Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


–  Қазақ  әдебиеті  қарыштап  дамуы  үшін  қандай  қадамдар



Pdf көрінісі
бет178/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

–  Қазақ  әдебиеті  қарыштап  дамуы  үшін  қандай  қадамдар 

жасалуы керек?

– Қазақстан ұлттық мемлекет ретінде жарияланып, ұлттық мүд-

деге қызмет ететін ұлттық идеология салтанат құрғанда ғана қа-

зақтың әдебиеті өркендейтін болады.

Қазақ әдебиеті қарыштап дамуы үшін ең алдымен, қазақтың тілі 

шын мәніндегі мемлекетік мәртебесіне ие болуы керек. "Үш тұ-

ғырлы"  тіл  саясатын  жүргіземіз  деп,  өзіміздің  туған  тіліміз  өзге 

тілдердің тасасында қалып бара жатқан сияқты. Өзге тілдің бәрін 

білгеніміз  жөн-ақ.  Тек  оларға  өз  тілімізден  артық  құрмет  көрсе-

туіміз ойландырады. Біздің шаужайымызға жабысқан орыс, ағыл-

шын тілдері қазақ тілінен кейінгі қосымша тілдің рөлін атқаруы 

тиіс. Яғни, екінші кезекке ысырылуы керек. Бүгінгідей Қазақстан-

да тұратын қазақтардың саны 70 пайызды қамтып отырған кезде, 

Қазақстанның өзін моноұлтты мемлекет ретінде батыл түрде жа-

риялайтын кезі келді деп ойлаймын. Қазақ ұлтының мәртебесін ас-

қақтату жолында саясат жүргізілмейінше, қазақтың әдебиеті мен 

мәдениеті дами қояды  деп айту қиын.

Осы жерде Ататүріктің мына бір сөздері ойға оралады: «Түркия 

Республикасын құрған –түрік халқы, түрік ұлты. Түрік ұлты деген 

сөз – түрік тілі деген сөз. Түрік тілі  – түрік ұлтының қасиетті қа-

зынасы. Өйткені түрік ұлты өткендегі шексіз бақытсыздықтардың  



391

ішінде өзінің адамгершілігінің, дәстүрінің, естеліктерінің, мүдде-

лерінің,  қысқасы  бүгін  өзін  ұлт  ретінде  қалыптастырған  барлық 

қасиетті  тілінің  арқасында  сақталғанын  көріп  отыр.  Түрік  тілі  – 

түрік халқының жүрегі, ақыл-ойы». Біз де мәселеге осылайша ке-

луіміз керек. 

Ататүрікше айтқанда, Қазақстан мемлекетін құрған – қазақ хал-

қы, қазақ ұлты. Қазақ ұлты деген сөз – қазақ тілі деген сөз. Қазақ 

тілі – қазақ ұлтының қасиетті қазынасы. Өйткені қазақ ұлты өткен-

дегі  шексіз  бақытсыздықтардың  ішінде  өзінің  адамгершілігінің, 

дәстүрінің,  естеліктерінің,  мүдделерінің,  қысқасы  бүгін  өзін  ұлт 

ретінде қалыптастырған барлық қасиетті тілінің арқасында сақтал-

ғанын көріп отыр. Қазақ тілі – қазақ халқының жүрегі, ақыл-ойы.  

Сондықтан да Қазақстанды өзінің ұлттық мүдделерін қорғайтын 

мемлекет ретінде құрған қазақ ұлты екендігі мойындалып, оның 

тілі төрге шығып, салтанат құрмайынша, еліміз өркендеп, ұлттық 

рухани  құндылықтар  негізінде  ұлттық  мәдениетіміз,  әдебиетіміз 

дами қояды дегенге сене қою қиын; мен өзім сенбеймін.  

Сонымен қатар, қазақ әдебиетінің қалыпты түрде дамып, озық 

туындылар  дүниеге  келу  үшін  қазақ  қаламгерлеріне  рухани  жа-

ғынан да, материалдық жағынан да қолдау көрсетіліп,  мемлекет 

тарапынан көңіл бөлініп отыруы  керек. Яғни, олардың жазған дү-

ниелерінің баспадан жарыққа шығуы үшін жағдайлар  жасалып, 

насихатталып,  қаламақы мәселесі де қарастырылуы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет