(Зейнолла ҚАРИ)
Ж
алпы, қазақтар бұрын мерейтой өткізбеген, мүшелтой өткіз-
ген. Қазақтың ескі жыл санауы бойынша, он екі жылдық
циклға негізделген жануарлардың аттарынан тұратын мүшелдік жыл
қайыруды пайдаланған. Әрбір адам өзінің хайуанаттық атынан тұра-
тын жылы және неше мүшел жасағанын білген. Сол арқылы қанша
жасқа келгенін анықтап отырған.
Дөңгелек санды жастың тойы қазақтардың арасында осыдан тура
74 жыл бұрын өтіпті. А. Байтұрсынов елу жасқа толғанда, ұлтжанды
қазақ зиялылары оны салтанатты түрде, той ретінде атап өткізгілері
келеді. Оған сол кезде кеңестік биліктің маңында жүрген кейбір ком-
мунист ағайындарымыз қарсы шығып, біріншіден, қазақтар дөңгелек
санды тойды өткізбеген, тек мүшелтойды ғана өткізген, екіншіден А.
Байтұрсынов “ұлтшыл” деп, дау шығарды. Сонымен, А. Байтұрсынов-
тың елу жылдық тойын Қазақстанда өткізуге рұқсат берілмей, Орын-
борда өтті. Салтанатты жиында С. Сейфуллин кіріспе сөзбен ашып,
жүргізіп отырған. Жиында С. Сәдуақасовпен бірге 26 жасар М. Әуе-
зов жалындай сөйлеп,
А. Байтұрсыновты қазақ халқының көсемі, “жаңа өсіп келе жатқан
қазақ әдебиетінің басшысы” деп баға берген екен. Содан бері қарай
елімізде жекелеген адамдарды ұлықтаған үлкенді-кішілі талай тойлар
өтіпті.
Жалпы, қазақ – тойшыл халық. Әрбір қазақ бір той өткізуді арман
қылады. Сондықтан да қазақтар бір-біріне “тойда кездесейік” деп ті-
лек тілейді.
Тойдың екі түрі болады. Оның алғашқысы – жер басып жүрген әрбір
жұмыр бсты пенденің жеке өзіне, отбасына, ағайын-туыстарына қа-
тысты қуанышқа байланысты тойлар. Мұндай тойлар қазақтарда өте
көп, күнде болып жатыр десек те болады. Өйткені, қазақ тойсыз өмір
сүре алмайды; дүние-мүлікті той жасау үшін, жұртқа шашу үшін жи-
найды. Той жасау – қазақ халқының ұлттық психологиясының, ұлттық
болмысының бір ерекшелігі десек, қате айтпаспыз.
Тойдың екінші бір түрі – халықтық той. Той иесінің қуанышы ғана
болып қоймай, барша жұртқа, халыққа да ортақ болып, тойды көп бо-
лып өткізеді. Мұндай тойлар өз өмірін халқына арнаған, қызмет текен
ардагерлеріне арналып өтіледі. Ол бізде бұрын қазақтың көлемін-
де ғана өткізіліп келсе, қазір, егеменді ел болғалы бері тіпті әлемдік
масштабта да өткізе бастадық. Халқымыз ұлылар туралы ұлы той-
лар өткізсе, халқына қызмет қылып жүрген “кішілердің” де еңбегін
елеусіз қалдырмаған. Сондай тойдың бірі – бүгінгі күні елуді еңсеріп,
214
алпыстың асқарына қарай бағыт алған белгілі ғалым, ұстаз, журна-
лист, белсенді қоғамшыл, ұлтжанды азамат Шөмекей Жұмабайдың
Жұмаділдасының Зейнолласының мерейтойы.
Әлемнің біразын шарпыған екінші жаһандық соғыс аяқталып, ер-
азаматтар елге оралғаннан соң тура бір жыл өткенде, көктемнің жай-
машуақ бір күнінде ежелгі оғыз жері Сыр бойының Ақмешіт өңірін-
дегі Ақшұқыр ауылындағы Жұмаділда қарияның шаңырағында шыр
етіп, торсықтай бір ұл өмірге келді. Ол “Ей, адамдар, мен өмірге
келдім, мені танып қойыңдар. Менің өмірден өзіме лайықты орнымды
алуға кедергі жасамаңдар! Жол беріңдер!” – дегендей, іңгәләп, уілдеп
ұзақ жылады. Бұл нәресте – бүгінде елудегі Зейнолла Қари болатын.
Оқиға ит жылы мамырдың төртінші жұлдызында болып еді. Содан
бері Зекең төрт мүшелге толып, бесіншісін бастап та жіберді.
Зейнолланың балалық шағы соғыстан кейін есін енді-енді жия бас-
таған қиын кезде алыстағы Әмудария мен Сырдарияның арасында-
ғы Қызылдың құмының ішіндегі шағын ауылда өтті. Жеті жасында
Ақарық колхозындағы жеті жылдық мектепке барды. 8 класты Тере-
ңөзектегі № 35-ші қазақ орта метебінде жалғастырды. Орта мектепті
алтын медальмен бітірген Зейнолла 1962 жылы Қызылорда педагоги-
калық университетінің физика-математика факультетіне оқуға түседі.
Институтты жақсы бітірген соң сонда жалпы физика кафедрасының
аға лаборанты, Қызылорда облыстық атқару комитетінде құрылыс
және архитектура бөлімінде топ жетекшісі, Жалағаштағы № 124, 146
мектептерде мұғалім болып қызмет істейді. 1970-72 жылдары ҚҰҒА
Философия және право институтының, 1972-1974 жылдары Абай
атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспирантураларында
оқиды. 1974-1978 жылдары Қазақ ССР Ауыр құрылыс министрлігін-
де бөлім бастығы бола жүріп, Алматы халық шаруашылығы институ-
тында да оқып, оны 1979 жылы бітіреді. 1978-1979 жылдары Жамбыл
атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының экономика директо-
ры, 1979-1995 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік уни-
верситетінде аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарады. 1995 жыл-
дан қазірге дейін осы ұлттық университеттің докторанты. Негізгі өмір
жолы қысқаша осындай.
Сонымен бірге осы қызметтермен қоса талай ресми, қоғамдық,
жеке қызметтерді де қатар атқарып келеді. Зейнолла Қаридың қоғамға
сіңірген еңбегін бірнеше салаға бөліп айтуға болады. Алдымен, ол –
ұстаз. Базалық білімі физика-математика пәнінің мұғалімі болғандық-
тан да ол ұстаздық қызметтен қол үзбей келеді. Қызылорда пединс-
титутындағы аға лаборанттық, Жалағаштағы 124, 146 мектептердегі
мұғалімдік, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық универ-
ситетіндегі доценттік қызметтер Зейнолла өмірінің ең қызықты да
жемісті жылдары болды. Қазір ол докторантурада докторлық диссер-
тация жазып жүрсе де өзінің стихиясы ұстаздық қызметтен қол үзбей,
өзі 1993 жылы ұйымдастырып, Бас директоры болып келе жатқан “Ақ
ниет” жалпыға бірдей құқықтық оқыту шығармашылық-әдістемелік
215
орталығында, Халықаралық Журналистика институтында пәлсафадан
сабақ беріп келеді. Ол – 9-сыныпқа арналған “Әдеп негіздері” (1987)
атты оқулық пен хрестоматияның, философия бойынша студенттерге
арналған алғашқы оқулықтардың бірі “Дамудың” авторы. Жастарға
білім беру проблемалары бойынша өткен ғылыми-әдістемелік кон-
ференцияларда сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды; бірнеше әдісте-
мелік еңбектер жазды; көптеген мақалалары баспасөз бетінде жария-
ланды.
Зейнолла Қари – ғалым. Ғалым болғанда қазақша ойлап, қазақша
жазатын философ-ғалым, қазақтың ұлттық пәлсафасын, оның терең
тамырларын тауып, зерттеп жүрген зерделі зерттеуші.
Осы жерде мынадай жәйттерді еске сала кету артық емес қой деп
ойлаймын. Үш ғасырға жуық бодандықта болып келгеніміздің ұлт-
тық болмыс-тіршілігімізге тигізген зиянкестігі орасан.. Отаршылдар
бізді ұлттық тілімізден, ділімізден, дінімізден, дәстүрімізден айырып,
мәңгүрт етіп, ұлттық қасиеттерімізді түгелдей жойып, мәңгілік бодан-
дықта ұстауды басты мақсат етті. Сол үшін қазақтарда бұрын тарих,
ғылым, мәдениет, әдебиет болмады; малдың соңында көшіп-қонып
жүргендіктен 2-ақ процент сауатты болды; өркениеттен артта қалды;
біз келген соң ғана сендер ұлт болып қалыптастыңдар, біз сендерге
ғылым-білім, мәдениет әкелдік; қысқасы сендердің ұлт болып, халық
болып, мемлекет болып, мәдениетті адам болып қалқиып жүргендерің
біздің арқамыз, сол үшін рахмет айтыңдар” дегенді санамызға құйып
келді. Осындай саясаттың салдарынан осы уақыттар ішінде біздің ұлт-
тық сана-сезіміміз күңгірт тартып, өзінің тарихын, тегін, мәдениетін,
әдебиетін білмейтін, 1917 жылы төңкерістен кейін ғана пайда болған
“айдан түскен адам” сияқты бірден пайда бола салған “социалистік
мәңгүрт ұлт” боп шықтық.
Егеменді ел болған соң “осы біз кімбіз, қайдан шыққанбыз, қандай
ұлтпыз, неміз бар, неміз жоқ” деген сауалдарға жауап іздей бастадық.
Сөйтсек, біз де талай мыңдаған жылдарға созылған азаттық пен өр-
кениеттілікке ұмтылған күреске толы жарқын тарихы бар, әлемдік
дамуға қосқан үлестеріміз бар Еуразиялық іргелі ел екенбіз. Мұның
бәрі қазақ қоғамтанушы ғалымдарының ғылыми ізденістерінің нәти-
жесінде белгілі болып отыр.
Бұрын қазақтарда ғылым, мәдениет болмады дегенді жоққа шы-
ғарушылардың бел ортасында біздің Зейнолла жүр. Оның қазақтың
ұлттық философиясы, оның тарихы, көрнекті өкілдері жайлы жзған
еңбектері осы саладағы татымды табыстардың қатарында. Ғалым
Зейнолланың қаламынан шыққан “Көкірек көзді көсемдер” (1993)
атты екі кітап – осы айтқандарымыздың дәлелі. Мұнда әл-Фараби
мен Иасауидің, Абай мен Шәкәрімнің еңбектеріндегі философиялық
ой-түйіндер әлемдік ғылымның ауқымында қарастырылады; өмірдің
мәңгілік проблемалары хақындағы терең ойлы көзқарастары әгіме-
ленеді. Сөйтіп, қазақ топырағынан шыққан ұлы ойшылдардың фило-
софиялық, ғылыми ой-пікірлерінің әлемдік өркениеттілік дамуда ай-
216
тарлықтай роль атқарғанын, өзіне тиісті орны барлығын, адамзаттың
ғылыми-мәдени даму тврихында жарқырай жанып тұрған шамшырақ
екендігін дәлелдейді. Ұлы ақындарымыздың өлмес өлеңдеріндегі
әдетте жай зерттеушілер аңғара бермейтін терең философиялық тұң-
ғиықтары шеберлікпен ашып көрсетіледі. Зейнолла ғалымның осы са-
ладағы ғылыми ізденістері жемісті болған.
Зейнолла Қаридың бойындағы адам ретіндегі, ғалым ретіндегі бас-
ты қасиеті қандай дегенде алдымен, оның ұлтжандылығын баса айтар
едік. Әрбір азамат ең алдымен, өз халқына, ұлтына сіңірген еңбегі-
мен бағаланады. Ұлтқа, халыққа қызмет – азаматтықтың ең жоғары
көрінісі. Біз ұлыларымызды қазақ халқының бақытты өмір жолында-
ғы күресіне сіңірген еңбегіне қарай кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, ту етіп
көтереміз. Осы тұрғыдан келгенде, Зейнолла да халқының алдында
айтарлықтай еңбек сіңірді. Егеменді ел болып, ұлттық шаңырағымыз-
ды көтеріп жатқанда, ұлттықтың негізінің негізі тіл мәселесі қатты
көтерілді. Тек тұрмыстық деңгейде ғана қалған қазақ тілінің жоғын
жоқтап, туын көтеріп шыққан ұлтжанды аз ғана қазақ зиялыларының
қатарында З. Қари да жүрді. Қоғамдық негізде Алматы қаласының
Алатау (қазіргі Бостандық) аудандық “Қазақ тілі” қоғамын басқарды
(1990-95). 1992-1995 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ мемле-
кеттік ұлттық университетінде тіл бөлімі мен “Қазақ тілі” комитетіне
басшылық жасады. Сөйтіп ғылым мен білімнің қара шаңырағында
қазақ тілін білім беру, ғылым тіліне айналдыру істерінде айтарлық-
тай істер атқарды. Іс қағаздарын қазақша жүргізу, түрлі мәжілістерді
қазақ тілінде өткізу, тәрбиелік мәні зор түрлі ұлттық салт-дәстүрлерді
жастар арасына кеңінен насихаттау, Наурыз мейрамын өз дәрежесінде
өткізу сияқты көптеген шараларды жүзеге асырудың басы-қастарында
ылғи да З. Қари жүретін.
Зейнолланың халқына қызметіне тоқталғанда 1993 жылы “Ақниет”
жалпыға бірдей құқықтық оқыту шығармашыық әдістемелік орталы-
ғын құрып, жұмыс істей бастағанын айтпай кетуге болмайды. Қазір
осы Орталық жанынан құрылған Ұлттық өнер академиясы “Ақ жауын”
саз отауы (Тұрысбек), “Нұр” телерадиокомпаниясы, заң колледжі жұ-
мыс істейді. Бұлардың барлығы да қазақ халқының ұлттық өнері мен
мәдениетін дамыту, жаңа заманға лайықты жан-жақты білімдар жас
ұлттық ұрпақты тәрбиелеуде айтарлықтай еңбек сіңіріп келеді.
З. Қари діни отбасында тәрбиеленгендіктен де мұсылманшылық-
ты берік ұстайды. Зейнолла – аузынан Алласы, қолынан құраны
түспейтін діншіл азамат. Не істесе де “бісмілла” деп бастайды. Ол
қажылыққа бармастан бұрын, алдымен, мұсылмандықтың қалған
төрт парызын орындау керек дейді. Ол ислам дінін, мұсылмандықты
сөзімен де, қаламымен де насихаттап келеді. Ол “Құранға” түсінік-
темелерден тұратын “Өлмес өсиет” атты кітапты (1996) құрастырды,
“Мұхаммед пайғамбар” (1997) атты еңбек жазды. Ол ауылы Ақарықта
бой көтерген мешітті салысты, Алматыда да (Бостандық ауд.) мешіт
салуға жүгіріп жүр.
217
Зейнолла – көп ізденетін, қатардағы көптің бірі болмай белсенді
қызмет атқаратын жігерлі азамат. Ол – мақсатына жету жолында қа-
жымай еңбек етіп келе жатқан, жеткен жетістіктерінің барлығына
дерлік адал еңбегімен жеткен еңбеккер.
Қаридың еңбек жолына үңілсек, ылғи да бірнеше жұмысты қатар
алып жүрген нар жігітті көреміз. Зейнолланың бір қасиеті өзіне қан-
дай жұмыс тапсырылса да болмайды деп айтпайды, белсене кірісіп
кетеді және одан нәтиже шығарады. Ұстаздық, басшылық, ғалымдық,
қоғамдық жұмыстардың барлығына қалай уақыт тауып жүргеніне таң
қаласыз.
Зейнолла Қари – халық құрметіне бөленген абзал азамат. Алыстағы
құм арасындағы шағын ауылдан шығып, бүгінгі қазақ руханиятының
бел ортасында жемісті еңбек етіп жүруінің өзі – бақыттылық.
Елуге келген Зекеңе қарасақ, Алла тағаланың бір басына қаншама
жақсы қасиеттерді үйіп-төгіп аямай бере салғанын көресіз. Зейнол-
лаға көз салсаңыз, сырт тұлғасына көзіңіз тояды. Зейолланың киген
киімінен, жүрген жүрісінен, түрлі орталарда өзін ұстауынан бастап,
сөйлеген сөзіне өзінше бір парасаттылық, мәдениеттілік танытып тұр-
ғандай. Осындайда Сәкен сері Сейфуллин еске түседі. Өзі философ
болғандықтан да ойлаудың логикалық заңдылықтарын жете меңгер-
ген Қари мырзаның сөйлеген сөздерін тыңдағанда құлақ құрышыңыз
қанады. Зекең сөйлегенде қалқимайтын құлақ, жібімейтін жүрек,
ашылмайтын қақпа, алынбайтын қамал жоқ шығар, сірә.
Жұлдызнамаға қарасақ, Зейнолланың жұлдызы – торпақ. Торпақ-
тардан тамаша философтар шығуы мүмкін екен. Торпақтар – жар-
тылай романтик, жартылай материалист.”Торпақтар өте бірбеткей.
Әйтсе де олар өздерін ұстамдымыз деп есептейді. Қиындыққа олар-
дан артық ешкім шыдай алмайды... Табиғат берген қайрат пен ақыл,
шыдамдылық пен ептілік оларға көп істі атқаруға мүмкіндік береді...
Дене бітімдері мықты келеді”. Осы айтылғандардың бәрін Зейнолла-
ның бойынан көреміз.
“Ер жігітке жарасар, еліне еткен пайдасы” дейді философ халқы-
мыз. Елу ердің жасы, кемелдіктің, адамның даналыққа аяқ басатын,
адам ақылының гүлдеп, шешек ататын кезеңі”, – дейді екен халық да-
налығы. Елу өмірдің шарықтау кезеңі; жігіттіктің өтіп, ағалыққа өт-
кен, аталыққа жетіп қалған кез. Сондықтан да елудің ер жігітке артар
азаматтық салмағы да ауыр болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |