(17.08.1141-1209)
Н
изами Гәнжәуи, толық аты Абу Мұхаммед Ілияс ибн Жүсіп
Низами 1141 жылы тамыз айының 17 жұлдызында Әзер-
байжанның Гәнжа қаласында орта тұрмысты отбасында дүниеге
келген. Қайтыс болған жылы кей деректерде 1203, енді біреулерін-
де 1211. Әзербайжанның батысында орналасқан Гәнжа сол кездегі
гүлденген мәдениет орталықтарының бірі болатын. Осында білім
алып, жастайынан араб, парсы, антикалық білім-ғылым дүниесіне
терең бойлап, бойына мол сіңіріп, өлең жаза бастаған ақынның
бүкіл ғұмыры осы қалада өтеді. Ақын шығармаларындағы оқиға-
лардың көпшілігі Гәнжада өтетіндігі де сондықтан болса керек.
Отыздан асқан кезінде қыпшақ қызы Әппаққа ғашық болып, ша-
ңырақ құрады (Низами мен Әппақтың махаббаты жайлы қазақ
ақыны Қ. Бекхожин «Әппақнама» (1974) помасын жазды. Сүйген
жарына деген ғашықтық сезімдері Низамидың ақындық шабыты-
ның қайнар көзіне айналып, жыр болып құйылады.
Түркілік дәстүрде тәрбиеленген Низами оның атын әлемге мәш-
һүр қылған негізгі шығармаларын сол кездерде поэзия тілі санал-
ған парсы тілінде жазған. Ақынның «Құпиялар қазынасы», «Хұсы-
рау-Шырын», «Ләйлі-Мәжнүн», «Жеті ару» және «Ескендір-нама»
аталған бес поэмадан тұратын атақты «Хамсасы» адамзат мәде-
ниетінің мәңгі өшпес асыл мұрасына айналды. Бұдан басқа да
ақынның бірсыпыра лирикалық өлеңдері бізге жеткен.
1173-1180 жылдар арасында жазылған «Хамсада» бірінші тұрған
«Құпиялар қазынасы» – 20 тараудан тұратын, айтар ойы терең ди-
дактикалық-философиялық поэма. Дастанда ақын ел билеушілерін
әділдікке, халқына жағдай жасап, қамқор болуға шақырады; зор-
лық-зомбылық жасаған ел билеушілерін сынап, бұрындары өткен
Наушаруан патшаның әділ билігін оларға үлгі етеді.
Бірде Наушаруан аң аулап жүріп, қыстақта қатар отырған екі
байғызды көріп, уәзірінен «Бұлар не сөйлесіп отыр»-деп, сұрап-
ты. Сонда уәзірі «Екі байғыздың бірі қыз беріп, екіншісі қыз алып
отыр. Қыз беруші қалың малына осы қыстақты сұрайды. Қыз алу-
шы келісімін беріп, «Наушаруан патша тірі болса, әлі мұндай қыс-
тақтардың талайы бұзылады» деп отыр депті. Осы оқиғадан кейін
өзінің халыққа жасап отырған әділетсіздіктерін түсінген патша,
еліне қарай бет бұрып, жоқшылықта отырғандарына жағдай жа-
сап, әділ болыпты дейді.
270
Дастанда тағы бір мынадай эпизод суреттеледі: Наушаруан
патшаның қаталдығына әбден күйінген бір шал оны қанішер деп,
балағаттайды. Патшаға тіл тигізгендігі үшін шал өлім жазасына
кесіледі. Дәретін алып, ажалға бел буып келген шал дар алдында
қасқайып тұрып, патшаға «Мен сені «қанішер» дегенім рас. Сен өз
халқыңды қорладың, елді мекендерді қираттың, ондай патшалар-
дың ғұмыры ұзақ болмайды»,- дейді. Жай ғана қарапайым шалдың
аузынан осындай сөз айтқызу арқылы Низами көп нәрсені аңғарта
білген. Соның ең бастысы – ел билеушілері халыққа қызмет етуі
тиіс, олай болмаса, халықтан күшті ешкім жоқ, ол қозғалып кетсе,
әділетсіз патшаны өз орнына қояды, жұртты жылатса, жазалайды.
Дәретін алып, бес уақыт намазын оқып жүрген сол қара халық-
тың өкілі қарапайым қара шалдың тура жолда екендігін, батылды-
ғын, әділдігін суреттеу арқылы ақын ел билеушілерін, адамдарды
имандылыққа, адамгершілік жолына шақырады.
«Хамсадағы» «Хұсырау-Шырынды» Низами сүйген жары Әп-
паққа арнап жазған. Дастан махаббат тақырыбына арналғанымен
де шығыс поэзиясындағы дәстүрлі желіден гөрі мұндағы оқиғалар
мүлдем басқаша шешім тапқан. Патша Хұсыраудан гөрі қарапа-
йым халықтың қызы Шырынның бейнесі романтикалық тұрғыдан
биік сомдалған. Хұсырау мен Шырын бір-бірін ұнатып қалады.
Шырынға ғашық болса да, Хұсырау оған қосылмай, есеппен Ба-
был патшасының қызы Мариямға үйленеді. Фархад атты ұстаның
өзіне ғашықтығына қарамастан, махаббатына адал Шырын кү-
дерін үзбей, Шабдиз деген атпен Хұсырауды іздеп шығады. Күн-
дердің күнінде Мәриям өліп, екі ғашық – Хұсырау мен Шырын қо-
сылады. Бірақ бұл бақытты күндер ұзаққа бармайды. Мәриямнан
қалған ұл Шебруя әкесі Хұсырауды өлтіріп, орнына таққа отыра-
ды. Енді әкесінің әйелі Шырынды (яғни, өгей шешесін) әйелдік-
ке зорлықпен алмақ болғанда, сүйген, құдай қосқан жарына адал
Шырын Хұсыраудың жерленген жеріне барып, өзіне пышақ салып,
моланы құшақтап өледі. Бұл жерде Низами ел басқарып жүрген
билеушілердің адамгершілік жағынан іріп-шіріп бара жатқанды-
ғын, опасыздығын, оның есесіне қарапайым халықтың ұлылығын,
адамгершілік қасиеттерінің жоғарылығын сол халықтың бір өкілі
Шырынды асқан сұлулығымен қоса, ақылды, парасатты, қайы-
рымды, махаббатқа тұрақты, жігерлі, турашыл, алған бетінен қайт-
пайтын қайсар қылып бейнелеу арқылы тамаша көрсете алған.
Дастанда Шырынды ұнатып қалған екі ғашық Хұсырау мен
ұста Фархадтың бейнесін салыстыра қатар суреттеу арқылы адам-
гершілік жағынан қарапайым халық өкілінің биік тұрғанын бейне-
лейді. Хұсырау да жалпы табиғатынан жаман адам емес, бірақ сол
жақсы қасиеттерінің барлығынан билік сарайының сән-салтанаты
салдарынан жұрдай болған.
271
Сонымен «Хұсырау-Шырында» автор махаббат тақырыбын
жырлай отырып, сүйіспеншілік сезімінің ұлы күш екендігін бей-
нелейді; адамгершілікке негізделген махаббатқа, оған деген адал-
дыққа шақырады; адамды арманына жеткізетін сүйіспеншілік
сезімдерін аяқасты еткендердің бақытты бола алмайтындығы,
өмірдегі бар келеңсіздіктердің адамдарды сүйе алмау, сүйе қалған
кездерде оны құрметтей алмау салдарынан туындайды деген ұлы
идеяларды ортаға тастайды.
Ақынның «Ләйлі-Мәжнүні» Шығыс елдерінде кеңінен тара-
ған көне аңыз негізінде жазылған. Дастанның сюжеттік желісіне
өмірде болған араб ақыны Қайсаның Ләйліге ғашық болғандығы
соншалық, ақыл-есінен адасып, Мәжнүн атанғаны, оны осындай
күйге түсірген әлеуметтік жағдайлар, соңының трагедияға ұласуы
алынған. Ақын бірін-бірі өліп-өшіп сүйген екі жас сол кезде неге
қосылып, бақытты бола алмады деген сауалға жауап береді. Жыр-
дың негізгі идеясы – бір біріне ғашық екі жасты бақытты қылмай,
қайғылы күйге ұшыратқан қоғамдық тәртіпке, теңсіздіктерге лағ-
нет айту; адамзат баласының бойындағы ең бір асыл қасиет – ма-
хаббатты барынша әспеттеу. Сонымен бірге, махаббат сезімінің
күштілігі соншалық, оның адамды ақыл-есінен адастырып, көзін
байлап тастайтын қасиеті бар екендігін де ескертеді; сезімнің
құлы болып, ақылмен істелінбеген істің, көзсіз әрекеттің жақ-
сылыққа апармайтындығын да ашық айтып, сақтандырады. Ең
бастысы ақын адамзат қоғамы үшін аса маңызды рухани азаттық
мәселесін, әр адамның бұл өмірде сүйгенімен қосылып, бақытты
ғұмыр кешуге хұқылы екендігін көтереді.
Низамидың «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы әлемдік әдебиеттің інжу-
маржандары қатарында. Әдебиет әлемінде өшпес із қалдырған бұл
дастан өзінен кейінгі Шығыс поэзиясының дамуында айтарлықтай
жаңалықтар әкелді. Шығыстың атақты ақындарының ішінде Ни-
замиге еліктеп, бұл тақырыпты жырламағаны кемде-кем. Шығыс
әдебиетінің білгір зерттеушісі академик Е. Э. Бертельстің анық-
тауынша, ұлы ақынға еліктеп, «Ләйлі-Мәжнүнді» нәзирашылық-
пен қайта жырлағандардың саны елуден асып жығылады (пар-
сы тілінде 20, түркі тілдерінде 30, күрд тілінде, т. б.). Алты мың
жолға жуық бұл көлемді поэма қазақ ақындары Т. Жароковтың, Т.
Әлімқұловтың, Ғ. Ормановтың, Қ. Аманжоловтың, Ж. Сыздықов-
тың аудармасымен 1947,1962,1968 жылдары қазақ тілінде басы-
лып шықты.
«Жеті ару» дастанының тарихи негізіне 421-438 жылдары пат-
шалық құрған сасанид шаһы Баһрам туралы аңыз-әңгімелер алын-
ған. Мұнда да ақын өзінің халықтың қамын жеген әділ патша
туралы идеяларын тарихи оқиғаларға негіздей отырып, жырға қо-
сады. Поэмада Баһрам бала кезінен көрінеді. Әкесі Яздигер өлген
272
соң, таққа отырған Баһрамның бейнесі халық мүддесін қорғайтын,
әділдікті ту еткен парасатты патша кейпінде көрінеді. Баһрамның
азаматтық, қайраткерлік тұлғасы тұтқиылдан жасалған қытай шап-
қыншылығы кезінде барынша бейнеленген.
Жауды жеңіп, тыныштық өмір басталғанда, Баһрам патша жеті
жұрттан жеті ару алып, олардың әр қайсысына арнап, жеке сарай-
лар салғызады. Сән-салтанаты жарасқан сарайлар онда тұратын
арулардың қай елден екендігіне, жасына, жұлдызына қарай сән-
деліп, түрлі түстерімен көз тартқан. Халқын жаудан қорғап, әділ
билік құрған патша өзінің гаремдарында кезегімен бір арудың жа-
нында болып, күндіз сауық-сайран құрып, аң аулап, өмірдің қы-
зығына тоймайды. Ақынның суреттеуінше, бұл – патшаның осал
жағы. Мұны ол кейіннен далада мал бағып жүрген қойшының ай-
туымен барып түсінеді. Қойшы халықтың өкілі, халық даналығы-
ның көрінісі ретінде бейнеленген; патша қанша ақылды болғаны-
мен де халықтан биік емес дегенді аңғартқан.
Дастанның атынан-ақ көрініп тұрғандай, мұнда жеті елден шық-
қан жеті арудың бейнесі де жан-жақты жасалған. Патша келіп
қонғанда, әр ару өзі, елі туралы не бір ғажап әңгімелер айтады.
Адамдық пен надандықтың, ерлік пен ездіктің, ізгілік пен зұлым-
дықтың арасындағы мәңгілік айқастар жырланған, қиял-ғажайып
пен ертегі-аңыздарға, асыл армандарға суғарылған оқиғалар қыз-
ғылықты баяндалып, көркем өрнектелген. Шым-шытырыққа толы
бұл әңгімелердің әрқайсысы белгілі бір сюжеттік желіні құрап,
жеке бір шығармадай әсер етеді. Поэмада жеті бірдей арудың ау-
зымен айтылған бұл әңгімелер жай ғана бастан өткендерді баяндау
ғана емес; керісінше, көтерген әлеуметтік мәселелері ауқымды.
Дастанда жеті жұрттан шыққан жеті ару бір-біріне ұқсамай, әрі
ақылды, әрі парасатты, ең бастысы адамгершілігі жоғары болып
суреттелген. «Жеті ару» поэмасы ақын Қ. Бекхожиннің аударуы-
мен 1980 жылы қазақ тілінде жарық көрді.
Низамидің ақындық қуатының шыңы «Ескендір нама» поэма-
сының түп тұлғасы – Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген ат-
пен белгілі болған, жаһанды жаулап апған жорықтарымен атағы
шыққан Александр Македонский. Бірақ та тарихтағы Ескендір мен
дастандағы кейіпкердің арасы жер мен көктей. Ақын өз Ескендірін
әдеби тұрғыдан өңдеп, идеалдық тұрғыдан оны данышпан, әділ,
дана билеуші, көреген қолбасшы етіп суреттейді.
Сол дәуірдің энциклопедиясы іспеттес «Ескендір нама» «Даңқ
туралы кітап», «Бақыт туралы кітап» аталған негізгі екі бөліктен
тұрады. Қамтыған уақыты, көтерген әлеуметтік мәселелері жағы-
нан аса ауқымды поэмада Низамидің адамзат қоғамы қайтсе жақ-
сара түседі, қайтсе бақытты өмір сүреді деген сауалдарға жауап
273
іздеген гуманистік бағыттағы философиялық ой пікірлері жарқы-
рай көрінген.
Әдеби шарттылық әдісін қолдана отырып, Ескендірдің Аристо-
тель, Валис, Булинас, Сократ, Фурфуриус, Хормус, Платон секілді
адамзат ғылымының алыптарымен ақылдасуын, пікір таласты-
руын суреттеуінен ақынның жан-жақты терең білімдар екендігі,
өз заманының озық ойлы рухани көшбасшысы болғандығы анық
көрінеді.
Қазақ әдебиетіндегі Асан қайғы барлық адамдар бақытты өмір
сүретін «жерұйықты» іздесе, поэмада Ескендір солтүстіктің алыс
бір түкпірінде жатқан ғажайып бір қала-мемлекетке келгендігі су-
реттеледі. Мұнда билеушілер мен бағынышты дегендер атымен
жоқ, адамдардың бәрі бірдей, тең хұқылы, тамағы тоқ, киімі бүтін,
әділеттілік салтанат құрып, адамдардың барлығы қартайғанша
бақытты өмір сүріп, еткен еңбегінің, бала-шағасының қызығын
көріп, мақсат-мұратына жетеді. Бұл эпизод Низамидің барлық
шығармаларында дерлік, әр түрлі деңгейде көрініс тауып отыра-
тын әділетті әлеуметтік құрылым туралы идеяларының көркемдік
тұрғыдан бейнеленуі болатын.
Низамидің шығармашылығы өзінен кейінгі Шығыс әдебиетінің
дамуына айтарлықтай әсер етті. 13 ғасырдағы үнді ақыны Әмір Хұ-
сырау Дехлевиден бастап, түркі, парсы әдебиетінің Жәми, Науа-
йы, Физули секілді классик ақындары өз «Хамсаларын» жазды.
«Жеті арудағы» «Тұрандот ханшайым» бөлімін неміс ақыны Гете
қайта жырлаған. Осы шығарманың сахналық нұсқасы М. О. Әуе-
зов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының сахна-
сында қойылды. Ұлы Абай «Ескендір» поэмасын жазды. Шәкәрім
«Ләйлі-Мәжнүнді» қайта жырлады.
274
ОЙУНСКИЙ (СЛЕПЦОВ)
ПЛАТОН АЛЕКСЕЕВИЧ
Достарыңызбен бөлісу: |