(1862-1911)
М
ырза Алекпер Сабыр (шын фамилиясы Тахирзаде, Сабыр
Мырзаны әдебиет әлеміне танытқан лақап аты) 1862 жылы
әзербайжан мәдениетінің ертеден келе жатқан мәдени, әдеби ор-
талықтарының бірі Шемаха қаласында өмірге келген. Бастауыш
білімді осындағы моллаханда алады. Дәстүрге бай әдеби ортаның
тікелей әсерімен ол сегізінші сыныптан бастап өлең жаза бастай-
ды. Он екі жасында атақты ағартушы ақын Сейід Әзім Ширванидің
«Усули-джадид» («жаңа амал») мектебіне түседі, бірақ та қаржы-
лық қиындықтарға байланысты оқуын аяқтай алмайды. Жоқшы-
лықтың зардабын, өмірдің ащы дәмін көп тартқан Мырзаның
тіршіліктің ауыр тауқыметін басынан өткеруіне, оған төзімділік
танытуына тура келді. Ертенгі күннің бақыт әкелетіндігіне сенген
ақын өзі сияқты ауыр жағдайда өмір сүріп жатқан замандастарын
шыдамдылыққа, сабырға шақырған жыр жазуын үдете түсті. Өзін
де, өзгелерді де сабырлылыққа шақырған, қоғамдағы құдайын
ұмытқандардың қорқаулықтарынан туындап жатқан әділетсіздік-
терді, келеңсіз құбылыстарды барынша түйреп жазған өлеңдері
«Сабыр» деген әдеби лақап атпен елге кеңінен тарап, оның ақын-
дық даңқын жалпақ жұртқа мәшһүр етеді.
Сабыр 1883 жылы Орта Азия мен Иранға сапар шегеді. Араға
алты жыл салып, Ашхабад өңірін аралайды. Бұл сапарлар Мырза-
ның азамат болып қалыптасуына, ақындық бағытының айқындала
түсуіне, оның әзербайжан ақыны ғана болып қоймай, түркілік ау-
қымға шығып, жалпы адамзаттық идеалдарды жырлауына жолдар
ашты.
1901 жылы белгілі ақындар Аббас Сиххат, Ағалыбек Насех пен
Мұхаммед Таррахтың бас болуымен құрылған Шемаха зиялыла-
рының әдебиет жайлы мәжілістеріне қатысады. Мұның өзі Сабыр-
дың кәсіби шеберлігінің артып, өлең техникасының жетіле түсуіне
жағдайлар жасайды.
Ақынның өлеңі алғаш рет 1903 жылы, яғни ақынның қырық
бір жасында Тифлисте шығып тұратын «Шарғи-Рус» газетінде
жарық көреді. Баспа бетін көрген екінші өлеңі 1905 жылы «Хеят-
та» («Өмір») жарияланған – «Интернационал». «Мұсылмандар
мен армян азаматтарына» өлеңінің жазылуына әртүрлі күштердің
282
арандату әрекеттерінен туындаған ұлтаралық қақтығыстарға апа-
рып соқтырған қайғылы оқиғалар себеп болған.
М. Сабырдың 1906-1911 жылдар арасындағы өмірі Ресейде бол-
ған бірінші орыс революциясының әсерімен бұрқ-сарқ қайнап жат-
қан Бакуде өтеді. Ол «Үміт» мектебінде сабақ бере жүріп, қала ма-
ңындағы Балаханы аулында парсы тілі мен шариаттан дәріс өтеді.
Сол кездегі қоғамдық ой-пікірдің орталығына айналған «Молла
Нәсіреддин» журналының, сондай-ақ «Занбур», «Гүнеш», «Ха-
қиқат» газеттерінің жұмыстарына белсене араласады. Ақынның
қарапайым халықты кенедей сорып, әбден байып алған, халықты
алдап, арбап, зорлап түрлі алаяқтық амалдармен күн кешіп жүрген
қалтасы қалың арамтамақтарды барынша әшкерелеп, батыл сына-
ған, қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жырын жырлап жазған
өлеңдері Сабырды бүкіл түркі әлеміне, Таяу және Орта Шығыс ел-
деріне танымал етті. Өмірдің әділетсіздіктерін, халықтың басына
төнген ауыртпалықтарды жүрегімен сезініп, жырымен жырлаған,
осының барлығы жеке басына көптеген қиыншылықтар туғызып,
денсаулығын бұзған өршіл ақын 1911 жылдың 12 шілдесінде бұл
өмірмен қоштасып, бақилыққа сапар шегеді.
«Не туралы жазу керек?» (1908) атты ақындық манифесі іспет-
тес өлеңінде «Қисықты қисық саламын, түзуді түзу сызамын»
деп атап айтқанындай, ақын шығармашылығында шырқыраған
өмір шындығы сол кездегі бар болмысымен көркем көрініс тап-
қан. Ақынның бар мақсаты бүлінген заманның бүліншіліктерінен
халқын аулақ алып кетіп, тура жолға салғысы болғандай. Ал ол
«тура жол» – қандай жол? Кезінде сол тура жолды іздеген қазақ
ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шындықтың аулын іздеп,
түстім жолға» деп жырлағаны мәлім. Әзербайжан ақыны Мырза
да ол жолды шындықтан табады. «Не туралы жазу керекте?» ақын
өзінің «шындық жолымен» келе жатқандығын, бұл жолдан еш-
қайда ауытқымайтындығын, өйткені мұның халқын әділетсіздік-
терден, құлшылықтан, жоқшылықтан құтқаратын бірден-бір жол
екендігін жырға қосады.
Қазақ ағартушысы Ахмет Байтұрсынов өзінің алғағашқы өлең-
дер жинағының тақырыбын «Маса» деп атап, алдына халқын маса
секілді шағып, оятуды қойса, Мырзаның да бір әдеби лақап аты
«Көкек» болған. Әзербайжан ақыны да ұйықтап жатқан халқын
көкек болып, мазасын алып, қозғауды алдына мақсат етіп қойған.
Ақынның қайтыс болғаннан кейін шыққан алғашқы өлеңдер жый-
нағы да «Көкек кітабы» («Хоп-хоп-наме») аталынған.
М. Сабыр өлеңдерінің негізгі тақырыбы – халықты ауыр жағ-
дайға ұшыратып отырған елдегі келеңсіз құбылыстар. Ақын сол
жамандық атаулының қайнар көздеріне айналған өндіріс, жер ие-
лерінің, ауыл бектерінің, дүмше молдалардың, жалпы қарапайым
283
халықтың қарапайым хұқықтарын аяққа таптап жатқандардың
типтік бейнесін әзербайжан әдебиетінде алғаш рет жасап, оларды
көптің алдына шығарып, бет-пердесін сыпырып, әшкере етті.
Мырзаның «Біздің болашағымыз – ырым сөз», «Ұйқы», «Хат»,
«Біз – зиялылармыз», «Әй, есінеме, ат астында қаласың...», «Басқа
жерлерде», «Қарулы адам», «Шахнама» секілді өлеңдерінде оқа-
лы мундир киген ұлықтарды, жалдамалы депутаттарды, мәңгүрт-
тен айырмасы жоқ зиялысымақтарды, патшаның жандайшаптары
секілді «жоғарыдағылар» мен «таңдаулылардың» шын бет-бей-
несін көрсетіп, абыройларын аймандай етті.
Ақынның өлеңдері тақырыптық жағымен бірге, көркемдігімен
де, поэтикалық қуаты жоғары тіл өрнектерімен де ерекшеленеді.
Сабырдың сатирасы жалаң сатира ғана емес, ол қажетті жерлерін-
де жібектей жұмсақ лиризммен ұштасып, романтизмнің шалқар
шабытында шалқып жатады.
Мырзаның поэзиясын осындай биікке көтеріп тұрған ұлттық,
түркілік, одан қалды Шығыстық поэзияның тамыры тереңде жат-
қан әдеби дәстүрімен жүріп, оны одан ары дамытуы болса, екінші
жағынан, өмір ұсынып отырған зәру мәселелерді дер кезінде ба-
тыл көтере біліп, замана сазын айтып, өз дәуірінің көркем бейнесін
бар болмысымен, қарама-қайшылықтарымен жасай алған жаңа-
шылдығында жатыр.
Туған халқының адал ұлы болғандықтан да М. Сабыр оның
жай-күйін, мұң-зарын жүрегімен түсініп, қабылдап, жырлай білді.
Халқымен бірге қуанып, бірге қайғырды. Бір жағынан, орыс отар-
шылдығының, екінші жағынан, жергілікті алпауттардың қанауына
ұшыраған халықтың трагедиялық халі сол халықтың көзі, құлағы,
сезімі бола білген халық ақыны Сабырдың да трагедиясына айна-
луы ақынның азаматтық бейнесін биікете түскен.
ХХ ғасырдың басы әзербайжан әдебиетінің алтын дәуірі сана-
лады. Сол биікке әдебиет Мырза Сабырдың поэзиясы арқылы,
Жәлел Мәмедкулизаденің прозасы мен драматургиясы арқылы
шықты. Бұл биікке ол өз ұлтының ғана емес, түбі бір түркілік,
одан қалды жалпы адамзаттық асыл армандарды, биік идеалдарды
жырлау арқылы көтерілді.
284
ФИЗУЛИ
Достарыңызбен бөлісу: |