақпараттың үлкен көлемін қысқа мерзімде жаттаудан
әлдеқайда тиімді. Неғұрлым есте қалдырудың тура осындай механизмі біздің әдістемеге
ұтымды түрде негіз етіп алынды.
Арнаулы дайындық – мектепке баратын балалар санауды, әріптерді танып, біліп қана
қоймай, қоршаған орта туралы да толық түсініктері болу керек. Соңдықтанда таным
поцестерін (есте сақтау, зейін, ой-қиял, қабылдау) де дамытып отыру қажет.
«Таным»саласының негізгі міндеті мектепке дейінгі жастағы балаларды таным-түсінігі
қалыптасқан, айнала қоршаған ортаның шешуді қолдана білетін тұлға ретінде қалыптастыру.
Білім берудің «Таным» деп аталатын саласының мазмұны мынадай оқу іс-әрекеті негізінде
жүзеге асырылды:
-қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;
-құрастыру;
-экология негіздері;
-қоршаған ортамен таныстыру;
Мектепке баратын балалардың назарын айналадағы заттар мен құбылыстардың
аорасындағы сандық байланысқааудара отырып, математикалық ойлау қабілетін
қалыптастыру.
1.Есте сақтау қабілеті, қабылдау, зейін, шығармашылық қабілетін, ой-қиялы мен жан-
жақты ойлау қабілеті сынды танымдық процестерді дамыту.
1-2.Баланың танып-білуге деген қызығушылығын күшейтуге бағытталған оқу процесіне
ынтасын ояту.
3.Ақыл-ой әрекетінің талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, жіктеу, үлгісін жасау
(модельдеу),құрастыру, себеп-салдарлық байланысын анықтау сынды тәсілдерін үйрету.
4.Мектепке баратын балаларды математикалық терминдерді белсенді түрде қолдануға,
оқу барысында алған білімі мен қабілетін пайдалануға үйрету.
5.Санау,әртүрлі топтардағы заттарға сапалық және сандық тұрғыдан баға беру,олардың
арасындағы байланысты анықтауға үйрету.
6.Кеңістік пен уақытты бағдарлау, қағаз бетінде бағдарлай алу қабілетін дамыту.
7. Шамалар, геометриялық фигуралар мен денлер туралы түсінікті нығайту.
Ата-аналар балалардың мектепке дайындығын психологтардың жұмыстарымен тікелей
байланыста болулары керек. Бала мектепке барғанда мұғалім таным процестеріне көңіл бөліп,
әр баланың жеке ерекшеліктеріне мән беруі тиіс. Егер баланың есі жақсы дамыған болса, ол
тез қабылдап есіне сақтайды. Бала есте сақтау процесінен басқа да салыстырып, жалпылап
талдау жасауға тиісті. Бала сонда ғана істеген іске толық қорытынды бере алады. Осы жастағы
балалардың көрген нәрселерін мағыналы түрде қабылдауға деген құлшыныстары артады.
Мектепалды кезеңнің соңында баланың мінезі ерікті болады. Үлкендермен қарым-
қатынасында балалар олардың берген білімдерін бар зейінмен қабылдайды. Балада еріктің
дамуы төмен болса, берген тапсырманы түсінбейді, өз еркімен жасай береді. Сондықтан да
мектепке баратын балалардың үлкендермен, құрдастарымен жақсы қарым-қатынаста
болуының зор маңызы бар. Құрдастарымен қарым - қатынасы. Егер бала жанындағылармен
тіл табыса алса, мектепте оқуға дайын деп есептеуге болады. Баланың бойында мұндай дағды
кездеспесе, онда оған мектепте өте қиын болады. Айталық, бірге оқып жүрген құрдастарының
жауабын тыңдап, әңгімені толық аяқтай алмайды, бала өз көңіл-күйін білдіре алмайды (қуану,
614
ренжу) т.с.с. Өзін - өзі бағалау. Менім ойымша осы жастағы балалар жас ерекшелігіне
байланысты өзін және істеген істерін жоғары бағалайды. Бұл қасиет баланың өркөкіректігіне
жатпайтындықтан кейін өзінен-өзі жойылад. Балаларда кейбір үлкендердің балға деген
көзқарастары, сүйіспеншілігі, аялауы жетіспеушілігінен өзін-өзі бағалауы төмен болады.
Осындай жағдайда (оны жасық деуге де болады) мектепке келген бала қорқақ келеді, берген
сұрақтарға өзінен-өзі қысылып жауап бере алмайды. Мәселен алатын болсақ баланың есте
сақтауы, ойлау мен қабылдауы төмендей береді. Сонымен қатар:
Мектепке
психологиялық дайындығы
1.Баланың мектепке жеке тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық дайындығы.
Баланың жаңа әлеуметтік орныққан орнын қабылдауы, оның оқушы ретінде мектепке жеке
тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық дайындығының қалыптасуы.
2.Баланың мектепке дейіңгі кезеңдегі қоғамдық орнын салыстырғанда қазіргі орны
жаңа ережелерді қабылдауды міндеттейді. Бұл баланың мектепке жеке тұлғалық
дайындығында, мұғалімге және оқу әрекетіне, құрбыларына, туыстары мен жақындарына,
өзінің-өзіне белгілі бір қатынаста көрінеді.
3.Мектепке көзқарасы: мектептің күн тәртібін орындау, уақытында сабаққа келу,
мектепте және үйде оқу тапсырмаларын орындауы, яғни бұл баланың мектептегі қарапйым
ережелерге біртіндеп бейімделуі десекте болады.
Қорыта айтқанда жалпы баланың мектепке баруын белгілі бір дағдарыс деп
қабылдамауы үшін, қарапайым түсініктерді ата - ана мен тәрбиеші бірлесе отырып қолға алған
жөн. Мектепке даярлығы жоқ бала - өз әрекетін жоспарлай және бақылай алмауы мүмкін, сол
себептенде бала өз қатарластарынан қалып, сабаққа қызығушылығы төмендей береді.
Мектепке даярлығы бар бала - өз әрекетін басқарып бақылай алады, ерек - жігерлері артады.
Бүгінде саналы да сапалы білім алатын жас буындарды тәрбиелеп өсіру, баланың санасына
дұрыс әсер ету балабақша мен мектепке тығыз байланысты.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Әдістемелік нұсқаулар/Құраст. Э.С. Қыдырова, С.Л. Мадалиева. – Шымкент: «Шикула
және К», 2012. – 176 б.
2.
Балаңыз мектепке дайын ба?: Ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал:
/Ғ.З. Таубаева, К.М. Метербаева – Алматы: Просвещение-Қазақстан, - 2009, 68 б., сурет.
3.
Журнал әОтбасы және балабақша, №2, 2002 ж.
4.
Әдістемелік құрал: «Біз мектепке барамыз»/ Ә.Б. Ақпаева, Л.А. Лебедева. – Алматы.
Алматыкітап баспасы, 2014. – 114 б.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАБАҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Тасубаева Лалагуль Сериковна
мини - центр «Жеткіншек» при СОШ № 83 (г. Караганда)
Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер үшінші мыңжылдықтың
білімді, саналы жастарын тәрбиелеушілерге үлкен міндет жүктері сөзсіз. Жас ұрпақтың
жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі
білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім
беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.
615
«Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы
сатысы ретінде мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны
олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді
бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған
ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз қажет», –
деп Елбасымыз
Мемлекеттік білім беру саласындағы саясатының тұжырымдамасында: «Соңғы кездері
мектепке дейінгі тәрбиенің мүмкіндігі кеңейіп келеді, мемлекеттік пен қатар жеке меншік
яслилер мен балабақшалар пайда болды», – деп көрсетілген. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде
мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің жаңаруына орай, жаңа үлгідегі «Мектеп
және балабақша» кешені, гимназиялық, лицейлік, отбасылық, коммерциялық және т.б.
балабақшалар іске қосыла бастады. Міне, осындай мектепке дейінгі мекеменің алдына
қойылатын маңызды міндеттердің бірі – баланың кейін мектептегі оқу үдерісіндегі
нәтижелілігіне кепілдік ететін, мектепке дайындығының оптималдық деңгейін қамтамасыз
ету. Қазіргі мектеп алдыңғы кезеңге оқушыларды пән бойынша білім, білікпен қаруландырып
қоюды емес, олардың тұлғасын оқу әрекеті негізінде тәрбиелеуді ұсынып отыр. Баланың оқу
әрекетін игеру жетістіктері мен оқу жағдайына үйлесімділігі олардың мектепке жалпы
дайындығымен айқындалады. Балаларды мектепке даярлау негізінен балабақшада жүзеге
асырылып келеді.
Қазіргі таңда «мектепке дейінгі тәрбие» ұғымының «мектепке дейінгі білім беру»
ұғымына өту кезеңіне куә болып отырмыз. Бұл жерде «мектепке дейінгі білім беру» ұғымын
«балалардың тұлғасын дамытудың мүмкіншіліктерінің кеңеюі, баланың өзін-өзі дамыту және
өмір жолын компетентті таңдау деп қараған жөн, білім беру баланың ұғынуы мен ақпараттық
тануының парадигмасынан әлеуметтік-мәдени белсенді даму парадигмасына, мәдени-тарихи
парадигмасына түгел дерлік ауысуда» [1].
Мұндай жаңа көзқарас балаларды мектепке даярлау үдерісінде, білім беруді де, үлкендер
мен балалардың өзара қатынасының формаларында, балалардың өзара қатынасында қайта
қарауын талап етеді. Білім беруді, оның вариативтілігін анықтау мектепке дейінгі білім беру
теоретиктері мен практиктерінің қазіргі таңдағы үлкен көкейкесті мәселесі болып отыр. Тағы
бір өзекті мәселе балабақшада балаларды мектепке даярлау, олардың қазіргі жағдайдағы іс-
әрекетке қабілеттілігі, себебі балабақшаның мәртебесі әлеуметтік-экономикалық жағдайға
тәуелді. Егер бұрынғы мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі жас
кезеңінің құндылығы ұғымы артқа шегеріліп отырса, ал қазір заттар мен құбылыстардың
мұндай ұқсастығы әлеуметтік тапсырыс пен ата-аналардың тапсырысы бойынша, нарық
жағдайының бағдарлауымен және балабақшада қосымша мамандарды қамтумен айқындалып
отыр [2].
Бұл өз кезегінде мемлекеттік емес және жеке азаматтарға, акционерлерге, ведомстволық
және басқа да мекемелерге қарайтын «элиталық» мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің
пайда болуын түсіндіреді. Бірақ та, бұл мекемелердің де басты мақсат-міндеттері баланың
жеке басын жан-жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі болып табылады.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2010 ж. Жолдауында аталып көрсетілген
«Балапан» бағдарламасы аясында Елбасының берілген тапсырмасын орындау мақсатында
халықты балабақшамен қамтамасыз етудің қысқа мерзімді шаралары жүргізілді:
1) 2009-2015 жылдарға мемлекеттік және жекеменшік инвестиция есебінен мектепке
дейінгі ұйымдардың объектілерін енгізу кестесі құрылды;
2) мемлекеттік органдар орналасқан балабақшалар ғимараттарын босату бойынша,
оларды коммуналдық меншікке беру шаралары жүргізілді;
3) мектепке дейінгі ұйымдарды ашу үшін басқа да ғимараттар мен орындарды пайдалану
қарастырылды.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық әкімдеріне мектепке дейінгі ұйымдар желісін
кеңейту және мемлекеттік білім беру тапсырысын меншік түріне қарамастан мектепке дейінгі
ұйымдарда орналастыру жөнінде ұйымдастыруға кеңес беру көмектері көрсетілді.
616
Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау шараларын жеңілдету мақсатында Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды. Әлеуметтік осал тұрғындар қатарына
жататын отбасылардың балалары мектепке дейінгі ұйымдарда кезектен тыс орын алу
мүмкіндіктері қарастырылған Мемлекеттік стандарт жасалып шығарылды. Қазіргі кезеңде
мектепке дейінгі ұйымдарды медициналық, кадрлық, оқу-әдістемелік, материалдық-
техниканы қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша мәселелер қарастырылуда
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында білім беруді ізгілендіру басымдылығына
сәйкес мектепке дейінгі мекемелердің дамуында тек құрылымдық емес, сондай-ақ мазмұндық
сипаттағы жаңа тенденциялар пайда болуда. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
және оқытудың мемлекеттік бағдарламалары «Балбөбек», 5-6 жастағы балаларды мектепалды
даярлау бағдарламасы, «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары, сонымен бірге
альтернативтік негізде ресейлік-шетелдік «Развитие», «Одаренный ребенок», «Из детства в
отрочество», «Игралочка», «Раз ступенька, два ступенька», «Step by step» бағдарламалары
тәжірибеден өтіп пайдаланылуда. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын
арттыру мақсатында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Қазақстан республикасының
Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда:
Мектепке дейінгі ұйымдар желісін одан әрі дамыту Қазақстан Республикасы
Президентінің 2004 жылғы 12 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында жоспарланған. 23 мың орындық 164
мектепке дейінгі ұйымның құрылысымен қатар, білім беру ұйымдары базасындағы 20 мың
орынға арналған 800 мектепке дейінгі шағын орталықтарды құру көзделген. Республикамызда
қазірдің өзінде 3,5 мың орындық шағын орталық жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Мектепке
дейінгі шағын орталықтар 1 жастан бастап 6 (7) жасқа дейінгі балаларды жан жақты дамыту
және ата-аналарға баланы тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруда кеңес беру-әдістемелік
қолдау, балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін ашылады [3].
Нормативтік және бағдарламалық әдістемелік қамтамасыз ету және мектепке дейінгі
шағын орталықтардың ашылу тетігін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлігі Балалар толық және толымсыз күн болатын мектепке дейінгі шағын
орталықтар қызметінің типтік ережесін дайындады және 2005 жылғы 27 маусымдағы № 441
бұйрықпен бекітті. «Мектепке дейінгі шағын орталықтарды ұйымдастырушылық және
бағдарламалық әдістемелік сүйемелдеу» республикалық эксперименті аясында бейімделетін
«Қарлығаш» мектепке дейінгі шағын орталықтарда балаларды дамытудың жобасы әзірленді.
Сонымен, жоғарыда талдап көрсетілген мәліметтер қазіргі кезеңде мектепке дейінгі
білім беру жүйесінің даму және жаңару үстінде екенін айдан анық көрсетіп отыр. Қазақстан
Республикасындағы балабақшалардың білім беру жүйесінің дамып жатқандығын көрсете
отырып, осы аталған жүйенің тек айтылып қана қоймай, сонымен қатар практикалық түрде
жүзеге асырылып жатыр дегіміз келеді.
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты
дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Ұрпағы
білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды деп дана халқымыз бекерден бекер айтпаса
керек.
Қазіргі таңда еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-
ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы
жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар
қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де
педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне
айналды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас
бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі
мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. [4].
Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып,
дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен
617
қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың
педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты - мектепке дейінгі
білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген
оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық
әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны
ұғына білуді талап етеді. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде
қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне тоқталайық.
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік,
дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі
ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына
сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді
көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі.
Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана
қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге
құштарлығын арттырады.
Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік,
мақстакерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік,
белсенділік т.б. қасиеттер дамыту.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын
қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар,
компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар,
мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы
басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы
объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып,
қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда
кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі
көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші
уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.
Бала бақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың
қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта
көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған
таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге,
ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.
Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде
дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын
қолданудағы мақсаты - баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық
қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына,
жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Заман талаптарына сай мектепке дейінгі мекемелерде АКТ оқыту процесінде кенінен
пайдаланады. Түрлі танымдық салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар құрылуда.
Баланың жас ерекшелігіне және пайдаланатын компьютерлік бағдарламаларға сай
интерактивті
тақта
ойындағы
баланың
оппоненті,
бағдарлаушы
(әңгімелеуші),
жаттықтырушы, емтихан қабылдаушы болуы мүмкін.
Оқытуда балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға араналған
пайдаланатын компьютерлік құралдар бар: олар қөру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау,
логикалық ойлау, т.б. [5].
Интерактивті тақтаның жетістіктерінің кіші жастағы балаларда оқуға, жаңа білім алуға
деген құштарлық туғызады. Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді
618
және баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиалық технологияларды пайдалану
арқылы (түс, графика, дыбыс, замануи видеотехникалық құралдар) түрлі жағдайлар мен
ортаны моделдеуге болады. Мультимедиалық бағдарламаларға еңгізілген ойын компоненттері
үйренушінің таңымдық әрекетін белсендіреді және материалды ұғынуды күшейтеді.Оқытуда
пайдаланатын интерактивті құралдар: тақта, компьютерлер балаларды диагностикалауда
жақсы көмекші болып келеді: зейінің дамытуда; есте сақтау; қабілетін дамытуда; ойлау
қабілетін дамытуда; тілің; жеке тұлғасың дамытуда; оқу әрекетінің дағдыларын
қалыптастыруда.
Ақпараттық мәдениетке бейімдеу – ол тек ғана компьютерлік суаттылық емес, соңымен
қатар этикалық, эстетикалық және интеллектуальдық сезімін меңгеруі болып табылады.
Балалардың оңай түрде түрлі электронды, компьютерлік жаңалықтармен жұмыстана білу
тәсілдерін меңгеруі сөзсіз. Бала бір минутта 1 мыңға дейін шартты бірлік ақпаратты қабылдап
өндей алады, ал көру органдары «қосылғанда» 100 мың шартты бірлік ақпаратты қабылды
деген эксперимент арқылы дәлелденген. Мектепке дейінгі ересек жастағы балада ырықсыз
зейіні жақсы дамығаны белгілі, бірақ балаға ақпарат қызықты, көрнекілік болғанда зейіні
жинақталатыны, жағымды эмоциялар туғызатыны да белгілі. Компьютерді біріккен және
өзбетімен әрекеттенуде қолдану баланың мотивациясын көтеру және оқуға деген
жекелендіруінің бір тиімді тәсілі болып келеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады және
жағымды эмоциялық фон туғызады. Осыдан АКТ-ні оқытуда пайдаланудың тиімділігі
көрінеді.Мектепке дейінгі мекемелерде АКТ пайдалану балаларда қоршаған ортаның ақпарат
ағымын бағдарлай білу дағдыларын дамытуға, ақпаратпен жұмыстанудың практикалық
тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, заманауи техникалық құралдар арқылы ақпаратпен бөлісу
дағдыларын дамытады.Оқу іс-әрекеттерінде АКТ пайдалану түсіндірмелі-иллюстративтік
оқыту тәсілінен гөрі әрекет жасауға көшу мүмкіндігін береді, бала педагогикалық ықпалдын
пассивті обьектісі емес, белсенді субьекті болады. Осы, мектепке дейінгі балаларды саналы
білім алуға әкеледі. Интерактивті оқу іс-әрекеттерін өткізу бөлмесі келесі міндеттерді
орындайды: балаларды жаңа технологиялары арқылы оқыту; сауық және ойын орталығы;
мұнда көлемді білімдендіру және сауықтыру міндеттер орындалады; балаларға және
тәрбиешілерге жұмыстануға өте жағымды жағдайлар туғызады; балаларды компьютерлік
технологияның мүмкіндіктері мен дағдыларымен таныстырады.
Интерактивті тақтаны пайдалану оқытуда интерактивті кешендерді пайдалану
сапалы, қызықты және оңтайлы болып келеді. Электрондық мультимедиялық
бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және педагогикалық инновациялармен қатар, оқыту
үрдісінде үнемі қолдану дайындығы әртүрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігін көтереді.
Бірнеше технологиялардың пайдаланудың әсері, оқыту нәтижесінін сапасын күшейтеді.
Электрондық жүйеде оқытуда мультимедияны пайдалану, балаларға ақпаратты беру
жылдамдығын, оны түсінуді көтеріп ғана қоймай, соңымен қатар мынандай маңызды
сапаларды интуиция, образдық ойлауын дамытады.
Мектепке дейінгі мекемеде интерактивті тақтаны пайдалану тәсілдері өте көп. Бұлар
презентациялар, интерактивті оқыту бағдарламалары, графикалық, бағдарламалық
орталықтарда жобалар құрастыру. . [6].
Интерактивті тақтаны пайдалануда қандай дағдылар болу қажет:
12.
Компьютерді қолдана білудің бастапқы білімі
13.
Word, Power Point бағдарламаларымен жұмыстану
14.
Интернет жүйесінде жұмыстану практикасы (бейнелерді, әзір презентациялар
мен оқыту бағдарламаларын тауып алу).
Проблемалық оқыту технологиясы- баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және
шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, балалардың белсенділігі арттыру, оқу
материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім
мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру
мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады.
619
Ынтымақтастық педагогикасы-педагогтың талап ету педагогикасынан қарым-қатынас
педагогикасына көшуі. Балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас
бірлігі: тәрбиеші-бала, бала-тәрбиеші, бала-бала, яғни бала да тәрбиеші де субъектілер болып
табылады. Сонымен қатар, баланың жеке басына ізгілік қарым-қатынас, бала мен тәрбиеші
арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас жасау. [7].
Бұл технологияның негізгі мақсаты-баланы азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық
күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Модульдік оқыту технологиясы-оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған
мақстқа жетуді көздейтін педагогикалық процесті ұйымдастыру, тәрбиешіге нәтижені талдап,
түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Балалармен жүргізілетін жұмыстарда
кездесетін қиыншылықтардың алдын-алу және түзету жұмыситарының жүйесін құру.
Қорытындылай келетін болсақ аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық
құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың
қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау
қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап,
көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне
көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.
Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға
қойылатын талаптар студенттерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі
уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді
көздейді. Сондықтан жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын талаптар студенттерді-
ертеңгі мұғалімдердермен тәрбиешілерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып,
қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа
жолдарын енгізуді көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |