390
–Қазақ әдебиетінің бүгінгі хал-ахуалы іспетті, сынның да халі
онша мәз емес. Дәл қазіргі демократиялық қоғамда сөз бостанды-
ғын алға тартып, шектен шығып бара жатқан сияқтымыз. Билік та-
рапы жасалып жатқан істердің тек қана жақсы жақтарын айтса, ал,
оған қарсы топ, жаман тұстарын ғана көрсетуге бейім.
Ал, көркем шығармадағы сынға келсек, қазіргі уақытта туынды-
ның қандай өлшемдермен сыналатындағы белгісіз болып қалды.
Бұрын көркемдік, халықтық, ұлттық, адамгершілік тұрғыдан ба-
ғаланатын болса, қазір сөз бостандығы заманындағы әдеби сында
бұл принциптерге онша мән берілмей, әртүрлі пікірлер бой көрсе-
туде. Бір шығарма бір адамға ұнауы да, ұнамауы да мүмкін деген
сияқты бұл – заңды құбылыс ретінде қабылданып жүр.
Дәл бүгінгі күні әдеби сында бір бағыт, бір ұстаным – жоқтың
қасы. Сондықтан, маманданған сын жоқ деуге де болады. Әде-
би сында қазір дау-дамайлар толастап, бірқалыпқа түсе бастаған
сияқты. Алдағы уақытта әдеби сынымыз қазақ әдебиетіндегі сын-
шылдық дәстүрдің озық үлгілерін дамыта, бүгінгі әлемдік әдебиет-
тен үлгі ала отырып, кәсіби пікір айту бағытында шығармашылық
биіктерге жетеді деген ойдамын.
«ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЖҮРЕГІ»
Достарыңызбен бөлісу: