Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет15/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   191
(В.  Г.  Белинский. 

Үш  томдық  шығармалар  жинағы.  2-том,  М.,  1948,  361-бет)

.  А.  Бушмин 

тарихшылдық  әдеби  құбылыстардың  ішкі-сыртқы  себеп-салдарлық 

байланыстарын,  оның  генезисін,  дамуын  нақтылы  тарихи  жағдайда 

талдап, ашып беру деп біледі 

(А. Бушмин. Методологические вопросы ли-

тературоведческих исследований. Ленинград, 1969, 123-бет). 

                                                                           

Сонымен,  тарихшылдық  өткен  дәуірлерде  жасалынған  әдебиетке 

сол  кездегі  тарихи  факторлардың  әсер-ықпалын  анықтауға,  сол  ар-

қылы  барып,  оған  обьективті  баға  беруді  қамтамасыз  етеді.  Сөйтіп, 

әдебиетті зерттеудің әдіснамалық негізін құрайды. Тарихшылдық ұс-

танымы бойынша, әдеби үдеріс (процесс) даму үстіндегі жанды құ-

былыс, қазіргі әдебиет өткендегі әдебиеттің жалғасы, бүгінгі көрінісі 

ретінде қарастырылады.                                

Тарихшылдық принципі қатып қалған стандарт емес. Ол әдебиеттің, 

ғылымның дамуымен бірге жетіліп отыратындықтан да қолданғанда, 

шығармашылық    шеберлікті  қажет  етеді.  Ол  әрбір  зерттеушінің  дү-

ниетанымына, білім-ғылым дәрежесіне тікелей байланысты. Сондық-

тан да осы ұстанымды дұрыс қолданбаудың, болмаса, қолдануға өресі 

жетпегендіктен де бір әдеби дәуір, не сол дәуірдің көрнекті өкілі жай-

лы түрліше пікірлердің болуы – жиі кездесетін жағдай. Мысалы, ары-

ға бармай-ақ, күні кешегі кеңестік дәуірде жасаған С. Сейфуллиннің, 

С. Мұқановтың шығармашылықтары хақында түрліше пікірлер айты-

лып келеді. Әдебиет тарихынан мұндайларды көптеп келтіруге бола-

ды. Кей жағдайларда мұндай пікіралысулардың аяғы пікірталастарға, 




47

әдеби-ғылыми  дау-дамайларға  ұласып  жатады.    Бұл  жердегі  басты 

мәселе тікелей өмірлік дүниетанымға, тарихшылдық  ұстанымын қол-

дану ерекшеліктеріне тікелей байланысты болса керек. Керек десеңіз, 

қазіргі плюрализм заманында түрліше пікірлердің болуы заңды құбы-

лыс сияқты да көрінеді.                                                                              

Бұл ұстаным зерттеушіден жан-жақты білімдарлықты, қарастырып 

отырған әдеби дәуірге қатысты материалдарды толықтай игеруді қа-

жет  етеді.   Көркем әдебиеттің даму жолдарын зерделегенде, өмірде 

жиі кездесетін уақытша ғана көрініс беріп, қате пікірлерге бастайтын 

жалған фактілердің шылауында кетпей, негізгі даму жолдарын айқын-

дайтын типтік құбылыстарды дөп басып, сұрыптап ала білуі, солар-

дың негізінде толымды тұжырымдар жасап, ғылыми қорытындыларға 

келуі  керек.                                                                        

Көркем әдебиет қоғамдық өмірдің асыл сөзбен апталып, көркем кес-

теленген бейнесі дейтін болсақ, сол өмір шындығы көркем шындыққа 

қалай айналды, қаламгер не айтпақ болды  деген сауалдарға жауап бе-

руге бастап апаратын бірден-бір жолбасшы осы – тарихшылдық. Сон-

дықтан да өткен замандардағы әдеби мұраларды зерттегенде, олардың 

идеялық, көркемдік құндылықтарын ашу  тарихшылдық ұстанымын-

сыз мүмкін емес деуге болады. Тіпті, ғылыми негізді әдебиет тарихын 

жасау тікелей осы тарихшылдық ұстанымының оңтайлы да сауатты 

қолданылуына тікелей байланысты дер едік.                                                    

Сонымен, әдебиет тарихын зерттеу барысында тарихшылдық прин-

ципін  ұстанып  отыру  дегеніміз,  әрбір  әдебиет  қайраткеріне,  дәуірге 

баға  бергенде,  сол  дәуірдің  аясында,  өзіндік  ерекшеліктерін  ескере 

отырып барып бағалау болмақ.  Сонда ғана әдебиет тарихының шына-

йы тарихын жасауға болады.                                             

Тарихшылдық  ұстанымы  шындық  категориясымен  тікелей  байла-

нысты.  Ғылымның мақсаты – шындыққа жету болса, әдебиеттану ғы-

лымы өмір шындығының көркем шындыққа айналу заңдылықтарын 

зерттеп, әдебиеттің шындығын айтуға ұмтылады.              

Біз күнде әдеби өмірде  көріп жүргеннің, болып жатқанның, оларға 

беріліп жатқан  бағалардың  бәрі шындық па, жалпы  өмір шындығы 

деген не, көркем шындық деген не, екеуінің ара қатынасы қандай де-

ген сауалдар төңірегінде де ойланарлық мәселелер жеткілікті. Біреуді 

«классик қаламгер» деп мақтап, енді біреуін «халтурщик» деп, даттап 

жатамыз. Шындығында солай ма? Қым-қуыт, қым-қиғаш оқиғаларға 

толы өмірдің шыны қайсы, жалғаны қайсы екендігін анықтауға, дұрыс 

бағытта болуына ғалымның білім дәрежесі, өмірлік  тәжірибесі, бас-

шылыққа алған ғылыми ұстанымы көмектеседі.                                                                                                     

Күнделікті  тіршілікте  өмір  шындығы  деп  танығанымыз  ертеңгі 

күні басқаша болып кетуі мүмкін. М. Горький айтқандай, «көрінген 

фактінің бәрі әлі шындық емес, ол – әлі піспеген шындық. Оны ой 

қазанында  қайнатып,  нағыз  шындықты  таза  күйінде  қорытып  ала 

білу керек. Фактіні сыртындағы қауыздарынан тазартып, оның ішін-




48

дегі негізгі мәнін білдіретін жақтарын айырып алу  оңайға соқпайды»             





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет