Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет123/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

Лұқман ұлына: 

–Арқама мініп тұрып, бір кісі отыратындай жерді пышақпен ой – 

дейді.  Ұлы орнын сайлап болған соң 40 түйір құрма беріп, сол жерде 

қалдырады да, өзі ары қарай қазып, кете береді.

Лұқман құдықта жеті жыл жатады. Баяғы патша өліп, оның орнына 

басқа кісі болады. Бір күні патша құрма жеп отырып, тамағына сүйегі 

тұрып қалады. Қақалып өлуге таянады. Сонда бір қарт кісі: «Мұның 

амалын Лұқман деген кісі табар еді, бірақ ендігі өліп қалған шығар» 

– дейді. Патша лезде құдықты аштырады. Баласы өліп қалған екен. 

Кірпігі ғана қимылдап жатқан Лұқманды тауып әкеледі. Лұқман хакім 

құдықтың жанына үй тіктіріп, тамақтың иісін иіскеп қана үш күн жа-

тады. Содан соң «Енді бір сандық әкел, денеме жел тигізбей, соның 

ішіне  салып  шығар»  –  дейді.  Лұқман  түрлі  дәрі  қайнаттырып  ішіп, 

тағы үш күн жатады. Ақыры патшаға алып барады. Оған: 

–  Сіз  өз  балаңыздың  жүрегін  пісіріп  жемесеңіз,  жазылиайсыз»  – 

дейді. Сұлтан оған көнбей, қиналады. Ақыры, уәзірлерінің айтуымен 

көнеді. Лұқман баланы патшаның алдына әкеліп, қол-аяғын байлайды. 

Патшаның алдына перде тұттырып қояды. Жасырып, тағы бір қойдың 

аяғын байлап әкеледі. 

– Ей, жігіт, саған ажал, маған бұйрық келді. Әкең үшін сені бауыз-

даймын, – деп, қойдың тамағынан пышақпен қор еткізіп, тартып жі-

береді. Патша талып түседі. «Аһ!» дегенде, сүйек атып шығады. Есін 

жиып, қараса, баласы алдында тірі отыр екен. Патша қатты қуанып, 

Лұқманға көп сыйлық беріп қайтарады.

Халық даналығын бойына сіңірген Лұқман хакім туралы аңыздар да 

шығыс халықтары арасына кеңінен тараған. Лұқман туралы қиссалар-

ды ойланбай оқу мүмкін емес. Жақсылық пен жамандық, адалдық пен 

арамдық, байлық пен кедейлік, еңбек пен зейнет, әділдік пен зұлым-

дық, тіл мен жүректің адами қарым-қатынастарда атқаратын зор рөлі 

хақында терең философиялық ойларға жетелейді. 

Қорыта  айтқанда,  Рабғузидың  «Қисса-сул-әнбия»  кітабы  өзіне 

дейінгі шығыс халықтары арасына кеңінен тараған ежелгі аңыз-әңгі-

мелерді, қисса-дастандарды, өлең-жырларды нәзирашылдық дәстүр-

мен қайта жаңғыртқан, сөйтіп, түркілік әдебиеттің асыл мұраларына 

жаңаша өмір беріп,  бүгінгі күнімізге жеткізген аса құнды еңбектердің 

бірі болып қала бермек. 




281

МЫРЗА АЛЕКПЕР

 САБЫР (ТАХИРЗАДЕ)        

                                                                                                                              





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет