Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет103/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   191
 (12.12.1928-10.06.2008)                                         

         

Ә

лем  әдебиетіндегі  алып  тұлғалардың  бірі,  «Адамзаттың  Айт-



матовы»  атанған    қырғыздың  атақты  жазушысы  Шыңғыс  Тө-

реқұлұлы Айтматов 1928 жылы желтоқсан айының 12-сі күні Қырғыз 

Республикасы Талас өңірінің Шекер ауылында белгілі қоғам, мемле-

кет қайраткері Төреқұл Айтматовтың отбасында өмірге келген. Әкесі 

1937  жылы  жазықсыз  жазалауға  ұшыраған  Шыңғыс  әжесінің  қо-

лында тәрбиеленеді. Жастайынан «халық жауының» баласы атанып, 

жетімдіктің, жоқшылықтың зардабын көп тартады.                                         

Сегізінші  сыныптан  соң,  Жамбыл  (Луговой)  зоотехникалық-

малдәрігерлік  техникумын  (1948),  Қырғыз  ауылшаруашылық  инс-

титутын  (1953),  Мәскеудегі  Жоғары  Әдебиет  курсын  (1956-1958) 

бітірген.Жамбыл облысының Талас ауданындағы  Қазақ зоотехника-

лық-малдәрігерлік  ғылыми-зерттеу  институтының  эксперименттік 

фермасында  зоотехник  (1953-1956),  «Литературный  Киргизстан» 

журналының редакторы (1959-1960), «Правда» газетінің Қырғызстан-

дағы тілшісі (1960-1965), Қырғызстан Кинематографистер Одағының 

төрағасы  (1965-1985),  Қырғызстан  Жазушылар  Одағының  төрағасы 

(1986-1988), «Иностранная литература» журналының бас редакторы 

(1988-1990),  КСРО-ның,  соңынан  Ресейдің  Люксембургтегі  елшісі 

(1990-1994),  1994  жылдан  Қырғызстанның  Бельгия,  Нидерландия, 

Люксембург елдеріндегі елшісі, ЮНЕСКО-дағы өкілі қызметтерін ат-

қарды. Өмірінің соңғы жылдарында Қазақстандағы БТА-банк Дирек-

торлар Кеңесінің мүшесі болды.     

Жазушының тырнақалды туындысы «Әшім» 1952 жылы 24 жасында 

жарық көрді. Айтматовтың атын  шығарып, атағын асырған – М. Әуе-

зовтің  алғысөзімен  «Новыймир»  журналында  жарияланған  «Жәмила» 

(1958)  повесі.  «Оның  «Жәмиласы»  ХХ  ғасыр  әдебиетінде  бір  кездегі 

Шыңғысхан  жорығындай  төтен  оқиға  болған  еді»  (Ә.  Кекілбаев).  Әр 

жылдарда жазылған «Аспалы көпір» (1956), «Бетпе-бет» (1957), «Шы-

нарым менің, шырайлым менің» (1960), «Алғашқы ұстаз» (1962), «Құс 

жолы» (1963), «Қош бол,Гүлсары» (1967), «Ертегіден соң» (1970), «Ақ 

кеме» (1970), «Ерте қайтқан тырналар» (1975), «Боранды бекет» (1980), 

«Жанпида» (1986), «Кассандра таңбасы» (1995), «Құз басындағы аңшы-

ның зары» (1997, М. Шахановпен бірге),  «Таулар құлағанда» (2007), т. 

б. шығармалары арқылы Ш. Айтматов қырғыз халқының ұлттық тыныс-

тіршілігін, арман-аңсарларын, дүниетанымын адамзаттық  философия-

мен ұштастыра бейнелеп, түркілік, одан қалды әлемдік әдебиеттің көр-

кемдік көкжиегін кеңейте түсті. Сөйтіп, қырғыз Алатауынан жарқ етіп 

шыққан  Шыңғыс  Айтматов  өзінің  ұстазы  Мұхтар  Әуезовтермен  бірге 




227

ХХ ғасырдағы әлемдік әдебиеттегі түркілік әдеби ренессансты әйгілеген 

тұтас бір дәуірді жасады. Шыңғыстың шығармалары әлемнің 100-ден 

астам  тілдеріне,  оның  ішінде  ағылшын,  араб,  француз,  неміс,  жапон, 

парсы, түрік тілдерімен бірге қазақшаға да түгелдей  аударылған.                          

Шыңғыстың прозаның шағын жанрларында көрінген алғашқы шы-

ғармаларында  адам  жанының  құпия  сырлары  шынайы  суреттелсе, 

кейінгі кесек-кесек туындылары өмір қатпарларын тұтасымен қопарған  

роман жанрына қарай біржола ойысқандығын байқатады. Жазушының 

соңғы романдары қоғамдық өмірдің сан қырлы жақтарына үңіліп, оның 

ішкі сырларын ашуға ұмтылысымен, көтерген әлеуметтік мәселелерінің 

көкейкестілігімен, философиялық ой тереңдігімен, көркемдік қатпарла-

рының қалыңдығымен  ерекшеленеді. «Ақ кеме» шыққанда, повестің 

негізгі идеясы, әлеуметтік астарлары, оны көркемдікпен бейнелеу құ-

ралдары жайлы болған қызу пікіралысулар бірнеше жылдарға созылды.                                                                                              

Оқырманының  ойынан  шыға  білген  Ш.  Айтматовтың  қаламынан 

туындаған  әрбір  шығармасының  шығуы  мәдени  өмірде  айтулы  оқиға, 

әдеби құбылыс болды. Жазушы «Жәмила», «Шынарым менің, шырай-

лым менің», «Алғашқы мұғалім», «Ана – Жер Ана» повестері енген «Тау 

мен дала хикаясы» үшін 1963 жылы 33 жасында сол кездегі ең жоғарғы 

марапат Лениндік сыйлықтың лауреаты атағын  алды. Одан кейін «Қош 

бол,  Гүлсары»,  «Ерте  қайтқан  тырналар»,  «Боранды  бекет»  үшін  үш 

мәрте (1968, 1977, 1983) КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. 

Ш. Айтматовтың бүкіл шығармашылығы мен өмір жолы қазақ то-

пырағымен тікелей байланысты десек те болады. Жазушының туып-

өскен  жері  қазақтың  Жуалысымен  қоныстас,  ес  білгенде,  аулынан 

алғаш рет аттап шыққанда,көргені қазақ жері, қазақ аулы  болғандық-

тан да оның шығармаларында қазақ тақырыбы ерекше көрініс береді. 

Шыңғыстың  қаламгер  ретінде  де,  азамат  ретінде  де  қалыптасуына 

қазақ жері, қазақ елі айтарлықтай әсер етті. Кейбір зерттеушілердің 

анықтауынша, Шыңғыс шығармаларында  оқиғаларының 70 пайызда-

йы қазақ даласында өтеді екен. 

Жазушының  балалық  шағында  басталған  қазақ  елімен,  жерімен 

байланыстары кейіннен шығармашылық, достық қарым-қатынастарға 

ұласты. Кезінде М. Әуезов пен Ш. Айтматовтың ағалы-інілік, достық 

сыйластығы жалғасып, З. Қабдолов, Қ. Нұрмаханов, Т. Ахтанов, Қ. Мұ-

хамеджанов, С. Бердіқұлов, А. Сүлейменов, Ш. Мұртаза. М. Шаханов, 

Ә. Кекілбаев, Н. Оразалин сынды қазақ қаламгерлері Шыңғыспен туыс-

тардай аралас-құралас болып кетті. Осындай шынайы достыққа негіз-

делген шығармашылық қарым-қатынастардың барысында Ш. Айтматов 

пен қазақ қаламгерлері бірігіп жазған тамаша туындылар өмірге келді. 

Шыңғыстың  «Ана-Жер  Ана»  туындысын  Әзірбайжан  Мәмбетов 

1964 жылы М. Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының 

сахнасына шығарды. Сахналық қойылымның бас режиссері Ә. Мәм-

бетовке, басты рольдерді ойнаған Сәбира Майқанова мен Бикен Ри-

моваға КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ә. Мәмбетов «Ғасырдан 

да ұзақ күнді» 1983 жылы М. Әуезов атындағы қазақ драма театрын-



228

да, 1984 жылы Мәскеудің Вахтангов атындағы орыс драма театрында 

қойды. Оның драматург Қ. Мұхамеджановпен бірігіп жазған  «Көкте-

бедегі кездесу» атты спектаклі  1974 жылы академтеатрдың сахнасына 

шығып, ұзақ уақыт репертуардан түспеді. 

Ғазиза Жұбанова «Боранды Едіге, немесе Айтматов аңыздары» атты 

опера жазды. Белгілі режиссер Ардақ Әмірқұлов Айтматовтың шығар-

масы бойынша «Қош бол, Гүлсары» атты көркем фильм түсірді (2008).                                                         

Екі елге кеңінен танымал қазақ ақыны Мұхтар Шахановпен ағалы-

інідей болған ұзақ жылғы достығы барысында телавторлық«Құз ба-

сындағы аңшының зары» атты эсселер кітабы мен «Сократты еске алу 

түні, немесе миғұла терісі үстіндегі сот» пьесасы өмірге келді. Пьеса 

қазақтың Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрын-

да қойылды (1998). Айтматов екі ел арасындағы достық қарым-қаты-

настарды нығайтуға қосқан еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Пре-

зидентінің қаулысымен 1993 жылғы Бейбітшілік пен рухани татулық 

сыйлығының лауреатыатағын алды. 

Қырғыздың аса көрнекті жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, 

ойшыл-гуманистШыңғыс Айтматов – Қырғыз Республикасының халық 

жазушысы (1968), Қырғыз Республикасы Ғылым Академиясының ака-

демигі (1974), Социалистік Еңбек Ері (1978), Қырғыз Республикасының 

Батыры (1997),сондай-ақ бірсыпыра Еуропа елдері Ғылым Академияла-

рының құрметті мүшесі. Ол екі рет Ленин орденімен, Октябрь револю-

циясы орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, Халықтар досты-

ғы орденімен, 1-ші дәрежелі «Манас» орденімен, «Дустлық» орденімен 

(Өзбекстан), түркітілдес елдердің мәдениетінің дамуына қосқан үлесі 

үшін Түркия үкіметінің жоғары сыйлығымен, Крупская медалімен, То-

киодағы Шығыс философиясы институтының «Әлемде бейбітшілік пен 

өркениет игілігі жолындағы мәдениет пен өнердің дамуына қосқан зор 

үлесі үшін» Құрмет медалімен, т. б. марапатталған. 

Ол КСРО Мемлекеттік сыйлығының үш дүркін иегері, Қырғыз Рес-

публикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Әдеби қызметі үшін 

«Лотос», Халықаралық Дж. Неру, Италиядағы Мәдени бастамалардың 

Жерорта орталығығының, Американың діни, экономикалық «Ар ша-

қыруы» қорының, Рюккарт атындағы Бавария, А. Меня атындағы, В. 

Гюго атындағы мәдениет, Руханият, т. б. құрметті сыйлықтарын алған. 

Айтматов шығармашылықпен қоса қыруар қоғамдық жұмыстар атқар-

ды.Бірнеше рет КСРО және Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңестерінің 

депутаты, Қырғызстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болып 

сайланды. Ол халықаралық интеллектуальдық қозғалыс «Ыстықкөл фо-

румын»  құрды;  «Солдаттарға  мәңгілік  құрмет»қорының  қамқоршысы, 

Орталық Азия халықтарының Ассамблеясының президенті болды. 

Ш.  Айтматов  атындағы  Алтын  медаль  және  Халықаралық  қор 

жұмыс  істейді.1993  жылы  Бішкекте  Халықаралық  Айтматов  Акаде-

миясы құрылған. Түркияның Ел-Азық қаласында Шыңғыс Айтматов 

атындағы парк бар. 




229

ЗАХИРЕДДЕН МҰХАМЕД БАБЫР  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет