17.02.2006ж. "Егемен Қазақстан"
ІІІ бөлім
Т
ҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ РУХАНИ
ЖҰЛДЫЗДАРЫ
ІІІ бөлім
Т
ҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ РУХАНИ
ЖҰЛДЫЗДАРЫ
222
МҰХТАР ӘУЕЗОВ
(1897-1961)
М
ұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте қазіргі Шығыс Қа-
зақстан облысының (бұрынғы Семей облысы) Шыңғыстау
бөктеріндегі Қасқабұлақ деген елді мекенде дүниеге келді. Мұхтар
туылғанда, Абай елу екі жаста, есімі елге кеңінен тараған атақты ақын
еді. М.Әуезов Абайды өз көзімен көреді. Жастайынан Абай өлеңдерін
жаттап, ауылдағы ескі құлақ қариялардан аңыз-ертегілерді, жыр-дас-
тандарды жалықпай тыңдап, Абай мектебінен осылайша тағлым ала-
ды; ұлы Абай поэзиясының асыл қасиеттері жас Мұхтардың жүрек
түкпіріне сөз өнерінің ұрығын терең сеуіп, келешекте шешек атып
гүлдеуіне негіз жасайды.
Жас Мұхтар Семей қаласындағы медреседе, бес кластық орыс мек-
тебінде, оқытушылар семинариясында (1914-1919) білім алады. Бұл
кез Семей қаласының қазақ даласындағы рүхани-саяси орталықтар-
дың біріне айнала бастаған уақыты болатын. Осындағы оқыған қазақ
жастарымен, әсіресе ұлт азаттығын мақсат тұтқан алашордашылармен
қоян-қолтық араласудың барысында семинарист Мұхтардың ұлттық
сана-сезімі жетіліп, біржола халықтық, ұлттық жолға түседі. М. Әуезов
осы жылдарда қалыптасқан ұлттық-халықтық бағыттағы азаматтық
бет-бағдары үшін өмір бойы (әсіресе 30,50-ші жылдары) кеңес өкіметі
тарапынан қуғынға ұшырап, әупірім-тәңіріммен аман қалып отырды.
М. Әуезов оқуын бітірісімен бұрқ-сарқ қайнап жатқан қоғамдық
өмірге белсене араласып кетеді: Семей губерниялық атқару коми-
тетінде председательдің орынбасары, соңынан төрағасы болып,
Орынборда КАЗЦИК-тің орталық аппаратында істейді. Ленинград
университеті қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөлімін
(1923-1928), Ташкенттегі Орта Азия университеті түркітану бөлімінің
аспирантурасын (1928-1931) бітірген. Абай атындағы Қазақ мемле-
кеттік педагогика институтында (1932-1933), С. М. Киров атындағы
Қазақ мемлекеттік университетінде (1934-1955), М. Ломоносов атын-
дағы Мәскеу мемлекеттік университетінде (1954) оқытушылық, КСРО
Ғылым Академиясы Қазақ филиалының Тіл-әдебиет және тарих инс-
титутының әдебиет секторында аға ғылыми қызметкер (1943-1945),
Қазақ әдебиеті секторының меңгерушісі (1946-1956), Қазақ КСР ҒА
Тіл және әдебиет институты халық творчествосы бөлімінің меңге-
рушісі (1957-1961) қызметтерін атқарады.
Жазушының мәдениет, әдебиет мәселелеріне араласып, баспасөз
бетінде мақалалар жаза бастауы аласапыран кезең – Қазан төңкерісіне
тұспа-тұс келді. Бұл алдыңғы қатарлы қазақ зиялыларын отаршылдық
езгіде есеңгіреген елдің ертеңі ойландыра бастаған уақыт болатын.
223
Қазақ халқының болашақ даму жолдары қай бағытта болмақ, не істеу
керектігі жайлы қызу пікір алысулар жүріп жатты.
Міне, осындай отаршыл саясатқа Әлихан Бөкейханов, Ахмет
Байтұрсынов бастаған ұлтшыл азаматтар қарсы шығып, елінің ертеңін
оның егемендігінен көрді. Осы мақсатқа алашорда қозғалысы құры-
лып, қазақ зиялыларының көпшілігін маңына топтастырды. М.Дула-
тов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов сынды қазақтың аса
дарынды ақын-жазушыларымен бірге М.Әуезов те осы топта жүрді.
Оның ағартушылық-демократтық бағытта жазған алғашқы мақала-
ларында өнер-білімге, ғылымға, кәсіпке ұмтылмай, қамсыз отырған
халқының болашағына алаңдаушылық, ұйқыдағы қалыптан оятып,
жақсылыққа жетелейтін дұрыс жол іздеушілік байқалады. Кейін келе
жазушы публицистикасы әдебиет мәселелеріне қарай ойысты.
Заманының заңғар жазушысы, дарқан дарын иесі Мұхтар Омарханұ-
лы Әуезовтің шығармашылық мұрасы аса бай. Ол көркем әдебиеттің
барлық саласында дерлік қалам тербеп, көркемдігі кемел туындылар
жазды. Поэзия үлгісіндегі дәстүрлі қазақ әдебиеті ХХ ғасырда М. Әуе-
зовтің кең құлашты роман-эпопеясы арқылы әлемдік әдебиеттің ақ ай-
дынына шығып, дүние жүзіне танылды.
Мұхтар Әуезов – ең алдымен, жазушы. Жазушылық қызметінің ал-
ғашқы жылдарында жазылған “Еңлік-Кебек” драмасы мен “Қорған-
сыздың күні”, “Ескілік көлеңкесінде”, “Көксерек”, “Қыр әңгімелері”,
“Қыр суреттері”, “Жетім”, “Қараш-қараш”, “Қаралы сұлу” т.б. сияқ-
ты қазақ даласының ұлттық тұрмыс –тіршілігін шынайы бейнелеген
әңгімелері арқылы-ақ ол өзінің ұзаққа шабар зор дарын иесі екендігін
танытты. Қазақ әңгімесінің деңгейін әлемдік биік дәрежеге көтерді.
Сан-алуан тақырыпқа жазылып, өмірдің көкейкесті мәселелерін
қозғаған көптеген әңгімелері мен повестерін, очерктерін былай
қойғанның өзінде, ол – жиырмадан астам пьесаның, “Қилы заман”,
“Абай”, “Абай жолы”, “Өскен өркен” сияқты романдардың авторы.
М.Әуезовтің профессионалды қазақ әдебиетінің туып қалыптасуын-
да, дамуында атқарған ролі айрықша.
Мұхтар Әуезовтің есімі қазақ халқының соңғы ғасырдағы мәдени, әде-
би тарихымен тікелей байланысты. 1926 жылы қазақтың тұңғыш теат-
ры өзінің сахнасын “Еңлік-Кебек” пьесасымен ашты. Оның қаламынан
туған “Еңлік-Кебек”, “Бәйбіше-тоқал”, “Қаракөз”, “Түнгі сарын”, “Ай-
ман-Шолпан”, “Қарақыпшақ Қобыланды”, “Абай” т.б. көптеген драма-
лық туындылары ұзақ уақыттар бойы қазақ театрларының сахнасынан
түспей, негізгі репертуарын құрады. М.Әуезов пьесаларының көпшілігі
қазақ театр өнерінің классикалық туындыларына айналды.
Жазушы қазақ драматургиясында төлтума туындылар жасаумен
ғана тынған жоқ, сонымен бірге әлемдік әдебиеттің асылдарынан та-
маша аудармалар да жасады. Ол қазақшалаған В.Шекспирдің “Отел-
ласы” мен “Асауға тұсауы”, Н.Гогольдің “Ревизоры”, К.Треновтің
“Любовь Яроваясы”, Н.Погодиннің “Ақсүйектері” – бір тілден екінші
тілге тәржімалаудың тамаша үлгілері.
224
Мұхтар Әуезовтің шығармашылығында маңызды орын алатын шы-
ғармалардың бірі – “Қилы заман”. Ромен 1916 жылы Жетісу өңіріндегі
Албан руының патша өкіметіне қарсы бағытталған халықтық бас көте-
ру оқиғаларына арналған. М.Әуезов өзінің бұл туындысында эпикалық
баяндау тәсілін игерген кең тынысты суреткер екендігін көрсете білді.
“Қилы заман” – өз елін, туған жерін сүйе біліп, халқы басынан кешір-
ген 1916 жыл трагедиясын жан-тәнімен сезініп, терең ойға орап, сезім-
тал жүректің қанымен жазылған кемел көркем шығарма. Бұл кітап
елінің елдігі, халқының азаттығы үшін алысып өткен, сол жолда құр-
бан болғандарға арнап орнатқан еңсесі биік көркем ескерткіш іспеттес.
Мұхтар Әуезов талантының барынша жарқырай бар қырымен,
сыр-сымбатымен көрінген шығармасы – “Абай жолы” роман-эпопея-
сы. Қазақтың өткен ғасырда жасаған ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың
өмірінен жазылған төрт томдық эпопея жазушы шығармашылығының
бас кітабына айналды.
М.Әуезов “Абай жолына” үлкен дайындықпен келді. Жазушы тет-
ралогияны он бес жылға жуық уақытта жазды. Абайдың шығармашы-
лық өмір жолын тереңдеп зерттеген көптеген ғылыми мақалалар мен
монография жариялады. 1936 жылы Леонид Соболевпен бірігіп жаз-
ған “Абай” трагедиясы (1939) қазақ драматургиясының үздік туынды-
ларының біріне айналды.
“Абай жолы” романының алғашқы тараулары отызыншы жылдар-
дың аяғында-ақ әдебиет журналында жариялана бастады. Пушкиннің
100 жылдығына орай жарық көрген «Татьянаның қырдағы әні» әңгі-
месі кейін «Абай жолы» роман-эпопеясына бір тарау болып енді. Төрт
томдық роман-эпопеяның біріншісі 1942 жылы, екіншісі 1947 жылы,
үшіншісі 1950 жылы, соңғысы 1949 жылы СССР Мемлекеттік сый-
лығына ие болды. 1959 жылы төрт томдық “Абай жолы” роман-эпо-
пеясы үшін Мұхтар Әуезовке “Лениндік сыйлықтың лауреаты” атағы
берілді. Ұлы жазушының өлмес еңбегіне, заңғар талантына көрсетіл-
ген бұл баға сол кездегі әдебиет пен өнерге берілетін ең жоғары, ең
беделді атақ болатын.
Мұхтар Әуезов қазақ халқының да әлемдік өркениетте өзіне лайықты
құрметті орны бар екенін “Абай жолы” роман-эпопеясын жазу арқылы дә-
лелдеп берді. Көркемдік әдістің, бейнелеу құралдарының мүмкіндіктерін
кеңінен пайдаланып, өмірді көркемдік тұрғыдан бейнелеп көрсетудің асқан
үлгісін көрсетті; қазақ халқының философ ақыны Абайдың толық қанды
бейнесін жасады; қазақ әдебиетіне жан-дүниесі, өмірлік бағыты айқын
бейнеленіп сом жасалған тың кейіпкерлер әкелді; өткен ғасырдағы қазақ
даласының тұрмыс-тіршілігін барлық тынысымен суреттей білді; қазақ
даласының көркем келбеті шын мәнінде тұңғыш рет осы эпопеяда толық
бояуымен, суретімен көрінді; қазақ прозасына терең психологизм әкелді. Ең
соңында, қазақ әдебиетін әлемге паш етіп, М.Әуезовтің өзі әлемдік әдебиет
алыптарының қатарынан берік орын алды; ал “Абай жолы” эпопеясы болса,
аса жоғары бағаланды да дүние жүзілік әдебиеттің классикалық шығармасы
қатарында адамзат рухани байлығының алтын қазынасына қосылды.
225
1956 жылы атақты “Абай жолы” эпопеясын аяқтаған соң, Мұхтар Әуе-
зов бүгінгі күн тақырыбынан жаңа шығармалар жазуды жоспарлайды.
“Өскен өркен” (1962) – аяқталмаған роман. Сонда да болса бұл кітаптың
басты ерекшеліктері ретінде коммунизм құрылысшыларының еңбегін
марапаттау, социалистік құрылыстың көшбасшылары совет коммунис-
терінің бейнесін жасау басты мақсат болғандығын да айта кеткен жөн.
Әдебиетті шын сүйген әрбір қаламгер күнделікті әдеби өмірдің
өзекті мәселелеріне үн қосып, пікір айтудан қалыс қала алмайды.
М.Әуезов те өз кезіндегі көркемдік дамудың өткір өңірлеріне батыл
барып, белсене араласып отырған. Қазақ кеңес әдебиетінің тарихын-
да Мұхаң араласпаған әдеби оқиға, пікір білдірмеген қаламгер жоқ
шығар, сірә. Ол С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов,
Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Т.Жароков, К.Әбдіқадыров, Ә.Тәжібаев
т.б. көптеген ақын-жазушылардың өзіндік ерекшеліктері, жеке шығар-
малары жайлы жылы лебіздер білдірді. КСРО халықтарының, Батыс,
Шығыс әдебиеттерін жетік білген жазушы әлемдік әдебиеттің көр-
некті өкілдері хақында да бірсыпыра құнды пікірлер айтты.
М.Әуезов тек қана үлкен суреткер, дарынды драматург немесе тама-
ша аудармашы, белсенді сыншы ғана емес, диапазоны кең ғұлама ғалым
да. Жазушының дарын қырлары ғалым-зерттеуші ретінде де жарқырап
көрінді. Ол қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушылардың бірі
болды. “Әдебиет тарихында” (1927) қазақ ауыз әдебиеті алғаш рет түр-
лерге бөліп, жүйелеу ұсынылды. “Абай Құнанбайұлы” атты көлемді мо-
нография М.Әуезовтің ақын шығармашылығын зерттеген ұзақ жылдар-
ғы еңбегінің нәтижесі секілді. Мүнда Абай өмір сүрген дәуір, Абайды
зерттеу мәселелері, Абайдың өмірбаяны, жастық шағындағы шығарма-
лары, лирикасы, поэмалары, аудармалары, қара сөздері жеке-жеке та-
рауларда кеңінен зерттелінеді. Абайдың ақын балалары Ақылбай мен
Мағауияның шығармалары жайлы да айта кетуді жөн көрген. М.Әуезов
қазақ әдебиетінің тарихынан оқулық ретінде жазылған “ХІХ ғасыр мен
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы” (1933), “Әдебиет
хрестоматиясы” (1937) кітаптарын да шығарды.
Қазақтың даңқты жазушысы, ғұлама ғалымы, әдебиет сыншысы,
тамаша педагогі Мұхтар Әуезов белгілі қоғам қайраткері де болатын.
Ол әсіресе, Азия, Африка жазушыларының демократиялық бағыт-
тағы қозғалысын ұйымдастыруда көп еңбек сіңірді. Қазақ ССР Жо-
ғарғы Советінің депутаты, Қазақ ССР Ғылым Академиясының толық
мүшесі, КСРО және Қазақстан Жазушылар Одағы басқармалары-
ның, Лениндік сыйлықтар беру жөніндегі комитет пен Дүниежүзілік
Бейбітшілік сақтау комитетінің, көптеген одақтық, республикалық
баспа органдарының редколлегия мүшесі ретінде ұлан-ғайыр қызмет-
тер атқарды.
Халық құрметіне бөленген ол Ленин ((1957), Еңбек Қызыл Ту
(1945), «Құрмет белгісі» (1956) ордендарымен марапатталған.
226
АДАМЗАТТЫҢ АЙТМАТОВЫ
Достарыңызбен бөлісу: |