Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет101/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   191
 1994ж.

                         




218

АЗАМАТ МЕРЕЙІ 



(Серікқали БӘЙМЕНШЕ)

Қ

азақ әдебиеттану ғылымының жетіле түскендігінің бір айғағы 



– өткен замандарда жасаған әдебиет қайраткерлерінің арнайы 

зерттеле бастауы. Қазір қазақ әдебиеттануында абайтану, мұхтартану, 

сәкентану толық қалыптасқан деуге болады. Осы салаларды бүге-ші-

гесіне дейін зерттеп, елеулі жетістіктерге жеткен, еңбектері лайықты 

бағасын алған ғалымдарымыз баршылык. Сол сияқты ахметтану, мағ-

жантану, сәбиттану, бейімбеттану, т.б. қалыптасу үстінде.

Сырт  карағанда,  біршама  зерттелінген  саналатын  жиырмасыншы 

ғасырдың алғашқы жарымындағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығар-

машылығына катысты әлі де анықтай, нақтылай түсуді қажет ететін 

мәселелер баршылық. Соның бірі — біз бастауыш сыныптардан бас-

тап білетін Б.Майлиннің шығармашылығы.

 Б.Майлин 1957 жылы ақталған соң, ол туралы біршама еңбектер 

жазылды. Жай кездерді былай қойғанның өзінде жазушының 60, 70, 

80, 90, 100 жылдық  мерейтойлары тұстарында жүздеген мақалалар 

жазылып, ұлы суреткердің қаламгерлік    келбеті    қалың оқырманға 

кеңінен таныла түсті. Қ.Жармағамбетовтің "Бейімбет  Майлин өмірі 

мен творчествосы" (А., 1962), Т.Нұртазиннің "Б.Майлин творчество-

сы" (А.,1966), Р.Рүстембекованың "Б.Майлиннің драматургиясы" (А.,  

1966), Б.Наурызбаевтың "Дәуір суреткері" (А., 1966), С.Ордалиевтің 

"Сөз зергері"  (А.,  1984),  т.б. көлемді еңбектерінде жазушының шы-

ғармашылық болмысы жан-жақты зерттелінді. Солай десек те Б.Май-

лин  шығармашылығының  әлі  де  ашылмаған  қырлары,  анықтауды 

қажет ететін тұстары да баршылық екен. Оған филология ғылымдары-

ның докторы С.Бәйменшенің бейімбеттану саласында жүргізіп келе 

жаткан ғылыми ізденістерімен танысқанда көзіміз жетті.

Серікқали    Бәйменше      1977  жылы  С.М.Киров  атындағы  Қазақ 

мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң 

еңбек  жолын  Ақтөбе  облыстық  "Коммунизм  жолы"  (қазіргі  "Ақтө-

бе") газетінде тілші болып бастаған. Ол бұдан кейін республикалық 

"Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінің Казақстанның батыс 

облыстары бойынша тілшісі, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік 

университеті журналистика факультетінің аға оқытушысы, Қазақстан 

Компартиясы Орталық Комитеті баспасөз секторының кеңесшісі, Қа-

зақ КСР Сыртқы істер министрлігі ақпарат бөлімінің хатшысы болып 

істеген. 1991 жылдан бері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 

аппаратында баспасөз қызметінің референті, кеңесшісі, Жоғарғы Ке-

ңес баспасөз хатшысының орынбасары, Жоғары Кеңестің редакция-

лық-баспа бөлімінің кеңесшісі, Парламент Сенаты ап-паратының заң 




219

актілерін шығару секторының меңгерушісі, Парламент Сенаты аппа-

ратының редакциялық-баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауа-

зымдарын атқарды. 2007 жылдан Қазақстан Республикасының Ресей 

Федерациясындағы елшісінің кеңесшісі қызметінде.

Серікқали да көптеген әріптестері сияқты шығармашылық жолын 

мектепте  аудандық газетке мақала жазудан бастады. Университет қа-

бырғасында жүргенде ол бұрын аттарын естігені, оқығаны болмаса, 

көрмеген Т.Амандосов, Т.Қожакеев, З.Тұрарбеков, Қ.Құсайынов сияқ-

ты қазақ журналистикасының ардагер ақсақалдарынан дәріс алып, сөз 

өнерінің ұңғыл-шұңғылына үңіле түсті. Республикалық басылым бет-

терінде мақалалары жарияланып жатты. Ал Ақтөбе облыстық "Ком-

мунизм жолы", республикалық "Лениншіл жас" газеттерінде істеген 

жылдар жас журналистің каламы ұшқырлана түскен нағыз өмір мек-

тебі болды. Осы кездерде ол Қазақстанның батыс облыстарын түгелге 

жуық аралап, қайнаған өмірдің қақ ортасында жүрді, өмірдің өзекті 

мәселелері ұсынған жүздеген мақалалар өмірге келді, қаламы жүйрік, 

ойы елгезек журналист ретінде оқырман қауымға кеңінен таныла бас-

тады.

Публицистика  саласындағы  шығармашылық  ізденістер  Серікқа-



лиды көркем әдебиетке алып келді. Оның "Қос жүрек" деген бір топ 

әңгімесі  1990  жылы  "Достық  бастаулары"  атты  жас  қаламгерлердің 

көркем шығармалары жинағында жарық көрді, бірнеше туындылары 

республикалық  басылым  беттерінде  жарияланды.  Дегенмен  де  жас 

талапкердің  ыңғайы  ғылыми  жұмыстарға  карай  бұрыла  берді.  Уни-

верситет қабырғасында жүріп курс, диплом жұмыстарын жазудан бас-

талған ғылыми ізденістер осында оқытушылыққа келген соң біржола 

өз ағынымен алып кетті. Студенттік кездерден басталған Б.Майлиннің 

шығармашылық құпияларын зерттеуге деген құштарлық бертін келе 

оның өмірлік мұратына айналды. Қаламгердің өмір жолын, өнерпаз-

дық қырларын зерттеген бірнеше көлемді зерттеулер өмірге жол тарт-

ты. Ол ғылыми ізденістерінің нәтижесінде ғылым кандидаты, ғылым 

докторы дәрежелерін иемденді. Оның қаламынан туған "Майлының 

Бейімбеті" (Алматы, "Білім", 1994), "Бейімбеттің сөзстаны" (Алматы, 

"Рауан", 1996), "Бейтаныс Бейімбет" (Астана, "Елорда", 2001) сияқты 

көлемді зерттеулері қазақ әдебиеттану ғылымына қосылған елеулі ең-

бектер болды.

С.Бәйменше – ізденімпаз ғалым. Осы уақытқа дейін шығармашылы-

ғы туралы қаншама зерттеулер, монографиялар жазылған Б.Майлин 

туралы  осыншама  еңбек  жазуы  осыны  аңғартады.  Біз  білдік  дейтін 

Бейімбеттің де біз білмейтін жақтары әлі де баршылық екен. Біз бейім-

беттанудың бетін ғана қалқып жүріппіз. Нағыз Бейімбеттің бар бол-

мысын енді-енді ғана танып келе жатқандаймыз. Осы уақытқа дейін 

"Раушан-коммунистің" авторын ғана біліп келсек, енді қайшылықты 

заманда қиын өмір сүре жүріп, өзінің айтайын деген асыл ойларын сөз 

құдіретімен әспеттеп, өлмес туындыларын жазған Бейімбеттей абзал 

азаматтың асқақ тұлғасын көреміз.



220

Ғалымның  бейімбеттануға  қосқан  елеулі  үлесі  ретінде  оның  жа-

зушының  бұрындары  белгісіз  болып  келген  бірнеше  шығармасын 

тауып, жариялауын атап айтқан жөн. Серікқалидың ыждаһаттылығы-

ның  арқасында  Б.Майлиннің  "Тұңғыш  құрбан"  (А.,  1994),  "Белгісіз 

шығармалар"  (Астана,  2001)  атты  еңбектері  тұңғыш  рет  оқырман 

қауымға  жол  тартты.  Ол  Бейімбет  аударған  П.Быковтың  "Романов-

тардың соңғы күндері" (Астана, 2002) атты латын қарпімен шыққан 

кітабын кайта жариялады. Жазушыға қатысты көптеген архивтік жаңа 

деректер  тауып,  оның  шығармашылық  болмысын  толықтыра  түсті. 

Жалпы, Серікқалидың зерттеулерінде мұрағаттардың шаң басқан сө-

релерінде ескерусіз қалып қойған деректер мол кездеседі. Ізденімпаз 

ғалым тарихи деректерді шебер сөйлете біледі.

Соңғы уақыттарда Б.Майлиннің тағы бір зерттеушісі Т.Бейісқұлов-

пен  бірге  жазушының  көп  томдықтың  шығармаларын  құрастырып, 

шығару  үстінде.  Алғашқы  томдары  жарық  көріп  үлгерген  осы  көп 

томдық соңғы кітаптары да дайындалып, баспаға тапсырылды. Жазу-

шының туындылары толық топтастырылатын бұл шығармалар жина-

ғы бейімбеттанудағы үлкен асу болмақ.

Серікқалидың зерттеушілік нысанына ілінген тағы бір қаламгер — 

Ж.Тілепбергенов. Оның 1997 жылы жарық көрген "Елін сүйген ерек 

жан"  атты  зерттеу  еңбегі  Жиенғалидың  көркем-публицистикалық 

ғұмырнамасына арналған. Жазушының "Перизат-Рамазан" атты шы-

ғармалар жинағын алғы сөзімен, ғылыми түсініктерімен құрастырып 

шығарды.

С.Бәйменше көркем аудармамен айналысып шетел және орыс әде-

биетінің  бірқатар  туындыларын  қазақ  оқырмандарына  таныстарды. 

Оның  аударуымен  Нобель  сыйлығының  лауреаттары  П.Уайттың, 

У.Гольдингтің хикаяттары, Ч.Диккенстің бірнеше әңгімесі, Г.Фиштің 

очеркі қазақ тілінде жарық көрді.

Ол "Президент және Парламент"    (Алматы, 2000)   деп аталатын 

кітаптың  жауапты  шығарушысы  болды.    Сондай-ақ  республикада 

бірінші рет екі тілде жасалған "Заңдар тізбесі — Перечень законов" 

(Астана, 2001) атты анықтамалық-библиографиялық басылымның ав-

торы. С.Бәйменше Парламент Сенаты аппаратының жауапты қызмет-

кері ретінде қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесінің өсе беруіне, оның 

ішінде саясат, заң салаларында кеңінен қолданылып, дами түсуіне қы-

руар қызмет атқарды.

 Қашан көрсең де аспайтын, таспайтын, қарапайым да кадірлі азамат 

шығармашылық кемел кезінде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет