Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет53/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   191
Тағдыр жатыр таспен ұрып, таңсық та емес бұл маған» 

«Айнадай судың толқынын түртіп самал жел салды өрнегін,

Көк балаусаның суретін тоқып айдынға құрды өрнегін» –

деген  сияқты  тармақтардың  көркемдік  кестесі  құлпырып  тұр. 

Көркем  әдебиеттің  басты  қасиеті  оның  бейнелілігі  дейтін  бол-

сақ, Физули өлеңдерінің қазақшасында  сұлу сөзбен, асыл оймен 

өрнектелген небір тамаша суреттер баршылық. Бұл бір жағынан, 

Физули  поэзиясының  өміршеңдік,  поэтикалық  қуатын  байқатса, 

екінші жағынан, аудармашылардың да шын шеберлік таныта ал-

ғандығында  да болса керек. 

               

                               




123

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ 

АЙТМАТОВ АЙДЫНЫ

Ш

ыңғыс Айтматов!



Осы  бір  есімнің  төрткүл  дүниені  дүбірлетіп,  аузына  қара-

тып  тұрғанына  жарты  ғасырдай  уақыт  болыпты.  Қазақ  пен  қырғыз 

Алатауының  бауырында  өмірге  келген  жас  Шыңғысты  аумалы-төк-

пелі замандардың небір қиындықтары, соғыс кезіндегі қырғыз аулы-

ның  сұрғылт  тұрмыс-тіршілігі  тез  есейтіп,  қанаттандырып,  әдебиет 

әлемінің биігіне қарай ұшырса, бұл күндері Айтматовтың атағы жер 

жаһанға мәшһүр. Түркі әлемі атақтары әлемге әйгілі ұлыларға кенде 

емес. Десек те, ХХ ғасырда түркі топырағынан шығып, әлемдік әде-

биет алыптарымен қатар тұрып, төріне шыққан Шыңғыс Айтматовтай 

ұлы жазушы жоқ десе де болғандай. Оны осындай биікке көтерген ең 

алдымен, қырғыздың киелі топырағы болса, содан кейін оның шығар-

маларында өрнек тапқан қазақтың даласы мен жиырмасыншы ғасыр-

да түркі жұртынан шыққан тағы бір ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің 

інісіне шығармашылық табыс тілеп берген ақ батасы дер едік.

Ш.Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғыздың Талас өңірін-

дегі шағын Шекер ауылында өмірге келген. Бұл кез байларды тәркілеу, 

халықты күшпен ұжымдастыру басталған аса бір қиын-қыстау уақыт 

еді. Әкесі Төреқұл белгілі қоғам, мемлекет қайраткері болған. Облыс-

тық, республикалық деңгейде басшылық қызметтер атқарған Төреқұл 

Айтматов 1937 жылы «халық жауы» атанып, ұсталып кетеді. «Халық 

жауының»  баласы  атану  жас  Шыңғыстың  өмір  жолында  көптеген 

қиындықтар туғызады.

Бірінші, екінші кластарды Мәскеуде (бұл кезде әкесі Төреқұл Мәс-

кеудегі жоғары партия мектебінде оқыған) бітірген (1936-1938) Шың-

ғыстың оқушылық жылдары негізінен Шекер аулында өтеді. Балалық 

шағы сұрапыл соғыс жылдарында өткен Шыңғыс тылдағы ауылдың 

небір  қиындықтарын  басынан  өткереді.  Мектептегі  оқуын  қоя  тұ-

рып,  он  төрт  жасында  сельсоветтің  секретары  қызметін  атқарады. 

1945 жылы мектептің алтыншы сыныбын бітірген соң, Жамбылдағы 

малдәрігерлік  техникумының  зоотехникалық  бөліміне  оқуға  түседі. 

Техникумды үздік бітірген Шыңғысты Бішкектегі ауылшаруашылығы 

институтына емтихансыз қабылдайды. 1953 жылы Қырғыз ауылша-

руашылығы институтын үздік бітірген соң Қазақстанның Жамбыл об-

лысында зоотехник болып қызмет атқарған. 1956-1958 жылдары Мәс-

кеудегі  Жоғары  әдебиет  курсында  оқиды.  Кейіннен  «Литературный 

Киргизстан» журналының редакторы (1959-1960), «Правда» газетінің 

Қырғызстандағы  меншікті  тілшісі  (1960-1965),  Қырғызстан  Кино-

матографистер  одағының  төрағасы  (1965-1986),  Қырғызстан  Жазу-




124

шылар одағының төрағасы, «Иностранная литература» журналының 

бас редакторы, КСРО-ның Люксембургтегі елшісі, 1994 жылдан 2008 

жылдың наурызына дейін Қырғыз Республикасының Франция, Бель-

гия, Люксембург және Нидерландтағы төтенше және өкілетті елшісі 

қызметтерін атқарды.

Ш.Айтматов  қоғамдық  негізде  Халықаралық  Ыстық  көл  форумы-

ның (1986), Орталық Азия халықтарының мәдениеті ассамблеясының 

(1995),  Араб-түрік  –  руханият,  мәдениет,  экономика  орталығының 

(1996) Президенті қызметтерін атқарды. Жазушылығының үстіне қо-

ғамдық өмірдің барлық саласын қамтитын осыншама қыруар жұмыс-

тарды тек қана Ш.Айтматовтай әлемдік ауқымдағы кең құлашты ұлы 

Адам, Азамат қана атқара алады.

Бақилыққа  атанарының  сәл-ақ  алдында  Шыңғысты  аса  құрмет-

тейтін қазақстандық інілері жазушыны республикадағы қаржы әлемі 

көшбасшыларының  бірі  «ТұранӘлемБанк»  акционерлік  қоғамы  Ди-

ректорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі етіп сайлаған еді...

Шыңғыс  Айтматовтың  қаламгерлік,  қоғамдық  қызметі  көптеген 

атақтарымен марапатталған. Ол – Қырғыз ССР-інің әдебиет бойын-

ша Тоқтағұл атындағы сыйлығының (1970), КСРО Мемлекеттік сый-

лығының (1968, 1977, 1983), әдебиет бойынша Лениндік сыйлықтың 

(1963),  «Этрурия»  әдеби  сыйлығының  (Италия,  1980),  Джавахарлал 

Неру атындағы халықаралық сыйлықтың (Индия, 1985), Әдебиет пен 

өнер бойынша сыйлықтың (Австрия, 1994), В.Гюго атындағы халықа-

ралық сыйлықтың (Франция, 1995), А.Эйнштейн атындағы «Әлемдік 

ғылым, әдебиет пен өнердегі көрнекті табыстары үшін» Үлкен Алтын 

Медальдың  (АҚШ,  1998),  А.Мен  атындағы  «Халықтардың  рухани 

және мәдени дамуы, ортақеуропалық үйді құру істеріне көрнекті үлес 

қосқаны  үшін»  (1998)  сыйлығының,  Адамзат  игілігіне  аса  көрнекті 

үлес қосқаны үшін «Қайта өрлеу дәуірінің алыптары» Алтын меда-

лының,  тағы  да  басқа  көптеген  халықаралық  сыйлықтардың  иегері. 

Ең бастысы, ол – туған елінің ең жоғарғы «Қырғыз Республикасының 

Батыры» атағымен марапатталған. Кезінде КСРО-ның «Социалистік 

Еңбек Ері» (1978) атанды. Бірнеше дүркін КСРО Жоғарғы Советінің 

депутаты болып сайланды (1966-1991); КСРО Президенті және СОКП 

Орталық  Комитеті  Бас  хатшысының  кеңесшісі  (1986-1990)  болды. 

Қырғыз ССР Ғылым Академиясының (1974), Еуропаның ғылым, өнер 

мен әдебиет академиясының (Париж, 1980), Ғылым мен өнер бойын-

ша Әлем Академиясының (Стокгольм, 1980), Халықаралық Калифор-

ния ғылым, өнеркәсіп, білім және өнер академиясының (1995) акаде-

мигі болып сайланды.

Ш.Айтматов шығармашылық жолын газеттерге мақала жазудан, ау-

дарма жасаудан бастаған. Тұңғыш әңгімесі «Әшім» 1952 жылы 24 жа-

сында жарық көрген. Одан кейін «Аспалы көпір» (1956), «Бетпе-бет» 

(1957) әңгімелері жарияланады. Шыңғысты жазушы ретінде танытқан 

– «Жәмила» повесі. 




125

«Жәмила» повесі тұңғыш рет 1958 жылы «Новый мир» журналы-

ның  сегізінші  санында  орыс  тілінде  жарық  көрді.  Қырғызшасы  сол 

жылы «Әуен» деген атпен «Ала-Тоо» журналының оныншы нөмірін-

де жарияланды. «Оны мен Мәскеуде оқып жүріп жаздым. Бәрін есте 

сақтап жаздым. Секретарь болып жүргенде көріп-біліп қалғаныммен 

жаздым. Елдің тағдыры. Мен өзімдікін орысшаға аудардым. Сөйттім 

де  Мәскеуге  «Новый  мир»  журналына  жібердім.  Өзім  машинкаға 

бастым. Бірінші қырғызшасы, бір-екі айдан кейін орысшасы шықты. 

Қырғызстан Жазушылар одағында жиналыс болып: «Бұл нені жазып 

жатыр? Бұл ақымақты тоқтату керек. Соғыста қандай қандай батыр-

лар қалай жанын берді, қанын берді – осыларды көрсетуі керек еді. 

Бұл дезертирді герой етіп жазып отыр. Мұның ісін қарау керек! Көрсе-

ту керек!» – деп жатты. Ал, анаусы «Новый мирге» шығып кетті. Мені 

сол құтқарып кетті» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет