Екінші әңгіме: «Лұқман хакімге қожасы «Жақсы ет асып бер»,-
деді. Лұқман бір қойды бауыздап, оның тілі мен жүрегін асып береді.
Біраз күн өткен соң қожасы тағы «Енді маған жаман ет асып бер» –
дейді. Лұқман тағы да қойдың тілі мен жүрегін асып береді. Қожасы
мәнісін сұрағанда, «Тәтті болмақ та тіл мен жүректен, ащы болмақ та
тіл мен жүректен» – депті».
Үшінші әңгіме: «Бір залым патша Лұқман хакімді ұлымен бірге
зынданға тастатады. «Данышпандығын көрейін, осы құдықтан қа-
лай аман шығар екен» – дейді. Құдықтың аузын диірменнің тасымен
бекіттіріп, үстіне егін ектіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |