Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


(он үшінші ғасырдың соңы-он төртінші ғасырдың басы)



Pdf көрінісі
бет121/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

 (он үшінші ғасырдың соңы-он төртінші ғасырдың басы) 

        


О

рта ғасырлардағы түркі әдебиетінің аса ірі өкілдерінің бірі Раб-

ғузидің өміріне қатысты деректер өте аз. Шығармасында кезде-

сетін кейбір деректерге қарағанда, Хорезмнің маңындағы Рабати Оғыз 

елді  мекенінде  туылып,  он  үшінші  ғасырдың  аяғы  мен  он  төртінші 

ғасырдың басында өмір сүрген. Тағы бір жерінде ол, яғни Нәсіреддин 

Бұрханеддинұлы  Хорезмнің  Рабат  Оғызында  жоғары  дәрежелі  қазы 

(сот) болғандығын айтады. Рабғузи  – оның лақап аты.

Рабғузидың бізге бір ғана шығармасы – «Қисса-сул-әнбия» жеткен. 

Бұл еңбек «Рабғузи повестері», немесе «Рабғузидың әулиелер туралы 

әңгімелері» деген атпен де белгілі. Кітаптың кіріспесінде бұл еңбекті 

ислам  дінін  қабылдаған  моңғол  бегі  Нәсіреддин  Тоқ  Бұғаға  арнап 

жазғандығынан  хабардар  етеді.  Алға  қойған  мақсаты  пайғамбарлар 

жайлы  әңгімелерді,  аңыздарды,  деректерді    халыққа  түсінікті  түрде 

тарихи тұрғыдан көркемдеп жазып, қалың көпшілікке ұсыну болған. 

1309-1310 жылдары жазылған еңбекте 72 пайғамбар жайлы аңыз-

әңгімелер,  қиссалар  орын  алған.  Мазмұнының  ислам  тақырыбына 

арналуы, оқиғалардың түсінікті тілмен көркем жазылуы   «Қисса-сул-

әнбияның» мұсылман елдеріне (араб, парсы, түркі) көп тарауына, та-

нымал болуына алғышарттар жасады. 

Қазақ әдебиеттану ғылымында Рабғузи жайлы алғаш зерттеу мақа-

ласын жазған профессор Б. Кенжебаев («Жұлдыз», 1968, №7) кітапқа 

енген шығармаларды тақырыптық жағына қарай үш топқа жіктейді: 

«1. Жер, көк, адамзат, хайуанат, жын-шайтан, періште, адам-ата, от, 

топырақ жайлы түсінік, әңгіме. 

2. Әулие-әнбиелер, пайғамбарлар, солардың өмірбаяндары, іс-әре-

кеттері туралы қиссалар, ертектер, аңыздар. 

3.  Шежіре,  мұсылман  жыл  есебінің,  хижраның  алғашқы  он  жыл 

ішінде болған тарихи оқиғалар, календарь – жыл, ай, күн аттары, на-

зым өлеңдер».

Ал ежелгі әдебиеттің білгірі А. Қыраубаева кітаптағы шығармалар-

ды «1. Табиғат, жаратылыстың пайда болуы жайындағы діни – мифо-

логиялық аңыз-әңгімелер.  2. Пайғамбарлар және тарихи адамдар жа-

йындағы деректі, дерексіз аңыз-әңгімелер. 3. Ауыз әдебиеті үлгілері, 

өлеңдер» (А. Қыраубаева. Шығармалары. 2 том, А., 2008, 200-бет) – 

деп, топтастырады. 

«Қисса-сул-әнбия»  авторының  жан-жақты    білімдар  адам  болған-

дығы көрінеді. Рабғузи кітабының негізіне пайғамбарлар туралы Құ-

ранда, ислам дінінде  кездесетін әңгіме-аңыздар алынумен бірге Биб-

лияны да, Әбу Ысқақ Нишапурдың «Пайғамбарлар әнін», сондай-ақ, 




278

Хасан Басры Рахматулланың,  Жобир ибн Ансоридың еңбектерін де 

пайдаланғандығы байқалады. Сонымен бірге өз жанынан қосып, ауыз 

әдебиеті үлгісінде жазған аңыз-әңгімелерге де молынан орын беріл-

ген. Нәтижесінде «Қисса-сул-әнбия» тек исламдық  мазмұндағы діни 

шығарма ғана емес, зайырлық сыпаттағы дидактикалық мәнді еңбек 

болып шыққан. 

Енді  А.  Қыраубаеваның  аудармасындағы  Рабғузидың  шығармала-

рына  назар  аударайық.  «Үш  түрлі  топырақта»  Жәбірейіл,  Ысрафил, 

Әзірейілдің  Алла  тағаланың  тапсырмасын  қалай  орындағанын  айта 

келіп, Адам Атаның топырақтан қалай жаралғанын баяндайды: 

«Алла тағала Жәбірейілді үш түрлі топырақ алып келуге жұмсайды.      

Жер:  «Менен  топырақ  алмашы!»  –  дейді.  Жәбірейіл  жердің  көңілін 

қимай қайтып келеді. 

Құдай Ысрафилді (кернейін тартып, қиямет күнінің келгенін хабар-

лайтын періште) жібереді. Ол да ала алмай, қайтып келеді. Ең соңында 

Әзірейіл барады. Жер әзірейілге де жалынады. Әзірейіл: «Сенің сөзің-

нен Алланың үкімі күшті!» – дейді де жерден үш уыс топырақ алады.

Алла тағала Әзірейілге: «Сенің көңілің бәрінен де қатты екен. Бұ-

дан былай адамның жанын алатын сен боласың!» – дейді. Содан адам-

ның жанын Әзірейіл алатын болады. Топырақтың түсі әртүрлі болған 

соң, дүниедегі адамдардың түсі де әртүрлі болады. Адамның басқадан 

емес,  топырақтан  жаралу  себебі:  Тау:  «Мен  биікпін,  менен  жарат», 

дейді. Алтын: «Менен жарат, мен әзизбін!» – дейді. Сөйтіп, теңіз, ас-

пан, су  – бәрі таласады. Адамды жердей орнықты, сабырлы болсын 

деп, жерден жаратыпты дейді. 

Алла тағала жанға: «Адамның тәніне кір!» – дейді. Жан басқа кірді, 

көзге  келді.  Адам  өзін-өзі  көрді.  Жан  мұрынға  келді.  Адам  түшкірді. 

Жан  көкірекке  келді.  Адам  ғаламдағы  бар  нәрсенің  есімін  білді,  мың 

түрлі тіл білді.  Жан беліне келді. Адамға: «Орныңнан тұр!» – деді. Адам 

тұра алмады. Жан адамның құрсағына кірді, адам тамақ тіледі. Адамның 

денесіне қан жүгірді. Жанға: «Күшпен кір, күшпен шық!» – деді. 

Бұл жерде адам өмірінің аса маңызды мәселесі – өмір мен өлім ис-

ламдық  тұрғыдан  түсіндіріледі.  Топырақтан  жаратылған  адам  бала-

сының  денесіне  жанның  қалай  кіріп,  оның  өмірге  қалай  келгендігі, 

татар дәмі біткеннен кейін жанның денені тастап кететіндігі, адамның 

бойына жанның кіруі мен оны тастап шығудың қиын болатындығы 

баяндалған.

«Адам ата мен Хауа анада»  адам өмірге келгеннен соң, ол ұйықтап 

жатқанда оның сол жақ қабырғасынан алып, өмірлік серігі Хауа ананы 

жаратқаны айтылады:  

«Адам ұйқылы-ояу жатқанда, оның сол жақ қабырғасын алып, Хауа 

ананы жаратыпты дейді. 

Адам ата мен Хауа ана жұмақта жүрді. Бір күні Ібіліс шайтанның 

азғыруымен құдайдың тыйым салған бидайынан жеп қойғаны үшін 

жұмақтан қуылды. Жер бетінде тамағын өз еңбегімен тауып жейтін 

болады. Ол екеуінен бүкіл жер бетіндегі ұрпақтар тарайды». 



279

Рабғузи  кітабының  негізін  Құран  Кәрімде  айтылатын  пайғамбар-

лар туралы ежелден келе жатқан аңыз-әңгімелер құрайды. Нұх, Нұд,  

Лүт, Ыдырыс, Салық, Ибраһим, Смағұл, Ысқақ, Жақып, Жүсіп, Шұ-

ғайып, Мұса, Дәуіт, Харұн, Сүлеймен, Еннұн, Зүлхафіл, Жүніс,Ілияс, 

Әлиасағ, Зәкәрия, Мақия, Ғайса, Мұхаммед пайғамбарлардың ислам 

дінін насихаттау жолдарындағы басынан кешкен тағлымды  оқиғалар 

қызғылықты  оқылады.  Сондай-ақ  аттары  аңызға  айналған  Ескендір 

Зұлқарнайын, Ғұзайыр, Лұқман туралы да әңгімелер берілген. Әңгі-

мелердің негізі мифтік желіге құрылған.

Қазақта «Қазығұрттың басында кеме қалған» деген  аңыз бар бол-

са, тағы бір осындай аңызда Нұх пайғамбардың кемесі Арарат тауы-

ның басында қалған дейді. Рабғузидың «Нұх қиссасында» қазақтарда 

ертеден келе жатқан қарлығаштың адамға достығы аңыздың негізін 

көреміз. 

«Нұхтың кемесінің түбін тышқан тесіп қояды. Тесіктен кемеге су 

кіріп, ішіндегі адамдар суға бататын болады. Сонда Нұх: «Кімде-кім 

тесікті бекітсе, тілегін орындаймын» – дейді. Бір жылан барып тесікті 

бітейді. Жылан Нұхқа «Дүниеде ненің еті тәтті болса, соны бер», – 

дейді. Ненің еті тәтті екенін біліп келу үшін Нұх масаны жұмсайды. 

Маса кешігеді. Оны тауып алып келуге Қарлығаш кетеді. Қарлығаш 

масаны тауып алып: «Ненің еті тәтті екен?» – деп сұрайды. Маса:  

Бәрін татып көрдім, адамның қанынан тәттісін көрмедім – дейді.   

Маса аузын ашқан кезде, Қарлығаш тұмсығымен тілін жұлып алады.

Екеуі Нұхқа келеді. Маса қатты-қатты үн шығарғанымен, быжылдап 

ештеңе түсіндіре алмайды. Нұх:  – Бұл не айтып тұр, неге сөйлемейді? 

– деп, сұрайды. Қарлығаш: – Маған жолда айтқан, құрбақаның еті тәтті 

деп тұр – дейді. Содан былай жылан құрбақаның етін жейтін болады».

«Рабғузи қиссаларында» шығыс әдебиетінде көп кездесетін ақылды, 

дана Лұқман хакім жайлы бірнеше әңгіме берілген. Соның біріншісі 

төмендегіше. 

«Лұқман хакім қарыз сұрап келген кісінің бетін қайтармайтын еді. 

Бір  күні  бір  кісі  келіп,  мың  алтын  алады.  Іштей:  «Қарызын  бермей 

кетейін» – деп ойлайды. Жолда бара жатып бір жерге дем алады. Сол 

кезде бір құс ұшып келіп, жатқан түйіншекті іліп ала жөнеледі. Құс 

Лұқман  хакімнің  үйінің  төбесінен  ұшып  бара  жатқанда,  түйіншегі 

жерге түсіп кетеді.

Қарыз алған кісі Лұқман әкімге қайтып келеді. Тағы мың алтын бе-

руін  өтінеді.  Ішінен:  «Егер  осы  жолы  берсе,  мың  алтынын  екі  мың 

қылып қайтарармын-ау» – деп, ойлайды. 

Лұқман сұрағанын береді. Алтын алған кісі сауда жасап, мың ал-

тыннан он мың пайда көреді. 

Лұқманнан алған қарызын екі есе қайтарады. Сонда Лұқман әкім: 

«Бірінші алғанда, бермей кетейін деп арамдық ойлап едің, ол саған 

бұйырмады. Екіншіде адалдық ойлап едің, пайда таптың. Бұдан былай 

қара ниет болма» – дейді.




280



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет